Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет145/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау 
 
МИНЕРАЛДЫ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ 
ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА 
 
 
8.1 
Елдің өндіруші өнеркəсібінің шолуы 
 
Қазақстан металды жəне бейметалды ресурстармен қатар жерасты қазба отын қорларына ие. 
Елдің индустриалық секторының басым бөлігі осы ресурстарды өндіріп-өңдеумен айналысады. 
Қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырған алғашқы шолу 2000-жылы жасалғаннан бері 
ел экономикасы негізінен мұнай, минералдар жəне басқа да шикі өнімдер өндірісі мен 
экспорты көлемінің ұлғаюы арқасында қарқынды дамыды. Дүниежүзілік сұраныс өсіп, өнімдер 
бағасы шарықтап кеткеннен кейін табиғи ресурстар өндірісінен түсетін табыс деңгейі де күрт 
көтерілді. Əйтсе де, мұнай мен газ өндіруден түсетін табыстың Қазақстан экономикасындағы 
рөлі зор болғанымен, 2004-ші жылғы көрсеткіш бойынша, кен өндіру секторының жалпы ішкі 
өнімдегі (ЖІӨ) үлесі шамамен 15-ақ пайызды құраған. Ел өндірісі тұрғысынан алғанда, шикі 
өндіріс секторы жалпы өндіріс өнімінің жартысын шығарып, саладағы жұмыс орындарының 20 
пайызын қамтамасыз етеді. Бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттер ішінен Қазақстан 
шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) ЖІӨ-дегі үлесі бойынша бірінші орында болса, 
ШТИ-дың жан басына шаққандағы деңгейі бойынша екінші орынға ие. ШТИ-ға бизнес 
ортасының жақсарып, экономикалық реформалардың іске асырылуы жəне макроэкономиканың 
тұрақталғаны жағымды əсер етеді. 2003-2006 жылдар аралығында ШТИ-дан түскен жалпы 
қаржының 40 пайызға жуығы мұнай мен табиғи газ секторына құйылды. Минералдық өнімдер 
экспорты жалпы өнімдер экспорты көлемінің 75 пайызын құрады. 
Металдар жəне минералдарды өндіру
Қазақстан минералдық ресурстарға бай. Мұнда хром, ванадий, висмут, фтордың ең үлкен 
қорлары ғана емес, сонымен қатар боксит, көмір, мыс, темір жəне цинк мол шоғырланған. 
Қазақстан алюминий, мыс, темір, қорғасын, цинк, вольфрам, молибден, бор қышқылының 
тұздары, фосфорит, калий жəне кадмийдің ең ірі өндірушісі болып табылады (8.1 Кесте). 
Алтын қорларының көлемі бойынша Қазақстан Шығыс Европа, Кавказ жəне Орталық Азия 
елдері ішінен үшінші орынға ие. Алтын өндіру саласындағы компаниялар мен активтердің 
басым бөлігі жекешелендірілген. Металл мен металдан жасалған өнімдер экспортының көлемі 
2006-шы жылы жалпы өнімдер экспортының алтыдан бірін құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет