Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ



Pdf көрінісі
бет3/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


6
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ 
(1858-1931) 
 
Шәкәрім шығармашылығы – қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі 
ірі құбылыс. Ш.Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тау 
бөктерінде, қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының 
Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрім бес жасында ауыл молда-
сынан хат таниды. Ол 1866 жылы әкесі дүние салады. Шығыс, Батыс 
классиктерінің шығармашылығын жете танып, мұсылмандық білімді 
де еркін меңгерген. Түркі халықтары тарихын терең білетін, діни, 
тарихи тақырыптарға еңбектер жазған («Мұсылмандық шарты», 
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық»). Араб, 
парсы, түрік тілдерін жақсы білді, орыс тіліне жетік болды.Ағасы 
Абайға берген уәдесін орындап, 1905-06 жылы қажыға барып 
қайтады. Сапардағы уақытын Стамбул, Бағдат, Мысыр кітапханала-
рында өткізеді. Шәкірім 1917 жылғы ақпан төңкерісін қуанышпен 
қарсы алды. «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» 
деген өлеңдерін жазады. Осы кезде «Алаш» партиясы құрылып, 
Шәкәрім партия съездеріне қатысты.Жетпіс екі жасқа қарағанда 
Шәкәрім тағы да Шыңғыс тауына кетіп қалуы арқылы ГПУ мүше-
леріне сезік тудырады да, аң аулап жүрген кезінде ГПУ адамдары 
1931-
жылы 20-қазанда атып кетеді. 
Халықтық арна Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының көрнекті 
өкілі Шәкәрімнің шығармашылығының да негізгі идеялық – көркем-
дік нысанасына айналды. Оның реализмі, әсіресе саяси, азаматтық 
лирикада айқын көрінеді. Азаматтық пафос оның өлеңдерінің қазы-
ғына айналды. Қоғамның басындағы нақты жағдайды көре білді, 
кемшілік – кеселдердің тамырына балта жабудың жолдарын іздеді. 
Халық тағдыры – Шәкәрімнің жырындағы көкейкесті тақырып.Ақын 
реализмінің күші өз қоғамындағы әлеуметтік жағдайларды, теңсіз-
дікті көре білуінде, соны әшкерелей білуінде. Бұны ақын жеке адам 
бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынаудан бастайды. «Ескіден қал-
ған сөз теріп» өлеңінде осы жағдай нақты көрініс тапқан.Адам бала-
сына тұсау болып отырған жаман әдеттер – Шәкәрімнің басты 
дұшпаны. Сондықтан да жалпы адамзатқа тән асыл қасиеттер адал-
дық пен әділдік, білімділік пен еңбекқорлық, парасаттылық пен зия-
лылық мәселелерін жырлауда Шәкәрімге жетер ақын жоқ. «Насихат» 
өлеңінде ақын: 
Адалдық жолы болар заман бар ма, 


7
Жем болдық шын жексұрын надандарға. 
Адастың деп отырмын айғай салып, 
Бар тапқаным сол болды, амал бар ма.... - деп күйінеді. Ол 
надандық торлаған қазақ даласына адалдық келіп, әділет жолбасшы 
болар күнді армандайды. Ақын осынау надандықтың түп тамыры 
адамдардың бойындағы сауатсыздық пен қараңғылықта, жалқаулық 
пен бойкүйездікте жатқанын жақсы біледі. Шәкәрімнің азаматтық ірі 
мақсатының бірі – ұлтының бойына пәле болып жабысқан жағымсыз 
қасиеттерден арылу. Шәкәрім Абайдағы өнер-ғылымға үндеудің 
арнасын отаршылдықтың езгісіндегі ұлтының бостандығы жолын-
дағы күреске бұруға ұмтылып, ол жолдағы ел мен ер бірлігінің ат-
қарар міндетін айқындауды шығармашылығының негізгі өзегіне 
айналдырады. Шәкәрім шығармашылығында таза ағартушылық тақы-
рыптың да орны ерекше. Шәкәрім жәй оқуға шақырушы емес, 
Шәкәрім үшін оқу-білім – ғылым жолы.Оның бұл ойлары «Сен 
ғылымға», «Сынатарсың өзіңді», «Ғылымсыз адам хайуан» т.б өлең-
дерінде анық та, нақты көрініс тапқан.Ол әйтеуір оқудың жоқшысы 
емес, сол оқу апарар танымның жолбасшысы. 
Оның қаламынан көркемдік бояуы өзгеше «Қалқаман – Мамыр», 
«Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» тәрізді эпикалық сипат-
тағы шығармалар туды. Шәкәрім өз поэмаларында қазақтың өткен 
өміріндегі оқиғаларды арқау етті. Кейіпкерлері – тарихта болған 
адамдар, жер-су аттары нақты. Бұлардың ішінде «Нартайлақ пен 
Айсұлуды» Шәкәрімнің өзі көркемдік деңгейі төмен беп бағалаған. 
Бұл шығарманың тақырыбы – бір сөзбен айтқанда әйел теңсіздігі. 
Қ.Мұхаметхановтың пікірінше, «Қалқаман – Мамыр» 1888 жылы, 
«Еңлік – Кебек» 1891 жылы жазылған. 
«Қалқаман – Мамыр» дастанын Шәкәрімнің өзі «тарихи хикая» 
деп атаған. Ақын махаббат мұңлықтарының басындағы трагедия мен 
ел, қоғам басындағы трагедияны асқан шеберлікпен, ақындық көре-
гендікпен ұштастырады. Жанрлық жағынан алғанда поэма әлеуметтік 
сипаты терең лиро-эпикалық дастан үлгісінде. Поэма қазақ даласына 
жасалған жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы халық тұрмысын 
қамтиды.Ағайындас екі жас Қалқаман мен Мамыр бір – біріне ғашық 
болады. Бұған Мамырдың немере ағасы Көкенай қарсы болып, 
Мамырды атып өлтіреді. Қалқаманның жақыны Әнет бабадан оны 
ұстап беруді сұрайды. Ақыры Қалқаманды Көкенайға атуды бұйы-
рады, бірақ ол өлмей қалады да, еліне ренжіп нағашы жұртына кетіп 
қалады. Поэмадағы махаббат мәселесі Шәкәрімнің жалпы адамгер-


8
шілік, азаматтық көзқарасының негізі ретінде көрініп, оның бос-
тандық сүйгіш бағытын анықтайды. Дастанды ақын екі жас арасын-
дағы махаббатты бейнелей отырып, сол дәуірдегі адам санасын
қоғамдық - әлеуметтік өмірді, ондағы қайшылықтарды кең көлемде 
көрсетуге бағыттаған.
Шәкәрім «Еңлік – Кебекті» тікелей Абай тапсырысымен жазған. 
Поэманың жанрын - әлеуметтік дастан деп қарастырған орынды. 
Матай мен Тобықты арасындағы жерге байланысты тартыс толас-
таған кезде Тобықтының жас батыры Кебек Еңлік сұлуға ғашық 
болып, тағдырын қосып, елден жырақ тұрып жатады. Осы тұста 
Матай елі қалыңын төлеп, айттырып қойған қызды қайтарып, Кебекті 
жазалауды сұрап, Тобықты еліне кісі салады.Еларасы тағы бұзылатын 
болады. Осыны сезген Тобықты басшы Кеңгірбай Матайларға қаш-
қындарды өздері ұстап, жаға қолдануға рұқсат береді.Олар Кебек пен 
Еңлікті жасырын жатқан жерінен ұстап алып, өлім жазасына кеседі. 
Сөйтіп екі жас қазаға ұшырайды. Поэмада махаббат мәселесі өте 
қысқа сөз болады. Шәкәрім «Еңлік – Кебек» арқылы қазақ поэзия-
сындағы психологиялық поэманың негізін қалады.
Шәкәрім поэмаларында әр түрлі дәрежеде болса да халық бей-
несі кездесіп отырады. «Еңлік – Кебек» поэмасы өткен тарихи оқи-
ғаға өзіндік көзқарасымен, кейіпкерлерін жаңаша сомдаумен, көркем 
тілімен қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, поэма жанрын дамы-
туға Шәкәрім ақынның ең үлкне табысының бірі болып табылады.
Ш.Құдайбердиев өлең өлкесінде ғана еңбек етіп қоймай, қазақ 
прозасына да едәуір үлес қосты. Прозалық туындылары – «Мұсылман 
шарты», «Бәйшешек бақшасы» әңгімелер топтамасы, «Қайғылы ро-
ман» деп аталатын шығармасы, «Мәңгі сөздер» атты афоризмдер 
топтамасы, «Шын бақтың айнасы» , «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» 
тағы басқа толғамдары қосылады. Шәкәрімнің баспа бетін көрген 
әңгімелері көп емес. Бірнешеуі кейін жарияланды. Көлемді шығар-
масы «Әділ Марияға» қарағанда, әңгімелері шығыстық мазмқнда, 
халық ауыз әдебиеті үлгісімен ғибратттық – дидактикалық сарында 
жазылған.Бұлар – идеясы мен мазмұны үндес, бір қолдан шыққан 
дүниелер. Шәкәрімнің қай әңгімесін алсақ та өзіндік бір ерекшелік – 
шағын ғана оқиға, аз сөзден ғибраттық үлгі алатын қорытынды жасап 
отыруы. Қара сөзді шығармаларының ішінде көлемі жағынан да, 
көтерген мәселесі жағынан да ауқымдысы - «Әділ Мария» романы. 
Автор шығармасын «Қайғылы роман» деп те атаған. Романды алпыс 
екі жасында жазған. Романда ескі қазақ өмірі, сол кездегі әлеуметтік 


9
теңсіздік, сүйгеніне қосылса да зорлық пен әділетсіздіктің құрбаны 
болған әйел тағдыры шындықпен суретттеледі.Шығарманың бас 
кейіпкерлері - Әділ мен Мария арасында оқиға өмірде болған.Роман 
алғаш рет «Жұлдыз» журналының 1988 жылғы №11 санында жария-
ланған. 
Шәкәрім шығармалары жан – жақтылығымен ерекшеленеді. 
Өлеңдері, поэмалары, аудармалары, әңгімелері, мақалалары, қара 
сөздері – Шәкәрім қалдырған өлмес туындылар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет