Орыс-жапон соғысы. ХІХ ғасырдың аяғында Қиыр Шығыста Англия
мен Ресей мүдделері шиеленісті. Ихэтуань көтерілісі кезінде Қытай темір
жолын қорғауды сылтау етіп Ресей Маньчжурияны басып алған еді. Бұл
Жапония, Англия, АҚШ тарапынан наразылықты тудырды. Англия Ресейдің
Маньчжуриядан әрі жылжымауына мүдделі болды. Лондон Ресейден Орта
Азия мен Кавказда кейбір жеңілдіктерге қол жеткізуге тырысты. Ресей
Лондонның Ауғаныстанмен дипломатиялық қатынастарды үзуді және
Персиядағы ықпал аймағын бөлісуді талап етуін қаламады.
Ресейді Маньчжуриядан ығыстыруға тырысқан Ұлыбритания Жапония
мен жақындасуға бет алды. 1902 жылы 30 қаңтарда Лондонда Англияның
сыртқы істер министрі Г.Ленсдаун ағылшын-жапон одақтық келісіміне
қол қойыды, ол бойынша екі держава Қытайдың тәуелсіздігі мен аумақтық
74
тұтастығын қорғауға, сонымен біргі «ашық есік» принциптерін сақтауға
міндеттенді. Бұл әскери-саяси одақ АҚШ, Германияға, әсіресе Ресейге қарсы
бағытталды. Келісімде Жапония үшін маңызды шарт – орыс-жапон соғысы
кезінде Франция Ресеймен бірге қимылдасса, Англия – Жапония жағында
соғысатыны айтылды. Одақ 5 жылға жасалды. Ұлыбритания іс жүзінде бұл
келісім арқылы Жапонияны Ресейге қарсы соғысқа итермеледі. Егер келісуші
бір жақ басқа державамен соғысса, 2-ші жақ бейтарап болады, ал егер қарсы
жаққа бір немесе бірнеше мемлекеттер қосылса, онда 2-ші жақ оған көмекке
келуі тиіс.
Орыс-жапон қақтығысының негізінде Қиыр Шығыстағы 2 державаның
қайшылығы
жатты.
Ресейдің
басты
елдермен,
ең
ал-
дымен,
Жапониямен қатынастарының күрделенуіне, оның елдің орталығы
мен қиыршығыстық шетті жалғастыратын темір жол жүйесін дамытуға,
қатпайтын порттарды иеленуге, Қытайда ерекше жағдайға ие болуға ұмтылуы
ықпал етті. Ресей, Германия, Англия, Франция, АҚШ-тың Қытай істеріне
араласуы олардың арасындағы қайшылықтарды шиеленістіріп, бұл
мемлекеттерідің Қытайда бекінуге ұмтылушылығы бұл аймақтағы жағдайды
шиеленістірді.
Жапонияның Корея мен Маньчжурияны иеленіп, одан әрі Қытайға ішке
рлей ену үшін жасаған әрекеттері басқа елдердің, ең алдымен Ресейдің қар -
сылығын тудырды. Жапония бәсекелестерінен бұрын қимылдап, өз позиция-
ларын бекіту үшін Ресеймен соғысқа дайындала бастады. Жапония Ресейден
Маньчжуриядағы әскери күшін әкетуді талап етті. Ресейдегі патша үкіметі
Жапония соғысуға тәуекел етпейді деп есептеді. Орыс-армиясының саны аз
әрі дайындығы нашар еді. Патша үкіметі жақсы қаруланған, армиясын неміс
нұсқаушылары үйреткен Жапонияның әскери күшін бағалай алмады. Англия
мен АҚШ Жапонияға ақшалай көмек беріп, ол үшін кемелер жасап, қарумен
қамтамасыз етті.
1902 жылғы ағылшын-жапон келісіміне сүйенген Жапония Ресейге
Ресейге өз талаптарын қойып (оның Кореядағы протекторатын мойындау,
Кореяны Оңтүстік Маньчжуриямен қосатын темір жол салуға рұқсат алу,
Маньчжурияда Жапониямен Ресейдің құқықтарын теңестіру), оларды 1903
жылы 23 желтоқсанда ультиматум түрінде талап етті. Петербург оны
орындады, алайда 1904 жылы 6 ақпанда Жапония Ресеймен дипломатиялық
қатынасты бұзып, 2 күннен кейін 9 ақпанда соғыс жарияламай, Порт-
Артурдағы, Кореядағы Чемульподағы орыс әскери-теңіз базасына
шабуылдады. Осылайша, 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысы бастал-
ды. Соғыс екі жақтан да империалистік сипатта болды. Соғыс Ресей үшін
жағымсыз болды. 1904 жылы желтоқсанда Жапония Порт-Артурды (157 күн
табандылықпен қорғанған бекініс құлап, жапондықтар орыс флотын жойып
жіберді, бұл Ресейдің жеңілуінің бастамасы еді) алды, 1905 жылы наурызда
орыс армиясын Мукден түбінде, мамырда орыс флотын Цусимо шайқасында
(орыс флоты толық күйрейді) жеңді.
75
Бұдан кейін ағылшын үкіметі Жапония үшін Лондон банктерін жапты.
Англия мен АҚШ Қиыр Шығыста Жапонияның одан әрі күшеюін қаламады.
Франция Ресейдің ірі әскери құрылымдарын Шығыстан тез арада әкетіп,
батысқа бағыттауын қалады, Ресей оған Германиямен қарсы күш ретінде
қажет еді. Сондықтан соғыстың аяқталуын бәрі қалады.
Ресей мен Жапония арасындағы келіссөздерде делдал болып, күштер
балансын сақтауға тырысқан АҚШ президенті Т.Рузвельт еді. Ол Ресейдің
емес, Жапонияға ниеттес болды. Жапония әскери жеңістеріне қарамастан,
экономикалық, қаржылық қиын жағдайда болды, Токио үкіметі одан әрі
соғысты жүргізуді қаламады.
Ресей ауыр шығындарға ұшырады, оның экономикалық және теңіз ресу
рстары жапондықтарға қарағанда жоғары болды, алайда патша үкіметі де со-
ғысты тез аяқтап, бітім жасауға асықты. Ел 1905-1907 жылдардағы револю-
цияның басталу қарсаңында тұр еді (Порт-Артур бекінісінің құлауы орыс
армиясына моральдық нұқсан келтірді, патша мен әскери басшылықтың
қылмысты ісі елдің ашу-ызасын тудырды.Бекініс құлағаннан кейін 3 аптадан
кейін Ресейде революция басталды).
Орыс-жапон келісімі 1905 жылы 5 қыркүйекте Америкадағы курортты
қала Порт-Смутте қол қойылды (Ресей жағынан – министрлер кабинетінің
төрағасы – Витте, Жапония жағынан – Сыртқы істер министрі Д.Комур).
Келісімді талқылауда 2 мәселеде келіспеушіліктер болды: контрибуция төлеу
туралы; Сахалин аралы тағдыры – жапондықтар оны басып алған еді. Келісім
шарттары Ресей үшін ауыр болды. Келісім бойынша6 Ресей Жапонияның
Кореядағы басымдығын мойындады. Ляодун түбегін, Порт-Артур, Дальний
қалаларын, Оңтүстік-маньчжурия темір жолын Жапонияға берді. Сахалин
аралдарының оңтүстігін Жапонияға берді, Сахалиндегі екі мемлекет шекарасы
50-параллель арқылы өтті. Екі жақ та Маньчжуриядан өз әскерін шығаратын
болды.
Осылайша, 1904 – 1905 жылдардағы орыс-жапон соғысы Ресей үшін
(орыс халқы үшін қымбатқа түсті: 400 мың адамынан, Тынық мұхиттағы
әскери флотынан толықтай дерлік айырылды. Ресей өзінің экономикалық,
мемлекеттік және әскери артта қалғандығынан жеңіліске ұшырады. Соғыста
жеңілу революциялық қозғалысты өрістетті. Бітімнің жасалуы патша
үкіметіне Ресейдегі алғашқы буржуазиялық-демократиялық революцияны
басып-жаныштауға мүмкіндік берді) ауыр аяқталды. Цусимодағы орыс
эскадрасының талқандалуы Ресейдің бүкіл әлемде және Қиыр Шығыстағы
халықаралық беделін төмендетті, қуатты державаларға кіріптар етті. Соғыстан
кейін халықаралық аренадағы күштердің қайта топтасу процесі тез басталды.
Қиыр Шығыста Жапонияның басымдығы бекітілді.
ХІХ –ХХ ғасырлар межесінде әлемнің түрлі бөліктеріндегі соғыстар мен
жанжалдар отарлық қайшылықтардың барынша шиеленіскендігін көрсетті.
ХХ ғасырдың басында Еуропадан тыс жерлердегі отарлық дауларды келісімге
келе отырып шешу саяси мәдениеті пайда болды. Бұл үрдіс отарлық және
аумақтық дауларды реттеу туралы көптеген келісімдерден, бейбітшілік пен
76
қауіпсіздікті нығайту жөніндегі екі Гаага конференцияларының шешімдерінен
көрінді. 1899 жылы 18 – 29 шілдеде І-шіГаага және 1907 жылы 15 маусым –
18 қазандағы ІІ-ші Гаага конференцияларында қару-жарақтарды шектеу
туралы мәселе қаралып, халықаралық дауларды шешуге құқықты Аралық
соттың Тұрақты палатасын құру және Аралық соттың қызметінің принциптері
жасалды. Гаага конференциясының шешімдері соғысты болдыртпау және
бейбітшілікті нығайтудың нәтижелі құралы болған жоқ. Алайда бұл
мәселелердің халықаралық форумда талқылануы үкіметтер мен халықтардың
соғыс қаупіне алаңдайтындығын көрсетті.
Отарлық дауларды бейбіт жолмен реттеу үрдісі Ұлыбританияның ХХ
ғасырдың басындағы сыртқы саясатында да күшейді. Германияның ХХ ғ.
басындағы әскери-теңіз қаруларын жанталаса шығару және т.б. әрекеттері
Еуропадағы күштер балансы мен өмір сүріп тұрған халықаралық тәртіпті бұзу
мүмкіндігі Ұлыбританияның «жалтырауық оқшаулану» саясатынан бас
тартуына әкелді. Ол Германияның болуы мүмкін қарсыластары – Франция
және Ресеймен жақындасуға бағыт алды. Бұл үшін Ұлыбритания олармен
отарлық дауларды реттей бастады. Бұл бағыттағы маңызды келісім
Ұлыбритания мен Франция арасында 1904 жылы 8 сәуірде Лондонда
Ньюфауленд және Батыс Африка туралы екі декларация – Сиам туралы,
Египет-Марокко туралы жасалды. Бұл келісім «Шын жүректік келісім» немесе
«Антанта» деп аталды. Англия – Египетте, Франция – Мароккода емін-еркін
әрекет жасайтын болды. 1904 жылғы келісім отарлық мәселелерге
арналғанымен, іс жүзінде ол Ұлыбритания, Ресей, Францияның әскери-саяси
одағын құру бағытындағы алғашқы қадам болды, бұл одақ түпкілікті Бірінші
дүниежүзілік соғыс жылдары қалыптасты.
1905ж. басында француздар Марокко сұлтанынан олардың ықпалын қа-
мтамасыз ететін реформалар жасауды талап етті. Германия бұған қарсы бо-
лып
Марокконың
тағдыры
туралы
мәселені
талқылау
үшін
халықаралық конференция шақыруды талап етті. Германия Марокконың
«тәуелсіздігін» қорғаушы болып көрініп, онда Германияға басқа елдермен
бірдей құқық беруді талап етті. «І-ші Марокколық дағдарыс» деп аталған
халықаралық дағдарыс туды. Германия, Францияның позициясын әлсірету
үшін, оның Англиямен келісімін жүзеге асыруға кедергі жасау және Марокко
дағдарысын Ресейді Франциядан алыстату үшін пайдалануға тырысты.
Марокко мәселесі бойынша халықаралық конференция 1906 ж. испан қаласы
Альхесирасада өтіп, оған Еуропаның ірі мемлекеттері - Ресей, АҚШ, Марокко
қатысты. Онда Германияны тек қана Австро-Венгрия ғана қолдады.
Конференция Марокконың мемлекеттік тәуелсіздігін және аумақтық
тұтастығын сақтау туралы шешім қабылдады. Ол Марокконы шаруашылық
жағынан игерудегі барлық мемлекеттердің толық тең құқығын және еркіндігін
жариялады. Осылайша, Германияның 1904 ж. ағылшын-француз келісімін
бұзу әрекеттері сәтсіз аяқталды. Марокко дағдарысы француздарға
Ұлыбританиямен ғана емес, Ресеймен де одақтық маңызды екендігін көрсетті.
77
Антантаның келесі қатысушысы - Ресей болуы тиіс еді. Алайда Ресей
мен Ұлыбритания арасы салқын еді. Германия Ресейдің Ұлыбританиямен
жақындасуына және орыс-француз одағын бұзуға тырысты. Алайда ол жүзеге
аспады.
Ақырында,
орыс-британ
жақындасуын
көздеген
француз
дипломатиясы табысқа жетті. 1907 жылы 18 (31) тамызда Санкт-Петербургте
орыс-британ келісіміне қол қойылды, ол екі державаның Азиядағы – Тибет,
Ауғанстан, Персиядағы қайшылықтарын реттеді. Сөйтіп, Үштік Антанта
немесе Үштік Келісім жасалды. Халықаралық аренада Үштік Одаққа қарсы
тұра алатын күш пайда болды.
1911ж. көктемде Марокка астанасы Фец маңында көтеріліс болды. Оны
пайдаланған француздар қалаға әскер кіргізіп, елді оккупациялады.
Германияның бұл отарлық жанжалға араласуынан қауіптенген Франция оған
Конгодағы отарлық иеліктерінің бір бөлігін ұсынып Мароккадан бас тартуды
талап етті. Бұған қанағаттанбаған Германия үкіметі 1911 ж. 1 шілдеде Марокко
жағалауына жеңіл крейсер жібереді. «Агадир дағдарысы» деп аталған өткір
халықаралық дағдарыс туды. Германия және Франция дипломаттары ұзақ
келіссөздер жүргізіп, Марокка дағдарысын тез арада бейбіт түрде реттеу
мүмкін болды. Бірінші Марокка дағдарысы кезіндегідей Ұлыбритания
Францияны қолдады. 1911 ж. 4 қарашада француз-герман келісіміне қол
қойылып, Германия Францияның Мароккоға басым құқығын мойындайтын
болды, ол үшін Франция экваторлық Африкадағы Конгоның бір бөлігін
беретін болды.
Босния мен Герцеговинаны аннексиялаумен бірге 1908 ж. жас түрік
революциясы халықаралық жанжалдар мен дағдарыстардың түрлерін
туғызды. Бұл бағытта Түркияны Ресей қолдады. Ресей Австрия-Венгрияның,
Германияның, Италияның байланыстарын әлсіретуге тырысты.1909 ж.11 (24)
қазанда екі жақ нотамен алмасты. 1911ж. 28 қыркүйекте Италия Осман
империясына ультиматум қойып, келесі күні оған соғыс жариялады. 5
қарашада
италия
үкіметі
Триполитания
мен
Киренаикиді
аннексиялайтындығы туралы декрет жариялады. 1912 ж. 15 қазанда Италия
мен Түркия арасында алдын ала, ал 18 қазанда Лозанада түпкілікті бітімге қол
қойылды.
Итальян - түрік соғысы кезінде Балканда жаңа дағдарыс туды. Соның бір
қатысушы Сербия болды. 1903 ж. Сербияда мемлекеттік төңкеріс болып, Петр
Карагеоргиевич король болып сайланды. Ол Сербияның сыртқы саясатының
басты бағыты - барлық оңтүстік славян жерлерін Ұлы Сербия қоластына
біріктіру деп ойлады.1912 ж. сәуірде болгар-серб одақтық келісім жасалды.
Алайда бұрынғы Осман империясы иеліктерін бөлісу туралы мәселе
жеңімпаздар лагерінде қайшылықтарды туғызды. Сербия Адриатика теңізіне
шыға алмағандықтан Македония жерінен компенсация сұрады. Греция
оңтүстік Македония мен батыс Фракияны алғысы келді. 1913 ж. 1 маусымда
Греция мен Сербия Болгарияға қарсы құпия одақ жасады. Кейін одаққа
Румыния қосылды. Осылай Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында екі Балқан
соғыстары болды.
78
Ұлыбритания үкіметі Германиямен әскери-теңіз қаруларын шектеу
туралы келісімге келе алмағаннан кейін, 1912 ж. флотқа қатысты жаңа Заң
жобасын дайындады. Ол бойынша, немістердің бір әскери кемесі орнына 2 өз
кемесін жасайтыны көзделді. Франция да әскери флотын күшейту
бағдарламасын жасады. Бірінші дүнимежүзілік соғыс қарсаңында Франция
Ұлыбританиямен одақтық қатынастарын одан әрі бекітті.
Австриялық императоры тағы мұрагерінің өлтірілуі үлкен саяси
резонанс тудырып, ол үшін Австрия-Венгрия үкіметі Сербияны кінәлады.
Австрия-Венгрия 1914 ж. 23 шілдеде Сербияға 10 пунктен тұратын
ультиматум қойды. Сербия Австрия-Венгрия ультиматум талаптарының көбін
қабылдағанымен оның жауабы Австрия-Венгрияны қанағаттандырмады. 1914
ж. 28 шілдеде Австрия-Венгрия Сербияға соғыс жариялап келесі күні
Белградты бомбалай бастады. Тамыз айының басында Германия күтпеген
жерден шабуылдап, Люксембургті басып алды. Ондағы мақсаты - Бельгия
аумағы арқылы француз армиясының негізгі күштеріне соққы беру еді.
Франция агрессияны тоқтатуға белсенді дайындалды. Алайда 2 жақта соғыс
жариялауға асықпады. 1914 ж. француз үкіметі III Наполеонның қатесін
қайталағысы келмеді. Германия да 1870 ж. Бисмарк кезіндегідей соғыс
жариялауға асықпады. Бірақта бұдан кейінгі болған оқиғалар, адамзатқа зор
қиянат әкелген, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелді.
Жаңа заман халықаралық қатынастардың шын мәніндегі жалпыевропа
лық алғашқы жүйесі болып табылған – ХVІІ ғасырдың ортасында пайда
болған Вестфаль жүйесінің құрылуымен басталады. Ол барлық европалық
мемлекеттерді, оның ішінде Вестфаль бітіміне қол қоймаған Ресей мен Осман
империясын да қамтыды. Сонымен бірге оған басынан бастап ХVІІ ғасырда
европалық мемлекеттердің арасында отарлар мен ықпал ету аймақтарына
бөлініп қойған бүкіл әлемді қамту үрдісі тән болды.
Вестфаль жүйесінің негізіне Отызжылдық соғысты аяқтаған келісімдер
алынды, олар Европада халықаралық мойындалған шекараларды белгіледі.
Жалпы алғанда, бұл шекаралар негізінен ХVІІІ ғасырдың аяғына дейін
өзгерген жоқ. ХVІ ғасыр – ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы соғыстар
мен жанжалдар нәтижесінде қалыптасқан күштердің балансы Вестфаль
жүйесін тұрақты етті. Ол өзін қауіпсіздік пен және жекелеген елдердің еркін
дамуының маңызды кепілі ретінде көрсетті. Сондықтан, ХVІІІ ғасырдың
соңына дейін европалық тепе-теңдікті бұзу әрекеттері күшті қарсылыққа
кездесіп, сәтсіз аяқталып отырды.
Соғыстар мен революциялардың,
бір елдердің
құлдырауы мен ал
екіншілерінің өрлеуінің ықпалымен, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында
Вестфаль жүйесі құлдырай бастады. Оны революциялық және наполеондық
Францияның соғыстары түпкілікті күйретті, олар шекараларды қайта пішуге
әкелді, европалық тепе-теңдікті бұзды және құрлықта Францияның үстем
жағдайын қамтамасыз етті.
Наполеондық Францияны антифранцуздық коалицияны жеңуі
Европадағы күштердің балансын қалпына келтірудің және жаңа халықаралық
79
мойындалған шекалардың орнатылуының маңызды алғы шарты болды. 1814 –
1815 жылдардағы Вена конгресі Наполеон соғыстарынан кейінгі европалық
құрылымның басты міндеттерін шешуі тиіс болды. Вена конгресінің
шешімдері халықаралық қатынастардың Веналық жүйесі деп аталған жаңа
жүйенің негізіне алынды. Күштер балансы мен халықаралық мойындалған
шекаралармен бірге ол бес ұлы державалардың одағына («пентархияға») және
«европалық концертке» сүйенді.
Алайда европа қоғамында болған өзгерістердің ықпалымен, ХІХ
ғасырдың ортасында Вена жүйесінің негіздері шайқалды. Бес державаның
одағы ыдырады, «европалық концерт» күйреді. Ұлттық соғыстар барысында
мемлекеттер арасындағы шекаралар терең қайта қарауға ұшырады. Ақырында,
европалық державалар арасындағы күштердің ара салмағы түбірлі өзгерді.
Мұның барлығы ақыр соңында, Вена жүйесінің күйеуіне әкелді.
Ұлттық соғыстар мен революциялар нәтижесінде ХІХ ғасырдың
соңына қарай Европада жаңа халықаралық тәртіп қалыптасты. Ол барлық
европалық жүйелерге тән мынадай ортақ белгілермен сипатталды: күштер
балансы, бейбіт және 1878 жылғы Берлин конгресі сияқты халықаралық
конференцияларда орнатылған халықаралық мойындалған шекаралар.
Сонымен бірге жалпы мойындалған атауға ие болмаған жаңа халықаралық
тәртіп кейбір белгілерімен де ерекшеленді. Бұл ең алдымен, екі қарама-қарсы
топтың – Үштік одақ пен орыс-француз одағының (кейінірек – Үштік
Антантаның) болуынан көрінді. Сонымен бірге ол шын мәніндегі жаһандық
қамтудан да білінді, себебі европалық мемлекеттердің аумақтық және отарлық
экспансиясының нәтижесінде бүкіл әлем отарлар мен ықпал ету аймақтарына
бөлінді. ХІХ – ХХ ғасырлар межесінде алғаш рет халықаралық қатынастардың
бұл жаһандық жүйесіне европалық державалармен бірге теңқұқықты
қатысушылар ретінде АҚШ пен Жапония да кірді.
Алайда бұл халықаралық тәртіп те ХХ ғасырдың басында оның
қайшылықтарының ықпалымен күйреді. Бірінші дүниежүзілік соғыс оны түп-
кілікті жойды. Оның айқын қайшылықтарының бірі – әлемнің басты мемле- –
кеттерінің басқа халықтардың құқықтарын жеткілікті деңгейде құрметтеуге
дайын болмауы, дөрекі әскери күшке табыну және құқықтық нормаларды
елемеуі болды.
Сонымен, ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қатынастар
тарихын қарастыра келіп, оның ерекшеліктері бойынша бірнеше
қорытындылар шығаруға болады.
Біріншіден, ХІХ ғасырда бүкіл әлем елдері мен халықтары дүниежүзілік
қарым-қатынастарға ерекше тартыла түсті. Бұл уақыттан бастап халықаралық
қатынастар бір құрлықпен шектеліп қалмады. Өйткені, дипломатияның
қайнаған ошағы Еуропа құрлығы десек, бұдан былай олар өздерінің саяси
және экономикалық жоспарларына сай Азия, Африка, Америка және тағы
басқа құрлықтарға шикізат көзін іздеу және жаңа нарықтар табу мақсатында
«сапарлар» жасай бастады. Еуропалық капиталистік бұл мемлекеттердің
80
аталған бағыттағы тырысушылығы уақыт өте, мақсатты түрде отарлық
жаушылыққа айналып кете барды.
Екіншіден, орталықтанған мемлекет ретінде қалыптасқан саяси
күштер ХІХ ғасырдан бастап белсенді дипломатиялық күреске түсе бастады,
әр құрлықтың жетекші мемлекеттері сондағы көшбасшылық үшін ымырасыз
күрес жүргізуге кірісті. Америка құрлығында АҚШ бірте-бірте әскери-
экономикалық жағынан қуатты мемлекетке айналып, ХІХ ғасыр бойы өз
территориясын кеңейтумен айналысты. Еуропа құрлығына келсек, мұнда
көшбасшылыққа үміткерлер көп болды. Сондықтан да, Ұлыбритания,
Германия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер арасында күшті
бақталастық орын алды.
Үшіншіден, ХІХ ғасырда халықаралық деңгейде сыртқы саясат
жүргізудің сипаты, әдіс-тәсілі, мәдениеті және заңдылығы өзгерді. Бұдан
былай жанжалдасушы күштер бірден ашық соғысқа түспеді. Жанжалды шешу
үшін түрлі айла-амалдар қолданылды. Бұл уақытта көбіне мемлекеттер
геосаяси мәселелерін одақтастар тарту арқылы шешуге тырысып отырды.
Жаңа жерлерді «игеру» әскери іс-қимылдар арқылы емес, енді іштен жаулау,
яғни, экономикалық тәсілмен отарлау іске қосылды.
Төртіншіден, ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қарым-
қатынастардың өте қарқынды жүруіне орай әлемде айтарлықтай геосаяси
өзгерістер орын алды. Жетекші, дамыған капиталистік мемлекеттердің сыртқы
саяси жаулаушылығы күшейіп, олар әлемді бөліске салу жолына түсті. Бұл
бағытта әсіресе, батысеуропалық мемлекеттердің асығы алшысынан тұрды.
Жалпы, отарлық империяның пайда болуы және дамуы – жаңа кезеңдегі
халықаралық қатынастар жүйесінің құрылу барысының ажырамас бөлігі. ХІХ
ғасырдың бірінші жартысына дейін еуропалық елдердің сыртқы саясаты және
дипломатиясы жаңа территорияларды иемденуге, өзіне тәуелді отарларды
кеңейтуге бағытталды және саяси, сауда жағынан артықшылықтарға ұмтылды.
Сол себепті отарлау мәселесі ұлы державалардың сыртқы саясатында үлкен
маңызға ие болды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарларды қанау түрі
мен мазмұны өзгерді. Отарларды басқару жөніндегі ірі реформалар жүргізілді
(шектеу, сонымен қатар компаниялардың сауда монополияларын жою,
отарлардың жерін сату жүйесін өзгерту және тағы басқа). Егер алғаш
отарларды қанау ақсүйектер мен жоғарғы-сауда қаржылық буржуазияның
мүдделері болса, ал ХІХ ғасырдың ортасында буржуазияның басым бөлігі оған
қатысуға мүмкіндік алды.
Достарыңызбен бөлісу: |