Еуразиялық экономикалық комиссия өнеркәсіптік саясат департаменті Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке


Химия және мұнай химия өнеркәсібі



бет5/5
Дата24.02.2016
өлшемі4.96 Mb.
#12374
1   2   3   4   5

Химия және мұнай химия өнеркәсібі
1. Өнеркәсіптік өндірістің көрсеткіштері

Ұлттық статистикалық қызметтердің деректері бойынша химия және мұнай химия өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік өндіріс индексі 2013 жылдың қаңтар айында Белоруссияда 86,1%, Қазақстанда – 100,9%, Ресейде – 101,4% құрады (1 сур.). Сөйтіп, 2012 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда Қазақстан мен Ресейде химия және мұнай химия өнімнің өндіріс көлемінің жоғарылауы, ал Белоруссияда – өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі Ресейде жағымды динамикасын, ал Белоруссияда және Қазақстанда– жағымсыз динамиканы байқаттыбайқатты, сонымен бірге Белоруссиядағы бұл көрсеткіштің төмендеуі 40%-дан астамын құрады.



Белоруссияда 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар айында аммиактың (5,3%-ға), минералды тыңайтқыштардың (3,7%-ға), бастапқы пішінді этилен полимерінің (1,7%-ға) өндіріс көлемінің артуы байқалды. Сол уақытта күкірт қышқылының (6,7%-ға), полиэтилентерефталаттың (4,7%-ға), бояу мен лактардың (96%-ға), сабынның (26,2%-ға), жуғыш құралдардың (13%-ға) және химиялық талшықтардың (9,3%-ға) өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды.

Қазақстанда 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар айында бастапқы пішіндегі пластмассалардың (5,5%-ға), жуғыш құралдардың (9,4%-ға) өндіріс көлемі жоғарылады. Сонымен бірге, фосфордың (8,5%-ға), күкірт қышқылының (21,2%-ға), натрий бихроматының (22,1%-ға), фосфор тыңайтқыштарының (6,5%-ға) өндіріс көлемі төмендеді.

Ресейде 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар айында динарий карбонатының (3,5%-ға), синтетикалық каучуктың (7,4%-ға) өндіріс көлемі жоғарылады. Сонымен бірге, соданың (3%-ға), лакты-бояу материалдардың (13,5%-ға), бояулардың (20,4%-ға), химиялық талшықтардың (13,3%-ға) өндіріс көлемі төмендеді.
2. Тауар айналымының көрсеткіштері

КО мен БЭК-ке мүше-мемлекеттердің үшінші елдермен сыртқы саудасы химия және мұнай-химия өнімінің үшінші елдерден КО мен БЭК-ке мүше-мемлекеттерге экспортының осы өнімнің үшінші елдерден импортынан айтарлықтай жоғарылығымен сипатталады (3 сур.). 2012 жылдың қараша айымен салыстырғанда 2012 жылдың желтоқсан айында үшінші елдермен сыртқы сауда аясында химия және мұнай-химия өнімінің Белоруссияға (2,6%-ға), Қазақстанға (6,5%-ға), Ресейге (5,2%-ға) импорт көлемінің төмендеуі байқалған. Осы тауарлардың КО мен БЭК-ке мүше-мемлекеттерінен үшінші елдерге экспорты Белоруссияда (18,8%-ға), Қазақстанда (9,4%-ға) және Ресейде (14,7%-ға) төмендеді.

Химия және мұнай-химия өнімімен өзара сауда көлемдері 2012 жылдың қараша айымен салыстырғанда 2012 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда (5,7%-ға) және Ресейде (10,6%-ға) жоғарылады, бірақ Белоруссияда (1,5%-ға) төмендеді.

Белоруссиядағы химия және мұнай-химия өнімінің ішкі өндірісі үшінші елдермен сыртқы сауда аясында осы тауарлардың импортынан 6 есе жоғары (2012 жылдың желтоқсан айында – 162,2 млн.АҚШ долларына қарағанда 1019,2 млн.АҚШ доллары) (4 сур.). Химия және мұнай-химия өнеркәсібінің өндірілген өнімдерінің негізгі үлесі үшінші елдермен сыртқы сауда аясында экспортқа жіберіледі (2012 жылдың желтоқсан айында – 1247,8 млн.АҚШ доллары).

Қазақстандағы химия және мұнай-химия өнімінің ішкі өндірісі үшінші елдермен сыртқы сауда аясында осы тауарлардың импортынан 4 есе жоғары (2012 жылдың желтоқсан айында – 137,2 млн.АҚШ долларына қарағанда 544 млн.АҚШ доллары). Химия және мұнай-химия өнеркәсібінің өндірілген өнімдерінің негізгі үлесі үшінші елдермен сыртқы сауда аясында экспортқа жіберіледі (2012 жылдың желтоқсан айында – 439,8 млн.АҚШ доллары).

Ресейдегі химия және мұнай-химия өнімінің ішкі өндірісі үшінші елдермен сыртқы сауда аясында осы тауарлардың импортынан 10 есе жоғары (2012 жылдың желтоқсан айында – 1,9 млрд.АҚШ долларына қарағанда 19,6 млрд.АҚШ доллары). Химия және мұнай-химия өнеркәсібінің өндірілген өнімдерінің негізгі үлесі үшінші елдермен сыртқы сауда аясында экспортқа жіберіледі (2012 жылдың желтоқсан айында – 11,5 млрд.АҚШ доллары).

Сол уақытта, КО мен БЭК-ке барлық мүше-мемлекеттердегі мұнай және мұнай-химия өнеркәсібі өнімінің импорт және экспорт құрылымы үшінші елдермен сыртқы сауда аясында айтарлықтай ерекшеленеді – экспортқа негізінен қайта өңдеу дәрежесі төмен мұнай-химия өнімдері жіберіледі (мазуттар және мұнайды алғаш айдап қотарудан алынған баламалы өнімдер), сонымен бірге негізінен химия өнеркәсібінің қайта өңдеу дәрежесі жоғары дайын өнімдер импортталады (бастапқы пішіндегі пластмассалар, бояулар, лактар және химиялық талшықтар, сусабындар мен жуғыш құралдар).




Энергетическое машиностроение

Энергетикалық машина жасау

Рис.1. Динамика индекса промышленного производства (по отношению к соответствующему периоду предыдущего года)

1 сур. Өнеркәсіптік өндіріс индексінің динамикасы (өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда, %)

Январь

Февраль


Март

Апрель


Май

Июнь


Июль

Август


Сентябрь

Октябрь


Ноябрь

Декабрь


Қаңтар

Ақпан


Наурыз

Сәуір


Мамыр

Маусым


Шілде

Тамыз


Қыркүйек

Қазан


Қараша

Желтоқсан



2011 год, 2012 год, 2013 год

2011 жыл, 2012 жыл, 2013 жыл

Рис.2. Динамика выпуска отдельных видов продукции в январе 2013 г. по отношению к декабрю 2012 г.

2 Сур. 2012 ж. желтоқсан айымен салыстырғанда 2013 ж. қаңтар айындағы жекелеген өнім түрлерінің шығарылу динамикасы

Беларусь, Казахстан, Россия

Беларусь, Қазақстан, Ресей

Электродвигатели

Трансформаторы

Выключатели

Лампы накаливания

Конденсаторы

Счетчики электроэнергии

Аккумуляторы

Котлы водогрейные

Турбины

Электродвигатели универсальные



Электродвигатели переменного тока

Котлы-парообразователи



Электр қозғалтқыштар

Трансформаторлар

Сөндіргіштер

Қыздыру шамдары

Конденсаторлар

Электр энергиясын санауыштар

Аккумуляторлар

Су қыздыратын қазандар

Турбиналар

Әмбебап электрлі қозғалтқыштар

Өзгермелі тоқ электрлі қозғалтқыштары

Бу түзгіш қазандар



Рис.3. Объем внешней и взаимной торговли в декабре 2012 года по отношению к ноябрю 2012 года

3 сур. 2012 жылдың қараша айымен салыстырғанда 2012 жылдың желтоқсан айындағы сыртқы және өзара сауда көлемі

Млн.долл.США

Млн. АҚШ доллары

Внешняя-импорт

Взаимная-экспорт

Внешняя-экспорт

динамика по отношению к ноябрю 2012 года, %



Сыртқы-импорт

Өзара-экспорт

Сыртқы-экспорт

2012 жылдың қараша айындағы динамикасы, %, %



Рис.4. Емкость рынка госудств-членов ТС и ЕЭП в декабре 2012 года

4 сур. 2012 жылдың желтоқсан айындағы КО мен БЭК-ке мүше-мемлекеттердің нарығының сыйымдылығы

Производство

Экспорт – внешняя торговля

Экспорт – взаимная торговля

Импорт – внешняя торговля

Импорт - взаимная торговля


Өндіріс

Экспорт-сыртқы сауда

Экспорт-өзара сауда

Импорт – сыртқы сауда

Импорт – өзара сауда



Энергетикалық машина жасау
1. Өнеркәсіптік өндірістің көрсеткіштері

Энергетикалық машина жасау бойынша өнеркәсіп үшін жеке өнеркәсіптік өндіріс индексі туралы мәліметтерін КО мен БЭК-ке мүше-мемлекеттердің статистикалық қызметтері жарияламайды, осыған орай 1 суретте берілген кестеде, Беларусь және Ресей үшін машиналар мен жабдық өндірісі бойынша, ал Қазақстан үшін – машина жасау бойынша өнеркәсіптік индекстің динамикасы көрсетілген.

2013 жылдың қаңтар айында машина жасаудағы өнеркәсіптік өндіріс индексі 2012 жылдың қаңтар айына қарағанда Қазақстанда – 115,1%, Белоруссияда машина және жабдықты шығару бойынша - 100,6%, ал Ресейде – 83,4% құрады. Сөйтіп, 2013 жылдың қаңтар айында өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда Беларусь және Қазақстанда өндіріс көлемі жоғарыласа, Ресейдегі өндіріс көлемінің төмендеуі байқалған. Сонымен қатар 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар айында Белоруссияда өндіріс индексінің жағымды динамикасы, ал Қазақстанда және Ресейде – жағымсыз динамикасы байқалады.

Белоруссияда 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар айында трансформаторлардың (2,2 есе), электр сөндіргіштердің (18,2%-ға), конденсаторлардың (59,8%-ға) өндіріс көлемінің жоғарылауы байқалды. Сонымен бірге, электр қозғалтқыштардың (1,2%-ға), қыздыру шамының (2,8%-ға) өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды.

Қазақстанда 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар айында электр энергиясын санауыштардың (26,9%-ға), трансформаторлардың (26,2%-ға), аккумуляторлардың (43,5%-ға), конденсаторлардың (29,3%-ға) өндіріс көлемінің жоғарылауы байқалды.

Ресейде талданып жатқан кезеңде су жылытқыш қазандардың (35,9%-ға), бу түзетін қазандардың (97%-ға), турбиналардың (95,9%-ға), әмбебап электрлі қозғалтқыштардың (21,8%-ға), электрлі өзгермелі тоқ қозғалтқыштарының (29,2%-ға) өндіріс көлемінің жоғарылауы байқалды.
2. Тауар айналымының көрсеткіштері

КО мен БЭК-ке мүше-мемлекеттердің үшінші елдермен сыртқы саудасы энергетикалық машина жасау өнімдерінің үшінші елдерден КО мен БЭК-ке мүше-мемлекеттерге импортының осы өнімнің үшінші елдерге экспортынан айтарлықтай жоғарылығымен сипатталады (3 сур.). 2012 жылдың қараша айымен салыстырғанда 2012 жылдың желтоқсан айында үшінші елдермен сыртқы сауда аясында энергетикалық машина жасау өнімдерінің Белоруссияға (4 есе), Қазақстанға (3,2 есе) және Ресейге (40,1%-ға) импорт көлемінің жоғарылауы байқалған. Осы тауарлардың КО мен БЭК-ке мүше-мемлекеттерінен үшінші елдерге экспорты Ресейде (40,7%-ға) жоғарылады, ал Белоруссияда (21,1%-ға), Қазақстанда (74,9%-ға) төмендеді.



2012 жылдың қараша айымен салыстырғанда 2012 жылдың желтоқсан айында энергетикалық машина жасау өнімдерімен өзара сауда көлемі Белоруссияда (7,2 есе) және Ресейде (2,5 есе) жоғарылады, ал Қазақстанда (89,2%-ға) төмендеді.

Белоруссияда және Қазақстанда энергетикалық машина жасау өнімдерінің құндық өндіріс көлемдері туралы деректер жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет