Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері



бет7/8
Дата04.10.2022
өлшемі0.91 Mb.
#461912
1   2   3   4   5   6   7   8
Дүйсенбі Ақмарал

Толыққанды көрнекі-бейнелік ойлау сөздік-логикалық ойлаудыңіргетасы болып қаланады. Жақсы дамыған көрнекі бейнелік ойлаубалаларды логика сатысына бастап әкеледі, жалпыланған, қорытындыланған модельдік мағлұматтардың пайда болуына мүмкіндікжасайды, демек ұғымдар қалыптасады. Көрнекі-бейнелік ойлау саты-сының және сөйлеу тілінің кеш қалыптасуына байланысты саңыраубалалар сөздік-логикалық ойлау сатысына ұзақ уақытқа дейін көтерілеалмайды, бұл процесс тек 17 жас шамасында ғана аяқталады(Т.В. Розанова). Бастауыш сыныптарда «сонша артық», «сонша кем»,«сонша есе» деген ұғымдар, ұғымдармен түрлі операциялар жасау,шамалар арасындағы қатынастарды анықтау мен өзара кері материалдарды меңгеруде бұл балалар үшін қиын меңгерілетін материал.

Г) сөйлеу тілі


Есту қабілеті бұзылған балалар сөйлеу тілін тек арнайыоқытудың көмегімен ғана меңгереді. Мұнда олар сөздік қимыл-қозғалыс түйсіктерімен толықтырылған көру арқылы қабылдауқабілетіне сүйенеді. Олардың сөйлеу тіліндегі екпінді, әуезділікті қабылдау мүмкіндіктері жок, егер мүмкіндіктері болса сау балалар сияқты сөйлеушіге еліктеуге тырысар еді. Ж.И. Шиф саңырау балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтайтын 4түрлі психологиялық шартты ажыратып көрсетеді:
Бірінші шарт - саңырау балаларда алғашқы сөз бейнелерініңсенсорлық қалыптасу негіздерінің сау балалардан өзгешелігінкөрсетеді. Еститін балаларда сөздің алғашқы бейнесі есту арқылықабылданса, саңырау балаларда көру арқылы қимыл сезімдеріменқабат қабылданады (сөздің жазылған бейнесі, дактильмен бейнеленген сөз,артикуляциямен бейнеленген сөз). Көру арқылы түс, фактура,пішін, әріптер қабылданады олар қимылдармен сәйкестендіріледі.Сөйтіп, балалар сигналдық карточкаларды, қимылдарды белгі ретіндеқабылдауға үйренеді. Саңырау балалар үшін сөзді көру арқылықабылдау тілмен танысудың алғашқы кезеңі болып табылады.
Екінші шарты - еститін балаларға қарағанда саңырау балалардың тілдік материалды өзгеше ретпен талдайтындығы. Еститін балалар сөйлеу тілін меңгергеннен кейін бірден сөздің фонетикалықбейнесін қабылдайды, буындарға бөліп, «әліппелік» дыбыстарға ажырата алады.
Үшінші шарты - еститін балалармен салыстырғанда грамматикалық құрылымның өзгеше жасалуы. Оның себебі сөйлеу тілінбасқаша сенсорлық жолмен меңгеру болып табылады. Айтылатынсөзді сау балалар тұтас бірлік ретінде қабылдайды, ал сөз түрленетінболса ол баскаша естіледі. Саңыраулар болса сөзді бейне ретіндеқабылдағандықтан ондағы түрленулер сыртқы өзгеріс ретіндеқабылданады.
Төртінші шарты - сөйлеуге қатысатын қимылдардың қалыпсызжағдайда қалыптасуы. Бұл өз кезегінде есту кемістігін түзетуге кедергі жасайды. Екінші кемістік бірінші кемістікке қаншалықтыжақын болса, соншалықты оны коррекциялау мүмкіндігі азаятындығыбелгілі. Сөйлеудің дыбысталу жағы есту қабілетінің бұзылуыментығыз байланысты болғандықтан оның қалыптасуы қиын мәселеболып табылады.Саңырау балалардың сөйлеу тілін меңгеруінде сөйлеудеграмматикалық ережелерді қате колдануы оларға тән белгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет