Есназар Асель Жаңабергенқызының 6D010200-Бастауышта



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата29.04.2024
өлшемі328.64 Kb.
#500106
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Annotation kaz (1)

Ғылымның 
даму 
бағыттарына 
немесе 
мемлекеттік 
бағдарламаларға сәйкестігі: 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан 
Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының 2025 
жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында
және ел Президенті Қ. Тоқаевтың 
Жолдауларында жүзеге асырылып, бастауыш сыныптан бастап 
оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын пәнаралық байланыста 
қалыптастыру мәселесінің оң шешімін табуына толықтай мүмкіндік бар.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: 
«Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу, білім 
алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына сын тұрғысынан 
ойлай алатын, коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік 
дағдыларды меңгеру, топпен және жеке жұмыс істеу сияқты кең ауқымды 
дағдылар» деп көрсетілген. Білім беру стандартындағы көрсетілген дағдылар 
теориялық ойлауы жетілген, тілдік дағдыларды игерген, пәндік білімді 
меңгерген бастауыш сынып оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы мен 
қалыптасуына мүмкіндік береді. 


 Қоғам сұранысына қарай, Қазақстан Республикасында білім беруді 
және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының мақсаты: «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық 
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар 
негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту», - деп беріледі. Аталмыш мақсатқа 
қол жеткізуде бірнеше міндеттерді шешуді болжайды, соның бірі – 
оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды пәнаралық 
байланыста жүзеге асыру. Мұндағы берілген міндеттердің шешімі бастауыш 
сынып оқушыларының моделін жетілдіруде қоғамның жаңа талаптарына 
бағытталған ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың жаңаша 
сипатын анықтап отыр.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму 
жоспарында Сапалы білімге байланысты: «Оқушылардың ойлау дағдыларын 
қарапайым деңгейден (білу, түсіну, қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, 
синтездеу, бағалау) қалыптастыру, пәнаралық байланыстарды барынша 
тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «өтпелі тақырыптардың» болуы 
маңызды болады» деп міндеттейді. Аталған міндеттер өз кезегінде бастауыш 
сыныптан 
бастап 
оқушылардың 
ойлау 
мен 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыруды пәнаралық байланыстар арқылы жүзеге асыруды көздейді. 
Ендеше, оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыс оқушылардың ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құралы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет