Францияда Бурбондардың өкіметін қайта орнату (Реставрация).
Одақтастардың қаруының күші арқасында Францияда революциядан бұрын
патшалық құрған Бурбондар әулетінің өкіметі қайта орнады. Өлтірілген
король XVI Людовиктің інісі XVIII Людовик король болды. Одақтастардың
талабы бойынша, Франция шамамен революциядан бұрынғы шекарасына
қайтарылды. Помещиктер мен діни иелері жаппай террор жасады. Францияға
оралғаннан кейін, дворяндар мен шіркеу қожалары Бурбондарға революция
кезінде кәмпескеленген жерлерін қайтарып беру туралы сөз ете бастады. Бұған
жаңа меншік иелері - шаруалар мен буржуазия - наразы болды.
Бурбондарға деген өшпенділіктің күштілігі соншалық, Наполеон өкімет
билігін тағы да басып алды. Ол Францияның оңтүстігіне келіп түсіп, Парижге
шұғыл бет алды. Қарсы жіберілген әскерлер Наполеон жағына өтіп жатты.
XVIII Людовик жанүясымен Бельгия шекарасына қарай қаша жөнелді. 1815
жылы 20 мартта Наполеон Парижге келіп кірді.
Өкімет билігін екінші рет қолына алған Наполеон оны бар болғаны жүз-
ақ күн ұстап тұра алды. Бұл оқиғаны тарихта «Наполенның жүз күні» немесе
«Қыранның самғау» деп атайды. Наполеон империясының қайта орнауынан
үрейленген одақтастар оған қарсы тағы да армия аттандырды. Брюссельге
жақын жердегі Ватерлоо түбіндегі ең соңғы үлкен шайқаста, ағылшын-
пруссия әскерлері 1815 жылы 18 маусымда Наполеон әскерлерін біржолата
күйретті.
Буржуазияның кейбір саяси қайраткерлері Наполеонға халық бұқарасын
жәрдемге шақыруды, шаруаларға «1793 жылғы якобиншілдердің етігін
кигізіп», революцияшыл, якобин ұрандарымен күреске көтеруді ұсынды, бірақ
Наполеон одан бас тартты. Наполеон тұтқын ретінде оңтүстіктегі алыс жатқан
әулие Елена аралына жөнелтілді. Сонда ол 1821 жылы өлді.
Францияға тағы да өкімет басына Бурбондар әулетінің корольі келді.
Европада реакция дәуірі, дворяндар өкіметі мен олардың
артықшылығының қайта орнау дәуірі, алдыңғы қатардағы қоғамдық
қозғалыстар мен идеяларды тұншықтыру дәуірі орнады. Франциядағы 1815-
1830 жж. бұл кездеңді - Реставрация кезеңі деп атайды.
Наполеон армиясын талқандағаннан кейін одақтастар Франциямен қа -
тынастарын реттеуге асықты. 1814 жылы 30 мамырда олар Людовик ХVIIІ –
мен бейбіт келісім жасады. Ол Францияның егемендігін және аумақтық
тұтастығын қамтамасыз етті. Ол өзінің 1789 жылғы шекарасын сақтады.
30
Франциямен жасалған келісім Европадағы бейбіт реттеу мәселелерін толық
шешпеді. Сондықтан 1814 жылы қыркүйектен - 1815 жылы маусым
аралығында Венада еуропалық мемлекеттердің конгресі өтті. Ол Наполеон
Империясы талқандалғаннан кейін Европадағы бейбіт реттеу мәселелерін
қарастырды.
Венадағы Еуропалық мемлекеттердің конгресі.Наполеонды жеңгеннен
кейін барлық еуропалық державалардың өкілдері (Түркиядан басқасы)
Еуропада
феодалдық
тәртіпті
және
наполеондық
соғыс
барысында
құлатылған бірқатар бұрынғы
әулеттерді қайта қалпына
келтіру мәселелеріне байланысты шешім қабылдау үшін, Австрия
астанасында жиналды. Бұл конгресс қатысушыларын тағы да бір ортақ міндет
біріктірген еді – ол революциялық және демократиялық қозғалыстармен
күрес. Сонымен қатар конгресс Франциядағы бонапарттық тәртіптің қайта
оралмауына және Еуропаны жаулап алу әрекетінің болмауына тұрақты
кепілдікті қамтамасыз етуі, сонымен бірге жеңімпаз державалардың
территориялық дәмеленулерін қанағаттандыруы қажет болды.
Конгреске Европа мемлекеттерінің барлығының да өкілдері
шақырылды. Венаға келген патшалар мен елшілер үшін күн сайын балдар,
спектакльдер, серуендер жасалды, аңға шықты. Ал конгресс жыл бойы дерлік
«жүмыс істесе де» жұмыс жайындағы мәселелерді талқылау үшін бірде-бір рет
бас қоспады. Сондықтан бұл конгрес тарихқа «билеп өткен конгрес» атағымен
кірді.
Конгреске қатысушылардың бәрі тең құқықты болды. Алайда барлық
мәселені жеңген төрт мемлекеттің - Англияның, Ресейдің, Австрияның,
Пруссияның - өкілдерінен құралған «төрттің комитеті» шешті. .Олардың
атынан Ресей патшасы І Александр, британ сыртқы істер министрі лорд
Каслри, Пруссия канцлері князь фон Гарденсбург, Австрия канцлері – князь
фон Меттерних және т.б.сөйледі.
1814 ж. Венаға жиналған жеңімпаз мемлекет билеушілері алдарына үш
негізгі мақсат қойды: 1) Франция тарапынан қайталануы мүмкін агрессияға
қарсы кепілдеме құру; 2) өздерінің жеке территориялық мүдделерін
қанағаттандыру; 3) XVIII ғ. француз буржуазиялық революциясының барлық
салдарларын жою және ескі феодалдық-абсолюттік тәртіптерді барлық
жерлерде қалпына келтіру.
Вена конгресінің маңызды міндеттері монархияларды қалпына келтіру,
Наполеон басып алған аумақтарды азат ету, революциялық қозғалыстармен
күресу, Францияда бонапартизмнің қайта өркендеуіне жол бермеу, жеңіске
жеткендердің аумақтық және басқа да дәмелерін қанағаттандыру болды.
Бұл мәселелерді шешуде конгреске қатысушылар легитизм принціпін
басшылыққа алды. Алайда Европалық үкіметтердің көбі бұрынғы 1789 жылға
дейінгіге қайта оралудың мүмкін еместігін түсінді және оған монархтардың
өздері оралғысы келген жоқ. Сондықтан көптеген монархтар легитизм дегенді
- бұл жалпы мойындалған халықаралық келісімдерге негізделген заңды тәртіп
деп түсінді. Вена конгресі халықаралық келісімдердің беделін, маңызын
31
көтеруге тырысты. Ол жаңа Европалық тәртіптің негізіне алынуы тиіс еді. Бұл
тәртіп ірі мемлекеттер арасындағы соғыстың қайталануы мүмкіндігін жоюға
бағытталған еді. Легитизм принципі Наполеон соғыстары аяқталғаннан кейін
құрылған Веналық деп аталған халықаралық тәртіптің негізіне алынды.
Вена конгресіндегі дипломатиялық күрес және оның негізгі шешімдері.
23 қыркүйекте, 1814 ж. 1 қазанына белгіленген конгресс ашылуына бір
апта қалғанға дейін, Венаға басқа француздық дипломаттармен қатар
XVIII Людовиктің сыртқы істер министрі князь Талейран – Перигор келді.
Орыс патшасы І Александр Талейранды жақсы танитын еді. Оның патшадан
бірнеше рет ақша сұрап алып, бермеген жағдайда ренжімейтіндігі бекер емес
еді. Бірақ Талейранның барынша ақылдылығын, икемділігі, тапқырлығы,
адамдарды тани білуі оны өте қауіпті қарсыласқа айналдырды. Талейран
ұстанымының әлсіз жағы оның Вена конгресінде жеңілген жақтың өкілі
болғандығында еді. Талейранның асқан зеректілік пен бұлтармалық қасиет
көрсетуіне тура келді. Талейран Венаға келген сәтінде конгрестің басты
назары қандай проблемаға ауатынын білген болатын, бұл басты польша –
саксон мәселесі еді. Наполеон шегінгеннен кейін, әскері Варшава герцогтығын
басып алған І Александр герцогтықты ешкімге де бермейтінін ашық айтты.
Бұл герцогтық, негізінен, Польшаның үш бөлінісінен кейін Пруссия
жаулап алған жерлерден тұрған, кейін, 1807 ж. Наполеон тартып алғандықтан,
Пруссия корольі III Фридрих Вильгельм Пруссияға Саксония корольдігін
біріктіру түрінде компенсация ретінде алуға үміттенді. Александр бұл
шартпен келісті, оның үстіне Саксония королінің иеліктерін оның ұзақ уақыт
бойы Наполеонның одақтасы болғандығы үшін жаза ретінде тартып алуды
жоспарлады. Талейран дәл осы негізде күрес ашудың пайдалы болатындығын
бірден байқай алды. Ал дипломатиялық күрес Талейранның негізгі мақсатына
жету үшін барынша қажет еді: Шомон одағын күйрету, яғни, басқаша сөзбен
айтқанда, Австрия, Англия, Ресей және Пруссия арасына жік салу.
1814 ж. сәуір-мамырында Ресей, орыс үкіметінің қарамағындағы әскери
күші жағынан ойсыраған, әлсіреген, континенталды Еуропаның басқа
мемлекеттерінің барлығынан мықты еді. Осыған байланысты Меттерних кон-
гресті күзге қалдырып, Австрияның біршама есін жинауына мүмкіндік беру
үшін жағдай жасады. Александр патша Меттернихті барынша жек көргеніне
және оның, онымен бірге Ресейге жаугершілік көзқарастағы, бірақ патшаның
көзінше жағымпазданатын лорд Каслри мен француз королі XVIII Людовиктің
қаскүнемдігін біліп отырғанына қарамастан, конгресті кейін қалдыруға
келісті. Олардың барлығын
Александр патша Еуропаның жаңа
билеушісінің рөлін орындағысы келуі мүмкін деген ой қатты алаңдатты. Олар
алдын ала, соншалықты бірлікпен болмаса да, қарсылық көрсетуге даярланды.
Меттерних кезіндегі хатшы және сенімді тұлға публицист Генц басы –
қасында болған адам ретінде кейіннен былай деп жазды: «Венаға келген кезде
император Александр Австрия, Англия және Франциямен алакөз қарым –
қатынаста еді». Лорд Каслри Александрға, Меттернихке қарағанда, едәуір
жағымсыз еді. Икемсіз, Англияда революцияның болуынан қорқатын, орыс
32
дипломатиясына сенімсіз көзқараспен қарайтын ағылшындық сыртқы істер
министріне Александр «салқынқанды педант (тақуа)» деген мінездеме берді,
қалай болғанда да Каслри Меттерних секілді ұятты жинап қойып, үнемі алдай
бермейтін еді.
I Александр XVIII Людовиктің босаған француз тағына отырғанын онша
қаламады. Ал ол таққа отырған кезде Александр Францияға конституциялық
хартияны сыйға беру керектігін талап етті. Бұл, әрине, оған конституциялық
мекемелердің ұнағанын емес. Бірақ патша секілді ақылды да икемді
корсикандық Поццо-ди-Борго, патшаның француз істері жөніндегі кеңесшісі,
егер Францияда найзағай тартқыш ретінде конституциялық құрылым
орнатылмаса, Бурбондар әулетін жаңа революция жойып жіберетініне сенімді
болды. Александр король XVIII Людовик пен оның ағасы Карл Артуаға
жағымсыз көзқараста еді, ал олар болса, өз кезегінде, патшадан қорқатын және
оның қамқорлығынан құтылу үшін әр түрлі айлаға баруға әзір еді.
Талейран Венаға келген соң төрт «ұлы» держава өкілдерінің жиналысына
қатысуға шақырылды. Ол бұл жиналысқа жеңілген ұлттың өкілі секілді емес,
тәкәппарлықпен, өз-өзіне деген сенімділікпен келіп, жиналғандардан француз
делегациясының калған мүшелері неліктен бұл жиналысқа шақырылмағанын
сұрап, Пруссиядан болса, тек қана Гарденберг емес, В.Гумбольдтың да
қатысып отырғанын айтып кетті. Одан соң алдын ала даярланған қаулыдағы
«одақтастар» сөзіне тоқталды. «Егер одақтас державалар болатын болса, онда
мен мұнда артықпын» - деп мәлімдеген ол, Францияның конгрестің
басқарушысы комитетіне жіберілуін талап етті. Париж трактатына сегіз
державаның өкілдері қол қойғандықтан, Талейран Испания, Португалия және
Швеция өкілдерін шақыруды талап етті. Қалай болғанда да, ол басқарушы
комитет құрамына енуге қол жеткізді, сөйтіп одақтастарды бір-бірімен
ұрыстырып, қарама-қарсы қою мақсатында қастық жасау мүмкіндігін алды.
1814 ж. қазан айының бас кезінде Талейран император Александрға
келді. Олардың арасында өте жағымсыз түсініктеме болды. Талейран өзінің
«легитимизм принципін» ұсынды. Онда Александр революциялық соғыстарға
дейін Ресейдің иелігінде болмаған Польша бөлігінен бас тартуы, ал Пруссия
Саксонияға көз салмауы қажет делінді. Патшаның Ресейді өз жеңісінен
тиесілі пайдасын алу керек деген сөзіне жауап ретінде Талейран: «Мен
пайдадан құқықты жоғары қоямын!» - деді. Осы сөз, жалпы алғанда, өзін - өзі
ұстай білетін Александрды шыдам шегінен шығарды. Құқықтың киелілігі
туралы әңгіменің кезінде Эрфуртта Александрдың өзіне Наполеонды сатып,
ол үшін ресейлік қазынадан ақшалай төлем алған соң Талейран айтып тұр еді.
«одан да соғыс!» - деп мәлімдеді Александр.
Одан кейін лорд Касльримен келіссөз жүргізілді. I Александр оған
«Польшаны бөлу кезінде жіберілген моральдық күнәмді жөндеуге шешім
қабылдадым», - деп мәлімдеді. Ресей императоры дәл осы Вена конгресінде
бұрынғы Польшаның барлық бөліктерін тез арада біріктіруді міндет етіп
қоймайды. Ол әзірше Польша территориясының өзінің әскері 1814 ж. басып
алған бөлігі туралы ғана айта алады. Ол Польшаның осы бөлігінен Польша
33
корольдігін қалпына келтіріп қана қоймай, осы конституциялық корольдікке
Ресей 1807 ж. алған Белосток округын, сонымен бірге 1809 ж. алған Тарнополь
округын қосады.
Касльри, патшаның Польшаға бергісі келіп отырған конституциясын өт
е «либералды»,сондықтан да Австрия мен Пруссия үшін қауіпті деп тапты.
Ол австриялық және пруссиялық поляктар конституцияны пайдаланып отыр
ған қандастарына қарап толқуы мүмкін деген қаупін білдірді. Патша
Польшаның тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін әрәкет жасап отырғанын
дәлелдегеніне байланысты, буржуазиялық Англияның министрі соншалықты
либералды болмауын ұсынды.
Австрия үкіметі Польшада либералдық тәртіптің орнауынан, Ресейдің
польша жерінің көп бөлігін қосып алу арқылы күшейіп кетуінен ағылшын
үкіметінен де ары қауіптенді. Австрия канцлері осы кезде Касльриге
тығырықтан шығудың мынадай жолын ұсынды: Пруссияның өкілетті өкілі
Гарденбергке Австрия мен Англияның бүкіл Саксонияны Пруссия короліне
беруге келісетіндігі туралы айту керек. Ал Пруссия болса, өз кезегінде,
Александрдан бас тартып, Австрия мен Англияға қосылады, сөйтіп патшаның
Польшаны (Варшава герцогтығын) иеленуін болдырмайды. Осылайша,
Саксония корольдің Александрдан бас тартқаны үшін төлем ретінде болуы
тиіс еді.
Король III Фридрих-Вильгельм бұл жоспардан бас тартуды шешті.
Меттерних пен Касльридің Талейранды ойға алынған мәмілеге қоспауы
тектен-тек емес екендігі белгілі болды. Пруссия королі өз жағдайының
соншалықты қауіпті екендігін кенет түсінді: Талейран барлық нәрсені I
Александрға айтып қойса не болады, ең бастысы, оның өзі Франция мен
Ресейдің Пруссияға қарсы бірлескен дипломатиялық, мүмкін тек қана
дипломатиялық емес әрекеттер жасауын ұсынса қайтеді? Француз-орыс
одағының сұмдығы, тильзиттік және тильзиттен кейінгі уақыттың өкініші әлі
де ойдан кетпеген еді. Ойластыра келе, король III Фридрих-Вильгельм
Александрға өзінің адамгершілігін дәлелдеу үшін барлығын мәлімдеу керек
деп шешті. Патша Меттернихті шақырып алып, ашық сөйлесті. Бұл туралы
Талейран XVIII Людовикке табалаушылықпен жеткізіп, Александр
Меттернихпен кінәлі күтушіден де жаман сөйлескенін айтты.
Конгресс жұмысы ішкі күрестің кесірінен алға жылжымай қойды. Сол
кезде Талейран бұрынғы көздеген мақсатын сақтай отырып, тактикасын
өзгертті: жеңіскерлер қатарында алауыздықты тереңдету. Франция болса,
Ресейдің күшеюіне кедергі келтіруге емес, Францияның тікелей көршісі әрі
жауы Пруссияның күшеюіне кедергі жасауға мүдделі болатын. Сондықтан
Талейран Александрға Францияның Александрдың өз империясы шегінде
Польша корольдігін құруына Англия мен Австрияның қарсы тұруын
қолдамайтындығын, бірақ Саксонияның Пруссия короліне берілуіне
келіспейтіндігі
туралы
мәлімдеді.
III
Фридрих-Вильгельмнің
де,
оның дипломатиялық өкілдері Гарденберг пен Гумбольдтың да конгресте
атқарған рөлі маңызсыз болатын. Оған Саксонияны беруге сөз берілді.
34
Александр саксондық корольдігі сатқын деп атады, Саксонияны Польшаның
бір бөлігіне айырбас ретінде ғана ала алады деп корольді сендірді. Сөйтіп
Пруссия королі біраз уақытқа тыныштанды. Талейранның іс-әрекетін бұрынғы
одақтастардың арасындағы шиеленісті қарама-қайшылық және Ресей мен
Пруссияның жоспарларына ағылшын және австрия дипломатиясының
белсенді қарсылық көрсетуі жеңілдетті. Қандай жолмен болса да, Ресейдің
күшеюіне кедергі келтіріп, оның Наполеонды талқандау арқылы қол жеткізген
ықпалын шектеуге ұмтылған Каслри мен Меттерних Франциямен жасырын
одақ құруға дейін барды. Талейран, әрине, Францияның жеңіскерлерін
ажырату
мүмкіндігін
жіберіп
алмауға
тырысты.
1815
ж.
3
қаңтарында жасырын келісімге үш держава өкілдері қол қойды. Ол Ресей мен
Пруссияға қарсы бағытталып, Австрия, Франция және Англияны «егер
жоғары келісім жасаған жақтардың біріне бірі немесе бірнеше державалар
тарапынан қауіп төнсе, әрқайсысы 150 мың солдаты бар армия жіберу арқылы
бір-біріне көмекке келуге» міндеттеді. Үш қатысушының үшеуі де
қарсыластармен сепаратты бейбіт келісім жасаспауды міндетіне алды. Әрине,
келісім Александрдан, кез келген басқа адамнан да қатаң құпияда сақталатын
болды. Оның бір данасы Венада Меттернихте қалды; екіншісі Талейранға
беріліп, тез арада Парижге король XVIII Людовикке жіберілді; үшіншісі
Каслридің қолына тапсырылып, ол ағылшындық принц-регент Георгқа
жеткізді.
Бұл жасырын келісімнің саксондық жобаға қарсы қуатты күшейткені
соншалық, Александрдың ажырауға барудан, мүмкін соғысқа кіруден немесе
келісуден басқа амалы қалмады. Польшада қалағанының бәрін алғаннан кейін
ол ұлы үш державамен Пруссия үшін ұрысқысы, одан жаманы – соғысқысы
келмеді. Ол мынаған жол берді: Пруссияға Саксонияның тек бір бөлігі берілді.
Саксония королі өз иелігіне тұрақты орнығып алды. Ол шынына келсек, едәуір
кішірейген болатын.
Вена конгресі Германияның саяси бытыраңқылығын бекітті. Александр
Меттерних секілді, Англия бұл мәселеге бейтарап қарады, ал Пруссия болса,
күреске араласқысы келгенмен, әлсіз еді. Вена конгресі қайраткерлерінің
барлық ой шабыты барлық жақтың да көтеріліп келе жатқан буржуазия
мүдделеріне қандай да бір жеңілдік жасағысы келмейтіндіктерін дәлелдеді;
неміс халықының Германияның бірігуіне артқан үміттің күл-талқан болуы
реакцияның салтанат құруындағы тағы бір сипатты сызық болды.
Меттернихтің жоспарына сәйкес, конгресс «Германдық одақ» деп
аталған ұйым құруды көздеді. Бұл одақ істерін жүргізу үшін «Германдық
сейм» құрылды. Одаққа Австрия, Пруссия және басқа германдық мемлекеттер
(жалпы саны – 38) енгізілді. Германдық одақтың міндетіне, Меттернихтің
ойлауы бойынша, Францияның Рейнге қарай келешекте болуы мүмкін жаңа
қозғалысына кедергі жасау, сонымен бірге Австрияның Германияда
басшылық жасауын қамтамасыз ету кірді.
Франкфурт қаласында орналасқан сеймге төрағалық ету австриялық
35
өкілге жүктелді, ал сеймдегі дауыс берулер соңғы шешімді Австрия
қабылдайтындай етіп бөлінді. Әрине, бұл сұрқия құрылым герман халқын
біріктіруге емес, керісінше, оның бөлшектелгендігін мәңгіге қалдыруға және
ұсақ феодалдық монархияны сақтап қалуға бағытталған еді. Осылайша,
Германия тағы да, Ф.Энгельстің бейнелі сипаттамасына сәйкес, бұрын, дәлірек
айтсақ, Германияның батыс бөлігінде француз революциясы және Наполеон
талқандады деген «дінге сенушілік астауының» қасында қалды.
Конгресс өз жұмысын қорытындылауға кірісіп кеткен шақта, кенет
оның қатысушыларын күтпеген жаңалық есеңгіретіп жіберді. 1 наурыз күні
Наполеон Францияға кірді. Ал тағы үш аптадан кейін, 1815 ж. 20 наурызында
Наполеон Парижге кірді. Империя қайта қалпына келтірілді. Вена
конгресіндегі алауыздықтар туралы өсектің Наполеонның Эльбаны тастап
шығуында басты рөл атқарғаны сөзсіз. Оны Парижде ғажайып сыйлық күтіп
тұр еді. Кіруіне тек бір тәулік қалған кезде ғана қашқан Наполеон корольдің
кабинетінде 1815 ж. 3 қаңтардағы баяғы жасырын келісімді тауып алды. Бұл
Талейран арқылы XVIII Людовикке жіберілген үш көшірменің біреуі еді.
Корольдің асыққаны соншалық, үстелінің үстіне осы құжатты қалдырып
кеткен болатын. Наполеон жаушы әзірлеуге бұйрық беріп, оны осы пакетпен
Венаға жібереді. Наполеон бұл пакетті император I Александрға тапсыруға
бұйрық берді.
Александрдың өзіне қарсы бағытталған жасырын келісімді алғаш ашы
п оқығанына куәгер болған Будякиннің көрсетуінше, патша ашудан қызарып
кетеді, дегенмен өзін - өзі ұстап қалады. Наполеон қайта оралғаннан бері пат -
шаның Еуропаны құтқаруына үміт артып жүрген Меттернихке келген кезде,
Александр оған үнсіз ғана австриялық канцлердің дипломатиялық
шығармашылығының жасырын жемісін ұсынады. Меттерних қатты сасып,
өмірінде бірінші әрі соңғы рет айтарға өтірік таппай қалады.
Дегенмен де, Наполеон алдындағы қорқыныш белең алып, Александр
сол жерде Меттернихке қалай болғанда да олардың ортақ жауы Наполеон
екендігін мәлімдейді. 1815 ж. 18 маусымында Ватерлоо түбінде Наполеон
жеңіліске ұшырағаннан кейін, Францияда Бурбондар екінші рет қайта қалпына
келеді.
Ватерлооға дейін бірнеше күн қалғанда, 1815 ж. 9 маусымында Вена
конгресінің соңғы жиналысы болды, онда 121 баптан және 17 жеке
қосымшадан тұратын «Қорытынды актыға» қол қойылды. Конгреске
қатысушылар мығым нәрсе құрдық деп ойлады. Бірақ конгрестің реакциялық
утопиясы жаңа өндірістік қатынастарға да, Еуропадағы феодализм мен
абсолютизмнің ескі қондырғыларын күйреткен жиырма бес жылдық күреске
де қарамастан, жер шарының осы бөлігін ескірген құрылым шеңберінде ұстап
қалуда болатын. Бұл утопия конгрестің барлық іс-әрекетінің негізінде жатты.
Бельгия Голландияның жаңа короліне сыйланды; Данияға, Шлезвигтен
басқа, немістік Гольштейн берілді; Германия 38 дербес мемлекетке бөлініп
қала берді. Польша тағы да үш бөлікке бөлінді, оның үстіне бұрынғы Варшава
герцогтығының жерінен жаңа Польша корольдігі құрылды. Ол, конгрестің
36
шешімі бойынша, «Ресеймен үздіксіз байланыста» болуы және Ресей патшасы
сыйға тартқан конституциямен басқарылуы қажет еді. Познань, Гданьск
(Данциг) және Торунь – Пруссияның, ал Батыс Украина (Галиция)
Австрияның иелігінде қалды. Краков қаласы, «оған қарасты облыспен бірге,
Ресейдің, Австрияның және Пруссияның қамқорлығындағы «мәңгілікке еркін,
тәуелсіз және бейтарап қала» деп жарияланды.
Пруссия өзі айрылған польшалық территориялар үшін төлем ретінде,
Саксонияның
солтүстік бөлігінен басқа,
Рюген
аралын және шведтік
Померанияны, ал батыста Рейн – Вестфаль обылысын алды. Нәтижесінде
Гогенцоллерлер корольдігі, Талейран мен Меттерних тарапынан қарсылық
болғанына қарамастан, патша жағынан қолдау берілуінің нәтижесінде және
конгресте ағылшын дипломаттары ұстаған позицияға орай күшейе түсті.
Пруссияның екі бөлікке – ескі, шығыс және жаңа, батыс бөліктеріне бөлініп
қалағанына қарамастан, ол 1815 ж. кейін-ақ күш жинап, көршілері үшін қауіпті
бола бастады.
Тирольды, Вальтелинаны, Триесті, Далммация мен Иллирияны алған
Австрия да едәуір күшейді. Моденада, Тосканада және Пармада таққа
император I Францтың жақын туыстары отырды, олар Австриямен
одақтастық туралы келісім жасасқан болатын. Бурбондар билігі қалпына
келтірілген екі Сицилия корольдігі Австриямен және Папа облысымен
осындай келісімдер жасасты. Сөйтіп, Габсбургтар билігі саяси бөлшектелген
жағдайдағы Италияның барлық территориясына таралды.
Қуатты екі еуропалық держава-Англия мен Ресейдің Франциямен ұзақ
мерзімді соғыстан едәуір нығайып, күшейіп шықты. Англия өзінің бұрын да аз
болмаған отарлық иеліктерін кеңейтті. Ол өзінің басты бәсекелесі –
Францияны шетке шығару арқылы толыққанды «теңіз иесі» болып қалды
және басқа елдерді өзі орнатқан тонаушылық сипаттағы «теңіз құқығын»
мойындауға мәжбүр етті, яғни ол ашық теңізде бейтарап елдердің сауда
кемелерін жау жағалауына апара жатқан тауарларын алып қою мақсатында
тоқтатып, қарау «құқығына» ие болды. Әсіресе британдық биліктің ағылшын
буржуазиясының Таяу және Орта Шығыс елдеріне барар жолдағы әскери-теңіз
базаларына айналған Мальта аралында және Ионикалық аралдарда орнауы
маңызды орын алды.
Патшалық Ресей наполеондық Франциямен соғыстардан Варшава гер -
цогтығы, Финляндия және Бессарабия жерлерінің есебінен едәур кеңейіп
шықты. «Вена конгресі Ресейге Польша патшалығын әкелді», - деп әділетті
жазды кейінірек Ф.Энгельс, сонымен қатар «патшаның қазіргі Еуропада алған
орны бәрінен де маңыздырақ» деп атап өтті. Еуропалық континентте Ресейге
тең келетін бәсекелес қалмады.
Негізгі саяси және территориялық мәселелерді шешуден басқа, Вена
конгресі Бас трактатқа қосымша актылар ретіндегі бірқатар арнайы қосымша
қаулылар қабылдады. Олардың ішінде 1815 ж. 8 ақпанында қол
қойылған «Державалардың негрлерді сатуын жою жөніндегі Декларация»,
1815 ж. 19 наурызында конгресс қабылдаған «Дипломатиялық өкілдердің
37
рангілері туралы Ереже» маңызды орын алады. Соңғы ереже алғаш рет әр
түрлі дипломатиялық қызметке халықаралық құқық нормасы ретінде ұзақ
уақытқа енді және осы күнге дейін күшінде. Бұл қаулы XVII ғ. дипломатиялық
тәжірибесінде әдеттегідей болып қалған үлкендік туралы шексіз ұрыстар мен
қақтығыстарға нүкте қойды. Рангілер былайша белгіленді: 1) елші, папалық
легат және нунций; 2) өкіл; 3) сенімді өкіл. Кейінірек, 1818 ж. бұл
үш рангіге министр-резидент рангісі енгізілді, ол өкіл мен сенімді өкілдің
арасына қойылды.
1814 ж. Венаға жиналған жеңімпаз мемлекет билеушілері алдарына үш
мақсат қойғанын жоғарыда айтып кеткенбіз. Біріншісі - Франция тарапынан
қайталануы мүмкін агрессияға қарсы кепілдеме құру; екіншісі - өздерінің жеке
территориялық мүдделерін қанағаттандыру; үшіншісі - XVIII ғ. француз
буржуазиялық революциясының барлық салдарларын жою және ескі
феодалдық-абсолюттік тәртіптерді барлық жерлерде қалпына келтіру.
Бірақ осы мақсаттардың тек алғашқысы ғана толығымен орындалды.
Екіншіге – территориялық мүдделерін қанағаттандыруға келсек, тек бірқатар
жеңіскер елдер ғана Франциямен болған ұзақ та қантөгісті соғыста Еуропаның
едәуір әлсіз елдерінің есебінен кеңейіп шықты.
Вена когресінің үшінші мақсаты – революциялық бастауларды жою
және легитимизм принциптерін толығымен бекітуге қатысушылар қол жеткізе
алмады.
Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы, дамуы және
күйреуі
Вена конгресінің шешімдерінің нәтижесінде, Еуропада және жалпы
әлемде халықаралық қатынастардың Веналық деп аталған жаңа жүйесі
орнатылып, ол қатынастардың жаңа тәсілдері мен нысандарын бекітті және
континенттегі қарама-қайшылықтарға жаңа түйін салды.
Достарыңызбен бөлісу: |