көркемдік әдіс. А., 2005). Сөйтіп, “Әдебиет танытқыш” авторы әрі қарай ішкі,
тысқы деген ұғымдарды қолдана отырып, әуезе, толғау және айтыс-тартыс
жөніндегі ойларын тиянақтай түседі. Бұған Гегельдің “Эстетика” еңбегінің
әсері байқалады. Неміс философы бұл еңбегінде: “эпос рухани әлемнің сыртқы
болмысын кең түрде көрсетеді” десе, лириканы оның мазмұны барша
субъективті нәрсе, ішкі әлем десе, драманы объективті дүние деп бағалайды.
Гегельдің лириканы ішкі әлемнің, эпосты сыртқы әлемнің, ал драманы осы
екеуінің нәтижесі деуі оның көркемөнерді субъективтілік шығармашылық акт
деп санайтын жалпы философиялық көзқарасынан туындап жатыр. Гегельдің
“Эстетикасындағы” мұндай жалпылық мәндегі тұжырымдар әрі әдеби жанрға
қатысты нақты байламдар орыс сыншысы В.Г.Белинскийдің “Поэзияны тегі
мен түріне қарай бөлу” еңбегінде кеңінен пайдаланылды. Оны бүгінгі орыс
әдебиеттанушылары да жоққа шығармайды. Айталық, В.Е.Хализев
“Белинскийдің арқасына Гегельдік тұжырымдама отандық әдебиеттануда
орнықты”, -дейді.
Соңғы кезеңде әдеби жанр арасындағы тоғысулар әдебиетте соны
мазмұнды, жаңа құрылымды көркем шығармаларды тудырды. Әдебиет
теориясында
көптеген
терминологиялық
проблемалар
туындауда.
“Эпикалық”, “драмалық”, “лирикалық” деген ұғымдар тек тектік сипатты ғана
емес басқа да қасиеттерді білдіреді. Эпикалық неғұрлым кең, байсалды
танымды, көпүнділікті (полифония), өмірге деген көзқарастың тұтастығын
білдіреді. Эпикалық кеңдік пен идеялық-эмоциялық көңіл-күй барлық әдеби
тек түрлерінде кездесуі мүмкін.
Драматизм адамның тартысты, қайшылықты көңіл-күйінен хабар береді.
Драматизм - әдеби-эстетикалық категория. Қазақ әдебиеттануында драматизм
мәселелеріне қатысты М.Базарбаев, Р.Нұрғали, Т.Есембековтердің зерттеулері
бар (Базарбаев М. Драматизм лирики и эпическая романтика, о поэзии
Мағжана Жумабаева \\Казахская поэзия: художественные искания. А., 1995;
Нұрғалиев Р. Прозадағы драматизм\\ Өнердің эстетикалық нысанасы. А., 1979;
Движение жанров\\ Вопросы литературы. М., 1980. Есембеков Т. Драматизм и
казахская проза. А., 1997). Қазақ әдебиетінде Ж.Аймауытов “Күнікейдің
жазығы”, “Ақбілек”, М.Жұмабаев “Шолпанның күнәсі”, М.Әуезов “Қаралы
сұлу, “Қорғансыздың күні”, Б.Майлин “Шұғаның белгісі”, “Қара шелек”,
Ә.Нұрпейісов “Парыз”, Т.Ахтанов “Боран”, “Шырағың сөнбесін”, О.Бөкей
“Қар қызы”, “Атау кере”, Ә.Кекілбаев “Аңыздың ақыры” тағы басқа
шығармаларда прозадағы драматизм мәселесі көрінеді.
Лиризм - жоғары эмоциялылық, көңіл-күйдің құбылуы, толғанысы. Оны
туындының пафосы деп атауға болады. Пафос дегеніміз - бұл қаламгердің
шығармада көрінетін белсенді идеялық-эмоционалдық бағасы. Эпикалық
және драмалық шығармаларда пафос автордың (баяншының) әңгімелеу-
суреттеу немесе кейіпкердің диалогтік-монологтік сөзі арқылы оқырмандар
мен көрермендерге айқын жетеді. Лиризм ойды, тебіреністі, сезім-күйді
береді. Лиризм басым бейнеленетін туындыларда әрекеттен гөрі сезім, көңіл-
күй мәселесі басым көрінді. Мәселен, қаламгер С.Мұратбековтің
хикаяттарында лиризм тұрақты орын алған.
Өткен ғасырдың ортасында эпос пен эпикалық деген ұғымдардың
арасындағы шектеулікті жою тәжірибесін неміс ғалымы Э.Штайгер бастады.
Ол “Поэтиканың негізгі ұғымдары” (“Основные понятия поэтики”) деген
еңбегінде эпикалық, лирикалық, драмалық деген ұғымдарды стильдің көрінісі
ретінде сипаттады. Ол әрбір әдеби шығарма (оның сырттай эпос, лирика,
драма формасын иеленуіне қатыссыз) өзіне осы үш басталымды біріктіреді.
Эпос, лирика, драма қоғамның ең ерте құрылымында-ақ қалыптасты.
XX ғасырдың әдебиеттануында дәстүрлі үш “текті” толықтыруға бірнеше
рет талпыныс жасалды. Бұрынғы үш текпен қатар романды, сатираны,
сценарийді қоюға деген ұсыныстар болды. Бұлардың таласты жақтары
болғанымен, шынында да эпос, лирика, драманың қасиеттеріне толық
сәйкеспейтін, тіпті ондай қасиеттер мүлде байқалмайтын әдеби түрлер болды.
Оларды жанрдан тыс формалар деп атауға болады. Бұған очеркті, эссені, “сана
ағымын” жатқызуға болады. Мәселен, очеркте эпикалық жанрдағыдай
автордың назары сыртқы шынайылылыққа бағытталатыны рас. Алайда,
очеркте оқиғалар қатары мен баяндаулар ұйымдастыру рөлін атқара бермейді.
Әдеби
жанрлар (мазмұндық, мағыналық қасиеттерімен қатар)
құрылымдық та қасиеттер иеленеді. Неғұрлым ертерек сатыда (классицизм
дәуіріне дейін) жанрлардың формалды аспектілері басыңқы сипатқа ие болды.
Жанрды жасайтын бастау алдымен өлеңдік өлшемдер (метрлер), строфалық
ұйымдастыру (“қатты формалар” деп аталады) және тілдік конструкциялар
мен құрылым принципі болды. Әрбір жанрға көркемдік құралдардың кешені
қатаң бекітілді. Дәстүрлі жанрлар болашақ белгілі бір қалыпқа түсе отырып,
бір-бірінен оқшау, бөлек өмір сүреді. Олардың арасындағы шекара аса нақты.
Мұндай жанрлық құрылым канон деп аталады. Олар белгілі бір нормалар мен
ережелерге бағынып, өзінің автор үшін міндетті дәстүрлерін жасайды. Жанр
каноны “бұл жанрлық белгілердің тұрақты және берік жүйесі”.
“ Канон” сөзі (грек тілінде kanon – ереже) көне грек мүсіншісі Поликлет
(б.д.д. V ғ.) трактатының атауын құрайды. Мұнда канон қандай да бір
нормаларды толық жүзеге асыратын үлгі болып танылады. Өнердің
канондығы (оның ішінде сөз өнері де) суреткерді белгілі бір үлгіге
жақындатып, қандай да бір ережеге бағдар жасауға бейімдейді.
Жанрлық нормалар мен ережелер (канонды) алғашында стихиялы түрде,
халық дәстүрі мен наным-ғұрып негізінде қалыптасты. “Дәстүрлі фольклорда
да, көне әдебиетте де жанрлық құрылымдар әдеби емес ситуациялардан алыс
кетпей, жанрлық заңдылықтар ғұрыптық және тұрмыстық ережелермен бірігіп
кетеді”. Мәселен, ертегілер, аңыздар мен эпостық жырлар белгілі бір
қалыптасқан құрылымда, мазмұнда туды. Олардың басталуы мен аяқталуы
ұқсас әрі тұрақты болды.
Кейінірек кейбір жанрлық канондар нақты бір бейнелер (постулат) иеленді.
Ақындардың регламентке алған көрсеткіштері Аристотель мен Горацийдің,
Ю.Ц.Скалигер мен Н.Буалоның поэзия туралы тұжырымдары болды.
Осылайша былай да реттелген жанрдың нормативтік теориялары енді тіпті
жоғары реттілікті иеленді. Н.Буало өзінің “Поэтикалық өнер” (“Поэтическое
искусство”) деген өлеңмен жазылған трактатында әдеби шығармалардың
белгілі бір топтары үшін қатаң ереже ұсынды. Ол негізінен үш бірлікке (орын,
уақыт, әрекет) басымдық береді. Трагедия мен комедияның арасына шектеу
қояды. Ең бастысы нормативтік эстетика (Аристотельден Буало мен
Сумароковқа дейін) ақындардың жанрлық үлгілердің ізімен жүруге, алдымен,
Гомердің эпопеясы, Эсхил мен Софоклдың трагедиясын үлгі етуді талап етті.
Осылайша жанрлардың тұрақты белгілері қалыптасты. Ертегілер, мысалдар
мен новеллалар, дәстүрлі лирикалық жанрлар (фольклорды қоса есептегенде)
белгілі бір сызбалық (схема) формада туды.
Жанрлық құрылымдар әсіресе, постромантикалық дәуірде әдебиеттегі түр
өзгерісін шапшаң жүзеге асырды. Олар өзгергіш, иілгіш болып, канондық
реттілігін жоғалтты. Сондықтан да дербес-авторлық бастамаларға кең жол
ашылды. Жанрлардың қатаң шектеулігі жойыла бастады. Жанрлардың
каноннан ажырауы (“деканонизациялануы”) XVIII ғасырда-ақ байқала
бастады. Бұған дәлел Ж.Ж.Руссо мен Л.Стерннің шығармалары болды.
Әдебиеттің романдануы соңғы екі ғасырда жанрлық канондардың қалпынан
шығып, бұрынғы шектеуліктердің жоғалуына әкелді.
XIX –XX ғасырларда “жанрлық категориялар нақты бейнесін жоғалтып,
жанрлық модельдер құрайды. Бұлар енді бір-бірінен оқшауланған құбылыстар
емес, олар мазмұндық, құрылымдық жағынан онша айқын бөлінбеген
шығармалардың тобы болады. Әдеби жанрлардың канондануы Аристотельден
Горация мен Буалоға, Ломоносов пен Сумароковқа дейін нормативтік
поэтикалар арқылы жүзеге асырылды. Аристотельдің трактаты трагедия мен
эпосқа (эпопеяға) жоғары мәртебе берді. Классицизм эстетикасы “жоғары
комедияны” да канондап, комедияны толық емес, төмен жанр ретінде
ажыратып алды.
Жанр иерархиясының (сатылығы) жалпы көпшілік үшін де мәні болды.
XIX-XX ғасырларда орыс шарулары “құдайшыл кітаптарға“ да, жоғары қоғам
өкілдеріне арналған кітаптарға да ілтипат білдірді. Ал, қызықты сюжетті
кітаптар “ертегі” деп аталып, төменгі жанр саналды. Жанрлардың
канондануы әдебиеттің “жоғары” қабатында да болды. Романтизм кезеңінде
түбірлі жанрлық қайта құру кезінде ертегі мен роман әдебиеттің ьиігіне
көтерілді. XIX ғасыр әдебиетінде (әсіресе, Ресейде) шынайылылыққа жақын
тұрмыстық жағынан нанымды әлеуметтік-психологиялық романдар мен
повестердің канондануы байқалды. XX ғасырда драматургия, пародия, роман-
эпопеялардың, полифониялы романдардың, батысеуропада “сана ағымы” мен
абсурдтық трагикомедиялық сипаттағы драматургияның канондануы
байқалды. Қазір де романдық прозада мифологиялық бастау үлкен беделге ие.
Егер нормативтік эстетикада жоғары жанрлар канонданса, ал бергі дәуірлерде
бұрын “қатаң” әдеби шектеуден тыс болған жанрлардың канондануы
байқалды. Ғалым В.Б.Шкловский бұрын жанама, маргинал, төмен саналып
келген жанрларға қарағанда, жаңа тақырыптар мен жанрлар канондануда
дейді: “Блок “цыган романстарының” тақырыбы мен ырғағын канондаса,
Чехов “Будильникті” орыс әдебиетіне енгізді. Достоевский әдеби нормаға
“бульвар романының” тәсілдерін енгізеді. Осы ретте дәстүрлі жоғары жанрлар
өздеріне бөтен сыншыл қатынастарды орнықтырған тұрғыда қабылданады.
Б.В.Томашевский “Жанрлар алмасуында үнемі жоғары жанрларды төменгі
жанрлардың ығыстыруы байқалады” дейді.
XX ғасырда иерархиялық жағынан жаңа немесе жаңарған жанрлар
алдыңғы дәуірлерде белсенді болған жанрларға қарағанда салмақтана түсті.
Осы ретте тұлғалық орынды ашық та еркін құрылымдағы жанрлық жасалулар
алады: қайшылықты тұрғыда канондаудың предметіне канонданбаған
жанрлар алынып, басымдылық дайын, тұрақты формаларға беріледі. Мәселен,
қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың басында роман жанры мол көрініс беріп,
олардың көтерген мәселелері де үндес болды. Соған байланысты роман
жанрының белгілі бір дәрежеде тұрақталған құрылымы, сюжеттік желісі,
кейіпкерлер жүйесі орнықты.
Жанрлық конфронтация және дәстүрлер. Бізге жақын дәуірлерде
көркемөнердің динамикалылығы мен көпүнділігіне қарай, жанрлар әдеби
топтармен, мектептермен, бағыттармен күреске бейімделеді. Осыған
байланысты жанрлық жүйелер өткен дәуірлерге қарағанда, неғұрлым жедел,
ұшқыр өзгерістерді бастан өткереді. Жанрлардың өмір сүруінің осындай
қырлары туралы Ю.Н.Тынянов “дайын жанрлар жоқ, олар дәуірден дәуірге
өткен сайын неғұрлым үлкен мәнге ие болып, орталыққа жылжиды немесе
екінші қатарға өтіп, кейде өзінің өмір сүруін тоқтатады»,-деген. Өткен
ғасырдың 20 жылдары әдеби және әдебиет айналасындағы ортада әлеуметтік-
психологиялық роман мен дәстүрі жоғары лирика дегендер айтыла бастады.
Көрнекілік сипаты болмағанымен, сөз арқылы әр түрлі көркем бейнелер
жасауға болады. Әдеби шығарманың бұл қырын сөз пластикасы деп атайды.
Ол елестету, көркемдеу, бейнелеу арқылы адамның дүниетанымында
орнығады, сондықтан, “әдебиетті өмірдің айнасы” деп те атайды. Сөз өнерінің
бұл қасиетіне көп уақыт бойы басымдық берілді. Соған байланысты
антикалық дәуірден бастап, поэзияны “сөз живописі”, “сөйлейтін живопись”
деп атаған. Әрине, әдебиеттің “пластикалық емес” жағы да бар. Олар-
кейіпкерлердің, лирикалық қаһармандардың, баяндаушының ойы мен
психологиясы, олардың диалог, монологтары. Яғни, әдебиеттің осы “заттық”
сипаты алдыңғы орынға шықты. Ал, әр түрлі ағым өкілдері осы сипатқа
түрліше көзқарас білдірді. “Поэтикалық картина, үнемі суретші салатын
картинаның материалы бола бермейді, ол заттар тек ақындардың бейне
жасауға деген қызығушылығын оятады. Ақын М.Цветаева «поэзия көзге
көрінетіндердің жауы» десе, И.Эренбург “әдебиетте дүние көзге көрінбей
қалады, ол тек психологиялық болады” деген.
Жанрдың өмір сүруінде динамизм мен тұрақтылықтың қатынасы аса
сақтықпен қарауды қажет етеді. Жанрлық конфронтациямен қатар әдеби
өмірдің құрамында жанрлық дәстүрлердің де мәні үлкен. Жанрлар әр дәуірдегі
қаламгерлердің арасын жалғастырып отыратын маңызды дәнекер.
С.С.Аверинцевтің сөзімен айтқанда: “жазушының сұлбасын көруге мүмкіндік
беретін бейне әрқашан екіқұрамды: кез келген жазушы өз замандастарының
замандасы, дәуірінің құрдасы, сонымен бірге, өзінің алдындағы ұрпақтардың
дәстүрін жалғастырушы. Жанрдағы дәстүр үнемі жалғасын тауып отырады.
Жанр әдебиеттің даму кезеңінде әрқашан туып, әрі жаңарып отырады. Жанр –
әдеби даму процесінде шығармашылық естің өкілі. Сондықтан да жанр осы
дамудың бірлігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ете алады. Жанр неғұрлым
күрделі әрі жоғары дамыса, соғұрлым өзінің өткенін жақсы әрі толық еске
сақтай алады. Бұл тұжырымдар жанрдың ұзақ да тарихи кезеңдерде жасай
алатынын дәлелдейді.
Әдеби жанрлар әдеби емес реалдықпен тығыз әрі әр тарапты қатынаста.
Біріншіден, бұл байланыстардың генетикалық аспектісі мәнді. Туындының
жанрлық мәні мәдени-тарихи өмірдің әлемдік маңызы бар құбылысынан
туындайды. Мәселен, ежелгі батырлық эпостардың негізгі белгілері этностар
мен мемлекеттің құрылу дәуірінде анықталып қойған. Ал, Жаңа заман
әдебиетіндегі романдық бастаудың белсенділігіне адамның дербес рухани
еркінің болуы себеп еді. Жанрлардың эволюциясы әлеуметтік ортадағы
қозғалуына байланысты. Екіншіден, әдеби жанрлардың әдеби емес
реалдықпен байланысы рецептивтік деңгейге қатысты. Себебі қандай да бір
жанрдағы шығарма қабылдаудың белгілі бір шарттарына бағдарланады.
М.М.Бахтин: “Әрбір әдеби жанрға өзінің оқырманының, көпшіліктің,
халықтың болуы, олардың қабылдау ерекшелігі тән болады”,-дейді.
Жанрлардың қалыптасу ерекшелігі сөз өнерінің неғұрлым ерте қалыптасу
кезеңінде айқын көрінеді. Көне дәуір әдебиеті туралы Д.С.Лихачев: “Жанрлар
өзінің қолдану аясымен анықталады. Олар: құқықтық және дипломатиялық
практикада (мақала тізімі, шежірелер, князьдардың қылмысы туралы
повестер), княздық тұрмыс (салтанатты сөздер, жасампаздық)” жағдайында
болады. Осылайша, XVII-XVIII ғасырлардағы классикалық одалар сарай
ғұрпының салтанатты тобын құрады.
Фольклорлық жанрлардың қабылдануы да белгілі бір жағдайлармен
байланысты. Фарстық сипаттағы комедиялар ең алғаш жалпы көпшілік
мерекесінің бір бөлігін құрап, оның құрамында тіршілік етті. Ертегілер
демалыс сәттерінде орындалып, аздаған топтағы адамдарға арналды. Ал, одан
кейін пайда болған частушкалар қала және деревня көшелерінде орындалды.
Сөз өнері кітапқа енгеннен кейін өмірмен байланысын әлсіретті: көркем
шығарманы оқу кез келген жағдайда атқарылды. Алайда, бұл жерде де
туындының қабылдануы оның жанрлық-тектік қасиетіне байланысты болды.
Мәселен, драманы оқу оны сахналық елестетумен, ертегілік түрдегі баяндау
оқырманның жанды да еркін әңгімелесу ситуациясымен үндесті. Отбасылық-
тұрмыстық романдар мен повестер, пейзаждық очерктер, достық және
махаббат лирикалары оқырманның дербес сезім-күйіне әсер етті. Ал, дәстүрлі-
эпикалық туындылар оқырманда кең түрдегі “біз” деген ұғыммен үндесуін
туғызды. Сонда, жанр қаламгер мен оқырманның арасындағы дәнекер болып
табылады.
Туындының жанрлық белгісі әдебиеттану терминіне жатады. Өзінің
шығармасының жанрын айқындау үстінде, жазушы оны белгілі бір әдеби
нормаларға, дәстүрлерге сәйкестендіреді. Қандай да бір жанрды таңдауда,
қаламгер жанрлық жүйеге, түрге сүйенеді. М.Бахтиннің айтуынша, “жанр”
әдеби даму процесіндегі шығармашылық естің көрінісі”. Кейде жаңашыл
қаламгерлер оқырмандар үшін күтпеген жанрлық атаулар табады. Жанр
туындыға тұтас анықтама береді. Жанрлық белгілер, олардың сипаты әдеби
процесте өзгермелі, олар жанрлық теорияларда алмасып отырады. Сонау
классицизм дәуірінің өзінде трагедияның барлығы жанрлық канондарға
сәйкескен жоқ. Трагедия “комедиядан үш жағдайда: кейіпкерлердің жағдайы,
олардың тағдыры мен әрекеттерінің сипаты, шығармаларының аяқталуымен
ерекшеленеді. Әрине, олардың стильдік те айырмасы бар. Сөйте тұра,
жанрлардың тұрақты белгілері де болады. “Трагедияның мәні - қақтығыс,
тартыс, қайшылық. Трагедияның идеясына үрейлі, сұсты оқиғалар, қатерлі
мәселелер алынады. Немістер трагедияны қайғылы көрініс деп атайды”
(Белинский.Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу”). Осылайша жанрларда
өзгемелі және тұрақты елгілер болаы, тұрақты бегілер дәстүр жалғастығына
жеткізеді. Жалпы, жанрлық теорияның беріктігін зерттеу, байқау әдебиеттің
жылжымалы жанрлық бейнесінде байқалады. Әдебиет пен әдеби теориялар
“риториканың белгілері” аясында дамып, әмбебаптық сипатта болады.
Зерттеушілердің жанр проблемасына қызығушылығы оны психологиялық
тұрғыда зерттеуге жеткізеді.
1960 жылдары отандық әдебиеттануда XIX-XX ғасыр әдебиетінде
жанрлардың шекарасы жойыла бастауы байқалған. Жазушылар қатаң
жанрлық құрылымды бара-бара аздау сақтап, эпос, лирика, драмадағы иілгіш
“синтетикалық формалар” қолданды да, оларды белгілі бір дәстүрлі жанрға
жатқызу қиынға түсті. Одан кейін ғылыми айналысқа Бахтиннің ұсынған
канондық концепциясы енді. Онда әлемдік тарихтың жаңа дәуірінде туған
жалғыз жанр деп, роман аталды. Зерттеуші: “романның салтанат құрған
дәуірінде басқа жанрлар да әр түрлі дәрежеде “романданады”, драма, поэма,
тіпті лирика да романға ұқсап кетеді”,- дейді.
Дәстүрлі жанрлардың канондардан ажырау, жанр проблемасында
теориялық рефлексия тудырды. Енді жанрлардың арасындағы сабақтастық
өрістеді. Сөйтіп, әдеби жанр әдеби туындының орныққан түрі болып
табылады. Жанр дәуір жылжыған сайын жаңаша сипатқа ие болып отырады.
Қандай да жанрға өміршеңдік тән. Әрбір әдеби дәуірлерге, бағыт-ағымдарға
белгілі бір үлкенді-кішілі жанрлар тән болып келеді. Мысалы: классицизм
кезінде трагедия, комедия, ода, эпикалық поэма алдыңғы кезекке шықты;
романтизм дәуірінде лирикалық поэма, драма, элегия, баллада, психологиялық
және тарихи роман өрістеді.
Жанрлар арасындағы алмасулар, ұштасу үрдісі әр кезеңде байқалған.
Мысалы: XIX ғасырда орыс әдебиетінде реализмнің өркендеген кезінде
Пушкиннің өлеңмен жазылған романы (“Евгений Онегин”) туды.
Эпос, лирика, драма көне кезден-ақ, қоғам дамуының алғашқы кездерінен-
ақ қалыптаса бастаған. Бұл мәселеге өзінің “Тарихи поэтика” еңбегінің бірінші
тарауын арнаған зерттеуші А.Н.Веселовский. Ол әдеби тектер алғашқы
қоғамдық құрылыс кезеңіндегі адамдардың ғұрып-дәстүрлерінен, өлең-
билерінен пайда болған, дейді. Яғни, хормен бірігіп айтатын әндерден лиро-
эпикалық ән туды, бұл поэзияның алғашқы формасы дейді. Яғни, бәрі бірігіп,
хормен ұжымдаса айтылатын өлең түрінен бөлініп шығып, ғалымның
пайымдауынша көне ғұрыптық хор-әндерден эпос пен лирика ірге ажыратты.
Ал, драма хордың арасындағы сөз қатысулардан пайда болды. Ол эпос пен
лирикаға қарағанда, жекеленіп шығып, сонымен бірге синкретті сипатын
сақтайды.
Әдебиеттегі “тек” пен “түр”, “жанр” деген ұғымдар бір-бірімен тығыз
бірлікте өрбіп жатады. Әдеби тектердің дараланып шығуы алғашқы қауымдық
құрылысқа тән көпшіліктің бірлесе орындайтын ырым-жоралғылық
синкреттік әрекеттерден бастау алады. Эпоста халық өмірі, лирикада ішкі
толғаныс, драмада тартыс суреттеледі. Әдеби тектердің әрі қарайғы дамуы
жанрлық өзгерістер арқылы көрінеді (мәселен, эпос ұғымы эпопея, мысалдан
бастап, роман, повесть, әңгімеге ұласты). Одан басқа, әдебиеттегі әр түрлі
ағым-бағыттарға байланысты бір жанрдың мән-маңызы төмендесе, кейбір
жанрдікі жоғарылады. Кейбір текке басқа белгілер үндесуі арқылы, лиро-
эпостық дастандар, лирикалық және эпикалық драма пайда болды. Мәселен,
эпикалық түр шығармаға кеңдік, көпқырлылық, өмірге, айналаға тұтастық
түрде қарауды берді. Эпикалық сипат идеялық-эмоциялық тұрғыда драмада
да, лирикада да кездесуі мүмкін. Драматизм қарама-қайшылық, тартыс
арқылы көрінді. Ал, лиризм толғаныс, тебіреніс, ерекше көңіл-күй арқылы
танылды. Яғни, әдеби тек түрлері бір-бірімен ықпалдаса, үндесе дамыды.
Мәселен, бір романның бойында диалог, авторлық баяндау, төл сөз бен
аңыздық желі өріліп отырды. Сөйтіп, эпос, лирика, романның өздеріне тән
жеке ерекшеліктер ендігі жерде шарттылық шекарасын бұзды. Әдебиетті
текке бөлу Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатынан басталды (б.д.д.
ғ.). Грек философы еңбегінде әдеби тектер теориясы әр қилы ғылыми және
философиялық тұрғыда қарастырылды. Мұнда Аристотель көне грек
әдебиетінде жинақталған көркемдік тәжірибелерге сүйенді. Неміс философы
Гегель үш текті философиялық-логикалық жағынан негіздейді. Философтың
пікірінше, эпос объективтілікке, лирика субъективтілікке құрылып, драма
объективтілік пен субъективтілік қасиеттерді тоғыстырады. Канттың,
Гегельдің эстетикалық көзқарастарында өнерді жеке тұлғаның субъективті
шығармашылық қабілеті дүниеге әкеледі деген тұжырым кең орын алды.
Мұндай көзқарастар эволюциясы А.Байтұрсыновтың әдеби-теориялық
танымына да тән болды.
Әдебиеттің тектерін көрсете отырып, оларға сипаттама беруде
А.Байтұрсынов Аристотельдің бейнелеу тәсіліне, яғни автордың қатысына
негізделген принципінде қалып қоймайды. Сөйтіп, “Әдебиет танытқыш”
авторы әрі қарай ішкі, тысқы деген ұғымдарды қолдана отырып, әуезе, толғау
және айтыс-тартыс жөніндегі ойларын тиянақтай түседі. Бұған Гегельің
“Эстетика” еңбегінің әсері байқалады. Неміс философы бұл еңбегінде: “эпос
рухани әлемнің сыртқы болмысын кең түрде көрсетеді” десе, лириканы оның
мазмұны барлық субъективті нәрсе, ішкі әлем десе, драманы объективті дүние
деп бағалайды. Гегельдің лириканы ішкі әлемнің, эпосты сыртқы әлемнің, ал
драманы осы екеуінің нәтижесі деуі оның көркемөнерді субъективтілік
шығармашылық акт деп санайтын жалпы философиялық көзқарасынан
туындап жатыр. Гегельдің “Эстетикасындағы” мұндай жалпылық мәндегі
тұжырымдар әрі әдеби жанрға қатысты нақты байламдар орыс сыншысы
В.Г.Белинскийдің “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу” еңбегінде кеңінен
пайдаланылды. Оны бүгінгі орыс әдебиеттанушылары да жоққа шығармайды.
Айталық, В.Е.Хализев “Белинскийдің арқасына Гегельдік тұжырымдама
отандық әдебиеттануда орнықты”, дейді.
Кейінгі
қазақ
әдебиеттанушылары
орыс
тіліндегі
еңбектерде
көрсетілгендей, саяси, махаббат лирикасы деп қана шектелсе, А.Байтұрсынов
ұлттық өнердің өз табиғатынан шығарып, марқайыс, намыс, сұқтаныс,
ойламалдау, сөгіс, күліс, толғау сияқты түрлеріне анықтама береді, мысалдар
келтіреді.
А.Байтұрсынов драманы қазақша “айтыс-тартыс” деп алып, драманың
табиғатын ашу үшін мұрат жолына жұмсалған ғамал, мақсатты қайраттан
туған ғамал, керме, кедергі, ұстасудың байланыс, шиеленіс, шешіліс сияқты
түрлерін атайды.
“Әдебиет танытқыштың” ерекшелігі көркем мәтіндерді берудегі дәлдік,
талғампаздық. Мысалға Абай мен Мағжан шығармаларын көп алады.
Мұнымен
қоса,
ауыз
әдебиеті
үлгілерін,
белгісіз
авторлардың
шығармаларынан үзінділер береді. Бұл еңбегінде зерттеуші әдебиеттану
ұғымдарын әлемдік терминологиялық стандарт деңгейіне көтеріп, шет сөзді
араластырмай, ықшам, сабақтас ұғымдарды орынды қолданады.
Тұжырымдама
1. Жанрлық белгілер, олардың сипаты әдеби процесте өзгермелі, олар
жанрлық теорияларда алмасып отырады.
2. Гегель үш текті философиялық-логикалық жағынан негіздейді.
Философтың пікірінше, эпос объективтілікке, лирика субъективтілікке
құрылып, драма объективтілік пен субъективтілік қасиеттерді тоғыстырады.
Канттың, Гегельдің эстетикалық көзқарастарында өнерді жеке тұлғаның
субъективті шығармашылық қабілеті дүниеге әкеледі деген тұжырым кең
орын алды. Мұндай көзқарастар эволюциясы А.Байтұрсыновтың әдеби-
теориялық танымына да тән болды.
Достарыңызбен бөлісу: |