Ет өндірісінің жаңа технологиясы Орындаған: 311-топ Қожабекова ф расол У



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі1.96 Mb.
#457835
1   2   3
барабанды,
қалақшалы
Консервіленген паштеттерді дайындау технологиясы
 
Ет паштеттері. Негізгі шикізатты өте ұсақтап дайындалатын шұжық өнімдерінің тобы ет паштеттері деп аталады.
Өндіру технологиясы: рецептураға сәйкес ет паштеттерін өндіруде келесідей шикізат қолданылады. сіңірінен ажыратылған шошқа немесе шошқа бастарының шикі және стерильденген еттері, шошқа шекесі, ерітілген шошқа немесе сүйек майы, бірінші категориялы субөнімдер, ІІ категориялы субөнімдер, шошқа терісінің шеттері, жүгері ұны, коллагенді қайнатқаннан және басқа өнімдерді қайнатқаннан алынған сорпа.
ЖҰҚА ҰСАҚТАУ МАШИНАЛАРЫ
Бұл куттерлерде алдын-ала волчокта ұсақталған өнiммен қатар, мұздатылған iрi ұлкен кесектi өнiмдi алдын-ала және соңғы ұсақтап, араластыруға болады. Оларды пiсiрiлген, қақталған шұжық өнiмдерiнiң өндiрiсiнде фаршты дайындау ұшiн қолданады.
Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтау үшiн толассыз әрекеттi машиналар қолданылады. Мерзiмдi әрекеттi машиналарға қарағанда олардың келесi артықшылықтары бар: жоғары өнiмдiлiктi, ағынды жұйеге қосу мұмкiндiгi бар, жоғары дәрежелi ұсақтау қабiлетiлiгi және т.б.
Машинаның құрылғысына: қаңқа, белдемше, пышақты головканың тұрығы, ротор, бұрандалы сақина және түсiргiш гусак. Қаңқа жоғарғы жағында электр қозғалтқыш және ұсақтағыштың жұмысшы бөлiгi орналасатын плитасы арасында орналасқан фланец болып табылады. Белдемшенiң ұстiңгi бөлiгiнде пышақты головканың тұрығын бекiтуге және бұруға арналған құрылғы орналасқан. Белдемшенiң цилиндрлi бетiнде қақпақпен жабылатын терезе бар. Ол ұсақтағыш муфтасына қызмет көрсетуге арналған. Пышақты головканың тұрығы негiзгi жұмысшы орган болып табылады. Оның iшiнде – шикiзатты ұсақтап, тұсiргiш канал және гусак арқылы қабылдағыш ыдысқа тұсiруге болады.
 Ет консервілерін өндірудің технологиялық сұлбасы 
ШПРИЦТЕР
Ет өнеркәсiбiнде дозалап толтыратын машиналар көп қолданылады. Қысым әсерiмен қабықшаны механикалы жолмен толтыратын машиналар тобына шприцтердi жатқызады. Шприцтер шұжық қабықшасын тартылған етпен, сонымен қатар сүт өнеркәсiбiнде балқытылған сырды жасанды қабықшамен толтыруда қолданылады.
Шприц станинасы болаттан жасалып, пiсiрiлiп қосылған, тiк бұрышты пiшiндi болады. Станинаның жоғарғы бөлiгiне жұмысшы шнектердiң тұрығы бекiтiледi, ол тұрық шойыннан жасалған.
Жұмысшы шнектердiң тұрығының бiр ұшына жұмысшы шнектердiң төмендеткiштерiнiң жетектерi, ал бiр ұшына цевка бекiтiледi.
Шнектердiң цилиндрлiк тұрығының жоғарғы жағына вакуумдiк головка жұбымен фаршқа арналған шанақ орнатылады. Бiр шнектiк орамы қарама-қарсы екiншi орамның бiр кiрмелi жұмысшы шнегiне кiредi.
Әрбiр шектердiң бiр басы төмендеткiштердiң консольды бiлiгiне орнатылады. Шнектер бiр-брiне қарама-қарсы айналады. Жұмысшы шнектердiң жетегi АОС2-31-4 маркалы екi асинхронды электрқозғалтқыштан тұрады. Оның қуаттылығы 3 кВт және минуттық айналыс саны – 1350.
Шприцтiң негiзгi тораптары: станина, жұмысшы шнектердiң тұрығы, жұмысшы шнектердiң жетегi, вакуум жұйесi, қосу басқышы.
ШПРИЦТЕР түрлері
ПРЕСТЕР
Сыртқы күштердiң әсерінен материалдарды қысымымен механикалық өңдеудейтін жабдықтарды престеу деп атайды. Процестi жетiлдiру, ол материалдардан сұйық фракцияларды неғұрлым көбiрек бөле отырып, бөлiнген сұйықтық пен нығыздалған қалдықтың сапасын жоғарлатумен анықталады. Жалпы престеу мынандай мақсаттарды көздейдi:
- қатты денеден сұйықты ажырату;
- пластикалық материалдарды қалыптау (формалау);
- сусымалы материалды нығыздау;
- материалдарды тесiктерден сығып шығарып, қажеттi пiшiндi өнiм алу (экструзия);
Қатты денелерден сұйықты сығып шығару екi мақсатты көздейдi: бiрiншiден, сұйық бағалы компонент ретiнде (шырын, өсiмдiк майлары, және т.б.) қатты денеден ажыратылып алынады; екiншiден, сұйық бағасыз компонент ретiнде (iрiмшiктен) ажыратылады. Бұл кезде бiртектi сұйық және бiртектi нығыздалған қалдық (брикет пiшiндi) алынады. Ол өнiмнiң көлемiн кiшiрейтiп, жеңiл тасымалдануына және көп сақталуына мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайда материалдың процестi жетiлдiруде берiлген параметрлерi немесе алға қойған мақсаты өлшемдерi мен формасына және қажеттi технологиялық талаптарының қанағаттануымен анықталады.
КУТТЕРЛЕР
Куттер станинадан, пышақтық бiлiктiң жетегiнен, пышақтық бiлiктен, шанақтан, тостағаннан, тостаған жетегiнен, жетектi түсiргiштен, қорғаныс қақпағынан және электрлiк қондырғыдан тұрады.
Куттер станинасы шойыннан құйылған, бiр-бiрiмен болттық қосылыспен қатаң жалғанған екi жеке бөлiктен: станинадан және жоғарғы тұрықтан тұрады. Станинада және жоғарғы тұрықта барлық қорғаушы бiрлiктердi бекiту жүргiзiледi. Тұрықтың жоғарғы жағында тербелу ұштiректерiнде пышақтық бiлiк , ал консольдiк бөлiгiнде алты пышағы бар төлке орнатылған.
Пышақты бiлiктiң айналуы сыналы белдiктi берiлiс арқылы моторлық плитада орнатылған электрқозғалтқышпен жүргiзiледi. Тостаған қос жылдамдықты қозғалтқышпен айналысқа түседi.
Фаршты түсiргiш механизм станинаның төменгi бөлiгiнде бекiтiлген. Қауiпсiз жұмыс iстеу шартын қамтамасыз ету үшiн, сонымен қатар дайындалған фарштың сыртқа лақтырылуын жою үшiн пышақтардың және тостаған бөлiктерiнiң жұмыс зонасы сыртынан қорғаныс қақпағымен жабылады.
Қорғаныс қақпақ көтерiңкi жағдайда өзiндiк салмағы есебiнен тiрекпен бекiп қалады, ал түсiңкi жағдайда реттелетiн тiрекпен ұсталып тұрады.
КУТТЕРЛЕР
АРАЛАСТЫРҒЫШТАР
Материалдарды араластыру үшін әртүрлі араластырғыштар, миксерлар және жұмысшы органдардың көмегімен компоненттерді ыдыстың барлық көлемінде біртекті етіп араластыратын құрылғылар қолданылады. Араластыру процесі тамақ және ет–сүт өндірісінде әртүрлі эмульсия және суспензия, сонымен қатар жентектелген ет, қамыр, тәттілер массасын дайындауда кеңінен қолданылады.
Сұйық орталарды араластырудың негізгі үш тәсілі болады:
1) механикалық - әртүрлі құрылысты араластырғыштар жәрдемімен;
2) пневматикалық - сығылған ауа немесе инертті газдар жәрдемімен;
3) циркуляциялық - насостар немесе соплалар жәрдемімен.
Ауамен және циркуляциялық араластыру тәсілдері жоғары тиімділікті болып келеді, бірақ мынадай кемшіліктері бар:
1) салыстырмалы түрде көп энергия шығыны;
2) ауамен араластырғанда тамақтың /ашу/ тотығу мүмкіншілігі немесе оның жылжымалық фазасының булану мүмкіншілігі.
Ет араластырғыш
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет