салыстыру
арқылы өз ойын анық, дұрыс және түсінікті жеткізуде тілдік
дағдыларды меңгерту үдерісі.
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздерінде жүйелілік
тұғыр, іс-әрекеттік тұғыр,
интегративті тұғыр, орта тұғырлары басшылыққа
алынады.
2. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі: бастауыш сынып
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік
негізін
қамтамасыздандыру; оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым,
жазылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді пайдалану; пәнаралық
және танымдық мәтіндерін қолдану және пәнаралық байланыста ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған
тапсырмалар мен жаттығулар
жүйесімен қамтамасыз етіледі.
3. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі өзара
тығыз байланыстағы мотивациялық, танымдық,
нәтижелік компоненттерден
түзілген өлшемдері мен көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және
деңгейлеріне (өте жоғары, жоғары, орташа, төмен, өте төмен) сәйкес жүзеге
асырылады.
4. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік кешені: «Бастауыш
мектепте ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста қалыптастыру негіздері»
атты ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасы; «Ойлау мен сөйлеудің
құпиясы» атты факультативтік курс бағдарламасы;
пәнаралық байланыста
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен
тапсырмалар жүйесі дайындалды және тәжірибелік-экспериментте сынақтан
өткізіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: