Этнопедагогика



бет22/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
этнопедагогика

Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі.

Аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. Ӛйткені Шығыс Қазақстан (Семей, Шыңғыстау, Шұбартау, Аягӛз, Тарбағатай), Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ӛлкесі, сонымен қатар, Моңғолияның Баян-Ӛлгий аймағы қазақтарының күй мұралары осы дәстүрге жатады. Бұл ӛңірдегі, негізінен, архаикалық үлгідегі аңыз-күйлерден тұратын күйшілік, домбырашылық ӛнердің тамыры тереңнен бастау алады. Әсіресе, теріс бұрауда (квинта) тартылатын «Шыңырау», «Тауқұдірет», «Ақсақ марал», «Ақсақ қыз», «Ақсақ аю», «Бұлғын-сусар», «Балжыңгер», «Сұрмерген» сияқты күйлер – аңыз-әңгімелерімен астасып жатқан кӛне жәдігерлер. Шығыс Қазақстан домбыра күйлерінің «Сары ӛзен», «Беласар», «Қорамжан», «Ащы күй» сынды тағы бір бӛлігі – қазақ пен қалмақ шапқыншылығы дәуірінен кӛрініс беретін тарихи шығармалар. Ал «Салкүрең», «Телқоңыр», т.б. халық күйлері – ӛте ерте замандардан жеткен туындылар.


Қазақ халқының тарихындағы ең елеулі тұлғалардың бірі – Кетбұға күйші. Қаһарлы Шыңғыс хан заманында ӛмір сүрген Кетбұғаның ержүрек батыр, ақылгӛй би, дәулескер күйші ретінде есімі белгілі. Осы жинаққа енген «Кетбұғаның күйі» («Қара ала белдік мойнымда, сауға, Шыңғыс, сауға») сол дәуірлерден жеткен тарихи туындылардың бірі.


Шығыс күйшілік дәстүріндегі ең ірі тұлға – қазақ күй ӛнерінің, оның ішінде шертпе күй саласының дамып, кӛркеюіне кӛп үлес қосқан Байжігіт күйші. Абылай хан заманында ӛмір сүрген күйшінің жоңғар шапқыншылығы кезеңіне арналған күйлерін белгілі жазушы, тарихшы М.Мағауин қилы кезең симфониясы, тайғақ кешулі жаугершілік заманның музыкалық шежіресіне теңейді. Жаугершілік заман тынысы ғана емес, бейбіт тұрмыс лебізі де сезілетін Байжігіт күйлерінің тақырыбы әр алуан. Оның «Кӛкбалақ», «Қайың сауған», «Шаңды жорық» сияқты күйлерінен жаугершілік заманның елесі кӛрініс берсе, «Ерке атан» күйі мұңды тарихымен есте қалады. Семей ӛңірінің Шұбартау ауданының шегіндегі Бақанас, Балқыбек, Кӛксала ӛзендерінің бойында ӛмір сүрген күйші мұрасы Шұбартау, Аягӛз ӛңірінде сақталған. Біздің заманымызға Байжігіт мұрасының дені Жүнісбай домбырашы арқылы жетті. Байжігіт күйлерін жаздырып, насихаттап жүрген бүгінгі орындаушысы – домбырашы Таласбек Әсемқұлов.


Шығыс күйшілік дәстүрінің бір тармағы – Шыңжаң ӛлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле күйшілік мектептері. Алтай аймағында қалыптасқан күйшілік мектептің кӛрнекті тұлғаларының бірі Бейсенбі Дӛненбайұлы күйлерінің тақырыбы сан түрлі. Бежең (ел арасында осылай атаған) туындылары Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында, Монғолияның Баян-Ӛлгий ӛлкесінде және Қазақстанның шығыс ӛңірінде кеңінен тараған. Бейсенбі күйлері осы жинаққа Уәли Бекенов, Ғабдылхақ


56
Барлықов, Тайыр Белгібайұлы, Тұрсын Кәдейұлы сынды майталман домбырашылардың орындауында алынып отыр.

Сонымен қатар, жинаққа Алтай аймағында ӛмір сүрген Мүкей, Шақабай Шалап, Тайыр Белгібайұлы сияқты күйшілердің туындылары енгізілген.


Тарбағатай ӛңірінде ӛмір сүрген күйшілердің ішіндегі айтулы тұлға – Қайрақбай Шәлекенұлы домбырашылығымен қатар, сыбызғышы да болған. Қайрақбайдың күйлері баласы Әнжан арқылы жеткен. Әнжанның баласы Заманбек заманында дәулескер күйші болыпты. Қайрақбайдың күйлерін Заманбектен Жұмажан дейтін домбырашы үйреніп, кейінгіге жалғаған. Бұл жинаққа Қайрақбай күйлері Кәсімбай Құсайынұлы, Мұқаш Таңғытұлы сынды күйшілердің орындауында ұсынылып отыр. Сол сияқты Тарбағатай ӛңірінде болған Бәзғалам, Бейісбай, Масығұт, Кәсімбай Құсайынұлы, Қизат Сейітқазин, Қазен Әбуғазыұлының күйлері де жоғарыда аталған жинақтан орын алған.


Шығыс күйшілік дәстүрінің бір бӛлігі – Шыңжаң ӛлкесінің Іле аймағындағы домбырашылық дәстүр. Іле ӛңіріндегі күйшілік мектептің ірі ӛкілі – Әшім Дүңшіұлы. Арыдағы Қызылмойын Қуандық, берідегі Мазақ, Тілеміс, Тергеусізден бастап ӛз заманына дейінгі күйшілердің мұраларын үйреніп, ел ішіндегі ғасырлар бойы тартылып келе жатқан әуендерді меңгерген Әшім күй шертіп, күй шығарумен бірге, ел аузындағы, халық арасындағы күй аңыздарын жинақтап, жүйелеп тартқан ӛнерпаз, сондықтан болар, оның күйлерінің біразы («Самұрықтың зары», «Желмаяның желісі», «Бӛктергі», «Қос келіншек», т.б.) ертедегі аңыз-әңгімелерге құрылған. Күйші шығармашылығында елеулі орын алатын – кеңес тақырыбындағы күйлер. Әшім заманында кеңестен жеті бұтақ күй шығарып шерткен. «Алтын бармақ» атанған Әшім күйлерінің басым кӛпшілігі майталман домбырашы Камал Мақайұлы арқылы жетіп отыр. Сонымен қоса, Мазақ, Тілеміс, Әтіхан, Әбеуғали, Әліпбек тәрізді ілелік күйшілердің мұралары да тыңдарман қауымға алғаш рет ұсынылып отыр.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет