Этномәдени білім беру


шынайы жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігін көрсетеді. Ұлттық мәдениеттің



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.02.2024
өлшемі1.28 Mb.
#490699
1   2   3   4   5   6   7
14 дәріс пдф compressed

шынайы жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігін көрсетеді. Ұлттық мәдениеттің
көрінісі отбасындағы сыйластықтан да көрінеді. Отбасындағы сыйласым мәдениеті ең
алдымен ата-ананы сыйлаудан басталады.
Ұлттық намыс – қазақ халқының қозғаушы күші. Халық арды бәрінен биік қояды. Ар –
ұяттан туады, ал ұят – адамгершілікті сақтай білудің, әдептіліктің, имандылықтың жүйелік
белгісі. Ұят нышандары жан толғаныстары арқылы инабатты іс-әрекеттен, иманжүзді
бетбейнеден байқалады. Сөйтіп, ол мәдениеттілік нышандарын көрсетеді. Жеке тұлғаны
жеңіске, табысқа жеткізетін қуатты құбылыс – намыс. Ұлттық намыс – жалпыұлттық
мәдениеттілік кредосы болып табылады. 
Қазақстан халқының этномәдени
қызығушылықтарын тарату 


Ұлттық мектеп жасауға, онда ұлттық тәрбие беруге мемлекет
тарапынан бірнеше тұжырымдамалар мен құжаттар шығарылды.
Олар: 
«Қазақстан Республикасында
гуманитарлық білім беру
Тұжырымдамасы»,
«Қазақстан Республикасында жалпы
орта білім білім беретін
мектептерінің Тұжырымдамасы»,
«Мектепке дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың тәрбие
Тұжырымдамасы»,
«Тәлім-тәрбие Тұжырымдамасы»,
 Қазақстан Республикасының
«Білім туралы Заңы»,
Қазақстан Республикасының
«Жоғары білім туралы Заңы», 
Қазақстан Республикасының «Тіл
туралы Заңы»,
«Қазақстан Республикасындағы
этникалық-мәдени білім
тұжырымдамасы», 


 Көптілді тұлғаны тәрбиелеу
Көптілді тұлға – өзінің мәдениеті арқылы басқа ұлттың
мәдениетін меңгеруге бағытталған тұлға. Оның негізгі
көрсеткіштері: 
—Лингвистикалық тұрғыда жан-жақты дамуы, ана тілін және
мемлекеттік тілді білуі, шетел тілін үйренуі, халықтар
әдебиетін оқуы; 
—Рельефті тарихи сана. Тарихи үрдістерді терең зерттеу және
жете түсіну. 
—Объективтілік. Дін тарихын білуі;
—Айқындалған географиялық және экологиялық сана. Әлемді
және өз Отанын түсіну. Оларды сезіну беделі;
—Ашық көркем эстетикалық сана. Көркем шығармашылық, ән
айту, т.б. Өз халқының мәдениетіне қатысуды жете сезінуі;
—Құқықтық сана. ҚР Заңдары мен құқықтық актілерін, өз
құқығы мен міндеттерін білуі;
—Тілге ерекше мән беруі.
—ҚР тіл саясатының негізгі қағидалары: жүйелілік, кешендік,
өзара түсіністік, төзімділік, т.б.


Қазақтың ұлттық мектебі деп халқымыздың Ана тілін,
Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін
жүйелі оқытатын мектепті айтамыз, ал ол мектептің
басты белгісі қазақтың ұлттық рухы болуы шарт.
Мұнымен қатар, ол мектептің оқулықтары мен оқу
құралдары төлтума болуы тиіс. «Төлтума» деген сөздің
мәні – оқулық және оқу құралдарының авторлары
баланы сүйетін және мектепті жақсы білетін, тәжірибелі,
шебер, ұлтжанды қазақ мұғалімдері мен ғалымдары
болуы. Сонда ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық
сана-сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын,
төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі
негізінде қалыптасуын айтамыз. 
Қазақ ұлттық мектебіндегі тәрбиенің мақсаты –
оқушылардың ұлттық д
ҥниетанымын қалыптастыру. Ал
ұлттық 
дүниетаным 
ана 
тілі, 
ата 
тарихы, 
төл
мәдениетіміз және ұлттық салт-дәстүрлеріміз арқылы
ғана қалыптасады. 
Қазақтың ұлттық мектебі 



Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет