Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері

Саңырау балалардың есіндегі заттар бейнесінің өзгеруі екі бағытта жүзеге асады

бет5/8
Дата04.10.2022
өлшемі0.91 Mb.
#461912
1   2   3   4   5   6   7   8
Дүйсенбі Ақмарал

Саңырау балалардың есіндегі заттар бейнесінің өзгеруі екі бағытта жүзеге асады:

1) есте сақталған объектінің өзіндік белгілерінің жоғалуы бағытында;
2) сол өзіндік белгіні күшейту бағытында.
Еститін балалардың есінде объектілердің бейнелеріанағұрлым ұзақ және тұрақты сақталады (М.М. Нудельман).Сөздік есте сақтау. Есте сақтаудың бұл түрінің дамуында дакүрделі мәселелер туындайды, арнайы оқыту жағдайында да сөйлеуқабілетінің кемістігіне байланысты сөздік есте сақтау қабілеті кеміс дамиды. Саңырау балалардың сөздерді есте сақтау мүмкіндігінД.М. Маянц зерттеп, еститін балалар мен естімейтін балалардың естесақтауды жүзеге асырудағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарынанықтады. Ұқсастық - барлық балалардың есте сақтауымағыналандырумен жүзеге асады.
Бірақ еститін балалардың сөздерді алмастыруы мағыналық жағынан болса, естімейтін балалар мынадай үш түрлі алмастыруды пайланатыны анықталды:
1)сөздердің сыртқы бейнесінің ұқсастығы жағынан (парақ -тарақ);
2) мағыналық ұқсастығы жағынан;
3) сырт бейнесі мен мағыналық ұқсастықтың үйлесуі (жинау -жинақтау).

Сөздік есте сақтау қабілеті саналылығымен ерекшеленеді.Еститін балалар кейде мағынасы жағынан ұқсас сөздерді пайдаланса,саңырау балалар сыртқы бейнесі немесе дыбыстары ұқсас сөздердіпайдалануы мүмкін. Мағыналық жағынан туыстас,түбірлес сөздердікейде бір-бірінен ажырата алмайды. Сөздерді есте сақтаудың нәтижесіоның қандай грамматикалық категорияға жататындығынабайланысты. Себебі саңырау балалар затқа бірден қатысты затесімдерді жақсы меңгереді. Ал сын есім, етістік сияқтыграмматикалық категориялар ойлау операцияларын қажет етеді

Сөйлеу тіліне үйренуде олар сөзді тұтас мағыналық бірлік ретіндеқабылдамайды, керісінше, әріп, буын сияқты элементтердіңқосындысы ретінде ғана қабылдайды. Тіпті сөзді қабылдау үшін оларбелгілі бір уақыт пен күш жұмсайды. Кейде сөздің дыбыстық, әріптікқұрамы өзгереді немесе мұндай алмастырулар сөз мағынасыныңжеткіліксіз дифференциалдануынан болады. Сондай-ақ саңырау балалар есте сақтауда басқа жанама тәсілдерді қолдана алмайды. Сөзсияқты, сөйлемдер мен мәтіндер де тұтас бірлік ретіндеқабылданбайды. Саңырау балалар мәтінді немесе сөйлемді үнемітұтастай, иерархиялық ұйымдастырылған жүйе ретінде, біртұтасмағыналық бірлік ретінде қабылдай бермейді Мұның себебісөйлемдер мен мәтін мазмұнын тиісті жоғары деңгейде түсінбеуменбайланысты. Саңырау балалар сөйлемдерді бөліктермен, кейбірсөздерін тастап қолданады, бұл өз кезегінде сөйлемнің мағынасынбұзып, аграмматикалық құрылымға айналдырады.Саңырау балалар мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен жеткізеалмағандықтан сөзбе-сөз, жаттанды түрде айтуға тырысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет