Этнопедагогика


Малды адамдай кӛріп, кҥтіп-баптап, онымен тілдескен ата-бабаларымыз ішкі рухани сезімдерін ою-орнек арқылы бейнеледі



бет18/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
этнопедагогика

Малды адамдай кӛріп, кҥтіп-баптап, онымен тілдескен ата-бабаларымыз ішкі рухани сезімдерін ою-орнек арқылы бейнеледі. Оған «қошқармүйіз», «мүйіз оюы», «омыртқа», «қосмүйіз» оюлары толық дәлел бола алады. Мүйіз ою-ӛрнегінің түрлері мен атаулары ӛте кӛп. Бұл элементтерді шеберлер бұйымдарында ықшамдап түрлі композицияда жасаған. Ежелден кӛшпелілер жүннен киіз бұйымдарын жасағанда «мүйіз» ою-ӛрнектердің түрлерін әртүрлі мәнерде қолданған. Егер киіз бұйымдарына негізінен ірі «мүйіз» ою элементтерін салса, ал зергерлік, кестешілік, ағаш, сүйек, мүйіз сияқты салаларда қолданыс тапқан.

Кӛшпелілер сырмақ сыру, киіз басудан басқа, жүн киім-кешек дайындауда кең қолданған. Жүн экологиялық таза шикізат, оның адам денсаулығына пайдасының мол екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Анықтап қарасақ, қойдың, ешкінің, түйенің жүнінен тоқылған киімдер әрі жылы, әрі жұмсақ және жеңіл болатыны даусыз. Бүгінгі күні заман талабына сай жүннен жасалатын әртүрлі әдемі киім үлгілері кӛбеюде. Оларға деген сұраныс та жетерлік. Бұл юиімдерді жасауға кәсіпкерлер кӛп жағдайда жасанды бояулар мен жасанды жіптер қолданады. Мұндай заттардан жасалған киімдердің бояу қанық болғанымен адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан адамдардың күнделікті киетін киімдеріне экологиялық таза табиғи заттар қолдануы тиіс.


Қолӛнер бұйымдарын жасауға қолданатын екінші бір шикізат түрі – бұл ағаш болып табылады. Адам тіршілігінде ағаштың алар орны ерекше. Адамға пана қолына қару болып қызметін бастаған ағаш, бүгінде тұрмыс-


50
тіршіліктің барлық саласында, оның ішінде қолӛнер саласында да қолданады. Қазақтың киіз үйінің сүйегі негізінен ағаштан жасалған. Ағаштан жасалған қолӛнер бұйымдарына: кебеже, сандық, жүкаяқ, ағаш тӛсек, асадал, жастық ағаш т.б. жатады. Ағаш шеберлері бұйымды жасаудан бұрын оларды қасиетіне қарай, іріктеп алады. Салмағы жеңіл, жонуға кӛнгіш болғандықтан ерді, күйменің тӛс ағашын қайыңнан, ал ірі ағашын сақылдақ әрі берік келетін мойылдан, су сіңірмейтін, суға ісінбейтін ағаштан науа мен астауды малға арнап жасайтын болған. Ағаштар қасиеттеріне қарай мықты, қатты, су сіңбейтін, иілгіш, бояу сіңгіш, желім ұстағыш, болып бӛлінеді. Қолӛнер шеберлері ағаштан ойып жасаған заттарды бояу және ӛрнектеу арқылы әр беріп отырған.


Қолӛнер бұйымдарын ерекше кӛріктендіріп тұрғаны бояу болып табылады. Ою-ӛрнек пен бояу түрлерін белгілі бір үндестікте қолдана білудің ӛзі сол затқа ерекше мән беріп тұрғандай. Халқымыз бояу түстерін де табиғатпен байланыстырып отырған. Кӛк түсті аспанмен сәйкестендірсе, қызыл түс – отпен, қара түс – жермен, ал жасыл түсті – жастықпен, кӛктеммен байланыстырған. Қолӛнер шеберлері ӛз жасаған туындыларын әшекейлеу үшін ежелде кӛбінесе табиғи түстерді қолданған. Қынаны, жосаны (охра), әртүрлі минералдар мен ӛсімдік жемістерінің шырынын кең қолданған. Арнайы әдіспен алынып, боялған бұйымдар бірнеше жылдар бойы ӛз түсін жақсы сақтаған. Қазіргі кезде химияның кӛмегімен бояуда сан-алуан түрлерге толыға түскен. Эстетикалық талапқа сай болғанымен, одар адам ағзасына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуде.


Кӛріп отырғанымыздай, заман талабына сай жауап іздеп жүріп, түп қазығы – табиғаттан алыстап бара жатқандаймыз. Жасанды нәрселермен қоршаған ортаны да ластап жібердік. Ӛнерге арқау болған тамылжыған табиғат бейнесі тозып барады.


Бүгінде табиғат пен адамзат арасындағы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін біз ата-бабаның сара жолына, яғни адамгершілік, ізгілік жолына оралуымыз қажет-ақ. Осы жолда бізге бағыт сілтеуші де кӛшпелі халық қалыптастырып кеткен ізгілікті ӛмір сыйы. ӛнері, салт-дәстүрі, тыйымдары мен ырымдары. Бірақ, қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі табиғатты қорғауға бағытталған салт-дәстүрлер, ӛнер туындылары ӛзінің ӛзектілігін жоғалтқан жоқ. Ата-баба мұрасын терең зерттеп, жанашырлықпен қарап, астарына терең үңіліп бүгінгі қолданысқа енгізуіміз керек. Біздің заманымызда орын алған экологиялық дағдарыстың тоқтауына әсер ете алмаса да, ӛзіміз ӛмір сүрген қортшаған ортаны терең түсінуге мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет