Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


қағидалары қолданылатын тауарлар



бет43/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

қағидалары қолданылатын тауарлар

      11. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай


қағидалары мынадай ЕАЭО СЭҚ ТН тауарларын қамтиды:
      1) 01 топ - ЕАЭО СЭҚ ТН 24, 03 тобын қоспағанда (балық пен шаян тәрізділер, ұлулар және басқа да теңіз омыртқасыздары) 1604 тауар позицияларын (дайындалған немесе консервіленген балықтар; бекіре уылдырығы мен оларды алмастырушылар, балық уылдырығынан дайындалған өнімдер) және 1605 (дайындалған немесе консервіленген шаян тәрізділер, ұлулар және басқа да теңіз омыртқасыздары);
      2) 2905 43 000 0 (маннит) СЭҚ ТН қосалқы позициялары;
      3) 2905 44 (D-глюцит (сорбит) СЭҚ ТН қосалқы позициялары;
      4) нақтылары мен абсолюттерді қоса 3301 СЭҚ ТН тауар
позициясы (эфир майы (құрамында терпендері болатын немесе
болмайтын); резиноидтар; экстрагирацияланған эфир майы; анфлераж немесе матераций әдісімен алынатын ұқсас өнімдер немесе балауыз, ұшқыр майлардағы эфир майының концентраттары; эфир майының детерпенизациясындағы терпендік жанама өнімдер; эфир майының су дистилляттары мен су ерітінділері);
      5) 3501 - 3505 СЭҚ ТН тауар позициясы (казеин, казеинаттар мен казеиннен өндірілетін басқа да өнімдер; казеиндік желімдер; альбуминдер (құрамында 80 % артық майы болатын екі немесе одан да көп іркіт ақуыздарының, құрғақ заттарға түгендейтін іркіт ақуыздарының концентраттарын қоса), альбуминаттар және басқа да альбуминнен өндірілген өнімдер; желатин (оның ішінде тікбұрышты (шаршы пішінділерді қоса) парақтарда, өңделген немесе өңделмеген бетімен, боялған немесе боялмаған) және желатиннен өндірілгендер; балық желімдері; басқа да жануарлардан алынған желімдер (3501 тауар позициясындағы казеиннен басқа); пептондар және олардан өндірілгендер; басқа орындарда аталмаған немесе енгізілмеген ақуыз өнімдері мен олардан өндірілгендер; теріден немесе гольден жасалған ұнтақ, хромдалған немесе хромдалмаған; декстриндер және басқа да түрлендірілген крахмалдар (мысалы, алдын ала желатинделген немесе күрделі эфирге айналған крахмалдар); крахмал немесе декстриндер негізіндегі желімдер, немесе басқа да түрлендірілген крахмалдар негізіндегі желімдер; 3503 00 800 1 (құрғақ балық желімі) және 3503 00 800 2 (сұйық балық желімі) қосалқы позициялардан басқа;
      6) 3809 10 СЭҚ ТН қосалқы позициясы (крахмалдық өнімдер негізіндегі басқа орында аталмаған немесе енгізілмеген тоқыма, қағаз шығару, былғары өнеркәсіптері немесе ұқсас салаларда қолданылатын дайын препараттар, басқа өнімдер, бояғыштарды фиксациялау немесе бояуды жеделдетуге арналған құралдар, әрлеу құралдары);
      7) 3824 60 СЭҚ ТН қосалқы позициялары (сорбит, 2905 44
қосалқы позициясындағы сорбиттен басқа);
      8) 4101 - 4103 СЭҚ ТН қосалқы позициясы (қабатталған немесе қабатталмаған, түкті жамылғысымен немесе түкті жамылғысыз ірі қара мал (буйволдарды қоса) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың (әрі қарай өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған) өңделмеген терілері; көрсетілген топта 1в ескертуімен алып тасталғаннан басқа қабатталған немесе қабатталмаған, жүнді жамылғымен немесе жүнді жамылғысыз, қой мен қозылардың (одан әрі өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған) өңделмеген терілері; аталған топқа 1б немесе 1в ескертулерімен алып тасталғаннан басқа қабатталған немесе қабатталған, түкті жамылғысымен немесе түкті жамылғысыз басқа да өңделмеген терілер (одан әрі өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған);
      9) 4301 СЭҚ ТН тауар позициясы (4101, 4102 немесе 4103 тауар
позициясындағы өңделмеген терілерден басқа мамық жүнді-үлбір
шикізат (үлбір өнімдерді әзірлеу үшін жарамды бас, құйрық, табан
және мүшелердің басқа да бөліктері мен қиықтарын қосқанда);
      10) 5001 00 000 0 - 5003 00 000 0 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатуға жарамды жібек құртының пілләсі; тазартылмаған жібек (ширатылмаған); жібек қалдықтары (тарқатуға жарамсыз піллә жіптері мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда);
      11) 5101 - 5103 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатылмайтын жүн, жануарлардың тарқатылмайтын жұқа немесе қалың жүндері; жүні өңделмеген шикізатты алып тастай отырып, иіру қалдықтарын қоса, жануарлардың жұқа немесе қалың жүндерінің қалдықтары);
      12) 5201 00 - 5203 00 000 0 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатылмайтын мақта талшықтары; мақта талшықтарының қалдықтары (жүні құртылған шикізат пен иіру қалдықтарын қоса); тарқатылатын мақта талшықтары);
      13) 5301 СЭҚ ТН тауар позициясы (шикізатты зығыр немесе өңделген, бірақ иірілмеген зығыр; зығырдың қыл-қыбырлары мен қалдықтары; иіру қалдықтары мен жұлынған шикізатты қосқанда);
      14) 5302 СЭҚ ТН тауар позициясы (cannabis sativa L.) кендірі), иірілмейтін өңделген шикізат; кендірдің қыл-қыбырлары мен қалдықтары (жұлынған шикізат пен иіру қалдықтарын қосқанда).

III. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар



      12. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілердің (бұдан әрі - өндірушілердің) мүддесінде іске асырылатын шаралар мынадай негізгі критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
      1) қолдауды бюджет қаражаты есебінен (талап етілмеген түсімдер), оның ішінде тұтынушылардың қаражаты есебінен ғана емес, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көрсету; Талап етілмейтін түсімдер деп мүше мемлекеттің бюджетке тиісті міндетті төлемді алудан түпкілікті немесе уақытша бас тартуы ұғынылады;
      2) қолдаудың салдары өндірушілердің бағасын қолдау болып табылмауы тиіс.
      13. Осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген критерийлерге қосымша ретіндегі саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар осы Хаттаманың 14-26-тармақтарында жазылған өзіндік ерекше критерийлермен  және шарттармен қанағаттандыруы тиіс.
      14. Жалпы сипаттағы көрсетілетін қызметтерді ұсынудың мемлекеттік бағдарламалары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен қайта өңдеушілерге тікелей төленетін төлемдерді алып тастағанда, ауыл шаруашылығына немесе ауыл тұрғындарына жеңілдіктер беру немесе қызмет көрсетуге арналған қаражатты бөлуді (талап етілмейтін түсімдерді пайдалануды) көздейді.
      15. Жалпы сипаттағы көрсетілетін қызметтерді ұсынудың мемлекеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша іске асырылуы мүмкін:
      1) ғылыми зерттеулер, оның ішіндегі жалпы сипаттағы зерттеулер, қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен байланысты зерттеулер және нақты өнімдер бойынша зерттеу бағдарламалары;
      2) зиянкестер және ауруларға қарсы күрестің жалпы шараларын, сондай-ақ нақты тауарларға, мысалы, ерте ескерту жүйесі, карантин және жою секілді тауарларға қатысты шараларды қоса алғанда, зиянкестерге және ауруларға қарсы күрес;
      3) кадрларды жалпы және арнайы даярлау;
      4) ақпаратты жолдауды және өндірушілер мен тұтынушыларға зерттеу нәтижелерін жеңілдету үшін құралдарды ұсынумен қоса, консультациялық қызметтерді, ақпаратты тарату;
      5) сапа бойынша сорттау мен стандарттау, қауіпсіздік, денсаулық сақтау мақсаты үшін жалпы инспекциялық қызметтер мен жеке ауыл шаруашылығы тауарларын тексеруді қосқандағы инспекциялық қызметтер;
      6) маркетингтік ақпаратты, консультациялар мен нақты ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысын қоса алғанда, маркетинг және ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысы бойынша қызметтер (ауыл шаруашылығы тауарларының өткізілу бағасын төмендету немесе сатып алушыларға тікелей экономикалық жеңілдіктер ұсыну үшін сатушылармен қолданыла алатын нақты емес мақсаттарға пайдаланылатын шығындарды алып тастағанда);
      7) электрмен қамтамасыз ету, жол және хабар таратудың басқа жолдары, нарықтық және порттық құрал-жабдықтар, сумен қамтамасыз ету, бөгет және кәріздік жүйелердің инфрақұрылымы бойынша көрсетілетін қызметтер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламамен байланысы бар инфрақұрылымды құру жөніндегі жұмыстар. Барлық жағдайларда қаражат жеңілдіктері бар тұтынушыларға қызмет көрсетуден толық алынбаған пайда немесе пайдалану шығындарын жабуға бағытталған қаражатты қоспағанда, жалпы қолданыстағы инфрақұрылымның күрделі құрылыстары мен жалпы қолжетімді объектілерді жабдықтауға және салуға жұмсалады.
      16. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік резервтерді құру азық-түлік запастарын сақтау мен жинақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында айқындалған шеңберде бөлінетін мақсаттары үшін берілетін қаражат есебінен (талап етілмеген түсімдер) іске асырылады және міндетті түрде мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес болуы керек:
      1) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік резервтерді жинақтау және көлемі нақты азық-түлік тауарларына қатысты алдын ала мақсаттарға міндетті түрде сәйкес болуы қажет;
      2) резервтерді бөлу мен қалыптастырудың үрдістері міндетті түрде қаржылық транспарентті болуы қажет;
      3) мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының азық-түлікті сатып алуы ағымдағы нарықтық бағалар бойынша, азық-түлік резервтерінен сатылымдар - тиісті сапаның нақты өнімдеріне ағымдық ішкі нарықтағы бағаларға қарағанда төмен емес бағалар бойынша іске асырылады.
      17. Ішкі азық-түліктік көмек - халықтың мұқтаж бөлігіне ішкі азық-түліктік көмекті ұсынуға бағытталатын қаражат (талап етілмейтін түсімдер).
      Ішкі азық-түліктік көмек көрсету мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес болуы қажет:
      ішкі азық-түліктік көмекті алу құқығы мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында белгіленеді.
      ішкі азық-түліктік көмек нарықтық немесе субсидияланатын бағалар бойынша олардың азық-түлікпен қамтылуы үшін мүдделі тұлғаларға азық-түлікті тікелей жеткізу немесе қаражат беру нысанында көрсетіледі;
      ішкі азық-түліктік көмекті көрсету шеңберінде мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының азық-түлікті сатып алуы ағымдағы нарықтық бағалар бойынша іске асырылады, ал қаржыландыру мен бөліп беру транспарентті болып табылады.
      18. Өндірушілерге тікелей төлем түрінде (заттық мәндегі төлемдерді қосқандағы талап етілмейтін табыстар мен түсімдерді пайдалану) іске асырылатын мемлекеттік қолдау шаралары осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген критерийлерге, сондай-ақ осы Хаттаманың 19-26-тармақтарында көрсетілген тікелей төлемдердің жеке түрлеріне қолданылатын өзге де критерийлерге сәйкес болуы кажет. Осы Хаттаманың 19-26-тармақтарында көрсетілгеннен басқа тікелей төлемдер осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген жалпы критерийлерге толықтыру ретінде:
      осы Хаттаманың 19-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.
      19. Кірістерді «байланыссыз» қолдау міндетті түрде мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
      1) төлемге құқық анықталған және тіркелген базалық кезеңдегі өндірістің факторын немесе өндірістің деңгейін қолдануға, өндірушінің мәртебесіне, табыстың деңгейіне қарай мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында белгіленеді;
      2) төлем сомасы өнімнің түрі мен көлеміне (мал басын қосқанда), өндіруші өндірген өнімдерге, өндірілген өнімдердің ішкі немесе әлемдік бағасына, өндірістің факторына тәуелді емес;
      3) төлемді алу үшін өнім өндіруді жүзеге асыру талап етілмейді.
      20. Түсімдерді сақтандыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларында мемлекеттік билік органдарының қаржылық қатысуы мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
      1) төлемге құқық ең жоғары немесе ең төмен жылдық көрсеткіштері алып тасталған, алдыңғы бесжылдық кезеңге есептелген алдыңғы үшжылдық кезең немесе үш жылдың орташа көрсеткіштерінен таза түсімдердің нысанында (осындай немесе ұқсас бағдарламалар бойынша алынған кез келген төлемдерді қоспағанда) орташа жалпы пайдадан немесе эквиваленттен 30 пайыздан артық болатын кірістегі шығындармен (дегенмен тек ауыл шаруашылығынан алынатын кірістер ғана ескеріледі) айқындалады. Бұл талапқа жауап беретін кез келген өндірушінің төлемді алуға құқығы бар;
      2) өтем сомасы өндірушіге көмекті алуға құқық берілетін сол жылдардағы кірістерде өндірушінің шығыны көлемінің 70 пайызынан артық болмауы тиіс;
      3) төлем сомасы өнімнің түрі мен көлеміне (мал басын қосқанда), өндіруші өндірген өнімдерге, өндірілген өнімдердің ішкі немесе әлемдік бағасына, өндірістің факторын қолдануына тәуелді емес;
      4) күнтізбелік 1 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мемлекеттік қолдау алуы кезінде осы Хаттаманың 21-тармағына және осы тармаққа сәйкес жалпы өтем сомасы өндірушінің жалпы шығынының 100 пайызынан артық болмауы тиіс.
      21. Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі мен жануарларды сақтандыратын бағдарламаларда мемлекеттік билік органдарының (олар өкілеттік берген ұйымдар) тікелей немесе қаржылық қатысу жолымен іске асырылатын табиғи және өзге де апаттар кезінде көмек көрсету ретіндегі төлемдер міндетті түрде мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
      1) төлемге құқық дүлей зілзала және зілзала (оның ішінде мүше мемлекеттердің аумағында аурулардың туындауы, зиянкестерді жұқтыру, шегірткелердің қаптап кетуі, табиғи өрт, құрғақшылық, су тасқыны және басқа да қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар, техногендік сипаттағы оқиғалар, мүше мемлекеттер аумағындағы ядролық апаттар және соғыс қимылдары және т.б.) болғанын немесе, орын алғанын мемлекеттік билік органдары ресми танығаннан кейін туындайды;
      2) төлем сомасы ең жоғары немесе ең төмен жылдық көрсеткіштер алып тасталған алдыңғы 5 жылдық кезеңге есептелген алдыңғы 3 жылдық кезеңдегі өндірістің орташа деңгейінің 30 пайызынан артық болмайтын өндірістік шығын көлемінің негізінде немесе 3 жылдағы өндіріс көлемінің орташа көрсеткіштеріне негізделе отырып айқындалады;
      3) төлемдер кірістің, табиғи апаттардың себебінен өндірістің басқа факторлары мен ауыл шаруашылығы жерлерінің айналымынан шығып қалған мал басының шығынына (жануарларға ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қоса алғанда) қатысты қолданылады;
      4) төлем сомасы болашақ өнімдердің саны немесе түрлеріне қарамастан, табиғи апаттарға ұшыраған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер шығынының жалпы көлемінен аспауы тиіс;
      5) табиғи апаттар кезінде көмек көрсету ретіндегі төлемдер осы тармақтың 3-тармақшасында айқындалған келешектегі шығындарды азайту немесе алдын ала сақтандыруға арналған қажетті деңгейден аспауы тиіс;
      6) осы Хаттаманың 20-тармағы мен осы тармаққа сәйкес күнтізбелік 1 жыл ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алған кезіндегі өтемнің жалпы сомасы өндірушілердің жалпы шығындарының 100 пайызынан аспауы тиіс.
      22. Өндірушілердің өз қызметін тоқтатуға итермелейтін бағдарламалар арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
      1) төлемге құқық тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қамтылған адамдардың қызметін тоқтатуды жеңілдету немесе оларды экономиканың басқа да секторларына орнықтыруға арналған бағдарламалар шеңберіндегі нақты айқындалған критерийлермен негізделеді;
      2) төлемдер көмек алушылардың тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді толық және ұдайы тоқтатуына тәуелді.
      23. Ресурстарды пайдалануды тоқтату жөніндегі бағдарламалар арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
      1) төлемдерге құқық ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру мақсаты үшін үй жануарларын қоса алғанда, жерді немесе басқа ресурстарды пайдалануды тоқтатуға бағытталған бағдарламалар шеңберінде дәл айқындалған критерийлерге негізделеді;
      2) төлемдер жерді тауарлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласынан ең аз дегенде үш жылға шығаруға, ал үй малы жағдайында - кейіннен оны одан әрі өсіруден бас тартып, оны союға байланысты болады;
      3) төлемдерді іске асыру үшін тауарлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласынан шығарылған жерлерді және басқа ресурстарды баламалы пайдалану талап етілмейді және нақтыланбайды;
      4) төлемдер өнімнің түрі мен көлеміне, өндіріс үшін қалатын жерді немесе басқа да ресурстарды пайдалана отырып өндірілген өнімнің ішкі немесе әлемдік бағасына тәуелді емес.
      24. Инвестицияларды ынталандыру арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
      1) төлемдерге құқық объективті дәлелденген құрылымдық шығасылардың салдарынан өндірушінің қызметін қаржылық немесе физикалық қайта құрылымдауға жәрдемдесуге арналған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде нақты айқындалған критерийлерге негізделеді. Мұндай төлемдерге құқық ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет иелігінен шығару жөнінде нақты айқындалған үкіметтік бағдарламаға да негізделуі мүмкін;
      2) төлем сомасы негіздемеде айқындалмайды және осы тармақтың 5-тармақшасында көзделген талаптарды қоспағанда, өндірілген өнімнің (мал басын қосқанда) түріне немесе көлеміне тәуелді емес;
      3) төлем сомасы негіздемеде айқындалмайды және нақты тауарлардың ішкі және әлемдік құнына тәуелді емес;
      4) төлемдер тек қана осы төлемдер арналған инвестицияларды іске асыру үшін қажетті уақыт кезеңіне беріледі;
      5) қолдау алушылармен төлем іске асырылған кезінде қандай да бір нақты өнімдерді өндірмеу талаптарын қоспағанда, оларға қандай ауыл шаруашылығы тауарларын өндірудің керектігі ешқандай нұсқада көрсетілмейді және жазылмайды;
      6) төлемдер құрылымдық шығындардың орнын толтыру үшін талап етілетін сомамен шектеледі.
      25. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары бойынша төлемдер:
      1) төлемдерге құқық қоршаған ортаны сақтау мен қорғаудың мемлекеттік бағдарламасына қатысумен негізделеді және өндірістің әдістемесі немесе қажетті материалдарға қатысты шарттарды қоса, аталған мемлекеттік бағдарламада көзделген нақты шарттарды орындауына тәуелді;
      2) төлем сомасы мемлекеттік бағдарламаның орындалуына байланысты қосымша шығыстардың немесе кірістегі шығасылардың мөлшерімен шектеледі.
      26. Өңірлік көмек көрсету бағдарламасы бойынша төлемдер:
      1) мұндай төлемдерге құқық қолайсыз өңірлердегі өндірушілерге беріледі. Қолайсыз өңірлерге мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында айқындалған әкімшілік және (немесе) экономикалық аумақтар жатқызылады;
      2) төлемдердің сомасы ауыл шаруашылығы тауарларының (мал басын қоса алғанда) түрі немесе көлемі негізінде айқындалмайды және оларға тәуелді емес, бірақ бұл тауар өндірісінің қысқаруына байланысты болады;
      3) мұндай төлемдердің сомасы нақты тауарлардың ішкі және әлемдік бағасы негізінде айқындалмайды және оларға тәуелді емес;
      4) төлемдер тек көмек алуға құқығы бар өңірлердегі өндірушілерге ғана беріледі және мұндай өңірлердегі барлық өндірушілер үшін қолжетімді болып табылады;
      5) өндіріс факторларына байланысты төлемдер өндірістің осы факторы бойынша бастапқы деңгейден жоғары регрессивті шәкіл бойынша жүзеге асырылады;
      6) төлемдер сомасы белгіленген аумақтағы ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісіне байланысты қосымша шығыстардың немесе кірістегі шығасылардың мөлшерімен шектеледі.

IV. Сауданы үлкен дәрежеде бұрмалайтын шаралар

      27. Үлкен дәрежеде сауданы бұрмалайтын шаралар болып мыналар танылады:
      1) мұндай тауарларды шығарудың нәтижелеріне байланысты нақты өндірушілерге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бірлестігіне немесе тобына тікелей төлемдерді (заттай мәндегі төлемдерді қоса алғанда) жүзеге асыру;
      2) мүше мемлекеттің ішкі нарығында сатып алушыларға ұсынылатын ұқсас тауар бағасынан төмен бағалармен ауыл шаруашылығы тауарларының коммерциялық емес қорларын сату немесе басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуді ұсыну;
      3) басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетілетін өнім мемлекеттік қаражаттар есебінен болсын немесе өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне немесе ауыл шаруашылығы өнімдерінің жиналған алымдары есебінен қаржыландырылатын төлемдерді қоса алғанда, өзге де қаражаттар есебінен болсын, үкіметтің қолдауымен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы тауарларын басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету кезіндегі төлемдерді жүзеге асыру;
      4) жүкті тиеу-түсіру жұмыстарының шығындарын, қайта өңдеу бойынша өнімнің сапасын арттыру және басқа да шығыстар, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға байланысты шығыстарды қоса алғанда, басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысы мен маркетингіне шығындарды төмендету үшін (экспортты дамытуға көмек көрсету және консультациялық қызметтер бойынша кең таратылған қызмет көрсетулерді қоспағанда) мемлекеттік қолдауды ұсыну;
      5) ішкі тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдаған кездегіден гөрі қолайлы шарттарда басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге арналған ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдау үшін ішкі тарифтерді белгілеу;
      6) ауыл шаруашылығы тауарларын мүше мемлекеттің аумағына әкетуге арналған өнімдерге қосуға байланысты ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсыну.

V. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерінің есебі



      28. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерін есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
      1) ақша қаражатын тікелей аудару;
      2) міндеттемені орындауға кепілдеме беру (мысалы, несие және қарыз бойынша кепілдемелер);
      3) үкіметтің тауарды, көрсетілетін қызметті, бағалы қағаздарды, кәсіпорынды (мүліктік кешенді) не оның бір бөлігін, ұйымның жарғылық қорындағы үлесті (акциялар сатып алуды қоса алғанда), басқа да мүлікті, зияткерлік меншік объектілеріне құқықты және т.б. нарықтық бағадан жоғары бағалар бойынша сатып алуы;
      4) мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетіне тиесілі төлемдерді өндіріп алудан толық немесе ішінара бас тарту (мысалы, бюджетке төлемдер бойынша қарызды есептен шығару және т.б.);
      5) тауарларды немесе қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;
      6) нарықтық баға деңгейін қолдауға бағытталған шараларды біріктіретін бағалық қолдау.
      29. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі ақша қаражатын тікелей аударған кезде, өтеусіз берілетін алынған қаражат сомасына сәйкес келеді (мысалы, дотациялар, өтемақылар және т.б. түрінде). Егер қаражат қолжетімді нарықта (банктік кредит, облигациялар және т.б. нарықта) қалыптасқан шарттарға қарағанда анағұрлым қолайлы шарттарда қайтарымды негізде берілетін болса, қолдау көлемі оларды нарықта алған жағдайда аталған қаражатты пайдаланғаны үшін төлеу талап етілетін сома мен нақты төленген сома арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      30. Міндеттемелерді орындауға кепілдеме беру бойынша ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі сақтандыру қызметінің қолжетімді нарығында тиісті міндеттеменің орындалмау қаупін сақтандыру жөніндегі тарифті негізге ала отырып, төлем төлеу талап етілетін сома мен субсидиялаушы органнан кепілдемені ұсынғаны үшін талап етілетін сома арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Кепілдіктерді орындау бойынша бюджеттік шығыстар осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес есептелген олардың деңгейден жоғары сомамен қолдау көлеміне қосылады.
      Мүше мемлекеттер міндеттемелерді орындаудың мемлекеттік кепілдіктерін ұсыну бойынша мемлекеттік қолдаудың деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты осы Хаттаманың VI бөлімінде көзделген хабарламалардың қатарына қосады.
      31. Мемлекеттің тауарды, көрсетілетін қызметтерді, бағалы қағаздарды, кәсіпорынды (мүліктік кешенді) не оның оның бөлігін, ұйымның жарғылық қорындағы үлесті (акциялар сатып алуды қоса алғанда), басқа да мүліктер, зияткерлік меншік объектілеріне құқыққа және т.б. нарықтық бағадан жоғары бағалар бойынша сатып алуы кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі сатып алынған объектілер үшін нақты төленген сома мен осы объектілер үшін нарықта қалыптасқан баға бойынша төлеу талап етілетін сома арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Мемлекеттің акциялар сатып алуға, кәсіпорынның жарғылық капиталындағы өзінің үлесін ұлғайтуға және т.б. жұмсалған, қарапайым инвестициялық практика шарттарына сай келетін шығыстары мемлекеттік қолдау шараларына жатпайды.
      32. Мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне тиесілі төлемді алудан толық немесе ішінара бас тарту кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі өндірушінің бюджет алдындағы орындалмаған қаржылық міндеттемелерінің, оның ішінде қолдау қолданылмаған жағдайда туындауы мүмкін міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді. Міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі қолжетімді кредит нарығында алынған қарыз қаражаты санына тең кейінге қалдырылған міндеттемені пайдаланғаны үшін пайыз түрінде төленуі қажет сома ретінде айқындалады.
      33. Тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі тауарлармен немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың (ұсынудың) нарықтық құны мен нақты төленген сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      34. Нарықтық баға деңгейін қолдануға бағытталған шараларды біріктіретін бағалық қолдау көлемі оған қатысты ретелетін бағалар не бағаларды реттеу жөніндегі шаралар қолданылатын ауыл шаруашылығы тауарларының санын тауарларды қайта өңдеудің сапасы мен дәрежесіне (мысалы, сүттің базисті майлылығы) байланысты ақпаратты түзете отырып, реттелетін ішкі баға мен анықтамалық әлемдік бағаның бөліндісіне көбейтінді ретінде есептеледі. Бағаны қолдауға бағытталған бюджеттік шығыстар (мысалы, сатып алу және сақтау жөніндегі шығыстар) қолдау көлемінің есебіне кірмейді.

VI. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламалар

      35. Мүше мемлекеттер федералды немесе республикалық деңгейде, сондай-ақ ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың тәртібі мен көлемі туралы ақпаратты қоса алғанда, әкімшілік-аумақтық бірлік деңгейінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың ағымдағы жылда жоспарланатын барлық бағдарламалары туралы жазбаша нысанда бірін-бірі және Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) хабардар етеді. Хабарламада әр мүше мемлекеттің және Комиссияның уәкілетті органдары мүше мемлекеттер ұсынатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың критерийін және оның осы Хаттамаға сәйкестігін бағалай алатындай жеткілікті ақпарат қамтылуға тиіс. Мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы барлық ақпаратты қол жеткізу шектелген ақпарат бөліміне аудармайды. Мүше мемлекеттер жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей хабарламаны біріне-бірі және Комиссияға жеткізеді.
      36. Мүше мемлекеттер біріне-бірі және Комиссияға функционалдық және ведомстволық шығыстар жіктемесінің түрлері мен бөлімшелері, бөлімдері бойынша ұсынылатын федералды және республикалық бюджеттің шығыс бөліктерін қамтитын осы Хаттаманың 35-тармағында көрсетілген хабарламаларды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың тәртібі мен көлемі туралы нормаларды жолдайды. Мүше мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктері бюджеттерінің шығыстары хабарламаларда кез келген басқа әдістермен сипатталады.
      37. Федералдық және республикалық деңгейде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктер деңгейінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен көлемі туралы ақпарат көздерінің тізбесін басқа мүше мемлекеттің немесе Комиссияның сұрау салуы бойынша мүше мемлекет немесе олардың уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынуы қажет.
      38. Мүше мемлекеттің уәкілетті органдары есепті жылдың 1 желтоқсанына дейін өз мемлекеттері аумағында ұсынылған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламаларды біріне-бірі және Комиссияға жолдайды.
      39. Ағымдағы жылда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жоспарланатын бағдарламалары және ұсынылған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламалардың нысанын мүше мемлекеттермен бірлесіп Комиссия әзірлейді және Комиссия бекітеді.

VII. Мүше мемлекеттердің жауапкершілігі

      40. Мүше мемлекет осы Хаттаманың 6 мен 8-тармақтарының ережелерін бұзған жағдайда мұндай мүше мемлекет ақылға қонымды мерзімдерде үлкен дәрежеде саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларды немесе саудаға рұқсат етілген көлемнен жоғары бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларды ұсынуды тоқтатады әрі басқа мемлекеттерге саудаға мейлінше жоғары дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін қолдау шаралары көлемі немесе рұқсат етілген көлемнен жоғары мөлшерінде өтемақы төлейді. Өтемақы төлеудің тәртібін Комиссия Кеңесі белгілейді. Мүше мемлекет аталған өтемақыны төлемеген жағдайда басқа мүше мемлекеттердің қарсы шаралар енгізуге құқығы бар.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа 
№ 30 ҚОСЫМША   

Мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет