Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже


Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын)



бет21/31
Дата19.06.2016
өлшемі2.51 Mb.
#148266
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31

Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын)

мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасы
1. Өтінімдер беру және электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдеріне енгізілуге жататын, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін есептеген кезде ескерілетін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемдерін қалыптастыру тәртібінің негізгі ережелері
1.1. Беларусь Республикасының аумағында.

1.1.1. Беларусь Республикасының ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің (бұдан әрі – МАБ) жылдық болжамды көлемдерін оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйым берілген өтінім негізінде айқындайды.

1.1.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ пен ең жоғарғы қуаттың жылдық көлемі айлар бойынша бөліп көрсетіледі.

1.1.3. Өтінімді қарастырған кезде Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы қолда бар техникалық мүмкіндіктің осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын шамасын басшылыққа алады.

Жалпы алғанда, жыл бойы немесе жылдың қайсыбір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асып кеткен кезде, Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы өтінім берген ұйымға уәжді бас тарту хатын жібереді.

1.1.4. Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемдері электр энергиясын беру шартына қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.

1.1.5. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемдері МАБ жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін мүше мелекеттердің уәкілетті ұйымдарының келісуі бойынша түзетілуі мүмкін.

1.2. Қазақстан Республикасының аумағында.

1.2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық электр желісі бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемдері МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйымның МАБ-ты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының жүйелік операторына берген өтінімі негізінде айқындалады.

1.2.2. Алдағы күнтізбелік жылға өтінім алдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ-тың жылдық көлемі айлар бойынша бөлініп және Қазақстан Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау нүктелері мен беру нүктелері көрсетіле отырып көрсетіледі.

1.2.3. Қазақстан Республикасының жүйелік операторы өтінімді қараған кезде қолда бар техникалық мүмкіндіктің осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын шамасын басшылыққа алады. Жалпы алғанда, жыл бойы немесе жылдың қайсыбір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асып кеткен кезде, Қазақстан Республикасының жүйелік операторы өтінім берген ұйымға уәжді бас тарту хатын жібереді.

1.2.4. Қазақстан Республикасының жүйелік операторымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемдері электр энергиясын беру шартының қосымшасы ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.

1.2.5. Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ) бойынша электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін қалыптастырғаннан кейін жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 сәуіріне дейін екіжақты мемлекетаралық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемдері анықталып, көтерме сауда нарығының субъектілерімен келісіледі.

1.2.6. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемдері жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін МАБ-ты ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілердің ұсынысы бойынша түзетілуі мүмкін.

1.3. Ресей Федерациясының аумағында.

1.3.1. Ресей Федерациясының субъектілері бойынша Ресей БЭЖ шеңберінде болжамды жиынтық теңгерімді қалыптастыру тәртібіне сәйкес уәкілетті ұйым (Ресей Федерациясының біртұтас ұлттық (жалпы ресейлік) электр желісін (бұдан әрі – БҰЭЖ) басқару жөніндегі ұйым) жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін Ресей Федерациясының Тарифтер жөніндегі федералды қызметіне (Ресейдің ТФҚ) және Ресей БЭЖ жүйелік операторына мүше мемлекеттердің ұлттық электр желісін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарымен келісілген ұсыныстарды жібереді.

1.3.2. Келісілген ұсыныстарды Ресей ТФҚ қарайды және Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген мерзімдерде келесі күнтізбелік жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жиынтық теңгерімін қалыптастырған кезде ескереді.

1.3.3. Жеткізілетін жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жиынтық теңгерімі көрсеткіштерінің құрамында бекітілген, МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемдері электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) есептеу кезінде ескеріледі.

1.3.4. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемдері, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен (ұйымдарымен) келісім болған жағдайда, БҰЭЖ басқару жөніндегі ұйымның ұсынысы бойынша, жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне белгіленген бағаларға (тарифтерге) тиісті түзету енгізе отырып түзетілуі мүмкін.
2. Жоспарлау үйлестірушісінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын ережелерді қоса алғанда, электр энергетикалық жүйелердің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлау негізінде техникалық мүмкіндіктерді және

МАБ-тың жоспарланған көлемдерін айқындау тәртібі


2.1. Терминология.

Осы Әдіснаманың 2-бөлімінің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Бақыланатын қима – электр энергетикалық жүйелердің орнықты жұмысын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қуат ағындары бақыланатын мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері жүйелік операторларының диспетчерлік орталықтары анықтайтын электр беру желілерінің (ЭБЖ) және басқа да электр желілері элементтерінің жиынтығы.

Қуаттың ең жоғарғы жол берілетін ағыны – қалыпты режимдерге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыратын, желі қимасындағы аса көп ағын.

Мемлекетаралық қима – мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторлары айқындайтын, көршілес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйесін (-лерін) (жекелеген энергетикалық аудандарын) жалғап тұратын мемлекетаралық ЭБЖ-да (-ларда) орналасқан, қатарлас жұмыстың электр энергетикалық режимдерін жоспарлау және басқару міндеттерімен технологиялық тұрғыдан негізделген жеткізу нүктесі немесе жеткізу нүктелерінің тобы.

Өзге де пайдаланылатын ұғымдар Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамада (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 21қосымшасы) айқындалған мағынаға ие.

2.2. Жалпы ережелер.

2.2.1. Жоспарлау кезеңдерінде шешілетін міндеттер:

- жылдық жоспарлау: экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықтарды жөндеудің жылдық жоспарланған графиктерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдерінде ескерілетін, мүше мемлекеттердің арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың мәлімделген көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған кезде оларды түзету;

- айлық жоспарлау: экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықтарды жөндеудің айлық жоспарлы графиктерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жылдық теңгерімдерінде ескерілген, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен МАБ-тың мәлімделген көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған кезде оларды түзету;

- режимдерді тәуліктік жоспарлау және тәулікішілік түзету: электр желілік жабдықтардың нақты схемалық-режимдік жағдайлары, олардың экспорт-импорт қимасын, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен МАБ-тың көлемдерін шектейтін жоспарлы, жоспардан тыс және авариялық ажыратылуы есепке алына отырып, мүше мемлекеттер арасындағы бір тәулікке ілгері мәлімделген жеткізу мен МАБ-тың сағаттық көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру.

2.2.2. Жоспарлау (мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жоспарланған көлемдерінің іске асырыла алатынын есептеу Ресей БЭЖ бен Қазақстан БЭЖ арасында және Ресей БЭЖ бен Белорусьтың Біріккен энергетикалық жүйесі (Белорусияның БЭЖ) арасында, қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелердің есептік моделін (бұдан әрі – есептік модель) пайдалана отырып жүргізіледі).

2.2.3. Есептік модель Ресей БЭЖ-дің, Қазақстан БЭЖ бен Белорусия БЭЖ-дің технологиялық жағынан өзара байланысты бөліктерінің жоспарлауға қажетті көлемдегі математикалық моделін білдіреді және:

- электр желісін алмастыру схемаларының бағандары мен параметрлерінің;

- активті және реактивті тораптық жүктемелердің;

- тораптардағы активті және реактивті генерацияның;

- генерацияның ең аз және ең көп активті және реактивті қуатының;

- желілік шектеулердің сипаттамаларын қамтиды.

2.2.4. Есептік модель мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторларымен келісілген алмастыру схемасы негізінде, әдетте, қысқы жүктеме максимумы мен минимумының және жазғы жүктеме максимумы мен минимумының келісілген сағаттарына сәйкес келетін базалық режимдер (базалық есептік схемалар) үшін қалыптастырылады. Егер олар мемлекетаралық жеткізілімдерге (алмасуларға) елеулі түрде әсер ететін болса, өзіне тән схемалық-режимдік жағдайлар үшін бақыланатын мемлекетаралық қималардағы, сондай-ақ ішкі бақыланатын қималардағы ең жоғары жол берілетін ағындар көрсетілуге тиіс.

2.2.5. Ресей БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісі болып табылады.

2.2.6. Жоспарлау кезеңдерінің әрқайсысы үшін есептік модельдер мен жаңартып отырылатын ақпарат құрамы, оның ішінде есептік модельге енгізілетін энергетикалық объектілер мен электр энергетикалық жүйелердің (электр энергетикалық жүйелер баламаларының) тізбелері, оларды қалыптастыру мен жаңартып отыру тәртібі және оның уақыт регламенті, электр энергетикалық жүйелердің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлауға арналған деректерді алмасу форматтары мен тәсілдері Ресей БЭЖ жүйелік операторы және Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын атқаратын ұйыммен бірге БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым және Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы бекітетін құжаттарда белгіленеді.

2.3. Жоспарлау үйлестірушісінің және мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қалған жүйелік операторларының функциялары мен өкілеттіктері.

2.3.1. Жоспарлау үйлестірушісі:

- негізгі есептік моделдер қалыптастыруды;

- Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен жоспарлау мақсатында ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

- Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымнан, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторынан жоспарлау мақсатында алынған деректер негізінде электр энергетикалық режимдерге есептеу жүргізеді;

- егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырыла алмайтыны немесе жеткізілімдер мен МАБ-тың мәлімделген көлемдері кезінде есептік модельдің бақыланатын қималарындағы ең жоғары жол берілетін ағындардың артып кеткені анықталған болса, Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 21 қосымшасы) 4-тармағының 2-тармақшасында айқындалған:

1) электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ-ты жүзеге асыру жоспарланып отырған мүше мемлекеттің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің;

2) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы қамтамасыз етудің;

3) бір мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен басқа мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы қамтамасыз етудің;

4) Одаққа кірмейтін үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын қамтамасыз етудің;

- Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымның, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторының назарына жоғарыда көрсетілген есептердің нәтижелерін жеткізудің басымдығы қағидаттарын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері (электр энергетикалық жүйелерінің бөліктері) арасындағы мемлекетаралық ағындарға түзету енгізеді.

2.3.2. Егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырыла алмайтыны немесе есептік модельдің бақыланатын қималарындағы ең жоғарғы жол берілетін ағындардың артып кеткені анықталған болса, жоспарлау үйлестірушісі Белорусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымға электр энергетикалық жүйелердің сальдо-ағындарының (теңгерімдерінің) шамаларына жасалатын қажетті түзетулердің көлемін жібереді.

Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым барлық шарттар бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізудің, оның ішінде МАБ-тың көлемдерін жоғарыда көрсетілген басымдықтар негізінде түзетеді не жоспарлау үйлестірушісі есептеу қорытындылары бойынша анықтаған, бақылау қималарындағы жол берілетін ағындардың бұзылуын жою жөнінде өзге де шаралар қолданады.

Мүше мемлекеттер арасындағы барлық шарттар, оның ішінде МАБ бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізудің түзетілген шарттық көлемдері туралы ақпаратты Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жасалған шарттар бойынша мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілеріне жеткізеді.

2.3.3. Жоспарлау үйлестірушісі Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымнан, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторынан жоспарлауға арналған өзекті деректерді алмаған не техникалық қателіктері бар деректерді немесе көрінеу анық емес деректерді алған жағдайда, мазмұны мен қолданылу тәртібі Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы бекітетін құжаттарда көрсетілген алмастыратын ақпаратты пайдалануға құқылы.

2.4. Жылдық жоспарлау.

2.4.1. Жылдық жоспарлау Беларусь БЖЭ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен орындалады.

2.4.2. Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы жоспарланған күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу графиктерінің жобаларын жасайды және оларды жоспарлау үйлестірушісіне ұсынады. Жоспарлау үйлестірушісі жоспарланған күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу графигін келіседі және оны Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымға жібереді. Жөнделуі жылдық (сондай-ақ айлық) жөндеу графигі шеңберінде келісілуге жататын электр желілік объектілердің тізбесін және оны қалыптастырудың уақыт регламентін Белорусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілейді.

2.4.3. Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне өздері жұмыс күніне тән максимумның бір сағатына арналған электр энергиясының, қуатының болжамды теңгерімдеріне сүйене отырып қалыптастырған тиісті ұлттық электр энергетикалық жүйе (тұтыну, генерация, ағындар сальдосы, желілік жабдықтарды жөндеу) бойынша жылдық жоспарлау үшін ақпарат береді.

2.4.4. Ресей БЭЖ – Қазақстан БЭЖ және Ресей БЭЖ – Беларусь БЭЖ ағындары сальдосының нақтыланған болжамды мәні жоспарлау нәтижесі болып табылады.

2.4.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдерге есептеу жүргізіп, есептеу нәтижелерін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына жібереді.

2.5. Айлық жоспарлау.

2.5.1. Айлық жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы анықтайтын мерзімдерде және тәртіппен, жылдық жоспарлау бойынша секілді схемада, ай бөлінісінде деректер мен нәтижелерді алмаса отырып, орындалады.

2.6. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау.

2.6.1. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен орындалады.

2.6.2. Тәулік сайын Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне 24 сағаттық (сағат 00:00 бастап 24:00 дейін) жаңартып отырылатын деректер жинағы түрінде жоспарланған тәулікке (бұдан әрі – Х тәулік) есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректер береді, олар мыналар қамтылады:

- электр энергетикалық жүйенің 220 кВ және одан да жоғары электр жабдығы элементтерінің жоспарлы жөнделуі;

- электр энергетикалық жүйе бойынша жинақтап алғанда тұтыну мен генерациялаудың сағаттық графиктері (оның ішінде есептік модельдің құрамын қалыптастырған кезде Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілеген жекелеген энергетикалық аудандар бойынша);

- ағындар сальдосының сағаттық графиктері (электр энергетикалық жүйе ағындарының оң сальдосы үшін оның тапшылығы алынады).

БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жоспарлау үйлестірушісіне шарттардың барлық түрлері бойынша Ресей БЭЖ, Қазақстан БЭЖ мен Беларусь БЭЖ арасында электр энергиясын жеткізу, оның ішінде мүше мемлекеттердің арасындағы МАБ көлемдерінің сағаттық графиктерінің Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен келісілген жиынтық мәнін береді.

2.6.3. Егер Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректерді берілмеген болса, онда соңғысы Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы есептік модель құрамын қалыптастырған кезде өзара келісім бойынша белгіленген алмастыратын ақпаратты пайдаланады.

2.6.4. Жоспарлау үйлестірушісі есептік модельді жаңартып отыру мен электр режимдерін есептеуді жүзеге асырады.

2.6.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдерге есептеу жүргізеді және есептеу нәтижелерін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына келісілген форматта береді.

2.6.6. Егер мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемдерінің мәлімделген мәндері іске асырыла алмайтындай болса, Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым осы Әдіснаманың 2.3.1-тармағында айқындалған басымдылықты есепке ала отырып, жеткізілімдер мен МАБ көлемдеріне түзету енгізу жөнінде шаралар қолданады.

2.6.7. Егер электр тұтынудың және/немесе схемалық-режимдік шарттардың болжамдалмай өзгеруі нәтижесінде және/немесе жеткізу шарттарының талаптары өзгерген кезде мүше мемлекеттер арасындағы жоспарлы жеткізу және МАБ көлемдеріне жедел тәулік ішінде түзету енгізу талап етілсе, Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне:

- бір тәулікке ілгері жоспарлау мақсатында берілетін ақпаратқа сәйкес келетін көлемде Х тәуліктің қалған сағаттарына сағаттық жаңартып отырылатын деректер жинағы түрінде ағымдағы тәуліктерге есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректерді;

- мүше мемлекеттер арасындағы жеткізудің және МАБ-тың жоспарлы көлемдерін өзгерту көлемдері ұсынылған өтінім береді.

2.6.8. Тәулік ішінде әр уақыттық кезең үшін деректер берудің («қақпаларды жабу уақыты») және есептеу нәтижелерін жеткізудің шекті уақыты белгіленеді. «Қақпаларды жабу уақытынан» кейін деректер беруге жол берілмейді. Жоспарлау үйлестірушісі есептік модельді жаңартып отырады және Х тәуліктің қалған сағаттарына электр режимдерін есептеуді орындайды.

2.6.9. Х тәуліктің қалған сағаттарына мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемдерінің нақтыланған жоспарлы сағаттық графигі жоспарлау нәтижесі болып табылады. Режимдерді тәулікішілік түзету уақытынан кейін схемалық-режимдік шарттардың өзгеруі себепті нақтыланған жоспарлы сағаттық графиктерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу мен МАБ көлемдерін өзгертуге мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында электр энергиясын жеткізу жөніндегі арнайы шартқа сәйкес авариялық көмек ұсыну немесе электр энергиясын мәжбүрлі жеткізу жағдайында жол беріледі.


3. Мүше мемлекеттердің МАБ-ты ұйымдастыруға және

жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілерінің, МАБ-ты қамтамасыз ету шеңберінде әрбір ұйымның орындайтын

функциялары көрсетілген тізбесі.
3.1. Беларусь Республикасының аумағында.

3.1.1. Беларусь Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымға және Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға жүктеліп, бұл ретте оларға мына функцияларды орындау да жүктеледі:

- электр желісімен берілетін электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету (Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыруатын ұйым жалпы үйлестірген кезде Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымға бағынысты ұйымдар);

- МАБ-ты техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсету (Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым);

- шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысты басқару және орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасасу (Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым).

3.2. Қазақстан Республикасының аумағында.

3.2.1. Қазақстан Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйелік операторға жүктеліп, оған қоса оған мына функцияларды орындау жүктеледі:

- Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету;

- электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсету;

- электр энергиясын өндіруді – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсету;

- қатарлас жұмыстың режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасасу.

3.3. Ресей Федерациясының аумағында.

3.3.1. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы қамтамасыз ету мыналарға:

3.3.1.1. Электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару бойынша, оның ішінде Ресей БЭЖ-і мен басқа мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыс режимдерін басқару, электр энергиясын (қуатын) алмасуды және үйлестірілген жоспарлауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге;

3.3.1.2. Бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісі бойынша, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін электр энергиясын беру (өткізу) жөнінде қызметтер көрсетуге;

3.3.1.3. Ресей Федерациясы электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы, оның ішінде электр энергиясының тең көлемдерін Ресей Федерациясының мүше мемлекеттермен шекарасында (шекараларында) орналасқан әртүрлі жеткізу нүктелері арқылы Ресей БЭЖ-не өзара байланысты және бірмезгілде жеткізілуін және одан берілуін қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында электр энергиясы мен қуаты айналымының ерекшеліктеріне байланысты іс-қимылдар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.

3.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты мына уәкілетті органдар:

3.3.2.1. Ресей БЭЖ-і жүйелік операторы – Ресей БЭЖ-нің Қазақстан БЭЖ-імен және Беларусь БЭЖ-імен қатарлас жұмыс режимдерін ұйымдастыру мен басқару бөлігінде;

3.3.2.2. БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым – Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ және Қазақстан БЭЖ-імен және Беларусь БЭЖ-імен қатарлас жұмысты ұйымдастыру кезінде электр энергиясын өткізуге (алмасу қағидаттарын пайдалана отырып) байланысты қызметтер көрсету, оның ішінде МАБ-ты жоспарлау (жылдық, айлық, сағаттық) жөніндегі шетелдік уәкілетті ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, Ресей Федерациясы мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген электр энергиясының нақты сағаттық көлемдерін коммерциялық келісімшарттар бойынша түзетілген жоспарлы көлемдерді есепке ала отырып тіркеу; Ресей Федерациясы мен мүше мемлекеттер арасында мемлекеттік шекара арқылы өткізілген нақты көлемдердің жоспардағыдан сағаттық ауытқуларын анықтау; мүше мемлекеттердің ортақ шекараларында орналасқан жеткізу нүктелерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды жүзеге асыру бөлігінде;

3.3.2.3. Коммерциялық ұйым – электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығына айналымға жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме саудасын ұйымдастыру жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйым;

3.3.2.4. Көтерме сауда нарығына қатысушылардың талаптары мен міндеттемелерін есептеу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйым;

3.3.2.5. Коммерциялық агент – экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыратын, электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының қатысушысы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) көлемдеріне қатысуға, электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы қатынастарға және ағымның нақты сальдосының жоспарланған сальдодан ауытқуларына байланысты қатынастарды реттеуге қолжетімділікті ұйымдастыру бөлігінде қамтамасыз етеді.


4. МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар

субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрауыштар тізбесі


4.1. Беларусь Республикасының аумағында.

4.1.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін, Беларусь Республикасының беруші желілері (бұдан әрі – БЖ) арқылы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған Шжелі шығындар мына формула бойынша есептеледі:

Шжелі = Ш (1+ИҚ) (1+РП) (1+С), мұнда:

Ш – уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен айқындалатын, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ға жатқызылатын БЖ-ны күтіп-ұстауға және пайдалануға арналған жалпы шығындар;

ИҚ – инновациялық қорға аударымдар үлесі;

РП – Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайдаға аударымдар үлесі;

С – салыққа аударымдар үлесі;

Ш жалпы шығындарға: пайдалану-жөндеу қызметін көрсетуге; жалақыға; амортизациялауға арналған шығындар; басқа да ақшалай шығыстар (қосалқы материалдар, басқа жақтан жеткізілетін энергия, әлеуметтік сақтандыру аударымдары және т.б.); электр энергиясының ысырабын өтеу шығындары кіреді.

4.1.2. Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:

Т = Шжелі ∕ Эт, мұнда:

Т – Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;

Эт – Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жиынтық көлемі.

4.2. Қазақстан Республикасының аумағында.

4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған, ұлттық электр желісінің (бұдан әрі – ҰЭЖ) желілері арқылы электр энергиясын беруді, оның ішінде МАБ-ты жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын тариф мына формула бойынша есептеледі:

Т = Z+P ∕ Wжиынт (теңге/кВт.с), мұнда:

Т – электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған, ҰЭЖ желілері арқылы электр энергиясын беруді, оның ішінде МАБ-ты жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын тариф (теңге/кВт.с);

Z – Қазақстан Республикасы ҰЭЖ-дың электр энергиясын беру, оның ішінде МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын, заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын жалпы шығындары (млн. теңге);

P – электр энергиясын беру, МАБ жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде ҰЭЖ-дың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайда деңгейі (млн. теңге);

Wжиынт – шарттар мен келісімшарттар бойынша мәлімделген, ҰЭЖ-дың электр энергиясын жиынтық беру көлемі (млн. кВт.с).

4.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу кезінде тарифтік кіріске ҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын жалпы шығындар мен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті пайда деңгейі кіреді (қатыстырылған активтер негізге алына отырып айқындалады).

Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке енгізілетін шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

4.3. Ресей Федерациясының аумағында.

4.3.1. Жалпы ережелер.

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес БҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтірді көрсетуге арналған тариф 2 мөлшерлеме түрінде: электр желілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме және БҰЭЖ-дегі электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған мөлшерлеме түрінде белгіленеді.

Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша Ресей БЭЖ-і арқылы қызметтер көрсетуге арналған тарифке енгізілетін осыған ұқсас құрауыш шығыстар мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған құрауыш шығыстары мен мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған құрауыш шығыстарға бөлінеді.

4.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифіне енгізілетін шығыстарды айқындау.

4.3.2.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған құрауыш шығыстарының тізбесі.

Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа мәлімделген, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесінде» айқындалатын қуатқа БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме бойынша ақы төленеді.

БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлемені есептеу кезінде тиісті есеп айырысу кезеңіне ұлттық реттеуші орган белгілеген, экономикалық тұрғыдан негізделген шығыстар:

- операциялық шығыстар;

- бақыланбайтын шығыстар;

- инвестицияға салынған инвестицияланған капиталды қайтару (амортизациялау аударымдары);

- инвестицияланған капиталға арналған кіріс есепке алынады.

4.3.2.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған құрауыш шығыстарының тізбесі.

БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстар электр энергиясының тепе-тең бағаларында ескерілген электр энергиясы ысырабының көлеміне азайтылған БҰЭЖ-дегі электр энергиясының нормативтік ысырабына және тиісті ұлттық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдар қызметтерінің құны есепке алына отырып, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін МТС жөніндегі әрбір есеп айырысу кезеңінің қорытындылары бойынша көтерме сауда нарығында қалыптасқан электр энергиясы мен қуатын сатып алу бағасына негізделе отырып айқындалады.
5. МАБ-ты жүзеге асыруға байланысты, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілмейтін құрауышар тізбесі
5.1. Беларусь Республикасының аумағында.

Беларусь Республикасындағы Шжелі жүйелік шығындарға уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін генерациялаушы қуаттардың резервін ұстауға арналған, Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы берілетін жалпы қуат шамасындағы МАБ-тың қуат үлесі есепке алына отырып айқындалатын шығындар, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар кіреді.

5.2. Қазақстан Республикасының аумағында.

Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті қалыптастыру кезінде шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алынбайды.

5.3. Ресей Федерациясының аумағында.

Электр энергиясының (қуатының) орнын баса тұруды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа жататын электр энергиясының көлемдері көтерме сауда нарығында баға өтінімдерін беру, бір тәулік бұрын баға өтінімдеріне бәсекелестік іріктеу жүргізу, нарықтық бағаларды және Ресей БЭЖ-і шекарасындағы (шекараларындағы) әртүрлі жеткізу нүктелерінде электр энергиясының (қуатының) тең көлемдерін өзара байланысты және бірмезгілде жеткізуге байланысты жүйелік шығындар үлесін айқындау кезінде ескерілуге тиіс. Жүйелік шығындар мына құрауыштардан қалыптасады:

5.3.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы жүзеге асыру кезінде электр энергиясының жүктемелік ысырабының және жүйелік шектеулердің құнын өтеуге байланысты құрауыш (түйіндік бағалар айырмашылығы):

, мұнда:

– МАБ шеңберінде Ресей БЭЖ-інен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға өтінімдерін бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;

– МАБ шеңберінде Ресей БЭЖ-іне электр энергиясы ағынының «кіру нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға өтінімдерін бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;

– m айының h сағатында Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ көлемі.

5.3.2. МАБ-ты қамтамасыз ететін Ресей БЭЖ-і жұмыс режимдерін іске асыру үшін генерациялаушы қуаттар резервінің болу қажеттігіне байланысты құрауыш:



, мұнда:

– m айында МАБ-тың мәлімделген барынша көп сағаттық көлеміне сәйкес келетін ең көп қуат;

– тиісті жыл үшін қуаттарға бәсекелестік іріктеу жүргізу кезінде жүйелік оператор есепке алатын, ЗСПi-дегі жоспарлы резервтеу коэффициенті;

– тиісті жыл үшін ЗСПi-де тұтынушылар үшін бәсекелестік іріктеудің алдын ала бағасы (жүйелік оператор электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды);

ЗСПi – МАБ-ты жүзеге асыру кезінде Ресей БЭЖ-інен электр энергиясының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін жеткізу нүктелері жатқызылған еркін ағын аймағы.

МАБ-тың құнын анықтау кезінде, сондай-ақ, МАБ-тың «кіру» және «шығу» нүктелеріне сәйкес келетін еркін ағын аймақтарындағы (еркін ағын аймақтары түйіндеріндегі) қуатты бәсекелестік іріктеу нәтижелері бойынша айқындалған, тұтынушылар үшін жоспарлы бағалар арасындағы айырма да ескеріледі.
6. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес

МАБ-ты шарттық ресімдеуге қойылатын талаптар


6.1. Беларусь Республикасының аумағында.

Мүше мемлекеттер арасындағы Беларусь Республикасының электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ осы Әдіснаманың 1-бөліміне және 2-бөлімінің 2.4, 2.5, 2.6-тармақтарына және МАБ-қа арналған шарттарға сәйкес МАБ-қа ұйғарылған электр энергиясы мен қуатының көлемдерін Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келіскен жағдайда жүзеге асырылады.

Әрбір шарт бойынша МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны мына формула бойынша айқындалады:

СМП = Шжелі+Шжүйе.

6.2. Қазақстан Республикасының аумағында.

Қазақстан Республикасының аумағында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі нысан бойынша жасалатын, электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте МАБ-ты жүзеге асыруға арналған шарттарда осындай берудің ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.

6.3. Ресей Федерациясының аумағында.

Мүше мемлекеттер арасындағы Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ мынадай шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады:

6.3.1. Табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті және МАБ-ты жүзеге асыру үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) тең көлемдерін Ресей БЭЖ-і шекарасындағы (шекараларындағы) әртүрлі жеткізу нүктелерінде өзара байланысты және бірмезгілде жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында коммерциялық агенттің Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымдарымен шарттары.

Осындай шарттарда мүше мемлекеттер арасындағы Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ құны m айында мына формула бойынша айқындалады:



, мұнда:

– ресейлік заңнамаға сәйкес ақысы төленетін, БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым қызметтерінің құны;

– ресейлік заңнамаға сәйкес ақысы төленетін, жүйелік оператор қызметтерінің құны;

– m айында МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы сүйемелдейтін электр энергиясының (қуатының) көтерме сауда нарығындағы іс-қимылдарға байланысты қызметтер құны.

, мұнда:

– m айында электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығына жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме сауда нарығын ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық оператор қызметтерінің құны;

– m айында Көтерме сауда нарығының сауда жүйесіне қосылу туралы шартта айқындалған талаптар мен міндеттемелерді есептеу жөніндегі кешенді қызметтер құны;

– коммерциялық агент жасасатын шарттарда екіжақты тәртіппен айқындалатын коммерциялық агент шығындары.

6.3.2. Мүше мемлекеттердің электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі және ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру (өткізу) жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдары арасындағы электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттар (техникалық келісімдер);

6.3.3. Мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында мүше мемлекеттердің шекаралары арқылы электр энергиясын өткізу кезінде туындайтын, МАБ қималары бойынша нақты ағындардың жоспардағыдан ауытқу шамаларын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары.
7. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері

арасында мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының

нақты сағаттық көлемдері туралы коммерциялық есепке алу

деректерін алмасуды ұйымдастыру тәртібі


7.1. Осы Тәртіп коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін алу бөлігінде екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын; коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін және коммерциялық есепке алудың көрсетілген деректерін жеткізу нүктелеріндегі мәндерге дейін толықтыра есептеудің келісілген әдістемедерін пайдалану ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мемлекетаралық электр беру желілері арқылы (бұдан әрі - МАЭБЖ) электр энергиясының жедел1 сағаттық ағынын айқындау тәртібін; коммерциялық есепке алу деректерін алмасу және жеткізу нүктелеріндегі мәндерге келтірілген коммерциялық есепке алу деректерін келісу рәсімдерін айқындайтын тәртіпті айқындайды.

МАЭБЖ бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін қалыптастыру мен алмасу талаптары мен тәртібі МАЭБЖ-де есепке алу нүктелері бойынша электр энергиясы ағындарының сағаттық шамаларының деректерін алмасу туралы екіжақты келісімдерге сәйкес айқындалады.

7.2 Жедел ақпарат алмасу.

Мүше мемлекеттердің тиісті шаруашылық жүргізуші субъектілері тәулік сайын (немесе мүше мемлекеттердің келісімі бойынша басқа уақыт аралығында) МАЭБЖ бойынша электр энергиясының сағаттық ағындарының шамасын қалыптастырады, алынған деректермен алмасады, тиісті есептеулерді орындайды, деректердің сәйкестігіне баға береді.

МАЭБЖ бойынша берілетін электр энергиясының сағаттық ағындарының мәндерін қамтитын ақпаратты жедел алмасу үшін деректерді берудің келісілген форматтары пайдаланылады.

7.3. Жеткізу нүктесіндегі сағаттық мәндерді есептеу.

Жеткізу нүктесіндегі сағаттық мәндерді есептеу екіжақты келісімдерде келісілген, берілген және алынған электр энергиясының нақты көлемдерін есептеу әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі.
8. Мүше мемлекеттердің мемлекетаралық электр беру

желілері бойынша электр энергиясы ағынының

нақты сальдосын айқындау тәртібі
Бір күнтізбелік айда мемлекетаралық қималар арқылы өткізілетін электр энергиясының нақты көлемдерін айқындайтын осы тәртіп мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының пайдалануына арналған.

Мүше мемлекеттердің мемлекетаралық қималар арқылы өткізілетін электр энергиясы ағынының нақты сальдосы әрбір күнтізбелік айда әрбір жеткізу нүктесіне (WСальдо_гран) қабылданған электр энергиясы (WП1_гран) мен/немесе одан берілген электр энергиясы (WО1_гран) мөлшерлерінің алгебралық сомасы ретінде айқындалады.

МАЭБЖ-да «Қабылдау», «Қайтарым» режимдеріндегі жұмысқа енгізілген барлығы бойынша бір күнтізбелік айда кедендік шекараға (жеткізу нүктесіне) келтірілген электр энергиясының мәні және сальдо мына формулалар бойынша есептеледі:

,

,

, мұнда:

– бір күнтізбелік айда i-ші МАЭБЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде қабылданған электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағынды есептеу формуласына салу үшін мән белгіні (ағынның бағытын) ескере отырып алынады;

– бір күнтізбелік айда i-ші МАЭБЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде берілген электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағынды есептеу формуласына салу үшін мән белгіні (ағынның бағытын) ескере отырып алынады;

R – бір күнтізбелік ай ішінде жұмысқа қосылған мемлекетаралық қимадағы МАЭБЖ мөлшері.


9. Одақ шеңберінде МАБ-ты жүзеге асыру кезінде

мемлекетаралық қималар бойынша нақты ағындардың

жоспардағыдан ауытқу көлемдері мен құнын есептеу тәртібі
Мемлекетаралық қималар бойынша нақты жеткізілімдерге мынадай құрауыштар: МАБ көлемдері, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері жасасқан коммерциялық шарттар көлемідер, авариялық көмек көлемі мен сальдо-ағындардың нақты мәндерінің жоспардағыдан ауытқуына байланысты көлемдер кіреді.

Нақты сальдо-ағынның жоспардағыдан сағаттық ауытқуының шамаларын есептеуді және ауытқулар көлемін өздерінің бастамаларына байланысты анықтауды БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым, Ресей БЭЖ-і жүйелік операторы, Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторы мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

- МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы жүзеге асыру кезінде МАБ көлемдерінің сағаттық шамасы тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті тең жоспарлы мәндермен қабылданады;

- есепті кезеңнің әрбір сағатында коммерциялық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізудің нақты сағаттық көлемдері белгіленген тәртіппен келісілген түзетулерді есепке ала отырып, тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті тең жоспарлы мәндермен қабылданады.

- үшінші мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатынастар шеңберінде реттелетін сағаттық ауытқулар көлемі (сыртқы теңгерімдеу) Одақ шеңберіндегі ауытқулар көлемінде ескеріледі. Сыртқы теңгерімдеу көлемдерін айқындау тәртібі мүше мемлекеттердің аралас электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторларымен (БҰЭЖ басқару жөніндегі ұйымның қатысуымен) келісіледі;

- авариялық көмек көрсету көлемдері ішкі ұлттық нарықтардың субъектілері арасында жасалатын авариялық көмек көрсету кезінде электр энергиясын сатып алу/сату шарттарының талаптарымен айқындалады.

Сағаттық ауытқулар көлемі МАБ-ты қамтамасыз ету үшін жасалуы Әдіснаманың 6-бөлімінде мүше мемлекеттердің әрқайсысы үшін көзделген шарттарға сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қаржылық реттелуге жатады.

Электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттардың (техникалық келісімдердің) талаптарын сақтау, оның ішінде мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелеріндегі жиілікті реттеу және мемлекетаралық қималар бойынша келісілген сальдо-ағындарды ұстап тұру бөлігінде сақтау қажеттігін негізге ала отырып, ауытқулар құны электр энергиясының (қуатының) ішкі ұлттық нарықтарының субъектілеріне олардың электр энергиясының (қуатының) ұлттық нарығындағы жүйені теңгерімдеу жөніндегі қатынастарға қатысу нәтижесінде шеккен негізделген шығындарын өтеуге тиіс.

Ауытқулар құнын есептеу электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттарда (техникалық келісімдерде) немесе мүше мемлекеттер арасында электр энергетикасы саласындағы өзара қатынастарды реттейтін өзге де шарттарда белгіленген мәндерден аспайтын көлемдерде электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысын технологиялық жағынан қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын (қуатын) сатып алу/сату көлемдерін есепке алудың ерекше тәртібі ескеріле отырып жүргізіледі.

Есептеу кезінде пайдаланылатын, ауытқуларды өтеу мақсатында сатып алынған және сатылған электр энергиясы мен қуатының сандық және баға параметрлері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының есеп құжаттарымен расталады.

Шарттар бойынша жеткізілімдер құнын есептеу кезінде электр энергиясының (қуатының) көлемдерін қайтадан есепке алуға жол берілмейді.

______________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 22 ҚОСЫМША



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет