140
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
•
2007 жылы ақпанда бекітілген жəне 2003 жылғы наурызға дейін есептелген Өскеменді
қоршаған
ортаны қалпына келтіру жобасы, 24,3 миллион доллар қарыз беру, міндеттемесін
қоса есептегенде, жобаның жалпы бағасы 40,1 миллион доллар;
•
Сырдарияны жəне Арал теңізінің солтүстік бөлігін бақылау жобасы (I кезек) (2001 ж.
маусым- 2008 ж. желтоқсан); 64,5 миллион қарыз беру жөніндегі міндеттемені қоса
есептегенде, жалпы бағасы 85,8 миллион доллар.
Таяу уақытқа дейін активті (белсенді) портфель сондай-ақ «Өзен», мұнай кенішін қалпына
келтіру жобасын да қамтыды, жоба 1996 жылы шілдеде мақұлданды жəне 2007 жылғы сəуірге
қарай аяқталды. Жобаның жалпы бағасы, ХҚДБ 109 миллион доллар көлемінде
қарыз беруін
қоса есептегенде, 136 миллион долларды құрады.
Азия даму банкі
АДБ-нің еларалық стратегиясы ауылдағы кедейліктің ауқымдарын азайтуға, жəне соған сəйкес
ауылдық аудандардың дамуын ілгерілету, сумен қамтамасыз ету жəне канализация
инфрақұрылымын жақсарту мен кеңейту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға бағытталған.
Осы қызмет ішінара Ислам даму банкімен жəне (KFW) (Германия) Kreditanstalt fur
Wiederaufbau ынтымақтастықта жүргізілді.
Оның үстіне, АДБ «Орталық Азия елдерінің жер пайдалану жөніндегі Бастамасы» Жобасының
аясындағы барлық іс-шараларды үйлестіру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдаған
көшбасшы агенттік болып табылады. Осы жоба Орталық-азиялық бес елдің əріптестігіне
негізделген, жəне ынтымақтастықты дамыту саласындағы оннан аса көпжақты жəне екіжақты
əріптестер аталмыш жобаны іске асыруға қатысуға даяр екендерін білдірді.
АДБ-дан басқа,
жобаға мына институттар қатысты: Халықаралық даму жөніндегі Канада Агенттігі (ХДКА),
шөлге айналумен күрес жүргізу жөніндегі ГТЦ, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі
Швейцария Агенттігі (ЫДША), КООНБО жаһандық механизмі; қуаң аудандардағы
ауылшарушылық зерттеулерінің Халықаралық орталығы (ҚЖАЗО); ауылшарушылығын
дамытудың Халықаралық қоры (АШДХҚ); БҰҰДБ, ЮНЕП жəне дүниежүзілік банк.
2006 жылы қарашада іске қосылған «Орталық-азиялық елдердің
жер пайдалану жөніндегі
Бастамасы» жобасының он жылдың ішінде Орталық Азияның бес елінде жердің тозу үдерісін
тоқтату мақсаттарында тұрақты жер пайдалануға 1,4 миллиард доллар сомаға инвестиция
тарататыны күтілуде. Жобаға қатысушы əр ел ұлттық жəне көпұлттық бағдарламалық
учакселер мен іс-шараларды жоспарлау жəне іске асыру жөніндегі ұлттық бағдарламасын
межелерді əзірледі. 2008 жылдың соңына дейінгі кезеңге бөлінген қаржыландыру 155
миллионг АҚШ долларын құрайды, бұған Орталық-азияның бес елдің-25
миллион доллар,
ЖЭК-тың – 20 миллион доллар салымы қосылады жəне жоғарыда аталған донорлардың
жиынтық салымы 110 миллион долларды құрады.
Алғашқыда ұлттық сегіз басым жобалармен əріптестік орнатылды. Қазақстанның ұлттың
басым жобасы (бірлі-жарым) жойылымдық экожүйелерді басқаруға бағытталған. Оның үстіне,
Қазақстан əріптестікті нығайтуға жəне əлеуетті дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған
бірнеше елдің қатысуымен екі жобаны іске асыруға қатысады.
Еуропа қайта құру жəне даму банкі
Еуропа қайта құру жəне даму банкінің (ЕҚДБ) жұмысы экономикалық əртараптандыруға жəне
экономиканың негізгі секторларындағы бəсекені күшейтуге қолдау көрсетуге бағытталды.
2006 жылғы 30 қыркүйекке қарай ахуал бойынша ЕҚДБ муниципалды жəне экологиялық
инфрақұрылым саласындағы жобаларға қаржыландыру бөлген жоқ.
Дегенмен банк өзінің
негізгі қызметінде экологиялық мəселелерді ескеруін тоқтатпады. 2007-2009 жылдарға
арналған Стратегиялық міндеттер энергия тұтынуға байланысты қоршаған ортаға тиетін
əсерді азайтуға бағытталған энергиятиімділікке инвестицияларды жылжытуды қамтиды. Оның
үстіне, ЕҚДБ Жапония қаржыландыратын жаңа экологиялық бағдарламаны іске асыруға
қатысады. Бағдарламаның мақсаты-Қазақстандағы экологиялық таза технологияларды іске
6 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар
141
қосатын жəне шамадан тыс қаржы ауыртпалығын қабылдау қажеттігінсіз
энергия тиімділігін
арттыратын шағын жəне орта кəсіпорындарға қолдау көрсету. Бірінші жобалар Шымкенттегі
ағынды суларды тазарту мен Шығыс Қазақстандағы ауыр өнеркəсіптің негізгі орталығы, қатты
ластануға ұшырайтын - Өскеменнің экологиялық жобасын қамтиды.
Еуропалық одақ /Еуропалық Комиссия
ЕО мен Қазақстан қатынастарының негізін екі жақты деңгейдегі əріптестік жəне
ынтымақтастық туралы Келісім (ЭЫК) құрайды, ол 1999 жылдың бас кезінде күшіне енді:
2000-2006 жылдарда ЕО Орталық-азиялық аймақтық ынтымақтастық бағдарламасы мен соған
байланысты Аймақтық ТАСИС бағдарламасының аясында қолдау көрсетіп отырды. ТАСИС
аймақтық бағдарламасы 2000-2006 жж. Аймақтық стратегияға (АС) жəне сонымен
байланысты Индикативті бағдарламаға қоса жүргізілді. АС пен индикативті бағдарлама
қоршаған ортаны қорғауға қаржылай қаражаттардың нақты сомасын бөлуді көздеген жоқ.
Алайда бірқатар экологиялық мəселелер (мəселен, климаттың өзгеруі
жөніндегі халықаралық
міндеттемелер, су ресурстарын басқару жүйесін əзірлеу жəне шөлге айналумен күрес жүргізу)
АС-ке кіретін аймақтық ынтымақтастық бағдарламасының аясында орындалатын басымдықтар
ретінде белгіленді. 2007 жылдан бастап ЕО ынтымақтастық құралдарын қайта қарағаннан
кейін, Орталық Азияның бес елі ынтымақтастықты жəне экономикалық ынтымақтастықты
дамыту құралының көмегін алуда. 2007-2010 жж. Негізгі көмек су ресурстарының секторына,
атап айтқанда, су ресурстарын интеграциялы басқару мен трансшекаралық өзендерді
басқаруға, сумен қамтамасыз ету жəне каналаизация жүйесінің
саяси реформалары
саласындағы қолдау көрсетуге, сондай-ақ ХҚИ су инфрақұрылымына жасалатын
инвестицияларына жəрдемдесуге бағытталады.
Қолдау көрсетудің басқа салалары ормандар мен орман ресурстарын орнықты басқаруды,
сондай-ақ Киото Хаттамасын іске асыруға аймақтық қолдау көрсетуді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: