12
соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”).
Жұмабайұлы поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы.
Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының
әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті. Ақын дүниетанымы-
на Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас
өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды.
“
Шолпан” жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде:
“Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал”
–
деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт – Жұмабайұлының
түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына
үн қосуы.
Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен ас-
тасып, бірге өріліп отырады.Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-
азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді
(“
Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”,
“
Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал”).
Сондай-ақ, Жұмабайұлы
“
Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн – түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан”
атты өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен
жырлады. Түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал
Ататүрік бастаған түрік халқының
азаттық соғысына арналған
“Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл
өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930, №1)
жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең
пайдалы өлең деп бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: