Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет40/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   195
kazakhstanII.KAZ

I.1 Карта: Қазақстан картасы 
Ескерту: Картада көрсетілген шекаралар мен атаулар ресми түрде танылмауы жəне БҰҰ тарапынан бекітілмеуі мүмкін.


 
I БӨЛІМ: САЯСАТ ЖАСАУ, ЖОСПАРЛАУ 
ЖƏНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
 
 
 
 
 
 
 



25
 
1 Тарау 
 
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖƏНЕ 
ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДА САЯСАТ 
ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ
 
1.1 1999 
жылдан бері қол жеткен прогресс, жəне ағымдағы мəнмəтін
Экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық жағдай 
Он жыл құлдыраған Қазақстан экономикасы 2000-жылдан бастап жоғары қарқынмен өсе 
бастады. Шынайы ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) –нің жылдық орташа өсімі 10 пайыздан асты. Елдің 
мол көлемдегі қазба байлықтары мен минералды ресурстарына деген əлемдегі жоғары 
сұраныс, мал шаруашылығы мен бидай өндірісі бар аймақтарда ауыл шаруашылығының 
гүлденуі, экономикалық реформалардың қолдауын көрген қызмет көрсету саласының екпінді 
дамуы, жекешелендіру саласындағы алға басушылық пен тікелей инвестициялардың келіп 
құйылғаны –қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдарды қарастырған алғашқы Шолу 
жазылғаннан кейін елдің экономикалық ахуалының мейілінше өзгеруіне мұрындық болды. 
Аталған кезеңдегі басты мəселе кедейшілікті жою (халықтың 28% - ы күнкөріс қалтасының ең 
төменгі көлемінен аз келетін табыс тауып отырды), қоршаған орта сапасының нашарлауын 
ауыздықтау, атап айтқанда, қоршаған ортаға экономикалық тірлікке байланысты тиетін əсерді 
өсірмеуге тірелді. 2006-жылы Қазақстан Республикасының Президенті елдегі тұрақты дамуға 
(ТД) жоғары басымдылық берілетінін жариялады.
ҚР Үкіметінде 2000-2002 жылдар аралығындағы кезеңде экологиялық мəселелер аясындағы 
құзыреттерді қайта бөлістіру бағытында өзгертулер орын алды, ол кезде су қорлары мен 
ормандарды қорғау үшін жауапкершілік Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен (ҚОҚМ) 
Ауыл шаруашылығы министрлігіне (АШМ) көшті. Бұған қоса, Тұрақты даму жөніндегі 
əрекеттердің ұлттық жоспары күшін жойды. Оның орнына 2003-жылы ҚР Үкіметі 2004-
2015 жылдар аралағындағы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдады. ТД-дың 
маңыздылығы 2006-жылы қабылданған 2007-2024-жылдар аралығында ТД-ға көшу 
тұжырымдамасынан (ТДКТ) көрініс тапты. Табиғатты қорғау саласындағы заң қабылдау 
бағытында болған елеулі жетістік деп 2007-жылы қабылданған Экологиялық Кодекстің 
сомдалуын атауға болады.
Тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау ісінің кешенді саяси негіздері 
2002-жылдан бері экологиялық реформаларды, соның ішінде жаңа бюджеттік жəне салық 
жүйесі, 
бағалар 
мен 
сауданың 
либерализациясы, 
мемлекеттік 
кəсіпорындардың 
жекешелендірілуі, іскерлік пен кіші бизнестің етек жаюы, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, 
сондай-ақ стратегиялық жоспарлауға деген көзқарас тұрғысында жүзеге асыру ісі мейілінше 
алға басты. Стратегиялық жоспарлау Қазақстаннның экономикалық жəне əлеуметтік 
дамуының ұзақ мерзімді перспективаларын жəне экономикалық əрекеттерді мемлекет 
тарапынан реттеуді айқындау ісінде мемлекеттің қолданатын маңызды құралына айналды.
Стратегиялық жоспарлаудың бір іргетасы деп Қазақстаннның 2030-жылға дейінгі дамуының 
стратегисы немесе «Қазақстан-2030» деп аталатын бағдарламаны атауға болады. Оны ҚР 
президенті 1997- жылдың қазан айында жария еткен болатын. Бұл стратегия кең ауқымды 
саяси мақсаттарға жетуге бағытталған барлық стратегиялар мен тиісті жоспарлар үшін сілтеме 


26
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
жасалатын басты құжат болып табылады. Басты кешенді тапсырма 2001-2010 – жылдар 
аралығындағы экономикалық тіршілік деңгейін екі есе көтеруге келіп саяды.
«Қазақстан-2030» қоршаған ортаны қорғау мен ТД бойынша бірқатар мақсатарды біріктірген. 
Солардың ішінде: қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, адам өміріне жайлы келетін ортаны 
қамтамасыз ету, келер ұрпақ үшін табиғи байлықтарды қорғау мен солардың өндірілуі мен 
пайдаланылуын тиімді ету секілді мақсаттар бар.
«Қазақстан-2030» бағдарламасының екінші кезеңі 2010-жылға дейінгі дамудың стратегиялық 
жоспарының 2001- жылы қабылдануымен қатар келді. Бұл жоспар еңбекпен қамту мен 
əлеуметтік қорғау, денсаулық саласындағы реформалар жəне агроөндірістік саясат 
бағытындағы стратегиялық негіздерді қамтиды. Бұл жалпы бағыттар неғұрлым егжей-тегжейлі 
келетін жəне 1998-2008 жылдарға арналған «Халық денсаулығы» бағдарламасы мен 2005-
2007-жылдардағы əлеуметтік реформаларды тереңдету бағдарламасында қарастырылған
мақсаттар мен шаралар жиынтығына негізделіп айқындалған. 
«Қазақстан-2030» жəне мемлекет таңдаған өзге де басты стратегиялық бағыттармен бірге 
қоршаған ортаны қорғау мен ТД бойынша бірқатар құжат пысықталып алынды (1.1 
салындысын қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет