121
Екінші дүниежүзілік соғыс әскери-техникалық ойдың қарқынды
дамуына, қару-жарақ түрлерін жетілдіруге және ядролық қарудың пайда
болуына алып келді. Бұл АҚШ тарапынан ядролық диктаттың талпынысын
және КСРО-ның ядролық қару-жарақ саласындағы Құрама Штаттармен тепе-
теңдікке ұмтылысын тудырды. Екінші дүниежүзілік
соғыстың маңызды
қорытындысы- КСРО-ның халықаралық беделінің өсуі және оны АҚШ-тан
кейінгі екінші супердержаваға айналуы болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты саяси қорытындыларының бірі -
1945 жылы 25 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы болды.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары БҰҰ бейбітшілік пен халықаралық
қауіпсіздік үшін күрестің маңызды мінберіне айналды. БҰҰ Жарғысының
бірінші бабында оның мақсаттары: бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қолдау,
жалпыға ортақ бейбітшілікті нығайту үшін ұлттар арасындағы достық қарым-
қатынасты дамыту, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, нәсіліне, жынысына,
тіліне
және дініне қарамастан адам құқықтары мен негізгі бостандықтарға деген
құрмет қалыптастыру болады деп жарияланды.
БҰҰ бас органдарына БҰҰ Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі,
Экономикалық және әлеуметтік кеңес,
Қорғаншылық жөніндегі кеңес,
Халықаралық сот және Хатшылық жатады.
БҰҰ шеңберінде атом энергиясын бақылау жөніндегі Комиссия
құрылды. 1946 жылы Бас Ассамблея қару-жарақ пен қарулы күштерді
қысқарту жөніндегі қарарды бірауыздан мақұлдады, ал 1947 жылы соғысты
насихаттауды айыптаған қарар қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: