Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
пәнінің мақсатын атаңыз?
2. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
пәнінің міндеті не?
3. Жаңа заман тарихының Еуропа тарихында алатын орны мен маңызын
қалай түсінесіз?
4. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы қай
уақыт аралығын қамтиды?
5. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
қандай кезеңдерге бөлінеді?
6. Қазіргі заман тарихы кезеңіндегі жаңа еуропалық өркениетке қандай
белгілер тән болды?
7. Буржуаиялық революциялар сипаты қандай?
2-дәріс. XVII ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы.
1. XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының себептері
2. Революцияның барысы мен нәтижелері
3. XVIII ғ. Англиядағы конституциялық монархия
7
VII – XVIII ғғ. алғашқы буржуазиялық революциялардың себептері мен
сипаты. Феодалдық жүйенің ірі халықаралық орталығы римдік католик
шіркеуі болған еді. Ішкі қайшылықтар мен соғыстарға қарамастан, ол бүкіл
Батыс Еуропаны саяси жағынан біртұтас етіп біріктіріп отырды. Шіркеу
феодалдық құрылысты құдайдың тәртібі деп қасиеттеп қорғаштады. Өйткені
шіркеу барлық католиктік елдерде ірі феодалдар қатарына жатты. Оның
қоғамдығы рөлі де күшті болды. Ғылым мен білім, мәдениет пен салт-дәстүр
діни идеология арасындағы рух қоршауында еді. Сондықтан XVII – XVIII
ғасырлардағы буржуазиялық революциялар діни бүлік сипатында болды.
Абсолютизмге және шіркеуге қарсы ұрандарды Батыс Еуропада
университеттер мен саудагер – кәсіпкерлер көтерді. Буржуазия барлық жерде
қолөнершілер мен жұмысшыларды күреске бастады.
Қандай да болсын буржуазиялық революцияның табысты болуы сол
кездегі халықтың басым көпшілігі - шаруалардың қатысуына байланысты.
Шаруалар не үшін және неге қарсы күресті? Олардың күресі діни, саяси емес,
әлеуметтік сипат алып, жер үшін жүргізілді. Шаруалар басыбайлықтың қандай
да болсын түріне қарсы көтерілді, олар жер иелену құқығы үшін, феодалдық
міндеткерліктер мен шіркеудің ондық салығын жою үшін күресті. Күрес
барысында шаруалар мырзалар зорлықпен тартып алған қоғамдық жерлерді:
шабындық пен жайылымдарды, ормандар мен т.б. жерлерді қайтарып алуға
тырысты. Түптеп келгенде шаруалар буржуазиялық революция арқылы
дворяндар мен дін басылардың сословиелік өктемдігін жоюға ұмтылды. Яғни,
негізгі мәселе азаматтық теңдік орнату еді.
Буржуазия мұндай көсемдікке қалай ие болды? Мәселе мынада еді.
Буржуазиялық революциялар дәуірінде феодалдар мен буржуазия қарама –
қайшылықтарымен қатар ол кездегі қоғамда қанаушы мен қаналушылар, бай
арамтамақтар мен кедей еңбеккерлер арасындағы шиеленіс ерекше көзге
түсетін еді.
Сонымен, қорыта айтқанда, буржуазиялық революцияда қозғаушы күш
қала қолөнершілері мен еңбеккерлері, ал олардың басты одақтасы және
жауынгер армиясы шаруалар болды.
XVII-XVIII ғасырлардағы революциялар ақиқат мазмұны бойынша
буржуазиялық
болды
және
сол
жүзжылдықтардағы
қызу
әрекеттердің барлығы негізінен қоғамның феодализмнен буржуазиялық
қатынастарға көшуіне байланысты.
XVII ғ. басына таман Англиядағы корольдік билік заманы кеткен
феодалдық-абсолюттік биліктің тірегі болса, экономикалық және әлеуметтік
тұрғыдан күшейіп алған буржуазия және жаңа дворяндар өз өз мүдделеріне
сай үкіметтік саясатты бағыттап отырғысы келді. Ағылшын парламентінің
төменгі палатасы – қауымдар палатасы олардың өз мақсатына жетуіне дайын
саяси құралға айналды.
I Елизавета Тюдор билеген кезде басталған әулет пен парламент арасын-
дағы күрес, I Карл Стюарт билеу кезінде 1629 жылы парламенттің
8
таратылуына, ал 1640 жылы ол «Ұлы бүлік» деп аталған буржуазиялық
революцияға әкелді.
Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихын төрт кезеңге бөледі:
- конституциялық кезең (1640-1642 жж.);
- бірінші азамат соғысы кезеңі (1642-1646 жж.);
- революцияның демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес және
екінші азамат соғысы кезеңі (1646-1649 жж.);
- индепенденттік республика кезеңі (1649-1653 жж.).
Оппозицияның абсолютизмге қарсы күресінде идеологиялық қаруы
болған - кең коғамдық діни-саяси қозғалыс – пуританизм болды. Пуритандық
қозғалыстың әлеуметтік-саяси құрамы мен діни көзқарастарының күрделілігі,
революцияның қарсаңы мен оның барысында, бұл шептің ішінде үш басты
саяси ағымның қалыптасуына әкелді:
- пресвитериандардың, олардың қатарында ірі буржуазия және жер
аристократиясы болды. Олардың талабы болған -корольдің еркіндіктерін
шектеу және корольдің күшті билігі бар конституциялық монархияны орнату;
- негізіннен орта және үсақ дворяндар мен қала буржуазиясының орта
топтарынының мүдделерін қорғайтын индепенденттердің. Олар шектеулі
конституциялық монархияны орнатуға, бодандардың ажырамас құқықтары
мен бостандықтарын мойындауға және жариялауға қол жеткізгісі келді;
- индепенденттік қозғалыстан бөлініп шыққан және шаруалар мен
қолөнершілердің қолдауына ие болған левеллерлерден. Левеллерлер халық
егемендігі, жаппай теңдік идеясын жариялады, олар республиканы
жариялауды, ерлерге жаппай сайлау құқын беруді, қоршап алынған жерлерді
қауымдарға қайтадан қайтарып беруді, жалпы құқық жұйесін реформалауды
талап етті.
Революцияның басталуына серпіліс берген Англияның 1639 жылғы
ағылшын-шотландық соғысындағы жеңілісі. Тоқтамай болып жатқан шаруа-
лар және қала көтерілістері, қаржының болмауы, тек бұқара халық емес,
финансисттер мен көпестер арасындағы наразылықтың өсуі, монархяның
жағдайын қатты нашарлатып, I Карлды жаңа парламентті шақыруға
мәжбүрледі. 1640 жылдың 3 қарашасынан - 1653 жылдың 20 сәуіріне дейін
қызмет атқарған, тарихқа «Ұзақ парламент» атағымен кірген, осы
парламенттің шақырылуынан бастап, 1640-1642 жылдарды қамтыған,
революцияның конституциялық кезеңі басталады.
Ұзақ парламент үш негізгі актті қабылдады:
- корольдің еркіне қарамастан әрбір үш жыл сайын Парламент шақы –
руды көздейтін «үш жылдық акт»;
- оның рұқсатысыз Парламентті таратуға болмайтыны туралы билль;
- буржуазия мен жаңа дворяндардың мүддесін қорғаған, 204 баптан
тұратын әулеттің елге жасаған қиянаттарының тізімі жарияланған «Ұлы
Ремонстрация» атты құжат. Оның негізін құрған - жерге жеке меншік құқығын
қамтамасыз ету және жылжымалы мүлікке әулеттің қолын сүғудан қорғау,
кәсіпкерлік қызмет пен сауданың еркіндігін жариялау, діни қудалау мен әулет
9
тарапынан болатын финанстық озбырлықтан сақтау, барлық лауазымды
адамдардың парламент алдында есепті болу сияқты мәселелер; сонымен
қатар онда шіркеуді реформалау талабы да болды.
Ұзақ парламент абсолютизмнің негізгі құралдарын жойды:
- «Жұлдызды палата» және «Жоғарғы комиссия» сияқты төтенше
корольдік соттарды;
- барлық монопольдік патенттер және артықшылықтарды, ал олардың
иелерін парламенттен аластатты;
- корольдің ең жақын кеңесшілерін сотқа тартып, өлім жазасына кесті.
Ұзақ парламент қабылдаған құжаттар корольдік билікті шектеп,
конституциялық монархияның орнауына септігін тигізді. Бірақта парламентте
үстемдікке ие болған пресвитериандар (лендлордтар және ірі буржуазия),
революцияның тереңдеуінен сескенді, сондықтан 1942 жылдың күзіне таман
саяси жанжал әскери қақтығысқа сайыды.
1642 жылдың жазының аяғына таман король парламентке соғыс
жариялады. Сөйтіп, корольді жақтаған роялисттер («кавалерлер») мен парла-
ментті жақтаған «домалақ бастылар» арасында бірінші азамат соғысы
басталды. Екі жақ та тұрақты армияларды құрды.
Пресвитериандардың жүргізген шешімсіз саясаты, бірінші шайқастың
өзінде-ақ парламенттік армияның жеңілуіне әкелді. Осы оқиғадан кейін
парламенттегі әскери басшылық Оливер Кромвель басқарған индепен-
денттердің қолына көшті.
1945 жылдың қысында парламент қабылдаған «Жаңа үлгідегі
ордонансқа» сәйкес жаңа парламенттік армия құрылды және оны үкімет
қаржылайтын болды. Әскердің қатардағы құрамы еркін шаруалар және
қолөнершілерден жасақталатын болды. Офицерлік лауазымдар шығу тегіне
қарамастан қабылеттері бойынша ауыстырылды. 1645 жылдың жазында қайта
құрылған парламенттік әскер корольдік әскерлерді талқандады. 1646 жылдың
аяғына таман бірінші азамат соғысы парламенттің жеңісімен аяқталды.
Пресвитериандық парламент үшін революция аяқталған еді. Оларға,
корольмен бірігіп елді басқаратын, парламенттің үстемдігі орнаған
конституциялық монархия үлгісіндегі саяси жүйе қолайлы еді. Джентри және
буржуазия корольдік әскерлерді талқандағаннан кейін революция негізіннен
аяқталды деп есептеді. Олар өзінің негізгі мақсаттарына қол жеткізді.
-1646 жылдың 24 ақпанында жарияланған Ордонанс бойынша, рыцар-
лық үстау жойылды және одан туындайтын әулетке қатысты міндеттіліктерде
жойылды;
- монопольдік құқықтар жойылғаннан кейін, сауда мен өнеркәсіпте
ішінара еркін бәсекелестік принципі жүзеге аса бастады;
-жерді қоршауға қарсы бағытталған заңдардың қолдануы тоқтатылды.
Индепенденттер және олардан бөлініп шыққан левеллерлер
(«теңестірушілер») бұдан да радикалдық реформаларды жүргізуге ұмтылды.
Пресвитериандар мен индепенденттер арасындағы күрес, 1648 жылы
король мен пресвитериандық парламент бастаған екінші азамат соғысына
10
әкелді. Левеллерлердің қолдау индепенденттік армияны жеңіске әкелді. 1648
жылдың аяғында армия қайтадан Лондонды басып алып, Үзақ парламентті
пресвитериандық көпшіліктен тазалауға қол жеткізді.
1649 жылы корольдің басын алғаннан кейін, Англия республика болып
жарияланды. Лордтар палатасы жойылып, жоғарғы билік бір палаталық
парламентке берілді. Билеудің республикалық формасы конституциялық
түрде 1649 жылы 19 мамырда қабылданған актімен бекітілді.
Атқару биліктің жоғарғы органы болып, парламент алдында есепті,
Мемлекеттік Кеңес жарияланды.
Оның алдында тұрған мақсаттар мынадай еді:
1. монархияның қайтадан қалпына келуіне тойтарыс беру;
2. елдің қарулы күштерін басқару;
3. салықтарды орнату;
4. елдің саудасы мен сыртқы саясатын басқару.
Түкке тұрмайтын бағаға король, епископтар және «кавалерлерден»
тәркілеген жерлерді сатып жіберіп, индепенденттік олигархияға айналған
жаңа республика, ағылшын буржуазиясы мен жаңа дворяндарды байытты.
Республика жарияланғаннан кейін әлеуметтік күрес әлсіреген жоқ,
себебі ол левеллерлер үшін қайта құруларды тереңдету үшін күрестің тек
бастама кезеңі еді.
Бұндай жағдайда индепенденттердің көшбасшылары армияның,
басшыларына сүйеніп, тарихқа Кромвельдің протектораты деген атақпен
кірген Англияда әскери диктатураны орнатты(1653-1658 жж.).
Левеллерлердің көсемдері түрмеге жабылды, ал армиядағы левеллерлердің
көтерілістері жаншылды.
Диктатура режимы О.Кромвель қайтыс болғаннан кейін кұйреді. 1659
жылы Англияда формальдік түрде республика қайтадан қалпына келтірілді,
бірақта демократиялық қозғалыстың өсуінен қорыққан буржуазия және
джентри «дәстүрлі монархияны» орнатуды армандай бастады.
1660 жылы қайтадан тақ басына келтірілген Стюарттар әулеті
буржуазияның революция барысында қол жеткізген экономикалық
жаулаларын бекітті.
«Салтанатты революция» деп аталған 1688-1689 жж. мемлекеттік
төңкеріс, буржуазияны мемлекеттік билікке жіберген буржуазия мен жер
аристократия арасындағы ымыраға келуді рәсімдеді.
Англиядағы конституциялық монархия парламент қабылдаған «Хабеас
корпус акт («Бодандардың еркіндігін жақсы қамтамасыз ету туралы және
теңіздің арғы жағына айдаудың алдын алу туралы Актімен») бекітілді.1679
жылы қабылданған Хабеас корпус акт («Бодандардың еркіндігін жақсы
қамтамасыз ету туралы және теңіздің арғы жағына айдаудың алдын алу туралы
Акті») Англияның ең негізгі конституциялық құжатына айналды.
«Хабеас корпус акт» айыпталушының қамауға алу мен сотқа тарту
қағидаларын белгілейді, соттарға азаматтардың үсталуы мен қамауға алуы-
ның заңдылығын бақылауға құқық береді, кінәсіздік презумпциясы, үстау
11
барысындағы заңдылықты сақтау, іс-әрекет жасау орны бойынша жасалатын
жедел соттың шешімін шығару сияқты, демократиялық сот төрелігінің
бірқатар принциптерін жариялайды. Бұл заңның «Хабеас корпус акт» деп
аталуы, тұтқындалған адамды жеткізу туралы сот бұйрығының латын
бастапқы жолынан шыққан.
1689 жылғы «Құқықтар туралы билль» тәж прерогативаларын қатты
шектеді және парламенттің құқықтарына кепілдік берді. Ол парламенттегі сөз
мен жарыссөз еркіндігін, парламентке сайлау еркіндігін орнатты,
бодандардың корольге петиция үсыну құқығын жариялады .
Парламенттің өкілеттік мерзімі 3 жылға созылатын болды, кейінірек оны
7 жылға созды.
Қаржылық саясат пен заң шығару саласында парламенттің үстемдігі
орнатылды.
Парламенттің келісімісіз король:
- заңдардың жүзеге асырылуы мен орындалуын тоқтата алмайтын
болды;
- тәж пайдасына салықтар мен жиындарды жинай алмайтын болды;
- бейбіт кезеңде тұрақты армияны жинақтап, жасақтау құқынан
айрылды.
Король баяғыша заң шығарушылық қызметке араласа алатын болды
және оған абсолюттік вето құқығы берілді.
1701 жылы қабылданған «Орналастыру туралы Акт» немесе «Тақ
мүрагері туралы Заң» тақ мүрагерлігі туралы тәртіпті орнатты және заң
шығару және атқару биліктің құзыреттіліктерін одан әрі нақтылады.
Англияның конституциялық құрылысын дамыту үшін осы құжаттың келесі
ережелері маңызды болды:
а) контрасигнатура принципының орнатылуы, ол бойынша барлық
король қабылдаған заңдар бұл саланы басқаратын министрдің қолы қойылған
уақытта ғана заңды болып есептелетін болды; судьяларды алмастыру
қағидатын белгілеу – оларды қызметтен тек парламенттік шешімімен ғана
алып тастауға болатын еді. Бұл ереже сот билігінің атқару биліктен бөлінгенін
бейнеледі.
Ағылшын конституциясының маңызды бөлігін жазылмаған ережелер
құрайды, олардың орнатылуы ағылшын конституциясының одан әрі дамуын
белгілейді. Бұл ережелер XVIII ғ. бекітіліп, конституциялық прецеденттер
деген атаққа ие болды.
Олардың қатарына мыналар жатады:
- король министрлер кабинетінің мәжілістеріне қатыспайды;
- үкімет сайлауда жеңіске жеткен партияның мүшелерінен құрылады;
- министрлер кабинетінің үжымдық міндеттілігі;
- корольдің вето құқығынан бас тартуы.
«Салтанатты революциядан» кейін Англияның парламенті қайтадан
екіпалатылық болды: лордтар палатасы - мүрагерлік құқық бойынша орынға
ие адамдар мен қызмет бабы немесе король тағайындауы бойыншы
12
мүшелерден тұратын – жоғарғы палата; қауымдар палатасы - сайлау құқы
негізінде сайланған адамдардан тұратын төменгі палата.
XVIII ғ. қызмет еткен сайлау заңы бойынша, өзінің әлеуметтік құрамы
бойынша төменгі палатаның жоғарғы палатадан ешқандай айырмашылығы
болмады, ал ол парламенттегі аристократияның үстемдігінің негізі болды.
XVIII ғ. басында Англияда атқару биліктің жаңа органы - премьер-министр
басқаратын министрлер кабинеті құрылды.
XVIII ғ. ортасына таман министрлер кабинеті корольден бөлінген
мемлекеттік істерді басқарудың жоғарғы органына айналды. Ол парламентте
көпшілікке ие болған партияның өкілдерінен тұрды және қауымдар палатасы
алдында үжымдық жауапкершілігінде болды.
Министрлер кабинетінің дербестігі корольдің министрлер кабинеті –
нің мәжілістеріне қатыспауы туралы жазылмаған ережемен (конституциялық
прецедентпен) қамтамасыз етіліп отырды.
Министрлер
кабинетінің
мүшелерінің
парламент
алдындағы
жауапкершілігі, оның саясаты қауымдар палатасының қолдауына ие
болмағанда, кабинет мүшесінің отставкаға кетуінде көрінетін болды.
Достарыңызбен бөлісу: |