Этнопедагогика



бет14/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
этнопедагогика

Бақылау сҧрақтары

  1. Ұлттық мерекелердi тойлау ерекшелiктерi.

  2. Торқалы тойдағы ырым, жол, жоралғылар, олардың тәлімдік мәні.

  3. Топырақты ӛлім рәсімдері және онда кӛзделетін мақсаттар.

  4. Уыз той және кӛш тойлары.

  5. Наурыз – Ұлыстың ұлы күнi.

  6. Наурыз тойын тойлау дәстүрi.

  7. Ораза айт пен құрбан айт.

  8. Мерекелер мақсаты – елдiкке, бiрлiкке шақыру.

  9. Дiни мерекелер, ӛткiзiлуi, тәрбиелiк мәнi.

10. Ұлттық мерекелерде қолданылатын рәсiмдер мен жоралғылар.
11. Ұлттық мерекелердің мақсаты.
12. Әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердiң тәрбиелiк мәнi, белгiлерi.

13. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.


14. Дәстүрлердің салттардан айырмашылығы.
15. Салттар мен дәстүрлердің ерекшелігі.

41
16. Қазақтың ағартушы ойшылдарының салт-дәстүрлер туралы ой-пікірлерін айтып беріңіз.


17. Қазақ халқының қандай сыйласымдылық дәстүрлері мен жӛн-жоралғылары бар және олардың тәрбиелік мәні неде?


18. Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ерекшеліктері неде және тәрбиелік мәні қандай?


19. Қазақтың ырым-тыйымдарын және олардың ғылыми негiздерге байланыстылығын қалай түсінесіз?


20. Ұлттық рәсімдерді салтанатты түрде қастерлеу дәстүрлерін атаңыз.
21. Жаңаша дәстүрлер, оларды қолдану тәсілдері, олардың тәрбиелілігі.
22. Қазақтың рәміздері (ұлттық белгілері) туралы не білесіз?

23. Әдет-ғұрыптардың дамып, жаңарып, толысып отыратындығы туралы ғылыми дәлелдемелер.


24. Жаңаша дәстүрдiң қалыптасуы және тәрбие.


6-дәрісбаян


Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СӘУЛЕТ ӚНЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛӚНЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Ӛнер мәдени феномен ретінде. «Ӛнер» термині адам баласының жасампаздығын білдіреді де, «ӛндіру», «жасау», «құру» деген негізден ӛрбиді. Яғни, кӛркем шығармашылық процесін және оның нәтижелерін (сәулет ӛнері, бейнелеу, поэзия, әуен, би және т.с.с.) айтуға болады.


Ӛнердің мәдениеттегі алатын орны оның басқа салаларынан гӛрі ерекше. Ӛйткені, ӛнерде ғана қоғамдық сана ӛзін толығымен кӛрсете алады.


Ӛнер арқылы мәдениет ӛзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстарын дәл бір айнаға қарап кӛргендей, байқап отырады. Сондықтан да ӛнерді «мәдениеттің айнасы» деп анықтауда негіз бар.


Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде ӛнер арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін кӛреміз.


«Ӛнер – мәдениеттің айнасы» деп бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің жаны, оның ӛзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруі барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және т.с.с. негізделген ӛнер түрлері қалыптасады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет