қауіпті факторлар (қатерлер)
7. Ет және ет өнімдерін дайындау мен өндіру кезінде:
1) объектінің орнын және аумағын таңдауда, ет және ет өнімдерін дайындайтын өндірістік аймақтарды (үй-жайларды) орналастыруда және жабдықтауда;
2) жануарлар мен құстарды союға дайындауда, оларды сойғанда;
3) персоналды, жабдықтарды және тұрмыстық үй-жайларды дайындауда;
4) ет және ет тағамдарын өндіруде, оларды сақтауда және айналымында;
5) пайдалануға жарамсыз немесе қауіпті ет және ет өнімдерін жоюда туындайтын барлық ықтимал қатерлер ескерілуі тиіс.
Ет және ет өнімдері олардың салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер ететін қауіпті қасиетке ие болатын неғұрлым ықтимал қатерлерге мыналар жатады:
1) ет және ет өнімдеріндегі фармакологиялық заттардың және химиялық ластағыштар құрамының ШЖД арттыру;
2) ет және ет өнімдеріндегі уытты элементтердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, басқа да зиянды заттардың және олардың қалдықтарының құрамының ШЖД арттыру;
3) ет және ет өнімдеріндегі микробиологиялық көрсеткіштерді ШЖД арттыру;
4) тағамдық қоспалар және гендік инженерия өнімдері құрамының ШЖД арттыру.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Объектінің орнын және аумағын таңдауға
қойылатын қауіпсіздік талаптары
8. Жаңадан салынатын және қайтадан жаңартылатын объектілерді орналастыру, пайдалануға беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Объектілердің аумағы қоршалған, абаттандырылған және көгалдандырылған болуы тиіс.
9. Объектілердің аумағы атмосфералық еріген су ағынын жинау және аумақты шаю үшін нөсер кәрізімен жабдықталады.
10. Барлық объектілерге Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгілеген тәртіппен есептік нөмірлер беріледі.
11. Қоршаған ортаға бөлінетін ластағыш заттар мен басқа зиянды физикалық факторлардың арналуына, сипаттамасы мен санына байланысты, сондай-ақ олардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін азайту жөнінде көзделетін шараларды ескере отырып, объектілерде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті орган белгілеген санитарлық-қорғаныштық аймақтар (бұдан әрі - СҚА) болуға тиіс.
Объектінің аумағына ғимараттарды, құрылыстарды және қондырғыларды орналастыру:
1) шикізат пен дайын өнімді;
2) ветеринарлық байқаудан кейін сою алдындағы ұстауға жіберілетін сау жануарларды карантинге, оқшаулағышқа немесе санитарлық қасапханаға жіберілетін ауру немесе ауруға күдікті жануарлармен бірге;
3) тағам өнімдерінің жануарлармен, көңмен, өндіріс қалдықтарымен бірге тасымалдау жолдарымен қиылыспай тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
12. Автокөлік дөңгелектерін өңдеу үшін объект аумағына кірген және шыққан кезде қақпа алды автокөлікті арнайы залалсыздандыратын тосқауылдармен жабдықталады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
13. Жүкті тиеу-түсіру алаңдарында, темір жол және автомобиль платформаларынан әрі ашық қашалардан өтпелерде, санитарлық блок аумақтарында, мал айдайтын жолдарда, автокөлікке арналған жолдарда жуу және залалсыздандыру үшін қол жетімді су өтпейтін тегіс төсем болуы тиіс.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Ет және ет өнімдерін өндіру (дайындау) және қайта
Достарыңызбен бөлісу: |