Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

50-60 жж.-ғы халықаралық қатынастар.«Қырғи қабақ соғысының» 50 
жж. ортасындағы ерекшеліктері. Соғыстан бейбітшілікке өту қарама-
қайшылықтарға толы болды. Жеңімпаз мемлекеттер, ең алдымен КСРО мен 
АҚШ, бейбіт реттеу мәселелерін соғыс кезінде жасасқан келісімдерге сәйкес 
жүргізулері тиіс еді. Бірақ нақты халықаралық жағдайларда соғыстан кейінгі 
мәселелерді шешуде олардың көзқарастарының әр түрлігі мен өздерінің 
ұлттық мүдделерін қорғауға бүйрек бұратындықтары көрініс беріп отырды. 
Бұл мүдделер түбірімен бір-біріне қарама-қарсы болатын себебі КСРО мен 
АҚШ әртүрлі идеологиялық принциптер мен позицияларды ұстанды. Ұлттық 
қауіпсіздікті олар өз жүйелерінің әлемдік деңгейде салтанат құруы деп түсінді. 
Бір жағынан, дүниежүзілік революция және капитализмнің орнына 
социализмнің орнауы, екінші жағынан, капиталистік қоғамның нығаюы және 
либералдық демократиялық таралуы және қоғамның болашағы туралы осы екі 
қарама-қарсы тұжырым КСРО мен АҚШ арасындағы қарама-қарсылықтың 
ғаламдық сипатын анықтады. Тіпті аймақтық қақтығыстар да осы екі ұлы 
мемлекеттердің қатысуынсыз өтіп көрген емес.
Осыдан 
келіп 
американ 
сыртқы 
саясатының 
тұжырымдары 
«коммунизмді артқа лақтырып тастау», «бастырмалата кек алу», «отпен 
ойнау», «шұғыл жауап беру», «шектелген ядролық соғыс» деп аталады. Бұл 
терминдер АҚШ-тың әр кездегі стратегиялық тұжырымдарын бейнеледі, бірақ 
олардың жалпы мәні бір болды-ол әлемдік капиталистік жүйені сақтау, 
қосөрісті дүниедегі жанжалдарды әскери-күш қолдану және қорқыту саясаты 
арқылы шешу болды. 


126 
КСРО өзінің стратегиялық мақсаттарын мұндай ашық түрде 
жарияламағанымен, өзінің ықпал жүргізетін аймағын қорғап, әлемді бөлу 
және халықаралық қатынастарда «бейбітшілік, демократия және социализм 
күштері» мен «реакция, империализм және соғыс күштері» деп шектеу 
бағытын ұстады. Корея соғысы (1951-1953) дүниежүзілік соғыстан кейінгі 
жылдардағы тұңғыш қауіпті халықаралық дағдарыс болды. 
Сайып келгенде, «қырғи қабақ соғыстың» басты белгісі-ол әлемдік 
саясаттағы теке тірес болды, одан басқа белгілері: екі ұлы мемлекеттің 
айналасындағы әскери-соғыс одақтарының құрылуы (НАТО және ВШҰ); 
жанталаса қарулану, оның ішінде ракеталық-ядролық қарулану саласында; 
әскери-күш тұрғыдан ойлау; бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен 
жаудың бейнесін жасау. 
Қақтығыстар мен сыртқы саясаттағы авантюризм. 50-60 жж. кеңес-
американ қатынастарыңда дұшпандық пен дау-жанжалдар басым болды. Екі 
елдің арасындағы қатынастардың негізінен халықаралық қатынастардың 
бағытын анықтайтындығын ескерсек, бұл аса қауіпті жағдай еді. Тек бірнеше 
аса қауіпті халықаралық дағдарыстарды бастарынан кешіргеннен кейін ғана 
екі жақ халықаралық шиеленісті бәсеңдетудің қажеттігін түсінуге болады. 
Таяу Шығыс дағдарысы. Егер Еуропадағы әскери-соғыс одақтарының 
құрылуына байланысты белгілі тепе-теңдік орнаса, Таяу Шығыс аймағы 50-ші 
жж. тұрақсыздық пен аса қатты қарама-қарсылықтар аланыңа айналып, өз 
құшағына Еуропаның жетекші капиталистік елдерін, КСРО мен АҚШ-ты 
тартты. Қарама-қарсылықтар түйіні бұл жерде Екінші дүниежүзілік соғыс 
бітісімен-ақ түйілген болатын. Сол кезде Сирия, Ливан, Трансиордания 
тәуелсіздік алды да, Ұлыбритания арабтар мен еврейлер мекендейтін 
Палестинаны басқару жөніндегі мандатын сақтап қалды. БҰҰ-ның шешімі 
бойынша 1947 ж. қарашада Палестинаның орнына екі – араб және еврей 
мемлекеттері құрылуға, ал Иерусалимге жұрттың барлығына ашық еркін қала 
мәртебесі берілуге тиіс болатын. 1948 ж. еврей мемлекеті құрылды да, араб 
мемлекеті құрылмай қалды. Арабтар еврей мемлекетін танудан бас тартты. 
Таяу Шығыстағы қақтығыстарға біраз еуропалық елдер, АҚШ пен КСРО 
араласты. КСРО арабтарға болысты. АҚШ 1948-1949 жж. бірінші араб-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет