Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар


қойылатын қауіпсіздік талаптары



бет7/8
Дата24.02.2023
өлшемі37.2 Kb.
#469972
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8
p080000336 .30-01-2017.kaz

қойылатын қауіпсіздік талаптары

30. Тұрмыстық үй-жайлар жеке тұрған ғимараттарға, жапсарлас құрылыстарға немесе негізгі өндірістік ғимараттарға орналастырылады.


Оларды жеке ғимаратқа орналастырған кезде өндірістік үй-жайларға жылу өту жолы көзделеді.


Қуаты аз объектілерде персонал үшін 10 адамға кемінде 1 аспап есебімен санитарлық-техникалық аспаптармен жарақталған ауданы кемінде 9 шаршы метр душы және ауданы кемінде 1,5 шаршы метр дәретханасы бар гардероб жабдықталады.


Дәретхана, душ және кір жуатын бөлмелерді тамақ цехтары үй-жайларының, асхананың өндірістік және қоймалық үй-жайларының үстіне орналастыруға рұқсат етілмейді.


Объектінің өндірістік цехтарының қызметкерлеріне арналған тұрмыстық үй-жайлар санитарлық өту жолымен жабдықталады.


Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


31. Жұмысшылар асханадан, тамақ ішуге арналған бөлмеден немесе ұйым аумағында орналасқан басқа да тамақтану орындарынан тамақ ішеді. Жұмыс орындарында тамақ ішуге және гардеробтың жеке шкафтарында тамақ өнімдерін сақтауға рұқсат етілмейді.

32. Санитарлық киімді жуу кір жуу орындарда жүргізіледі, арнайы киімді үйде жууға рұқсат етілмейді.

11. Конфискаттардың жиналуына және оларды
жоюға қойылатын қауіпсіздік талаптары

33. Қоқыстарды жинау үшін контейнерлер негізінің ауданынан үш есе асатын алаңқайға орнатылатын контейнерлер қолданылады. Контейнерлер өндірістік және қосалқы үй-жайлардан 25 метр алыс орналасады. Қоқыс жинайтын алаңқайды үш жағынан тұтастай бетондалған немесе кірпіштен қаланған биіктігі 1,5 метр қабырғамен қоршау қажет. Контейнерлерде, алаңдарда, тұтас қабырғада жуу және залалсыздандыру үшін су өтпейтін қол жетімді тегіс төсем болуы тиіс.


Көңді биотермиялық залалсыздандыру арнайы жабдықталған алаңқайларда жүргізіледі.


Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


34. Ғимарат кәрізге қосылады. Кәріздің өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суға арналған ішкі желісі бөлек жабдықталады және коллекторға өздігінен шығуы тиіс. Өндірістік және тұрмыстық суды тиісті тазалау мен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз ашық су тоғандарына жіберуге рұқсат етілмейді. Өндірістік цехтарда ағынды су: құрамында май бар, құрамында май жоқ, шаруашылық-тұрмыстық және ластанбаған өндірістік су үшін ішкі кәріздің бөлек желісі көзделеді.

35. Кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына жіберу алдында ағынды сулар:


1) механикалық тазартудан өтеді;


2) құрамында майы барлары майтұтқыштардан өтеді;


3) карантинді бөлімшеден және сумен шайылған аумақтан көңді ұстап қалушы арқылы жіберіледі, залалсыздандырылады.


36. Ағынды суды қабылдау үшін бетондалған шұңқыр өндірістік ғимараттан кемінде 20 метр қашықтықта орналасады, қақпақпен жабдықталады және оның 2/3 көлемінің толу шамасына қарай тазартылады.

12. Ет және ет өнімдерін өндіруге қойылатын қауіпсіздік талаптары

37. Қауіпсіз ет және ет өнімдерін өндірудің міндетті шарты оларды өндіру, қаптау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде тамақтан уланудың және дайын өнімді тамаққа қолдану кезінде жұқпалы аурулардың туындау мүмкіндігінің алдын алатын гигиеналық талаптарды орындау болып табылады.


Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


38. Ет және ет тағамдарында санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қадағалау органдары белгілеген санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес фармакологиялық заттардың және химиялық ластағыштардың болуы бақыланады.

Құрамында фармакологиялық заттардың қалдықтары бар, Қазақстан Республикасында тіркелмеген шикізатты қолданып ет өнімдерін өндіруге тыйым салынады.


Ет және ет өнімдеріндегі ластағыштардың санитарлық- эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау уәкілетті органдары белгілеген гигиеналық нормалардан және рұқсат етілген деңгейден асуына жол берілмейді.


39. Етті және сойылған өнімдерді қайта өңдеу цехында осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес температуралық-ылғалдылық режим сақталады.


40. Ет және ет өнімдерін өндірген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес су қолданылады.


Объектілерде ауыз су жүйелері мен айналмалы сумен жабдықтау жүйелерін тоғыспалы түрде қосуға жол берілмейді.


41. Ет және ет өнімдеріне ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу үшін өндіріс кезінде өндірістік бақылау бөлімшелері құрылады және жұмыс істейді.


Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


42. Ет өнімдерін өндіру өнімнің қауіпсіздігін және нормативтік құжатпен белгіленген тағамдық құндылығын қамтамасыз ететін белгіленген тәртіппен бекітілген рецептураларға сәйкес жүзеге асырылады.

Тағамдық қоспалар мемлекеттік тіркеуді растайтын құжатпен бірге жүреді және белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының технологиялық нұсқауларына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес пайдаланылады.


Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


43. Отандық және импорттық өндірістің ет шикізаттары өнеркәсіптік қайта өңдеуге ветеринарлық ілеспе құжаттармен бірге қабылданады.

44. Технологиялық процестер:


1) қосымша өнімдерден және қаннан дайындалатын өнімдерді оқшауланған үй-жайда әзірлеуді қамтамасыз етуі тиіс. Шұжық өндірісінде қолданылатын қосымша өнімдерді мұздан еріту, сұрыптау және жуу тоңазытқыштың мұздан еріту камерасында, ал ол болмаған жағдайда шұжық цехының бөлек үй-жайында;


2) шартты-жарамды ет пен қосымша өнімдерді шұжық және аспаздық цехтардың өндірістік үй-жайларында пісіру арқылы зарарсыздандыру мүмкіндігін болдырмауды;


3) шұжық цехының термиялық бөлімшесіне өндірістік үй-жайлар арқылы отынды (үгіндіні, ағашты) беру мүмкіндігін болдырмауды;


4) тамақ өнімдерін шығаратын шұжық, аспаздық және басқа да цехтардың дайын өнімдерін орайтын ыдыстардың өндірістік үй-жайларды айналып өтіп, дәліз немесе экспедиция арқылы берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Ыдыстардың тамақ цехтарында сақталуына жол берілмейді.

13. Ет және ет өнімдерінің қоймаларына, ыдысына, оралуына және таңбалануына қойылатын қауіпсіздік талаптары

45. Шикізатты, дайын өнімді, буып-түю және қосалқы материалдарды сақтау үшін объектілерде қоймалық үй-жайлар жабдықталады.


Тағамдық шикізат пен қосалқы материалдарды сақтау үшін стелаждар мен сөрелер пайдаланылады, оларды еденге төсеуге жол берілмейді. Барлық қоймалық үй-жайларды таза ұстау керек және кезең-кезеңмен дезинсекция және дератизация жасалуға тиіс.


Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


46. Жабдық, мүкәммәл мен ыдыс тағамдық өнімге байланысты қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалады және қажетті нормативтік және техникалық құжаттамасы болуға тиіс.

Ет өнімдерін салуға дейін жабдықтар, көлік құралдары және ыдыс санитарлық өңделуден өтеді.


47. Ет және ет өнiмдерiн буып-түю, таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген техникалық регламент талаптарына сәйкес жүргiзiледi.


Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.02 N 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

14. Жануарларды, ет және ет өнімдерін тасымалдауда көлік құралдарына, тасымалдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары



48. Ет және ет өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарына және/немесе контейнерлерге мынадай талаптар қойылады:


олардың ішкі беті немесе кез келген басқа бөлігі тамақ өнімдерімен байланыста қолданысқа рұқсат етілген материалдардан жасалады. Материалдар тегіс, жеңіл тазалануы және дезинфекциялануы тиіс;


өнімді жәндіктерден және шаңнан тиімді қорғауды қамтамасыз етуі және сұйықтың дренажын болдырмау үшін су өткізбейтін болуға тиіс;


ұшаларды, жарты ұшаларды, ұшаның төрттен бір бөлігін тасымалдау үшін олар ет еденге тимейтін биіктікте орнатылған ілінетін жас ет үшін шірімейтін күршектермен жабдықталады;


көлік құралдарын немесе контейнерлерді онда тірі жануарларды немесе түрлі басқа жүкті тасымалдағаннан кейін ет және ет өнімдерін тасымалдауға қолдануға жол берілмейді.


Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


49. Ет және ет өнімдерін тасымалдауға қолданылатын көлік құралында санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық-санитарлық (санитарлық) ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес температуралық-ылғалдылық режимі сақталады.
15. Сәйкестікті растау

50. Ет өнімінің сәйкестігін растау қауіпсіздік көрсеткіштерінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.


Ет тағамдарының осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:


1) дайындаушының сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы;


2) өтініш берушінің заңнамада белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатын алуы.


Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

16. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі



Ескерту. 16-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

17. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары

52. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



"Ет және ет өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне 1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет