техникалық регламенті
1. Қолдану саласы
1. Осы "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы Техникалық регламент осы Техникалық регламентке 2-қосымшаға сәйкес Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) жануарлар және құс етінің барлық түрлеріне, қосымша тамақ өнімдеріне, шұжық өнімдеріне, жартылай фабрикаттарға және кулинарлық өнімдерге, тамақ концентраттарына, қаннан қайта өңделген тамақ өнімдеріне, қосымша өнімдерге және өзге де құрамында ет бар тағамдарға қолданылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы Техникалық регламент мынадай ет өнімдерін:
1) балалар тағамын;
2) май өнімдерін;
3) жануарлардан алынатын шикізаттан өндірілетін (дайындалатын) медициналық препараттарды;
4) емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы;
5) жеке пайдалануға арналған үйде дайындалатын өнімдерді;
6) генді түрлендірілген жануарлардан алынатын шикізатты пайдалану арқылы алынған тағамдық өнімдерді;
7) консервіленген тағамдарды;
8) тағамдық желатинді өндіруге (дайындауға), айналымына және жоюға қолданылмайды.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы", "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы","Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар пайдаланылады, сондай-ақ мыналар:
ет тағамдары - етті пісіру, кептіру, тұздау, майлау немесе қақтау жолымен етті өңдеу нәтижесінде алынған тағамдар;
ет және ет өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы субъектісі (бұдан әрі - субъект) - ет және ет өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға;
ет және ет өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі - объект) - ет және ет өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорын/ұйым;
залалсыздандырғыш тосқауыл - республика немесе ұйым аумағына кіру және олардың аумақтарынан шығу алдында көлік құралдарын, ал персонал үшін ұйым цехының үй-жайына кіру және одан шығу алдындағы залалсыздандыру пункті;
зиянды зат - кез келген биологиялық немесе химиялық зат, сондай-ақ оны өндіру кезінде етте жиналған немесе ет өніміне қосылған және адам денсаулығына зиян келтіруге немесе қоршаған ортаны ластауға қабілетті олардың метаболиттері;
конфискат - мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары тағамдық мақсат үшін жарамсыз деп таныған малдың ұшалары, ұшаларының бөліктері мен мүшелері;
жануарлардың (құстардың) партиясы - ұйымға бір шаруашылықтан бір жеткізгенде бір тауар-көлік жүкқұжатымен және белгіленген нысандағы бір ветеринарлық құжатпен бірге келетін бір түрлі жануардың (құстың) кез келген саны;
мұздатылған ет - ұшалар мен ұшалар бөлшектерін сою желісінде бұлшық ет қабатында минус 8 0 С-тан - минус 18 0 С-қа дейінгі температураға дейін мұздатылғаннан кейінгі ет;
нитриттік тұздау қоспасы - дайын өнімде натрий нитритінің қауіпсіз концентрациясын қамтамасыз ететін қатынастағы натрий нитритінің ас тұзымен қоспасы;
сүйектен айырылған ет - сүйектен айырылған ұшаның бұлшық, майлы және қосылыс тінінен жасалған ет өнімі;
тоңазытылған ет - сойылғаннан кейін тікелей бұлшық ет қабатында минус 2 0 С-тан минус 3 0 С-қа дейінгі температураға дейін тоңазытылғаннан кейінгі алынған жас ет;
терең мұздатылған ет - бұлшық ет қабаты минус 18 0 С-тан аспайтын температураға дейін мұздатылғаннан кейінгі ет;
салқындатылған ет - жануарды немесе құсты сойғаннан кейін бұлшық ет қабатында 0 0 С-тан плюс 4 0 С температураға дейін салқындатылғаннан кейін тікелей алынған жас ет;
шартты-жарамды ет - залалсыздандырудан кейін (пісіру, шұжық өнімдерін дайындау, финнозды етті тұздап немесе майлап залалсыздандыру) тағамға қолдануға рұқсат берілетін ауру жануар ұшасының еті.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Ет және ет өнімдерінің базардағы айналым шарттары
5. Ет және ет өнімдері осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
6. Ет және ет өнімдері базарға, егер олар мақсатына қарай тиісті қолданылған кезде адам денсаулығы немесе қауіпсіздігі үшін қауіп тудырмайтын жағдайда ғана жеткізілуі және сатылуы мүмкін.
Нақты сапасыз белгісі бар, қауіпсіздігін, шыққан жерін және сапасын растайтын ілеспе құжаттары жоқ, сондай-ақ қасиеті мен таңбалануы қолданыстағы заңнаманың талаптарына және белгіленген жарамдылық мерзіміне сәйкес келмеген кезде ет және ет тағамдары аккредиттелген (аттестатталған) ветеринарлық зертханада ветеринарлық-санитарлық сараптама жасау үшін алынып қойылады.
Пайдалануға жарамсыз және адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті ет және ет өнімдерін жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Етті дайындау мен ет өнімдерін өндіру кезіндегі
Достарыңызбен бөлісу: |