Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет6/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 
1. XVIII ғ. Францияда болған буржуазиялық революцияның себептері? 
2. Неліктен XVIII ғ. аяғында Францияда болған буржуазиялық 
революцияны ұлы революция деп атаймыз? 
3. Ұлы француз буржуазиялық революциясының төрт кезеңін атап, 
оларға сипаттама беріңіз? 
4. Француз буржуазиялық революциясының қай кезеңінде 4 жыл бойы 
шешілмеген мәселелер шешілді? 
5. Якобиндық диктатураның көсемдерін атаңыз. 
6. Якобиншілер диктатурасының атақты аграрлық декреттеріне 
сипаттама беріңіз. 
7. Якобиншілер жариялаған «қызыл революциялық террордың» мәні 
неде? 
8. Якобиншілер диктатурасының құлау себептері? 
9. Термидориандықтар деген кімдер? 
10. Директорияның құлау себептері? 
11. Францияда 18 брюмер 1799 жылы болған мемлекеттік төңкерісі 
барысында кім мемлекет басына келді? 
12. Бонапартизмнің таптық мәніне сипаттама беріңіз. 
5-дәріс. 1815 жылғы Вена конгресі. Халықаралық 
қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы, дамуы 
және күйреуі 
 
1. Наполеон армиясының талқандалуы және Еуропадағы бейбіт реттеу 
мәселелері. 
2. Венадағы еуропалық мемлекеттердің конгресі. 
3. Вена конгресіндегі дипломатиялық күрес және оның негізгі 
шешімдері. 
4. Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы, дамуы 
және күйреуі.
 
Наполеон армиясының талқандалуы және Еуропадағы бейбіт реттеу 
мәселелері. Вена конгресі Наполеон Бонапарт империясымен тығыз 
байланысты оқиға. Себебі - ол Наполеон империясы талқандалғаннан кейін 
Еуропадағы бейбіт реттеу мәселелерін қарастырған жиылыс болды. 
Сондықтан біз Вена конгресінен бұрын Наполеон армиясының күйреуіне 
тоқатала кетуіміз керек. 


27 
Наполеонның сол кездегі француз буржуазиясының езгісіне 
бағындырмақ болған халықтардың, әсіресе Испания мен Ресей халықтарының, 
француз әскерлеріне көрсеткен тегеуріні Наполеон империясына аса күшті 
соққы болып тиді. 
Француз жаулап алушыларының басып кіруіне қарсы халық 
қозғалыстары. XV-XVI ғасырлардағы күшті Испания XIX ғасырдың басында 
Англия мен Франциядан едәуір артта қалған еді. Испания абсолюттік 
монархия болды. Елді король мен оған жаққан бір топ сарай маңындағы 
қызметкерлер басқарды. Дін басыларының ықпалы аса күшті болды, халықты 
күйзелту есебінен бұлардың байлығы арта берді. Елде инквизиция қаһарын 
төгіп тұрды. 
1808 
жылы Наполеон
әскерлері Испанияға баса-көктеп
кірді. 
Француз әскерлері Испания жеріне кірген күннен-ақ, онда халық соғысы - 
герилья басталды. Испандықтар партизан отрядтарын ұйымдастырып, шетел 
басқыншыларына қарсы күресті. 180 мың әскерді бастап, Наполеонның өзі 
Испанияға басып кірді, қылышын жарқылдатып, жолындағының бәрін қырып-
жоя отырып, Мадридке кірді. Бірақ партизан соғысының өрті бүкіл Испанияда 
қаулай түсті. 
Көтеріліс жасаған Сарагосаны 1808 жылы француз әскерлері қоршап 
алды. Олар сегіз ай бойы Сарагосаны ала алмады. Қаланың тұрғын халқы 
подвалдарға тығылды, қала түгел дерлік өртеніп кетті, ал артиллерия 
снарядтары түскен үйлердің қабырғаларынан табанды жауынгерлер 
мылтығын кезеп атты. Әйелдер жауға қарсы әкелерімен, ағаларымен, 
ерлерімен бірге шайқасты. 
Сонымен бірге шаруалардың көтерілістерінен зәресі ұшқан помещиктер 
интервент француздарды жақтады. 
Испан халқының шетел жаулап алушыларына көрсеткен қарсылығы 
революцияға ұласты. Революциялық жолмен жиналған кортестер (парламент) 
1812 жылы Испанияда конституция қабылдады. Король өкіметі сақталып 
қалды, бірақ ол заңдарды кортестердің келісімі бойынша шығара алатын 
болды. 
Испан революциясы туралы хабар теңіздің ар жағындағы отарларға да 
жетті, бұл Орталық және Оңтүстік Америкадағы испан отарларының көтеріліс 
жасауына себеп болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет