Этномәдени білім беру туралы
түсінік
Үйлесімді дамудың маңызды бөлігі – этникалық мәдениет пен ұлттық
тіл білімі. Этномәдени білім беру – бұл тұлғаның ұлттық мәдениетті және
тілдің сәйкестігін және этникалық топтардың өзіндік тұрмысын сақтауға
және бір мезгілде басқа мәдениетті меңгеруге бағдарланған білім беру
үлгісі. Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын
зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын
халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық
туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің
нәтижелі болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге
икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де
айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың
бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең
өзгешелігі болғандықтан оны мазмұндау қазіргі тәрбие теориясы мен
практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогика - халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы,