Қазақ хандығы тҧсындағы ҧлттық тәлім-тәрбие (ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар) (XV-XVIII ғ.ғ. аралығы).
19
Қазақ хандығының құрылуы – XIV-XV ғасырларда, Алтын Орда мемлекеті мен Ақсақ Темір (Бабыр) империясының ӛзара бақталастықтарының нәтижесінде әлсіреп, ыдырай бастаған кезеңдерге тура келеді. Қазақ хандығы – сӛзсіз кешегі ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының занды мұрагерлері болып саналады.
Алтын Орда империясының ыдырауы Русь мемлекетінің отаршылдық бұғаудан босанып, ӛз тәуелсіздігін алуына әкеліп соқты. Шыңғысхан мен Алтын Орда империяларынан саяси тәжірибе жинақтаған Русь мемлекетінің тәуелсіздік алуы – қайта ӛрлеу дәуіріне (XIV-XVI ғ.ғ.) дӛп келді.
Тарихтың бұл беті – Шыңғысхан империясының тарихымен бірге ӛрбиді. Бір кезде Шыңғысхан, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темір империясының отар елі болған Ресей, кейін сол империядан ыдырап, бӛлініп шыққан халықтарды (Ӛзбек, Татар, Ноғай, Сібір (Кӛшім), Қырым, Астрахань хандықтарын) ӛз империясының отар еліне айналдырды.
Қазақ хандығының жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсіз ел болып, дербес ӛмір сүрді. Бірнеше ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды басынан кешіріп, тіпті жер бетінен жойылып кете жаздады.
Қазақ жерінің байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келісім-шарт жасасып, Қытай – жоңғарларды, ал Ресей – қалмақтарды қазақтарға қарсы айдап салды.
Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеді, кӛне ғасырлардан бері қалыптасып келе жатқан ғылым мен білімнің, тарих пен медениеттің одан әрі дамуына қажетті жағдайлар туғыза алмады.
Қазақ халқының ӛзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді Шал, Әнет, Тӛле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай Бұқар, Қабанбай, Бӛгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. кӛптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгӛй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа ӛнегелі сӛздерімен ӛлең-жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық ӛмір сахнасына шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сӛздері ӛзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгӛй кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан кӛріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бӛлісті.
20
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан ӛздерінің тәлімдік идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше кӛзге түскен еді. Халқының қамын жеп, оның береке-бірлігін, келешектегі бағытын, кӛгерер күнін аңсаған Асан Қайғы (XV ғ.) ӛз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузында оның есіміне «қайғы» деген ат қосақталып, аңызға айналды.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. кӛптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап ӛткен жӛн.
XV-XVII ғасырларда ӛмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Ӛйткені, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар ӛнегелі ӛсиеті ӛзекті орын алған. Яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды.
Қазақтың тәрбие мектебі – ақын-жазушылар мен билердің ӛсиеттері, ғибраттары және халық мақал-мәтелдері, тыйым сӛздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі, ересек адамдарға да үлкен әсерін тигізді, ұлттың сана-сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы ХV-ХІХ ғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сӛз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял ӛрістеу ӛресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бӛлеміз. Жауынгер жыраулар: (Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады. Ақын-жыраулар ӛлең-жырларымен де, ӛнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп, ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.
Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» – бүгінгі Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың) негізгі іргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дүниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың «Тарихи-и-Рашиди», «Жаханнама», Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың «Жамиғат тауарих» (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: «Наурыз бәйіті», «Нысабнами казах» («Қазақтар шежіресі») т.б. ұрпақ танымы үшін аса зор тәлімдік мәнді шығармалары бар.
Бұл дәуірде мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, ою-ӛрнек пен зергерлік бұйымдар жасау, кілем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ (керамика) жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты кәсіптер жедел дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралына айналды.
21
4. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ҧлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие (XVIII ғ.-дан XX ғ.ғ. 20-ж. дейін).
1650-1730 жылдар арасындағы қазақ-жоңғар соғысы қазақ хандығын ӛте-мӛте әлсіретті. XVIII ғасырдың басында Тәуке хан ӛлгеннен кейін қазақ елі үш жүзге бӛлініп, үш хан сайлап, біртұтас қазақ хандығының бірлігі мен қуатын әлсіретіп, жоңғарларға жем болды. Кіші жүзді Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Ұлы жүзді Жолбарыс хан билеп, әрқайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры «Ақтабан шұбырынды» атты қайғылы жағдайға ұшырап, халықты зор қырғынға ұшыратты.
1730 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр ӛз билерімен келісе отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды. Кӛптеген хандар мен сұлтандардың қарсылық білдіргеніне қарамастан, Ресей қазақ жерін отарлап алу саясатын әрі қарай жүргізе береді.
Қазақ жүздерінің бастарын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы – Абылай хан ӛте үлкен саяси-дипломатиялық күрес жүргізді.
Бұл жайында «Қазақтың кӛне тарихы» атты кітапта: «XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей ӛкіметі қазақ арасында хандық үкіметті біржолата жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібін жақындатуға тырысты...», - деп, қазақ елінің отар елге айналғаны жайында әңгімелейді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан даласына Ресейдің алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пікірдегі (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.М.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б. зиялы-демократтар жер ауып келіп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты қазақ демократ-
ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық кӛзқарастарының қалыптасуына игі әсерін тигізді.
Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам қайраткері, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин ӛте үлкен еңбек сіңірді. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдің орыстандыру, шоқыңдыру және балаларға байлардың жеке мақсаттары үшін білім беруді кӛздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерін ашу туралы мәселелерді насихатгаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды қуаттады. Осы принцип негізінде құрастырылған ӛзінің «Қазақ хрестоматиясын» (1879 ж.) жазып, ұсынды.
Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлері: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен ӛнердің, мәдениеттің, философияның негізін салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай ӛлеңдері мен қара сӛздері және Құрманғазының музыка ӛнері жас ұрпақтарды жетілдіріп тәрбиелеуде зор ықпалын тигізді.
22
Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы (1920-1990 ж.ж. аралығы).
XX ғасырдың барысында империалистік патшалы Ресейдегі саяси-әлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.
Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер тӛңірегінде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдің отаршылдық және орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерін қайтарып беру және жастардың білім алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.
Әлихан Бӛкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, т.б., қазақтың зиялы қауым ӛкілдері ұлттық сана-сезім мен тәлімдік идеялардың кӛсемдеріне айналды.
Қазан тӛңкерісіне дейін шыға бастаған «Дала уәлаяты» (1889-1902 ж.ж.), газеті, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқынын ұлттық ерекшеліктері, мүмкіндіктері, мәдениеті, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса маңызды ой-пікірлер жариялап отырды.
Бұл орайда, белгілі қоғам қайраткері, ғалым-түріктанушы Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінде былай деп жазады: «...Қазақ жерінде ӛндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған ӛнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік – білім-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерінде мектептер ӛте аз...», - деді («Қазақ» газеті, 1913 жыл, 26, 15 тамыз).
1917 жылы Ленин бастаған коммунистік партия Ресей патшасын тақтан құлатып, тарихқа белгілі қазан тӛңкерісін жасады, әлемде жаңа империяның негізі қаланды. Қазақстан енді орыстар басқарған бұрынғы Ресей империясының мұрагері жаңа Кеңес Одағының (КСРО) құрамына кіруге мәжбүр болды.
Бұл кезең қазақ халқына тиімді және тиімсіз әсерін тигізді. Қоғам проблемаларының аса күрделі саласы – сауатсыздық жойылды. Кӛптеген маңызды кәсіпорындар, электр станциялары, су жолы каналдары салынып, жұмысшылардың жағдайлары едәуір жақсарды. Мектептер, бала-бақшалар және арнаулы орта, жоғары оқу орындары ашылды. Әлемдік тәжірибелерге негізделген кеңестік ғылыми педагогика мен психология ғылымдарының негізі қаланды.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары, негізінен, орыс тілінде жүргізілуі талап етілді. Әрине, орыс тілінде білім беру прогрессивті роль атқарғанымен, онда қазақ мектептерінің оку-тәрбие жұмыстарына қайшы келген жағдайлар кӛп болды. Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан педагогикалық тәжірибелер «коммунистік идеологияға» негізделіп, «коммунистік тәрбие беру» атты саяси-педагогикалық диктатуралық жүйеге ұласты.
23
1937-1938 жылғы жүргізілген сталиндік жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы ӛте үлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың кӛптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның ӛзі ұлт мәдениетінің ӛсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды.
Соғыстан кейінгі жылдары жаппай орыстандыру мәселесі қолға алынды. Қазақстанның тың жерлерін игеру мақсаты отаршылық принципке негізделіп, ӛкімет тарапынан жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттік басқару жүмыстары, іс қағаздары, қоғамдық жиындар бірыңғай орыс тілінде жүргізілді. Шеттен келген басқа ұлттардың Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткізген ӛкімет саясатының нәтижесінде кӛптеген қазақ мектептері, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бӛлімдері қысқартылды.
Халық педагогикасы жӛнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жүмыстары коммунистік идеологияға негізделді. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде пайдаланылды, қазақ тілінде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар жазу назардан тыс қалды.
Дегенмен, ұзақ ғасырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық ӛмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл құралы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші»,
«Психология» атты еңбектері, С.Кӛбеевтің, Н.Құлжанованың,
М.Әуезовтің, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтің, Е.Смайыловтың, М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғүланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім кӛзқарасын қалыптастырды.
Кеңестік дәуірде педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтің, А.П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдің, Т.Тәжібаевтың, Ә.Сембаевтың,
Ә.Сыдықовтың, Қ.Бержановтың, Е.Суфиевтің, А.Темірбековтің, А.Асылбековтың, Қ.Б. Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның,
М.Мұхановтың, А.Мәдиннің, С.Мусиннің, Ә.Б.Сейтешевтің,
Т.А.Умановтың, Н.П.Хмельдің, А.Кӛбесовтің т.б. әлденеше монографиялық еңбектері жарық кӛрді. Педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақстан мектебі» журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалімдері мен педагог ғалымдардың еңбектері үнемі жарық кӛріп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тілінде шығарылып, ғылыми терминдері қалыптасты.
Қазақ мектептері, негізінен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, оның материалдық-техникалық базасына кӛп мән берілмеді. Мектептегі оқу-тәрбие жүмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған, орыс тілінде жазылған еңбектердің аудармалары арқылы жүзеге асырылды.
24
Тәуелсіз Қазақстандағы ҧлттық тәлім-тәрбиенің қайта жанданып ӛркен жаюы (1991 ж. кейінгі егеменді ел).
1980 жылдардың ортасында Қазақстанда ұлттық сана-сезімнің оянуына тарихи ықпалын тигізген Желтоқсан оқиғасы болды. Оның әсері бертін келе қоғамның барлық салаларын қамтыды. Қазақ мектептеріндегі проблемалар туралы кӛптеген ұсыныс пікірлер қалыптасты. Халық педагогикасын оқу-тәрбие жүмыстарына енгізудің аса қажеттігі туралы баспасӛз бетінде пікір білдіріп, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, М.Балтабаев, Қ.Бӛлеев, С.Ұзақбаева, Т.Сабыров, М.Құрсабаев, М.Оразаев, М.Смайылова және басқа ғалымдар ӛз үлестерін қосты.
Кеңес Одағының құрамына енген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында ӛз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды. Тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегі озық тәжірибелерге негізделген жүйенің қалыптасуына зор ықпал етті.
Қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, дүниетанымына, ұлттық қасиеттеріне қатысы бар, бұрын-соңды жарияланбаған, немесе саясатқа қайшы деп кезінде жауып тастаған туындылар мен шығармалардың беті ашылды. Ұлттық сана-сезім қайта жаңғырып, жаңаша рухани кӛтерілу процесі басталды. Білім беру мен тәрбие мәселелеріне кӛзқарастар мен талаптар ӛзгерді, нәтижесінде жаңа идеялар дүниеге келді.
Халық педагогикасы мен психологиясын оқу-тәрбие жұмыстарына енгізу жолдарын ғылыми тұрғыда белгілеу мақсатында жергілікті жерлерде әр түрлі бағыттарда семинарлар-мәжілістер, пікір алмасу іс-шаралары, сондай-ақ мұғалім-ұстаздардың заман талаптарына сәйкес білімдерін жетілдіру мәселелері қызу қолға алынды.
Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған «Қазақтың салт-дәстүрлері» (М.Смайылова, М.Оразаев), «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы» (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев), «Атамекен» (М.Құрсабаев), «Елім-ай» (М.Балтабаев), музыкалы-этнографиялық, «Кәусар бұлақ» (З.Ахметова), «Бал бӛбек» (Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова) және басқа да кӛптеген ғылыми-тәлімдік баздарламалар басылып шығып, оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіле бастады.
Мектеп және оқу орындарына кӛмекші құрал ретінде үлкен маңызын тигізетін ғылыми-тәлімдік зерттеу жұмыстары, тарих, мәдениет, философия, социология, психология проблемаларына арналған оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар кӛптеп шығарылуда. 1995 жылы «Санат» баспасынан профессор Қ.Б.Жарықбаев пен педагогика ғылымдарының докторы С.Қалиевтың студенттер мен орта мектеп мұғалімдеріне арнап жазған «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты оқулығы шықты.
1994-1995 ж.ж. «Рауан» баспасынан қазақтың Білім проблемалары институты даярлаған 14 ғасырды қамтитын «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер
25
антологиясының (құрастырушылар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) орысша-қазақша томдары жарық кӛрді.
Бұл аталғандар ұлттық тәлім-тәрбие ісі мен ғылыми зерттеу жүмыстарының алғашқы бастамасы ғана. Алайда арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарына арналған ұлттық тәлім-тәрбие оқулықтары мен ұлттық педагогика және психология тарихын бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарастырып жазылған монографиялық ғылыми-зерттеулер қажет-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: |