97
аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік
шыншылдықпен бедерлей
алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып,
өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия
қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге»,
«Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай»
поэма-
лары тақырыбының әр алуандығымен,
оқиғалық тартымдылығымен,
өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі
болып табылады.
Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында
айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жан-
ры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері
өмір шындығын дөп басып көрсететін
реалистік тегеурінімен, көр-
кемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады.
Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қо-
ғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет он
беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат
Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау»,
«Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол
ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.
Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық са-
лада байытқан рухани асыл қазына ретінде
халқымен мәңгі бірге
жасайтын болады.
[3]
Достарыңызбен бөлісу: