Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Сурет: Отын пайдалану арқылы электр энергиясы өндірісін дамыту, 1998-2005 жж



Pdf көрінісі
бет137/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   195
kazakhstanII.KAZ

7.4 Сурет: Отын пайдалану арқылы электр энергиясы өндірісін дамыту, 1998-2005 жж. 
20 000
25 000
30 000
35 000
40 000
45 000
50 000
55 000
60 000
65 000
70 000
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
ГВ
ч
Көмір
Мұнай
Газ
Гидро
Жаңғыртылатын отын энергия көздері жəне қалдықтар
Дерек көзі: МЭА, 2007 ж.
Шамалы ғана жөндеуден жəне жаңартудан өткен қалалардағы аудандық жылыту желілері 
ыстық су мен қамтамасыз етудің негізгі жеткізушілері болып табылады. Бұл қыс ауасында 
жылу жеткізудің жиі іркілістерге ұшырауына жəне төмен тиімділігіне себеп болады. Алматы 
сияқты ірі қалаларда жуырда аудандық жылыту желілерін қалпына келтіру бойынша арнайы 
бағдарламалар қолға алынды, бірақ жылуға төленетін төмен тарифтер мен соған сəйкес төмен 
табыстар, жүйені қалпына келтіру мен жаңғыртуға жасалатын инвестициялар үшін күрделі 
кедергіге айналды. 
Едəуір жылу ысыраптары тікелей қоректендіруші электр желілерінде ғана емес, сонымен бірге
ғимараттарда да болады. Есептер бойынша, жылумен жабдықтаудың осы заманғы 
технологияларын енгізу, көпшілік ғимараттарды жылытуға пайдаланылатын энергияны 30%-
ға дейін үнемдеуге көмектеседі. Тұрғын үйлерді жылыту тарифтері көбіне пəтердің немесе 
үйдің жалпы көлемінің (м
2
) есебінен есептеледі. Есептеу жүйесінің жаппай болмауынан 
тұтынушылар электр энергиясын үнемдеуге ұмтылмайды.
Энергия сиымдылығы, энергияны ұтымды пайдалану жəне энергиямен жабдықтау 
Қазақстан энергиясиымдылығы бойынша əлемде алғашқы орындардың бірінде (БЭЖҰ/ЖІӨ). 
Республика сондай-ақ энергияны ұтымды пайдалану мен энергия үнемдеуді арттыру үшін 
қажет орасан зор əлеуетке ие. Энергетика кешеніндегі көптеген электр станциялары ең бірінші 
кезекте электрдің жалпы көлемінің 70%-ға жуығын өндіретін көмір электр станциялары 
ескірді, ал энергия жүйелеріндегі ысыраптар электр энергиясының жалпы өндірісінің 15%-нан 
асты.
Қазақстанда «Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру үшін 
тосқауылдарды жою» БҰҰД/ЖЭҚ жобасының аясында жылу жүйесінің құрылысынан жəне 


7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
153 
 
/немесе алдын-ала оқшауланған өткізгіш құбырлардан түсетін пайдаларға сараптық баға беру 
жүргізілді. Энергия үнемдеу көмір қышқыл газының шығындыларын азайтуға септігін тигізер 
еді, мұның қаланың ахуалына қарай бір метр өткізгіш құбырға шаққанда жылына 105-450 кг 
CO
2
құрауы мүмкін 2020-2024 жылдарға қарай қолда бар ең озық тазарту технологияларын 
енгізу арқылы энергия жəне жылумен жабдықтау секторында отын тұтынуды ықтимал азайту 
20 млн. ЖОЭ-ге жетуі мүмкін. Парник газдарының шығындыларын 2024 жылға қарай азайту 
шамасы 15-20 млн. тоннаны құрауы мүмкін. Электрэнергиясы мен жылуды құрамдас өндірген 
жағдайда энергия үнемдеудің іс жүзіндегі əлеуеті (ЭЖҚӨ) шартты отынның 6-7 млн. 
тоннасымен бағаланады, яғни ПГ шығындыларын 10-15 млн. тоннаға азайту арқылы ЭЖҚО 
кезінде отынды шамамен 35% нақты пайдалану.
Жағыртылатын энергия көздері 
Қазақстан, бір жағынан, қазба отынының ресурстарына аса бай болғанымен, екінші жағынан, 
жаңғыртылатын энергия көздері экономикалық жəне энергетикалық əртараптандыру, сондай-
ақ қоршаған ортаның сапасы мен Адам денсаулығын жақсарту үшін мүмкіндік туғызар еді. 
Сонымен бірге, жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану, энергия тиімділігімен жəне 
энергия үнемдеуге қатысты шаралармен бірге БҰҰ РКИК белгіленген мақсаттарымен 
басымдықтарына жетуге септігін тигізеді (7.1 ендірмені қараңыз).
Қазақстан жаңғыртылатын энергия көздерін, əсіресе гидроэнергияны, жел энергиясы мен су 
энергиясын пайдалану саласында айтарлықтай əлеуетке ие, бірақ қазір осы əлеуеттің шағын
бөлігі ғана іске қосылып отыр. Гидроэнергия-бүгінгі күні электр өндіру үшін пайдаланылатын 
жаңғыртылатын энергияның жалғыз-ақ көзі.
Гидроэнергия 
2004 жылы су көздерінен (үлкен жəне шағын гидроэлектрстанциялары) электр энергиясын 
өндіру жылына 8 ТВт.-ға дейін дерлік жетті, бұл көрсеткіш электр энергиясыынң жалпы 
өндірісінің 12%-на сəйкес келеді (7.2 Кестені қараңыз). Осы энергия негізінен Ертіс өзенінің 
бойына орналасқан ірі бес гидроэлектрстанцияларында, сондай-ақ басқа да шағын 
гидроэнергияжүйелерінде өндіріледі. Бұл жылына 170 ТВт. құрайтын елдегі жалпы
əлеуеттің шағын бөлігін ғана көрсетеді, соның жылына 27 ТВт. с жуығы экономикалық 
пайдалы болып есептеледі. Атап айтқанда, қысқа мерзімді перспективада, оларды əрмен қарай 
жетілдірген жағдайда, жаңғыртылатын энергияның ең пайдалы көздерінің бірі Қазақстандық 
шағын 
ЖЭС-тер 
болуы 
мүмкін. 
Осы 
саланы 
зерттеу 
мен 
талдау, 
шағын 
гидроэлектрстанциялардың əлеуеттік мүмкіндігінің 1380-нен 1600 МВт-ға дейін құрайтынын 
көрсетті, бұл жылына 5-6,3 ТВт.с энергия өндірумен сəйкес келеді.
Жел энергиясы
Қазақстанның барлық аумағында дерлік жел энергиясының айтарлықтай əлеуеті байқалады, ол 
шамамен 10 МВт/м
2
құрайды. Жел атласы бойынша, Республиканың көпшілік аумағында 30 м 
биіктікте 4-5 м/сек-қа тең. Кейбір аудандарға желдің үлкен əлеуеті тəн, мəселен, Жоңғар 
қақпасының таулы өткелінде желдің жылдамдығы шамамен 6-9 м/сек-қа жетеді. Электр 
энергиясын 2030 жылға дейін дамыту Бағдарламасы бойынша, елде жалпы қуаты 520 МВТ жел 
электрстанцияларын салу белгіленген, олар жыл сайын 1,7-1,8 Твт.с жасауы мүмкін. 
Үкіметтің шешімі бойынша, Алматы облысындағы Қытаймен шекарадағы «Жоңғар қақпасы» 
таулы мекенінде қуаты 5 МВт Қазақстандағы тұңғыш желэлектрстанциясы (ЖЭС) салынады. 
ЖЭС тəжірибелік құрылысы ЖЭҚ-тың «Қазақстан – жел энергетикасы рыногын дамыту 
бастамасы» жобасының аясында жүргізіледі. Тендерді дайындауға қытысты рəсімдер 
аяқталды, бірақ ішкі рыноктағы электр энергиясының белгіленген бағаларының электр 
энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардан едəуір жоғары болғандығына байланысты 


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет