Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет17/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 


66 
1. 
Патша I Петрды реформаларды жүргізуге итермелеген негізгі себептер
 
қандай?
 
2. 
I Петрдың қайта құруларының мәні мен ерекшеліктері неде?
 
3. 
Ресейдің I Петрдың патшалық еткен кезіндегі сыртқы саясатының негізгі
 
бағыттары қандай болды? 
4. I Петрдың мемлекеттік-әкімшілік саласындағы қайта құруларының
мазмұны неде? 
5. I Петрдың мемлекеттік-әкімшілік саласындағы қайта құруларының
мазмұны неде? 
6. I Петрдың әскери реформаларының мазмұны неде? 
7. I Петрдың әлеуметтік салада жасаған реформалары нені көздеді?
8. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Ресей империясындағы билік және басқару 
органдары қай мекемелердің қолында болды? 
9. Рухани саладағы I Петрдың жасаған реформалары қандай? 
10. Ресейдегі «батысшылдар» I Петрдың қайта құруларын қалай бағалайды? 
11. Ресейдегі «славянофильдер» I Петрд3ң қайта құруларын қалай 
бағалайды? 
12. I Петрдың қайта құруларын кеңестік тарихнама қалай бағалайды? 
13. Қазіргі заманғы Ресей Федерациясының тарихшылары I Петрдың қайта 
құруларын қалай бағалайды? 
14. «Ағартушылық абсолютизм» деген не? 
15. 1775 жылғы II Екатеринаның уездік және губерниялық реформасы нені 
көздеді? 
16. XVIII ғ. аяғында Ресейде қандай сословиелер мен сословиялық
категориялар өмір сүрді? 
17. Емельян Пугачев бастаған казактық-шаруалар көтерілісі қай 
жылдары болды? 
18. Ресей империясы Польшаның қанша бөлісіне қатысты?
7 - дәріс.
XIX ғ. 70-ші жж. - 1914 ж. дейінгі
халықаралық қатынастар.
 
1. ХІХ ғ. 70-80 жж. халықаралық қатынастар. 
2. ХІХ ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы халықаралық қатынастар. 
3. ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар. 
ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар. 
ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарының басындағы ұлттық соғыстар 
Европаның бет-бейнесін өзгертті. Негізгі державалардың құрамы өзгерді. Бұл 
соғыстарға дейін Австрия, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Пруссия европалық 
саясатқа белгілі бір дәрежеде ықпал етіп отырды. Енді Пруссияның орнын 
Герман империясы басты. Онымен бірге Италия да Европаның басты 
державасының бірі роліне үміттене бастады. Ұлттық соғыстарда жеңіске 


67 
жеткен Германия мен Италия европалық саясатта алдыңғы орынға шықты, ал 
қалған державалардың оларға орын беруіне тура келді. Қырым соғысынан 
кейін және экономикалық техникалық әлсіздігіне байланысты, Ресейдің күші 
де әлсіреді.1866 жылғы Пруссиямен соғыстағы жеңілістен кейін Австрия 
империясы да әлсіреді. Ұлыбританияның күші белгілі бір дәрежеде өсті. 
Қырым соғысынан кейін оның европалық істерге араласуы төмендеп, ол 
«жалтырауық оқшаулану» саясатын әрі жалғастырды. Еуропалық саясаттан 
гөрі, Ұлыбритания отарлық саясатқа көп көңіл бөле бастады. Бұл уақытта 
Ұлыбританияны Европадағы күштердің арасалмағы қанағаттандырды, әсіресе 
Франция мен Ресейдің әлсіреуі. Осы оқиғалардың негізінде Европаның белгілі 
бір дәрежеде тыныштануы жүзеге асты. Салыстырмалы түрде алғанда 
дамудың бейбіт кезеңі басталды. 
Біріккен Германия халықаралық аренада Бисмарктың бастауымен 
белсенді еуропалық саясат жүргізе бастады. Бисмарк Францияны оқшаулау 
үшін Австрия-Венгриямен де, Ресеймен де достық қатынастар орнатуға 
тырысты.1873 ж. 24 сәуірде Ресей мен Австро-Венгрия арасында одақтық 
келісімге қол қойылды. Оған Германия да қосылды .Осылайша 3 мемлекеттің 
соғыс бола қалған жағдайда өзара көмек және халықаралық мәселелерде өзара 
кеңесуге міндеттенген тобы пайда болды. Ол «Үш императорлар одағы» деп 
аталды. Үш император І Вильгельм (Германия), Франц Йосиф (Австрия-
Венгрия), ІІ Александр (Ресей) алдында 1872 ж. қыркүйекте кездескен 
болатын.
Бисмарк Францияны жаңа соғысқа арандатқысы келді. Оны Францияда 
жүріп жатқан әскери реформалар туралы хабар алаңдатты. Бұл кезең Европа 
және халықаралық қатынастар тарихына 1875 ж. «әскери дабыл» деген атпен 
енді.
ХІХ ғ.70-ж. ортасына қарай негізгі оқиғалар Таяу Шығыста өтті. Бұл 
кезең тарихи әдебиетте «1875-1877 жылдардағы «Шығыс дағдарысы» деген 
атпен мәлім. 
1871 жылы Қара теңіздің бейтараптығына қол жеткізген Ресей Балканда 
өз ықпалын қалпына келтіруге тырысты. 1) Ол түрік сұлтаны қоластындағы 
христиандарды қолдады; 2)Қара теңіз бұғаздарына өз бақылауын орнатуға 
тырысты. Босфор, Дарданелл бұғаздары Ресей үшін маңызды болды. Орыс-
австрия қайшылықтарының шиеленісуіне ХІХ ғ.70-ж. ортасында Осман 
үстемдігіне қарсы Балкан халықтарының азаттық қозғалысының тарихта 
бұрын болмаған дәрежеде өрлеуі әсер етті. 1875 ж. жазда түрік үстемдігіне 
қарсы Осман империясындағы католиктер, православтар, мұсылмандар 
мекендеген Босния және Герцеговина провинциясы тұрғындары көтерілді. 
Порта ХІХ ғ. 30-40 жж. берген христиандар мен мұсылмандарды әлеуметтік 
жағынан теңестіру туралы уәдесін орындамады. Герцеговина мен Боснияда 
көтеріліс басталғанда Австрия-Венгрия бұл түріктің ішкі істері оған 
араласпаймыз дегенімен алайда кейін Австрия-Венгрия Босния мен 
Герцеговинаны өзіне қосып алуға тырысты. Ұлыбритания мен Австрия-
Венгрияны негізінен Осман империясының тағдыры толғандырды, олар 


68 
Балкандағы өз ықпалдарын жоюға мүмкін Осман империясының күйреуін 
болдыртпауға тырысты.
1877 ж.12(24) сәуірде Ресей Түркияға соғыс жариялады. Румыниядан 
басқа Ресей жағында Сербия мен Черногория соғысқа кірісті. Түрік бекінісі 
Плевна көп айлар қоршаудан кейін ғана берілді. Балканда орыс әскерлері 
Стамбулға жақындады. Түркиямен жасасқан бітім бойынша, Ресей 
Закавказьеде түріктердің Ардаган, Карс, Батум қалаларын алды. 1878 ж.19 
ақпанда түрік астанасы маңындағы Сан-Стефано деген жерде уақытша бітімге 
қол қойылды. Алайда Сан-Стефано келісіміне Европалық елдер қарсы болды. 
Әсіресе Ұлыбритания мен Австрия-Венгрия бітімді қайта қарауды талап етті. 
1878 ж. маусым - шілдеде Берлинде негізгі еуропалық мемлекеттер және 
Осман империясы қатысқан халықаралық конгресс болды. Оның шешімдері 
бойынша, Румыния, Сербия, Черногория тәуелсіз мемлекет болды. Дунай мен 
Балкан таулары арасында дербес Болгар княздығы құрылды. Сан-Стефано 
келісім шартын қайта қарау Ресейдің мүддесіне нұқсан келтірді. Сондықтан 
Берлин конгресінің шешімдері Ресей, Болгарияда наразылық туғызды. Берлин 
конгресінің басты қатесі - еуропалық державалардың көпшілігінің Балкандағы 
мүддесін және күштер балансын орнатқанымен, оның қатысушылары балкан 
халықтарының талап-тілегімен есептеспеді. 
Орыс-түрік соғысы және Берлин конгресі Австрия-Венгрия мен 
Ресейдің арасындағы қайшылықтардың бірден шиеленісуіне әкелді. Ресей мен 
Австрия-Венгрия Балкан түбегіндегі жаңадан құрылған жас тәуелсіз 
мемлекеттерге өз ықпалын жүргізу үшін бәсекелесті. Бастапқыда Ресей 
ықпалы басым болды. Алайда бірте-бірте балкан мемлекеттері Австрия-
Венгрия ықпалына түсті.1881ж. Сербия Австрия-Венгриямен құпия келісім 
жасады, онда Сербия Босния мен Герцеговинаға дәмесінен бас тартты. 
Австрия-Венгрияның қолдауымен 1882 ж. Милан Обренович өзін Сербияда 
король деп жариялайды, 1885 ж. ол Болгарияға қарсы соғыс ашты. 1883 ж. 
Румыния, Германия, Австрия-Венгрия, Италия одағына қосылды. 
ХІХ ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы халықаралық қатынастар. 
1878 ж. Берлин конгресінен кейін күштердің арасалмағында біраз 
өзгерістер болды. Ең алдымен орыс-герман қатынастары нашарлап, 
Германияның Австрия-Венгриямен жақындасуы басталды. Бисмарк Ресей мен 
Австрия-Венгрия арасы ақыры түпкілікті шиеленісетіні түсініп, ол Ресей мен 
Австрия-Венгрияның қайсысын жақтайды деген мәселелерде ол сенімді 
әріптес ретінде Австрия-Венгрияны көрді. Өз таңдауын Австрия-Венгрияға 
тоқтатқан Германия 1879 ж.7 қазанда Венада Австрия-Венгриямен одақтастық 
жөніндегі құпия келісімге қол қойды,ол бойынша 2 жақтың біріне Ресей соғыс 
ашса бір-біріне көмектесуге міндеттенді. Солтүстік Африканы отарлық бөлісу 
үшін пайда болған Франция мен Италия арасындағы қайшылықтардың 
шиеленісуін пайдаланған Бисмарк Италиямен жақындаса бастайды.1882 ж.20 
мамырда Венада Германия, Австрия-Венгрия, Италия арасындағы Үштік Одақ 
туралы келісімге қол қойылды. Германия, Австрия-Венгрия, Италияға 


69 
Франция соғыс ашса көмектесуге уәде берді. Германияның сыртқы 
саясатындағы бұл бетбұрыс бірден жүзеге асырылды. 
Бисмарк Ресеймен қатынасты үзгісі келмеді, оның Франциямен 
жақындасуын болдыртпауға тырысты. 1885 ж. Шығыс Румелияда Болгария 
княздығымен бірігуді талап еткен көтерілістер туды. Солтүстік және оңтүстік 
Болгария бірікті, алайда бұл Берлин трактаты ережелеріне қайшы келді, 
сондықтан Балкандағы жанжалдарға европалық державалар араласты. Осы 
жағдайда Болгарияда мемлекеттік төңкеріс болып, князь Александр 
Баттенбергский биліктен тайдырылып, оның орнына 1887 ж. Австрия-
Венгрия, Германия қолдаған Фердинанд Саксен-Кобургский билікке келді. 
Ресей үшін Болгар дағдарысының жағымсыз шешілуі, оның Австрия-
Венгриямен және Германиямен қатынастарын нашарлатты. 1887 ж. 6 (18) 
қарашада Берлинде «Алдын ала қайта қауіпсіздендіру» деп аталған орыс-
герман келісіміне қол қойылды. Ресеймен қатынастары нашарлай бастаған 
Германия Ұлыбританиямен қатынастарын жақсартуға тырысты. 
ХІХ ғ. 60 ж аяғы-70 ж. еуропалық саясаттың оқиғалары көптеген 
еуропалық мемлекеттер үкіметінің көңілін өзіне аударды. Олар белгілі бір 
уақытта отарларға деген өз назарларын бәсеңдетті. Франция белсенді отарлық 
саясаттан уақытша бас тартты. Германия да осылай, тек қана Ұлыбритания 
мен Ресей ғана өздерінің отарлық экспансиясының қарқынын төмендетпеді.
Ұлыбританияның отарлық мүдделері жан-жақты болды. Ол Африканың 
оңтүстігінде өз отарлық иеліктерін кеңейтуге күш салды. Отаршылдық 
әскерлері бурлардың жерлерін және африкалық тайпалар жерлерін тартып 
алды. 1879-1880 жж. британ отаршылдары зулус тайпасының қарсылығын 
басты. Үндістанды бағындырғаннан кейін олар онымен көрші елдерді 
бағындыруға тырысты.1860 ж. Непалға тең емес келісімді таңды.1878-1880 
жж. тағы да Ауғанстанды бағындыруға әрекет жасады. Ауғанстанның дербес 
сыртқы саясат жүргізуін жойған келісімге қол қойдыртты. Ұлыбритания 
үкіметі Ресейдің Орталық Азиядағы табысты экспансиясын бақылап отырды. 
ХІХ ғ.70-ж. аяғы-80 ж. басы түркмен тайпалары Ресей қоластына өтті.1885 
ж.орыс және ауған әскерлерінің Кушка түбегіндегі әскери қақтығысы 
Ұлыбританияны қобалжытты. Лондонда Үндістанға төнген орыс қаупі 
туралы айтыла бастады.
Ұлыбритания «жалтырауық оқшаулану» саясатын ұстанатыны туралы 
жоғарыда айтылған еді. 1887 ж. 12 желтоқсанда Австрия-Венгрия, 
Ұлыбритания, Италия Лондонда Жерорта теңізі бассейінде Қара теңіз 
бұғаздарында және Балканда бейбітшілікті және статус-квоны қолдау жөнінде 
келісім жасады. Бұл кезеңде орыс-ағылшын қайшылықтары Орта Азия үшін 
де шиеленісті. Ресей Ұлыбританияның Батыс Қытай мен Ауғанстанға өз 
ықпалын таратуға қарсы тұрды. 1880 ж. Ұлыбританияның Түрікмениядағы 
орыс әскерлерінің жылжуына кедергі жасауға тырысуы, Ауғанстанға күшпен 
өз адамын қоюға тырысу әрекеттері сәтсіз аяқталды. 1885 ж. көктемде Ресей 
әскерлерінің Ауғанстанға жылжуына кедергі болу үшін, Англия Ресейді Қара 
теңізде атқылауды ойлады. Алайда Ресей қысымымен және Ресейді Германия 


70 
қолдап түрік сұлтаны Қара теңіз бұғаздарын жапты. Үш император одағы 
күйреді, Ресей мен Германия орыс-герман бәсекелестігіне қарамастан 1887 ж. 
«Алдын-ала қайта қауіпсіздендіру» одан әрі жалғастырды. Ол бойынша, 
Германияға Франция соғыс ашса Ресей бейтарап, ал Таяу Шығыста Ресейге 
Ұлыбритания қарсы шықса Германия Ресейді қолдануға міндеттенді.
Екі ел арасындағы көптеген келіспеушілікке қатысты Германиядан 
қарыз ала алмаған Ресей Франциямен жақындаса бастайды. 1888 ж. 
Париждің ірі банклері алғаш рет Ресейге француз үкіметінің кепілдігімен 
қарыз берді. Осылайша 2 мемлекет арасындағы қатынастарда тарихи бетбұрыс 
басталды. Арасында терең саяси идеологиялық келіспеушіліктер бар еді. 1891 
ж. Парижде Ресей мен Франция қауіп төнгенде өзара кеңесу туралы келісім 
жасады.1892 ж. 5 (17) тамызда орыс және француз армиясының штабы 
өкілдері әскери конвенцияға қол қойды, ол бойынша екі жақтың біріне 
Германия соғыс ашса, бір-біріне әскери көмек беруге міндеттенді. Әскери 
конвенция 1893 ж. желтоқсанда өз күшіне енді. Орыс-француз одағының 
құрылуы Ресейдің халықаралық оқшаулықтан түпкілікті шығуына әкелді. 
Орыс-француз одағының құрылуы халықаралық жағдайдың тұрақтануына 
әсер етті. ХІХ ғ. соңына қарай халықаралық қатынастардың жаңа тұрақты 
жүйесі пайда болды. Негізгі державалар күштерінің балансы - «Еуропа 
концерті» қалпына келтірілген жоқ. 1897 ж. Ресей мен Австрия-Венгрия сәуір-
мамырда Балкан істері бойынша келісімге қол қойды. Бисмарк Германияның 
2 майданға соғысуына қарсы болып,Ресеймен достық қатынастарды сақтауға 
тырысты. Алайда ол 1890 ж. отставкаға кетеді. Оның орнына Л.Каприви 
отырады. Ол 2 майдандағы соғысқа дайындала бастайды. 
ХІХ ғ. соңына қарай Үштік одақ пен орыс-француз одағы құрылғаннан 
кейін, еуропалық державалардың отарлық саясаты күшейе бастады. Бұл кезге 
қарай отарлық державалардың қатары кеңейді. Бұрыннан отарлары бар 
Испания, Португалия, Голландия, Франциямен бірге олардың қатарлары 
бұрын отарлары болмаған Германия, Италия, Жапониямен толықтырылды. 
АҚШ пен Ресейдің де сыртқы экспансиясы өзіндік ерекшелігі бар, батыс 
еуропалық мемлекеттердің формасына ұқсамады.
Аз уақыт ішінде бұл ірі мемлекеттер Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс 
Азия және Африкадағы отарлармен ықпал ету аймақтарын өзара бөлісті. 
Франция 1881 ж. Тунисті аннексиялады. Бұл ел Осман империясының 
провинциясы болып саналып, оны бей басқаратын. Египеттегі үстемдікке 
жетудің алғашқы қадамын Ұлыбритания 1875 ж. жасаған еді. 1876 ж. 
Египеттегі мемлекеттік банкроттық нәтижесінде Ұлыбритания мен Франция 
оны бірлесіп басқара бастайды. Британ әскерінің Египетті оккупациялауына 
қатысты Франция мен Ұлыбританияның арасындағы дау 20 жылға созылды, 
бірақ әскери жанжал болған жоқ.
Еуропалық мемлекеттер арасындағы келесі бір даулы аймақ - Конго 
өзені бассейні. Конго өзені жағалауларында Бельгия бірнеше еуропалық 
қоныстарды құрды. Алайда бұл жерлерге Бельгиядан да басқа бірнеше 
мемлекеттер дәмеленді. Конго өзені бассейнін отарлық бөлісуге байланысты 


71 
туған қайшылықтарды шешу үшін, 1884-1885 жж. Берлинде Африкалық 
конференция өтті, оған 14 мемлекет қатысты. Оның шешімі бойынша, Бельгия 
басқаруына берілген Ерікті Конго мемлекеті құрылды, оның аумағында 
барлық еуропалық мемлекеттер сауда, кемемен жүзу, табиғи ресурстарды 
игеруде тең құқықты болды. Бұдан кейін Африканы отарлық бөлісуде 
Ұлыбритания мен Франция басты роль атқарды. Кейптаун-Каир-Калькуттаны 
теміржолмен байланыстыру идеясын Англияның белгілі саяси қайраткері, 
отарлық империяларды құруды уағыздаушы С.Родс ұсынды. 
Родс жоспарын жүзеге асыру барысында британ отаршылдары Египет-
тен кейін Шығыс Суданды басып алды, ал 1899-1902 жж. бур республика-
ларын алу үшін Оңтүстік Африкада ағылшын-бур соғысы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет