Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттардың қолданылуын тоқтату туралы
ХАТТАМА
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) күшіне енуіне байланысты Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде жасалған мынадай халықаралық шарттардың қолданылуы тоқтатылады.
I. Шарт күшіне енген күнінен бастап
қолданылуы тоқтатылатын халықаралық шарттар
1. 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарт.
2. 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттама
3. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім
4. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім
5.2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы.
6. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге қол қою туралы.
7. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісім.
8. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттама.
9. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ережесін біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы хаттама.
10. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден органдары арасында тауарлардың кедендік құнын айқындау мен бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу туралы хаттама.
11. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттама.
12. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кедендік рәсімдер мен кедендік режимдердің түрлері туралы келісім.
13. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісім.
14. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарларды декларациялау тәртібі туралы келісім.
15. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде кедендік төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі туралы келісім.
16. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісім.
17. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау тәртібі туралы келісім.
18. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы Комиссиясының Хатшылығы туралы келісім.
19. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісім.
20. 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісім.
21. 2009 жылғы 9 маусымдағы Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесі туралы келісім.
22. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттама.
23. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттама.
24. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттама.
25. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттама.
26. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдарды және сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара тану туралы келісім.
27. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Сәйкестігі міндетті бағалануға (расталуға) жататын өнімнің Кеден одағының кедендік аумағындағы айналысы туралы келісім.
28. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісім.
29. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісім.
30. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімі.
31. 25 қаңтардағы 2008 жылғы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы хаттама.
32. 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім.
33. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.
34. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.
35. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.
36. 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағы бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеу режимінен жекелеген уақытша алулар туралы хаттама.
37. 2010 жылғы 21 қыркүйектегі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісім.
38. 2010 жылғы 21 қыркүйектегі Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісім.
39. 2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.
40. 2010 жылғы 19 қарашадағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тергеулер мақсаттары үшін тергеу жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттама.
41. 2010 жылғы 19 қарашадағы Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісім.
42. 2010 жылғы 19 қарашадағы Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім.
43. 2010 жылғы 19 қарашадағы Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім.
44. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісім.
45. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім.
46. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай қағидалары туралы келісім.
47. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.
48. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.
49. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісім.
50. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісім.
51. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы келісім.
52. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің кызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісім.
53. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім.
54. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісім.
55. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісім.
56. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі қызметтер көрсету саудасы және инвестициялар туралы келісім.
57. 2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісім.
58. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 18 қазандағы хаттама.
59. 2011 жылғы 19 қазандағы Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасу тәртібі туралы хаттама.
60. 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарт.
61. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы туралы 2011 жылғы 15 желтоқсандағы шарт.
62. 2013 жылғы 29 мамырдағы Статистика саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісім.
63. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы хаттама.
64. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы хаттама.
65. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2013 жылғы 25 қыркүйектегі хаттама.
II. Шарттың 102-бабына сәйкес Комиссияның
тиісті шешімі күшіне енген күнінен бастап
қолданылуы тоқтатылатын халықаралық шарттар
1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісім.
2. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттама.
3. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім.
________________
Достарыңызбен бөлісу: |