Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет25/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

2. Сен-Жермен-ан-Леде Австриямен жасасқан шарт (10 қыркүйек 1919 
ж.): 
Австрия мен Венгрияның бөлінуі; 
- Италияға Бреннерге дейін Оңтүстік Тиролъды беру; 


97 

тәуелсіз Чехословакия, Польша, Венгрия және Югославия 
мемлекеттерін тану; 
- қару-жарақты қысқартып, армия санын 30 000 дейін азайту; 
- репарациялар. 
3. Нейиде Болгария қол қойған шарт (27 қараша 1919 ж.): 
- Грекияға Фракияның жағалаулың жерлерін беру. 
4. Венгриямен жасалған Трианон шарты (4 маусым 1920ж.): 
- Словакия Чехословакияға өтеді
- Трансилъвания Румынияға беріледі; 
- Банат Югославияға кетеді. 
5. Туркия қол қойған Севр шарты (10 тамыз 1920 ж.): 
- бұғаздарға халыцаралық бақылау орнату және осы мақсатпен 
халықаралық әкімшілік құру; 
- қару-жарақты азайтып, қарулы күштер санын 50000 дейін қысқарту; 
- территорияларды басқаларға беру. 
Бірақ Париж бітім конференциясынан кейін отаршыл елдерге Қиыр 
Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы қарама-қайшылықтарды реттеу, 
сонымен бірге Шаньдун түбегін Жапонияға беруге қарсы болып, Германиямен 
бейбіт бітімге қол коюдан бас тартқан Қытайға қатысты саясатты белгілеу 
АҚШ үшін Вашингтонда конференция шақырып, өзінің пайдасына маңызды 
шешімдерді қабылдаттыруға қолайылы сәт туды. 
 
1921-1922 жж. 
Вашингтон конференциясының шешімдері. 
XX 
ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бітімінің қайта қаралуын талап ете 
бастады. АҚШ-тың ойы - Париж конференциясында сыртқы саясаттың 
жеңіліс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерін өзінің билеу саясатын жүзеге 
асыруға көндіру болды. 
АҚШ үкіметінің тікелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бірінші 
дүниежүзілік соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай Вашингтон 
конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел - АҚШ, Англия, 
Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия 
және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президенті 
Гардинг салтанатты түрде: «Біз дүниежүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты 
орнату үшін бас қосып отырмыз» - деді. Америка Құрама Штаттарының 
конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды? 
Біріншіден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету; екіншіден
Англияның әлемдік мұхиттар мен теңіздердегі үстемдігін әлсірету; үшіншіден
Тынық мұхит аралдарында мандаттық статус-кво құқықтарының сақталуын 
бақылау. Вашингтон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. 
Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзінің дүние жүзіндегі 
қаржылық үстемдігін пайдаланып, өзінің негізгі қарсыластарын көндірді де, 
дүниежүзілік билеу саясатын жүргізуге жол ашты. 
Біріншіден, 1922 жылдың 6 ақпанында «9 держава келісіміне» қол 
қойылды. Мұнда Қытай елінің егемендігі мен жер тұтастығы екі жүзділікпен 


98 
жарияланып, «ашық есік» және «тепе-тең қатынас» принципі ұсынылды. 
АҚШ-тың «ашық есік» саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол 
Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негізгі 
мақсаты - Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету еді. Сөйтіп, «тоғыздық 
келісім» барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және 
несиеден, сондай-ақ Маньчжуриядағы салып жатқан темір жол құрылысынан 
бас тартты. Қытайдағы кеңесшілерін кейін шақырып алды. Сонымен қатар, 
Шаньдун түбегін де Қытайға қайтарды. Сөйтіп, Жапопия Қытайдағы 
беделінен айырылды. 
Екіншіден, конференцияда «бес ел келісіміне» қол қойылды. Соғыс-теңіз 
қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың 
мемлекеттік хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: 
жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерін жасауды тоқтата тұру; ескі соғыс 
–теңіз кемелерін жою; ұлы держава елдері арасындағы соғыс-теңіз 
кемелерінің арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негізгі ойы - жаңадан соғыс-теңіз 
кемелерін жасап, Англияның әлемдік мұхиттардағы үстемдігін әлсірету 
болатын. Конференциядағы «Бес ел келісіміне» сәйкес елдер 35 мың тонналық 
кеме жасаудан бас тартты. Бұл келісімге - АҚШ, Англия, Жапония, Франция 
және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ — 5, Англия - 5, 
Жапония - 3, Франция - 1,75, Италия - 1,75 болып пропорциялық түрде 
белгіленді. 575 мың т. линкор жасау - АҚІII және Англия үлесіне, 315 мың т. 
линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның 
үлесіне тиді. Әрбір линкор салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда 
АҚШ пен Англия 15 линкор жасай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет