Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет131/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   195
kazakhstanII.KAZ

6.5 
Қорытындылар мен ұсыныстар 
 
Қазақстан Республикасының экологиялық секторы материалдық инфрақұрылым мен адам 
ресурстарына инвестициялардың созылмалы жетіспеушілігінің ұзаққа созылған кезеңін бастан 
кешірді. Осыған байланысты, экологиялық қажеттіліктер біршама жоғары. Кейінгі жылдарда 
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын жиынтық шығындар ұдайы өсу үрдісін көрсетті, бірақ 
осы өсу, негізінен, дəстүрлі түрде қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын
шығындардың ең қомақты үлесін көтеріп келген Өнеркəсіптік кəсіпорындардың есебінен 
қамтамасыз етілді. Өнеркəсіптік кəсіпорындардың қоршаған ортаны қорғауға жұмсайтын 
шығындары негізінен, экономикалық құралдармен қатар реттеудің дəстүрлі жүйесіне 
байланысты (командалық-бақылау шаралары). Осы саяси үйлестікті жетілдірудің, 
басқаларының ішінен, ағымдағы жəне көбіне қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем алудың 
тиімсіз жүйесін қайта қараудың жəне экономикалық тиімді реттеу əдістері мен экологиялық 
зиянды өнімге салық салудың есебінен жетілдірудің кең саласы бар (5 тарауды қараңыз).
Жалпы мемлекеттік шығындармен қатар мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға жұмсайтын 
шығындары айтарлықтай өсті.
Алайда бұлар жалпы мемлекеттік шығындармен жəне Жан басына шаққандағы шығындармен 
салыстырғанда өте аз. Сондықтан мынадай болжам жасауға болады, қоршаған ортанға 
мемлекеттік басымдықтар тізбесінен жоғары басымдық берілмейді. Оның үстіне, қоршаған 
ортаны қорғауға жұмсалатын мемлекеттің шығындардың экономикалық тиімділігі туралы 
дерек жоқтың қасы. 
Дегенмен мемлекеттік сектор бюджетінің ахуалы ең алдымен мұнай мен газдан түскен 
табыстардың жедел өсуінің есебінен айтарлықтай жақсарды. ҚРҰҚ жинақ ақшалары кейінгі 
жылдарды күрт көтерілді. Бұл, сайып келгенде, əлеуметтік шығындармен арақатынаста 


142
 
 
 
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
 
əлеуметтік пайданың жоғары деңгейіне ие экологиялық жобаларды қаржыландыруға қолдау 
көрсету үшін орталық жəне жергілікті бюджеттерге аударымдарды ұлғайтуды көздеуі тиіс. 
Осы жалпы мəнмəтінде маңыздысы, ҚОҚМ мемлекеттік шығындардың орта мерзімдік 
межелерін жасауға бағытталған орталық жəне жергілікті билік органдарының өзара іс-қимыл 
механизмдерінде «естілуі» мүмкін. Бұл сондай-ақ сектордың даму стратегиясында қоршаған 
ортаны қорғаудың интеграциясына септігін тигізеді. Осы мəнмəтінде экономикалық 
əртараптандыру мен бəсекеге қабылеттілік стратегиясына ҚОҚМ-мен жəне басқа да тиімді 
интеграцияға қатысушылармен бірге экологиялық міндеттерді ілгерілетідегі «Қазына» 
тұрлаулы даму Қорының əлеутті рөлін айрықша атап өту керек.
6.1 Ұсыныс: 
Қоршаған ортаға тигізілетін əсер мен соған байланысты қоршаған ортаны қорғауға 
жасалатын инвестициялардағы қажеттіліктерді жақсырақ есепке алу үшін: 
(а) 
Үкімет Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен басқа да мүдделі тараптардың, 
«Казына», тұрлаулы даму Қоры сияқты ведомосаралық механизмдері мен институттарына 
барабар қатысуын қамтамасыз етуі тиіс, олар тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды 
қоса есептегенде, өнеркəсіптік даму стратегиясын əзірлейді;
(б) 
Үкімет мемлекеттік бюджет жоспарлау аясында қоршаған ортаны қорғау 
мəселелерінің анағұрлым жоғары басымдыққа жетуіне ұмтылуы тиіс; 
(в) 
ҚОҚМ белгіленген экологиялық мақсаттарға жету мен қаражаттарды 
экономикалық тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін ірі шығындарды қарастыратын 
бағдарламалардың мониторингіне жəне сараптық бағасына бөлінетін ресурстарды күшейтуі 
тиіс.
 
Мемлекеттік сектор шығындарының үлкен бөлігі жергілікті деңгейдің үлесіне тиеді. Алайда 
экологиялық міндеттер көбіне шектеулі табыстар үшін бəсекелесетін секторалды басымдықтар 
жағдайында бюджеттік қаражаттарды бөлу кезінде назардан тыс қалады. Бұл мынадан 
көрінеді, кейінгі жылдарда қоршаған ортаны қорғауға жергілікті бюджеттерден бөлінетін 
шығындар қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем жинаудан жергілікті бюджеттерге түсетін 
түсімдерден едəуір төмен болды. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерден түсетін 
табыстарды экологиямен байланысты емес мақсаттарға кеңінен пайдалану «ластауға айыпты 
төлейді» қағидатымен қарама-қайшы келеді. Қоршаған ортаны ластауға байланысты 
төлемдермен салыстырғанда анағұрлым тиімді салық салу құралдары бар, олар мемлекеттің 
экологиялық емес бағдарламаларында жергілікті деңгейде қаржыландыруы үшін қажет 
табыстарын ұлғайтуға қабылетті. Осы мəн-мəтінде, қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын 
шығындарды жабуға ұлттық бюджеттен жергілікті бюджеттерге қаражаттар аударудың сенімді 
емес екенін атап өту керек. 
 
 
6.2 Ұсыныс: 
Үкімет қоршаған ортаны ластауға байланысты төлемдерден түсетін барлық табыстардың 
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруға тиімді пайдаланылуын 
қамтамасыз ету жөніндегі күш жігерлерін жалғастыруы тиіс. Бұл үкіметтің басым 
жобаларын тікелей қаржыландырудың жəне /немесе осы түсімдерді экологиялық 
инвестицияларды ынталандыру үшін ластаушы кəсіпорындарға ішінара қайтарудың нысанын 
қабылдауы мүмкін. 
 
Жергілікті билік органдарына отандық немесе шетелдік банкілермен немесе көп жақты қаржы 
институттарымен тікелей келісімдерге қатысуға рұқсат етілмейді. Орталық үкіметтің 
тарапынан шектеулі қаржыландыру жағдайларында бұл анағұрлым үлкен жақсартуды талап 
ететін экологиялық инфрақұрылымды қаржыландыруға күрделі тосқауыл болуы мүмкін. 
Орталық үкіметтен, жергілікті капитал рыноктарынан немесе көп жақты қаржы 
институттарынан үлкен қаражаттар тарту қаржы жұмсалымдарының дəйекті бағасымен 
(инвестициялық шығындар, пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын 


6 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар
143 
 
шығындар) жəне қаржыландырудың орнықты стратегиясымен сабақтасатын айқын мақсаттар 
мен мерзімдерді белгілеу арқылы экологиялық жобаларды əзірлеудің барабар жергілікті 
институционалды əлеуетін талап етеді. Жалпыланған мағынада бұл сондай-ақ мемлекеттің 
қаржы басқаруын күшейтетін жəне шығындардың тиімділігін арттыратын механизмі ретінде 
пайдаланылатын, жергілікті басқару органдары деңгейінде ОМАД құру қажеттілігін растайды. 
6.3 Ұсыныс: 
Үкімет қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлаудың, қаржыландырудың 
жəне іске асырудың жергілікті əлеуетін күшейтуі тиіс. Басқалармен қатар бұл мыналарды 
қамтуы мүмкін: 
• 
Жобаның талдауын, бағасы мен əзірлеуін, сондай-ақ қаржылық жоспарлау мен 
басқару əлеуетін қоса есептегенде, жобаларды басқару əлеуетін дамыту;
• 
Муниципалитеттерге жергілікті капитал рыноктарында тікелей алыс-беріс
жасауға жəне халықаралық қаржы ұйымдарымен жəне шетелдік донорлармен тікелей 
шарттық қатыснастарға қатысуға мүмкіндік туғызатын үлкен өкілеттіктер беру. Сəйкес 
жобалардың аумақтық даму жоспарларында белгіленген экологиялық басымдықтармен 
келісуі тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет