Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары



бет32/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45

қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары

      13. Мүше мемлекеттер өзінің заңнамасында табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне осы Хаттаманың 2-тармағында анықталғандай түрде қол жеткізуді қамтамасыз ететін реттеу қағидаларын белгілейді.


      Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тұтынушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларының және оларға қосылу (қосылу/пайдалану) талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
      14. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тұтынушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары:
      1) шарттардың елеулі талаптарын, сондай-ақ оларды жасасу және орындау тәртібін;
      2) техникалық мүмкіндіктердің бар-жоғын айқындау тәртібін;
      3) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтері, олардың құны, оларға қол жеткізу, олардың ықтимал өткізілу көлемдері, осындай қызметтерді көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты беру тәртібін;
      4) мүдделі тұлғалардың табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің айналымы және (немесе) оларға қол жеткізу жағдайын салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ашық ақпаратты алу жағдайларын;
      5) коммерциялық құпияны құрай алмайтын ақпараттың тізбесін;
      6) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды қарау мен дауларды реттеу тәртібін қамтиды.
      15. Мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің олардың көрсетілетін қызметтеріне мүше мемлекеттер тұтынушыларының қол жеткізуіне сараланған талаптарды (осы Шарттың XX және XXI бөлімдерінде айқындалатын табиғи монополияның әрбір жеке саласының ерекшелігін ескере отырып) қолдануына әрбір мүше мемлекеттің заңнамасы сақталған жағдайда, егер осындай талаптар тұтынушылардың мүше мемлекеттердің кез келгеніне тиесілілігі қағидаты бойынша қолданылмаса, жол беріледі.
      16. Мүше мемлекеттердің заңнамасы осы Хаттаманың 15-тармағының ережелеріне залал келтірместен, мүше мемлекеттердің тұтынушыларына қатысты мүше мемлекеттердің кез келгеніне тұтынушылардың тиесілілігін негізге ала отырып, табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің сараланған талаптарын белгілейтін нормаларды қамтымауға тиіс.
      17. Табиғи монополиялардың нақты салаларында осы Хаттаманың 13 - 16-тармақтарын қолдану ерекшеліктері, транзит мәселесін қоса алғанда, осы Шарттың XX және XXI бөлімдерінде айқындалады.

V. Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары

      18. Мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес реттеу және (немесе) бақылау жөнінде өкілеттік берілген мүше мемлекеттердің ұлттық органдары жұмыс істейді.
      Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары өз қызметін мүше мемлекеттердің заңнамасына, осы Шартқа, сондай-ақ мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      19. Мүше мемлекеттердің ұлттық органдарының функцияларына:
      1) табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тарифтік (бағалық) реттеу;
      2) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қосылу (бірігу) үшін төлемдер (бағалар, тарифтер, алымдар) белгілеу;
      3) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
      4) реттелетін тарифтерді (бағаларды) белгілеу және қолдану, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды қарау, дауларды реттеу;
      5) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын қарау, бекіту немесе келісу және олардың іске асырылуын бақылау;
      6) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген, ақпаратты коммерциялық құпияға жатқызу жөніндегі шектеулерді табиғи монополиялар субъектілерінің сақтауын қамтамасыз ету;
      7) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды, оның ішінде тексерулер жүргізу жолымен және өзге де нысандарда (мониторинг, талдау, сараптама) жүзеге асыру;
      8) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.

VI. Комиссияның құзыреті

      20. Комиссия мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) егер мүше мемлекет табиғи монополиялар саласына осы Хаттаманың № 1 және 2 қосымшаларында көрсетілмеген табиғи монополиялардың өзге саласын жатқызуға ниет білдірген жағдайда, осы мүше мемлекет Комиссияға тиісінше өтініш жасағаннан кейін, мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар салаларын кеңейту туралы шешім қабылдайды;
      2) ұлттық органдардың табиғи монополиялар салаларына қатысты шешімдерін үйлестіру, әзірлеу және іске асыру тәсілдерін талдайды және ұсынады;
      3) мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі мен практикасына тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамаларды дайындай отырып, салыстырмалы талдау жүргізеді;
      4) табиғи монополиялар салаларындағы экологиялық аспектілерге, энергия тиімділігіне қатысты реттеуді үйлестіруге жәрдемдеседі;
      5) Жоғарғы кеңестің қарауына осы тармақтың 3 - 4-тармақшаларында көрсетілген, жүргізілген жұмыстардың мүше мемлекеттердің ұлттық органдарымен келісілген нәтижелерін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің табиғи монополия саласындағы жақындатылуға жататын нормативтік құқықтық актілерін белгілеу бойынша мүше мемлекеттермен келісілген және осы саладағы заңнаманы үйлестіру бойынша тиісті шараларды жүзеге асырудың сабақтастығын айқындау бойынша ұсыныстарды ұсынады;
      6) Осы Шарттың XIX бөлімінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Табиғи монополиялар субъектілерінің


көрсетілетін қызметтерін реттеудің
бірыңғай қағидаттары мен қағидалары
туралы хаттамаға № 1 қосымша   

Мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар салалары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V Заңымен.


р/с


Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

Армения Республикасы

1.

Мұнай және мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау

Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Мұнай және мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау



2.

Электр энергиясын беру және тарату

Электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

3.



Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
электр энергиясын өндіруді - тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
электр қуатының жүктемені атқаруына дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап)

Электр энергетикасын жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Электр энергетикасы жүйесінің операторы көрсететін қызметтер

4.

Ортақ пайдаланылатын көлік қозғалысын қамтамасыз ететін теміржол көлігі коммуникациясы көрсететін қызметтер, пойыздардың қозғалысын басқару, теміржол тасымалдары

Магистралдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтері

Теміржол тасымалдары

Темір жол инфрақұрылымын пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Табиғи монополиялар субъектілерінің
көрсетілетін қызметтерін реттеудің
бірыңғай қағидаттары мен қағидалары
туралы хаттамаға № 2 қосымша   

Мүше мемлекеттердегі табиғи монополия салалары



      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V Заңымен.


р/с


Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

Армения Республикасы

1.

Газды магистралдық және таратушы құбыржолдар арқылы тасымалдау

Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтері

Газды құбыржолдар арқылы тасымалдау

Табиғи газды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер; табиғи газды тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер; газбен жабдықтау жүйесінің операторы көрсететін қызметтер

2.

Көліктік терминалдардың, әуежайлардың көрсетілетін қызметтері;
аэронавигацияның көрсетілетін қызметтері

Аэронавигацияның көрсетілетін қызметтері;
порттардың, әуежайлардың көрсетілетін қызметтері

Көліктік терминалдардағы, порттардағы және әуежайлардағы көрсетілетін қызметтер



3.

Ортақ пайдаланылатын электр байланысының және пошта байланысының көрсетілетін қызметтері

Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, көрсетілетін қызметтердің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкіндігінің жоқтығы не экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы себепті бәсекелес байланыс операторы болмаған кездегі телекоммуникациялардың көрсетілетін қызметтері;
кәбілдік кәрізді және телекоммуникациялардың желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілеріне қосумен технологиялық байланысты өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
пошта байланысының жалпыға қолжетімді көрсетілетін қызметтері

Жалпыға қолжетімді электр байланысының және жалпыға қолжетімді пошта байланысының көрсетілетін қызметтері



4.

Жылу энергиясын беру және тарату

Жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Жылу энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер



5.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау және суды бұру

Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтері

Орталықтандырылған жүйелерді, коммуналдық инфрақұрылым жүйелерін пайдалана отырып, сумен жабдықтау және суды бұру

Бәсекесіз сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

6.





Ішкі су жолдарының инфрақұрылымын пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер



7.



Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтері





8.



Кіреберіс жолдары көрсетілетін қызметтері





9.





Солтүстік теңіз жолы акваториясында кемелерді мұз жарып өткізу



10.







Электр энергиясын бөлу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

11.







Есеп орталығы көрсететін қызметтер

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 21 ҚОСЫМША     

Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда,


электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар
субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді
қамтамасыз ету туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі - Шарт) 81 және 82-баптарына сәйкес электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын айқындайды.


      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «электр энергиясына (қуатына) ішкі қажеттілік» - электр энергиясының (қуатының) тиісті мүше мемлекеттердің аумағында тұтынуы үшін қажетті көлемдері;
      «электр энергетикасы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - мүше мемлекеттердің біреуінің ішкі нарық субъектісінің басқа мүше мемлекет аумағындағы электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің көрсететін қызметтерін пайдалану мүмкіндігі;
      «электр энергиясымен (қуатымен) алмасу» - мүше мемлекеттердің шекарасында (шекараларында) орналасқан түрлі жеткізу нүктелері арқылы өзара байланыста және бір мезгілде тең көлемдегі электр энергиясын (қуатын) электр энергетикасы жүйесіне жеткізу және одан алу;
      «электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру» - мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының электр энергиясын (қуатын) ауысу және (немесе) олармен алмасу бойынша қызметтер көрсетуі. Мүше мемлекеттер заңнамасының ерекшеліктеріне қарай тиісті қарым-қатынастар беру (транзит) жөніндегі қызметтер көрсету шарттарымен немесе электр энергиясын (қуатын) сатып алу-сату шарттарын қоса алғанда, өзге де азаматтық-құқықтық шарттармен ресімделеді;
      «мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы» - электр энергиясын (қуатын) және ілеспе қызметтерді сатып алу-сатумен байланысты, ортақ қағидалар мен тиісті шарттар негізінде қолданылатын, мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтары субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастар жүйесі;
      «электр энергиясын (қуатын) өткізу» - бір мүше мемлекеттің аумағында өндірілген электр энергиясының қуат ағынын екінші бір мүше мемлекеттің шекарасында (шекараларында) орналасқан жеткізу нүктелері аралығындағы желілер арқылы қамтамасыз ету;
      «ішкі электр энергиясы нарығының субъектісі» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сол мүше мемлекеттің электр энергиясы (қуаты) нарығының субъектісі болып табылатын, электр энергетикасы саласындағы қызметті, оның ішінде электр энергиясын (қуатын) өндіруді, электр энергиясын (қуатын) сатып алуды және сатуды, электр энергиясын таратуды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды, электр энергиясын (қуатын) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, электр энергетика саласындағы жедел-диспетчерлік басқаруды, электр энергиясын (қуатын) сатуды, электр энергиясын сатып алуды-сатуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын тұлға;
      «электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтері» - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған, электр энергиясын электр желілері арқылы беру, электр энергетикасындағы жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер және өзге де көрсетілетін қызметтер;
      3. Мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
      мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыстарының техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалану;
      қатарлас жұмыстарды жүзеге асыру кезінде экономикалық залал келтірмеу;
      электр энергиясына (қуатына) деген сұранысты қанағаттандырудың тұрақты жүйесін қалыптастыруда негізгі құралдың бірі ретінде нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді пайдалану;
      мүше мемлекеттердің қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелері негізінде, мүше мемлекеттердің электр энергиясы (қуаты) нарықтарының қазіргі бар модельдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;
      мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы заңнамаларын кезең-кезеңмен үйлестіру;
      техникалық нормалар мен қағидаларды үйлестіру.
      Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу Шарттың XIX бөлімінде айқындалған бірыңғай қағидаттар, қағидалар мен әдістер негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мүше мемлекеттер электр энергетикасы саласындағы тиімді ынтымақтастықты ұзақмерзімді перспективада қамтамасыз ету мақсатында өз мемлекеттерінің электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын үйлестіруге жәрдемдеседі.
      5. Одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
      тең құқылық, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтірмеу негізіндегі ынтымақтастық;
      электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының басқа да субъектілерінің экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау;
      мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы заңнамасын, оның ішінде мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің ақпаратты ашуы бөлігінде кезең-кезеңмен үйлестіру;
      бәсекелес қызмет түрлерінде электр энергиясына (қуатына) деген сұранысты қанағаттандырудың тұрақты жүйесін қалыптастыру үшін нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді басымдықпен пайдалану;
      электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін басымдықпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде еш кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      бәсекелестік және монополиялық қызмет түрлерін ажырату мақсатында электр энергетикасы саласындағы ұлттық, тікелей интеграцияланған компаниялар құрылымын кезең-кезеңмен түрлендіру;
      мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының келісілген моделіне сәйкес дамыту;
      мүше мемлекеттердің қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелері негізінде, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарықтарының қазіргі бар модельдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;
      қатарлас жұмыстың өзара келісілген талаптарын сақтай отырып, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысының техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалану;
      нарықтарды интеграциялаудың тиісті кезеңінде электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың мүше мемлекеттердің электр энергиясы нарығына қол жеткізуін ұлттық экономикалардың мүдделерін ескере отырып, қамтамасыз ету;
      мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескере отырып, мүше мемлекеттердің субъектілері арасындағы электр энергиясымен сауданы жүзеге асыру.
      6. Мүше мемлекеттер электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің электр энергиясына (қуаты) деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін басымдықпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде еш кедергісіз қол жеткізуді мынадай қағидаттар:
      аумағында осындай қызметтер көрсетілетін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген электр энергиясының (қуатының) ішкі нарығы субъектілеріне қатысты талаптардың теңдігі;
      электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін басымдықпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру кезінде мүше мемлекеттердің заңнамасын есепке алу;
      электр энергетикасы саласында табиғи монополиялар субъектілері қызметтер көрсеткен кезде, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысы режимдеріне әсер ететін электр энергетикасы объектілерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету;
      мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілері арасында туындайтын қатынастарды шарттық ресімдеу;
      электр энергетикасы саласында мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтердің өтемділігі негізінде қамтамасыз етеді.
      7. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) мүше мемлекеттер электр энергиясын (қуатын) шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді, мүше мемлекеттердің электр энергиясына (қуатына) деген ішкі қажеттіліктері басымдықпен қамтамасыз етілген жағдайда, қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде қамтамасыз етеді;
      2) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін айқындау мынадай басымдықтар есепке алына отырып жүзеге асырылады:
      электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді жүзеге асыру жоспарланып отырған мүше мемлекеттің электр энергиясына (қуатына) деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;
      электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      электр энергиясын (қуатын) бір мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен басқа мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесіне мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      3) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары мүше мемлекет заңнамасына сүйене отырып, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру құнын өтеу қағидатын басшылыққа алады;
      4) үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру тиісті мүше мемлекеттің заңнамасын есепке ала отырып, екіжақты негізде реттеледі.
      8. Мүше мемлекеттер электр энергиясын (қуатын) электр энергетикалық жүйелер арқылы еш кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында келісілген дайындық іс-шаралары кешенін жүзеге асырады, атап айтқанда:
      электр энергиясын (қуатын) жеткізудің күнтізбелік жылы басталғанға дейін мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың ұлттық болжамды теңгерімдерінде есепке алу үшін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін есептеген кезде осындай жеткізілімдерді есепке алу мақсатында мемлекетаралық беруге ұйғарылған электр энергиясының (қуатының) жоспарлы көлемдері туралы мәлімдейді;
      мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарлы құнын есептеу негізінде, қол жеткізілген уағдаластықты орындау үшін келісімшарттар жасасады.
      Электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері арқылы еш кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың бірыңғай әдіснамасын қолданады, ол электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру көлемдері мен техникалық шарттарын анықтау тәртібін, сондай-ақ осы Хаттамаға қосымшада келтірілген, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге байланысты көрсетілетін қызметтерге баға белгілеудің келісілген тәсілдерін қамтиды.
      Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдар жоғарыда аталған Әдіснамаға сәйкес өз мемлекетінің аумағы бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етеді.
      9. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету және электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етуге қажетті электр желілік шаруашылық объектілерін пайдалануды қамтамасыз ету электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді ұсынатын мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
      10. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруден бас тартқан жағдайда, мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар бас тарту себептері туралы негіздеуші материалдарды табыс етуді қамтамасыз етеді.
      11. Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне баға белгілеу (тариф белгілеу) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикасы нарығында электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер ішкі электр энергиясы нарығының субъектілері үшін осындай ішкі тарифтерден аспауға тиіс.
      12. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қатынастарды реттеу қолданыстағы басқа да халықаралық шарттарды есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Баға белгілеу мен тарифтік саясат


негіздерін қоса алғанда, электр
энергетикасы саласындағы табиғи
монополиялар субъектілерінің  
көрсетілетін қызметтеріне қол 
жеткізуді қамтамасыз ету туралы
хаттамаға қосымша      

Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет