Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ



Pdf көрінісі
бет34/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

Өмірбаяны. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды 
да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт
керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқ-
састырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-
талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын 
бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зы-
мырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп 
келе жатқан Құла пырақ межелі жер - Жыландысайға еңкейісте, 
үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң 
екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген 
қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран 
тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. 
Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында 
Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе 
де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсі-
ресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туын-
дылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.Болашақ ақын 
жерінің бетін жеті өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке сұғынған 
көркем өлкенің әсем бір өңірі - бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу 
бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған 
Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы 


107
сауатты, үйінде көнелі-жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, 
өлең-дастандарды, арғы-бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп 
білетін кісі болыпты. Оның үстіне домбырашы, ісмер, ұста екен. Ба-
ласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына — әке, шеше орнына — 
шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген. 
Ілияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң 
ауыл молдасының алдын көріп, медресе үлгісіндегі мектепте де 
оқиды. Бұдан кейін біраз жыл ауылда тұрып, үй шаруасымен айна-
лысады. Қара танысымен, кітапқа құмартқан Ілиясқа үлкен кісілер 
қиссалар оқытып, баталарын береді екен. Халқымыздың құт-береке 
дарыған, ежелден ақындық, батырлық, далалық мекені Жетісу өлке-
сінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, 
өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Тұтқыр зерделі, 
тумысынан өнерге бейім, зерек жас өспірім домбыра тартып, ән үйре-
ніп, алдымен жаттап, соңынан жанынан шығарып, өлең айтатын бола-
ды. Келе-келе, бір өңірдің “жарып той бастап, таңдап әріптес алып” 
айтысатын, “түнгі тойды таңға таратпай, ауыл әлеуметін ауызға қа-
ратқан” өлеңшісіне айналады. Сол шамада өлең де жаза бастайды. 
Бұл кезді талапкер ақынның елдің тарихын, өткен-кеткеннің қызықты 
хикаяларын, көне әдебиеті мен салт-дәстүрін біліп, халық тілінің бай-
лығын меңгерген, яғни ” ауыл академиясында оқыған жылдары десе 
де болады. Қазақтың байырғы әдебиетімен, қисса, аңыз түрінде қазақ-
шаланып жеткен Шығыс әдебиетімен ғана таныс Ілияс 22 жасында 
Абай өлеңдерін оқып, қайран қалады. “Оған дейінгі көрген, оқыған 
әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым 
ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде бір 
түрлі сергектік, сілкініс болды, жүрегім де жаңалық сезгендей” деп 
жазады Ілияс “Қысқаша өмірбаянында”. Ол енді данышпан ақын 
жинағын қолынан тастамай оқиды, жаттап та алады. Мұның бәрі 
ақындық талпынысына игі әсерін тигізеді, оның өзіне тән суретті тілі, 
арындата, нөсерлете жазатын стилі айқындала бастайды. 
Талабына оқуының аздығы қол байлау болатынын сезінген Ілияс 
26 жасында Алматыға келіп, қысқа мерзімді мұғалімдер курсын 
бітіреді. Одан кейін Ташкентке барып, онда Қазақ ағарту институты 
жанындағы курста жарты жылдай оқиды. Осы екі қалада шығып тұ-
ратын мерзімді басылымдарда өлеңдері жарияланады. Бірақ денсау-
лығына байланысты көп ұзамай еліне оралып, алдымен мұғалім, одан 
кейін облыстық, губерниялық мекемелерде, “Тілші” газетінде істейді. 
Қолы бос кезде бас алмай кітап оқып, өзін тебіренткен жайттарды 


108
өлең етіп жазады. Алғашқы өлеңдері “Тілші”, “Кедей еркі”, 
“Лениншіл жас” газеттерінде, “Жаңа мектеп”, “Әйел теңдігі” 
журналдарында жарияланады. 
І.Жансүгіров 1926-1928 жылдары Мәскеудегі журналистика инс-
титутында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады. 
Ақыл-ойы толысқан, өмір тәжірибесі мол, талантты жігіт, әйгілі ға-
лымдардың дәрісіне өздігінен оқуы қосылып, тез кемелденеді. Әсі-
ресе, орыс және Еуропа әдебиетінің классикалық туындыларын құ-
марта әрі талдап оқиды. Институттың соңғы курсында оқып жүргенде 
– 
1928 жылы “Сағанақ” атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Елге 
оралған соң, ол республикадағы аға газет -“Еңбекші Қазақта”, 1934-
1935 жылдары Казақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қыз-
меттер атқарады. 1934 жылы КСРО Жазушыларының I съезіне деле-
гат болып қатысып, сөз сөйлейді. Қазақстан Жазушылар одағының 
төрағасы болып істейді. Ақынның М.Горькиймен шығармашылық 
байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қа-
ламгерлік жолына игілікті әсер етеді.Тұнғыш кітабы шыққаннан жа-
зықсыз жазаға ұшырағанға дейінгі 10 жылға жетер-жетпес аралықта 
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетін “Жолдастар” атты пьесаларымен 
байытады, әсіресе, поэзияда көптеген әсерлі өлеңдері мен “Жетісу 
суреттері”, “Гималай” атты керемет көркем жыр-толғауларына қоса, 
артынан “Дала”, “Күй”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты классикалық поэ-
малар беріп, ақындық шыңына көтерілді.Көзі тірісінде ақындықтың 
Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров 1938 жылы жазықсыз жазаға 
ұшырады.Қандай шаттыққа, сенімге толы жыр еді! Осындай риясыз 
қуанышпен жыр-тұлпарының тізгінін тыймай, еркін ұстаған ақын 
құдырет-күш тәңірісіндей сымбатты, еңселі адам болып елестейді. 
Оның жүзі жарқын, жаны жазирадай кең, жанары жарқылға толы бол-
са керек-ті.Ілияс Жансүгіров Талдықорған (қазіргі Алматы) облы-
сының Ақсу ауданында туған. Алғаш Қарағаш ауылындағы мектепте 
жадитше оқып, өз бетімен оқи, жаза алатын дәрежеге жетті. 1919 жы-
лы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түсті де, оны бітірген 
соң өз ауылында мұғалім болды. Онан кейін аз уақыт «Тілші» газе-
тінде істеді. 1922 жылы Верныйдағы Қазақ ағарту институтының 
меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналис-
тика институтына оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітірді. Мәскеуден 
оралғанда «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынды. 1933-1936 
жылдары ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. 
Қазақстан Жазушылар Одағының председателі қызметін атқарып 


109
жүрген есіл ақынға орынсыз жала жабылып, репрессияның жазықсыз 
құрбаны болды.Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. 
Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаң-
басы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге кел-
тірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау 
болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салала-
рындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір 
көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. 
Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэ-
малары. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» 
сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-
маржаны болып табылады. Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығарма-
сының ішіндегі көлемдісі «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахара-
сындағы еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, азаттықты көксеген 
арман-аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін сурет-
керлікпен ашып көрсетеді. Ілиястың драма саласындағы «Кек», 
«Түрксіб», «Исатай-Махамбет» сияқты туындылары да қаламгер 
дарынына айғақ шығармалар. Ол әдебиет сыны мен аударма сала-
сында да өнімді еңбектенді. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне 
қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аудар-
ды. Сондай-ақ, М.Ю.Лермонтовтың, А.М.Горькийдің, Н.А.Некрасов-
тың, В.В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аудар-
ды. 
Ілияс Жансүгіров қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, 
көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары қазақ 
әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бастай беретін мәң-
гілік үлгі-өнеге. 
Бүгінде Жансүгіровтің еліміздегі аса көрнекті жазушыларының 
қатарына қосылатынына, қазақ көркем сөз өнерінің асқан шеберле-
рінің бірі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмайды. Ақын жырларын 
халық қастерлеп, жастайынан жаттап өсуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет