Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет51/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
dissertation

ІІІ МОДУЛЬ ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда 
қолданылатын инновациялық технологиялар ұсынылады, атап айтсақ: STEM 
білім беру технологиясының компоненттерін; 4К моделін қолдану іске 
асырылады; «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясын (CLIL әдісін)» қолдану; 
қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану жүзеге асырылады. 
«Бастауыш мектепте ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста 
қалыптастыру негіздері» атты ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасы 
бойынша өткізу формасын жүзеге асыруда дәстүрлі түріне қарағанда келесі
оқыту формаларын пайдалану жоғары нәтижелер береді: 
бинарлы дәріс – оқу материалын жүйелі, әр аспектіде пәнаралық 
байланыс тұрғысынан беру; 
зерттеу семинары - шағын топ құрап, сабақтың тақырыбы бойынша 
проблемалық сұрақтар тізімін жасайды. 5-15минут ішінде пікір алмасады, сөз 
сөйлеуге даярланады;
академиялық дау-дамай пікірталасытақырып бойынша кемінде екі 
шешімі бар проблеманы мұғалімдерге ұсыну. Мұғалімдер төрт адамнан 
тұратын шағын топқа бөлінеді. Соңында әр жақтан ұтымды дәлелдер 
ескеріледі.
тренинг (ағыл. training от train - «оқыту, тәрбиелеу») - білімді, іскерлікті 
және дағдыларды, сондай-ақ әлеуметтік ұстанымдарды дамытуға бағытталған 
белсенді оқыту әдісі. Тренинг-интерактивті оқытудың бір түрі, оның мақсаты 
қарым-қатынаста тұлғааралық және кәсіби мінез-құлықтың құзыреттілігін 
дамыту болып табылады. 
симпозиум – берілген тақырып бойынша өз баяндамаларын топ алдында 
оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді. Пікірталас баяндамашының 
ұстанған көзқарасы төңірегінде ұйымдастырылады. 
Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңі, бастауыш сынып 
оқушыларына арналған «Ойлау мен сөйлеудің құпиясы» атты 34 сағаттан 
тұратын факультативтік курс бағдарламасы жасалып тәжірибеден өтті.
Түсініктеме хат мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыруда оқу бағдарламасындағы қазақ тілі пәнінің алатын орны 
ерекше. Өйткені, сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, 
жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны 
тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану – 
қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты болып табылады.
Бұл бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің 


105 
үлгілік оқу бағдарламасына сүйеніп жасалынды. Бағдарлама бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау және сөйлеу дағдыларын пәнаралық байланыста 
қалыптастыру үшін құралған. Бастауыш білім беру деңгейінің 4-сыныбына 
арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасының оқу мақсаттары негізге алынды.
Сонымен, бағдарламаның мазмұндық құрылымы шиыршық ұстанымы 
негізінде оқу мақсаттарына сәйкес түзілуімен, ортақ тақырыптардың негізінде 
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда ортақ пәнаралық тақырыптарды 
қолданылуымен, оқушының өз мүмкіндіктері мен танымдық қажеттіліктерін 
жүзеге асыруда жеке, жұптық, топтық, дереккөзбен және т.б. жұмыс түрлерінің 
болуымен сипатталады. Оқулықта берілген жаңа ұғымдар мен түсініктер 
пәнаралық тақырыптар аясында таныту көзделген. Бұл бағдарламның 
ерекшелігі – пәнаралық ортақ ұғымдар аясында бастауыш сынып 
оқушыларының дүниетанымын кеңейтіп, ойлау дағдысын талдау, жинақтау, 
салыстыру әдістерін қолдану арқылы және тілдік дағдыларды сөз, сөйлем, 
мәтінмен жұмыс жасау барысында қалыптастыру. 
Бағдарламаның өзектілігі: ҚР Перезидентінің 26.02.2021 №521 
Жарлығымен бектіліген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі 
Ұлттық даму жоспарында: «Оқушылардың ойлау дағдыларын қарапайым 
деңгейден (білу, түсіну, қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, синтездеу, 
бағалау) қалыптастыру, пәнаралық байланыстарды барынша тиімді 
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «өтпелі тақырыптардың» болуы маңызды» 
деп көрсетіледі [3]. Осы орайда бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда ортақ тақырыптар арқылы пәнаралық 
байланыстарды жүзеге асыру ұстанымын басшылыққа аламыз.  
Бағдарламаның мақсаты: oқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын, өз 
ойы мен көзқарасын дұрыс, нақты, түсінікті жeткізіп пікірін пaйымдай білуге 
үйрeту және мәтіндeрмен жұмыс жасауға, тaлдауға, жинақтауға салыстыруға 
үйрeту.
Бағдарламаның міндеттері: 
- ортақ ұғымдар арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру; 
- мәтін құрастыруды меңгеруге қажетті тілдік дағдыларды қалыптастыру; 
- логикалық ойлаудың амал-тәсілдерін дамыту; 
- ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту; 
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет