Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет20/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 
1. Еуропацентристтік әлем геосаясатының негізгі мазмұны қандай? 
2. Әлемді территориялық бөлініске салудың аяқталуы мен ықпал ету 
аумақтарын кеңейту жолындағы күрес қай жылдары және қандай себептерге 
байланысты күшейді? 
3.Үштік одақ қай жылы құрылды және оған қай елдер қатысты? 


81 
4. «Жүректік келісім» - Антанта қай жылы құрылды және оған қай елдер 
қатысты? 
5. Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығуының негізгі себептері қандай? 
 
8 - дәріс. Бірінші дүниежүзілік соғыс. 
1. Соғыстың себептері мен сипаты.
2. Соғыстың басталуы. 
3. Соғыстың қимылдары.
4. Соғыстың салдары. 
Капиталистік 
елдердегі 
экономи-калық 
дамудың 
секірмелігі, 
монополиялардың пайда болуы, қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, 
капитал шығару, рынок үшін күрес, ірі капиталистік елдердің 
территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты істер, олардың арасындағы 
келіспеушіліктерді тудырып түбінде осы үлкен соғысқа себеп болды. Нағыз 
толық мағынасындағы дербес мемлекеттердің бірінші катарына — Англия, 
Германия және АҚШ жатты, Франция, Ресей, Жапония – «бірінші класты, 
бірақ әлі де шын мәнінде емес» - екінші топка жатты, 3-топқа Австро-Венгрия 
жатты. Ал бүл соғысты тудыратын қайшылық ағылшын-герман қайшылығы 
ол - қайшылык отар иемдену туралы кайшылық, Англияда отар өте көп, 
Германияда жоқ. Себебі: Германия отар алғысы келеді, Англия оны өз 
есебінен бергісі келмейді. Міне, осы қайшылық осы уакытқа дейін оқылған 
дәрістерде айтылып кеткендей екі үлкен соғыс одақтары — Үштік одақ пен 
Антанта одақтарын дүниеге келтірді.
Ал енді бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің 
әрқайсысының мүдделері қандай болды?
Герман империалистері жаулап алу бағдарламасыңда Ресейден көп жер 
басып алуды армандады. Ресейдің күнарлы жермен, қазба байлыктарына толы 
жеріне немістердің колонистерін қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті 
Бельгияны аннексиялау, Конго, француздың темір рудасына бай Лонгви және 
Брис бассейіндерін аннексиялау, француз отарларын басып алу, Англияның 
теңіздегі үстемдігін тартып алу, Англияны дүниежүзілік рынокта әлсірету 
тағы басқаны армандады, жоспарлады. Яғни «Ұлы Германияға» он жылдар 
бойына сырттан ешкімнің кедергісін болдырмауды жүзеге асырмак болды. 
Австро-Венгрия болса Сербияны аннексиялауды, Балқанда австро-
венгер үстемдігін орнатуды, Ресейден Поляк, Подолия, Волынды алуды 
көздеді. Австро-Венгрияның бұл бағдарламасын Германия колдады. Себебі 
Германия Австриямен капитал жөнінен байланыстары болып отырған 
жағдайда, Германия Балкан еддеріне капиталын еркін шығаруға мүмкіндік 
алатын еді.


82 
Патшалық Ресейдің империалистері, помещиктері, ірі буржуазиясы 
біріншіден соғыстың мақсаты етіп, Германияның ұлылығын жоюды, Ресейге 
Галицияны қосып алуды, Константинополь мен бүғаздарды алуды ойлады. 
Ағылшын буржуазиясы өте күшті каркынмен дамьш келе жаткан 
Германияның экономикалық қаржыландыру күшін әлсіретуді, Германияның 
әскери, сауда флотын жоюды, Месопотамия мен Аравия жарты аралын оның 
мұнай көздерімен қоса алуды, сондай-ак отарларын тартып алуды арман еггі.
Францияның империалистері де жоғарғылар сияқты Германияның 
әскери-экономикалық күшін талқандауды мақсат етті. Олар 1871 жылы тартып 
алынған Эльзас, Лотарингияны қайтарып алуды ойластырып ғана қойған жоқ, 
сондай-ақ, одан Рейннің сол жағалауын алып, Саар облысын қосып алуды, 
Сирияны алуды, Палестинаны, тағы басқа араб территориясын, Германия 
отарларын тартып алуды көздеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет