105
қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жү-
регін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды.
1920 ж. Ілияс Алматыға келіп, үш
айлық мұғалімдер курсын
бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанын-
дағы қысқа мерзімді курсте бес-алты ай оқығаннаң кейін, денсаулы-
ғының нашарлауына байланысты аулына қайтады.
Дауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз тол-
қынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының
Қосшы комитетінде губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші»газеті редак-
циясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үгілерін жи-
нау кешегі ауыл жігітін ширатып шыңдайды. Жас азаматтың қыз-
меттен өзге уакыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегін-
дегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады.
Алғашқы өлеңдері
«Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп»,
«Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады. 1927 жылы «Беташар»
атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады.
1927-
1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын,
аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса
бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, «Дала»,
«Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек»,
«Турксиб», «Исатай-Махамбет» пьесалары
қазақ әдебиетінің алтын
қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шы-
ғарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап.
1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс
Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп,
қазақ баспассөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қалам-
гер, үлкен мәдениет қайратқері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдар-
да Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады,
ССРО Жазушыларының I съезінде сөз сөйледі, республиканың әлеу-
меттік өміріне белсене араласады. Жазашының М.Горькиймен шы-
ғармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен дос-
тығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.
Көзі тірісінде
қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс
Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат
болды.
Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қа-
лам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзі-
нің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі
қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.Ілияс
106
әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама
кештеу – 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде
халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген
бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және
жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан та-
лапты
жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқа-
сында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға
озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасын-
дағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және
әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс
тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғам-
дық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы
1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қата-
рынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақы-
нына айналды.
Прозалық, драматургиялық талантты кесек туынды-
ларын айтпағанда, “Күй”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты классикалық
шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға – қанат, сезімге нәр
беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Достарыңызбен бөлісу: