Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері


Тері арқылы сезіну мүмкіндіктері. Т



бет3/8
Дата04.10.2022
өлшемі0.91 Mb.
#461912
1   2   3   4   5   6   7   8
Дүйсенбі Ақмарал

Тері арқылы сезіну мүмкіндіктері. Тері арқылы түйсіну заттың теріге жанасуынан пайда болады. Тері арқылы түйсінулердің ішінде вибрациялық сезіну-есту бұзылуының орнын толтыруда өте маңыздысезім. Вибрация ауада, қатты немесе сұйық денеде беріледі. Адамныңөзі вибрация шығаратын затка жанаспаған жағдайда оны коршаған ортадағы басқа заттардың жеткізуі арқылы қабылдай алады,вибрациялық сезімдер адамнан алыс тұрған заттар мен құбылыстартуралы білуге мүмкіндік береді. Есту кемістігінде бұл өте маңызды.Себебі, саңырау адам ең маңызды қабылдаушы аппарат - естуқабілетінен айрылған.


Ал бұл уақытта кез келген баланың толыққанды психикалық дамуы үшін сыртқы орта әсерлерінің көп түрлілігі мен кең көлемділігі өте маңызды екендігін біз білеміз.Жоғарыда атап өткендей, қай жағынан болмасын,шектелу нәтижесінде баланың психикалық әрекеті азаяды, сыртқы ортаәсерлеріне жауап беретін реакциялар қарапайымданады, функция аралық өзара әрекеттер жүйесі өзгереді.
Жоғарыда атап өткендей, қай жағынан болмасын,шектелу нәтижесінде баланың психикалық әрекеті азаяды, сыртқы орта әсерлеріне жауап беретін реакциялар қарапайымданады, функцияаралық өзара әрекеттер жүйесі өзгереді. Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық компоненттері сау балалармен салыстырғанда өзгеше пропорцияда дамиды: көрнекі - бейнелік және сөздік - логикалық ойлау қабілеттерінде сәйкестік болмайды(алғашқысы басым); жазбаша сөйлеу тілінің екеуі де - импрессивтік(оқу) және экспрессивтік (жазу) - ауызша сөйлеу тіліне қарағанда басымырақ рольге ие болады.
Е к і н ш і заңдылық - есту қабілеті зақымданған балалардыңпсихикалық даму қарқынының сау балалардан айырмашылығы.И.М. Соловьев есту қабілеті зақымданған балалардың психикалықдаму жолдарын былайша суреттейді: сау бала мен есту мүмкіндігішектеулі баланыңпсихикалық әрекеттеріарасындағыайырмашылықтар онтогенездің бастапқы кезеңдерінде елеусіз боладыда, уақыт өте келе ұлғаяды. Осылайша белгілі бір кезеңге дейінжалғасады, тек жүйелі сурдопедагогикалық жұмыстардың ықпалыменғана бұл айырмашылық кері бағытта өзгере бастайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет