Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Тұрақты дамудың саясаты, стратегиялары жəне жоспарлары



Pdf көрінісі
бет42/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   195
kazakhstanII.KAZ

1.2 
Тұрақты дамудың саясаты, стратегиялары жəне жоспарлары
 
Тұрақты дамуға көшудің тұжырымдамасы 
2006 жылы қабылданған 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшудің 
тұжырымдамасы (ТДКТ) Қазақстанда ТД-ға қол жеткізудің басты құжаты болып табылады. 
Соны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі 2007– 2009жылдарға 


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
27
арналған ТДКТ – ны жүзеге асыру қимылдары жоспарының алғашқысын бекітті (Cалынды 1.2. 
қараңыз). Орталық жəне жергілікті атқарушы органдар əр жартыжылдық сайын жұмыс барысы 
жайында Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (ҚОҚМ) есеп беріп тұруы тиіс.
ТДКТ мақсаты ел экономикасының ұзақ мерзімді бəсекелестігіне қауіп төндірмей, 
экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық мақсаттардың тиісті тепе-теңдігіне қол жеткізу. 
Ол ТД негізгі қағидаларын анықтайды, негізгі міндеттерін сипаттайды жəне саяси іс-
шараларды жүзеге асыруға қатысты базалық механизмдерін ұсынады. ТДКТ белгілі бір мерзім 
ішінде атқарылуы тиіс сандық мақсаттағы тиімділіктің 12 индикаторын белгіледі (1.3 
ендірмені қар.). 
1.2 Ендірме: Мемлекет қаржыландыратын жобаларды бекіту үдерісі 
Мемлекеттік бюджет қаржысымен қаржыландырылатын жобаларды мақұлдаудың процедурасы келесідей 
негізгі сатылардан тұрады: жобалық ұсынысты пысықтаған əкімшілік орган сол жобаны жүзеге асырудың 
шаралары жоспарын жəне қажет болып тұрған бюджетті ұсынуы тиіс. 
Республикалық бюджеттік комиссия жобаның жүзеге аса алу мүмкіндігін жəне жобаның қайталанбауын 
тексереді. Жоба мақұлданған жағдайда сұралып отырған бюджет автоматты түрде мемлекеттік 
бюджет аясында бөлініп тұрады. Жобаны жүзеге асырушы жыл сайын Республикалық бюджеттік 
комиссияға жəне Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігіне жобаның іске асу барысы жөнінде 
есеп беріп отырады. 
Əрбір жобаның жүзеге асырушылары мен мақсаттары болуы тиіс. Процедураның жақсы пысықталғанына 
қарамастан, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі жобалардың игерілуін неғұрлым тиімді 
сараптауға мүмкіндік беретін сараптамалық тетіктердің қажет екенін мойындап отыр. Бұл əсіресе 
ТД жөніндегі жобаларға қатысы бар, олар өзара байланысқан үш түрлі негізді біріктіретіндіктен əдетте 
күрделі келеді. 
Дереккөзі: 2007–2024 жылдары тұрақты дамуға көшу жөніндегі Тұжырымдама (2006 ж.)
Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық Кеңес (ТДҰК) оның жұмысшы органы ретінде қызмет 
атқаратын ҚОҚМ бірге ТДКТ жүзеге асыруға жауапты институт болып саналады 
(Институционалды шеңбер жəне потенциал тар.қар.).
ТДКТ жүзеге асыру барысындағы алға басушылық 2006 жəне 2024 жылдар аралығында, əрбір 
үш жыл сайын өлшенетін болады. Қоршаған ортаның сапасына келетін болсақ, мұндағы алға 
басушылық экологиялық заңнама жəне саясат
3
бойынша экологиялық тұрақтылық жөніндегі 
Йельск Орталығымен (ИЭО) жасалынған индекстің негізінде өлшеніп отырады. ИЭО орташа 
шамамен 21 жиынтық экологиялық индикаторды білдіреді, өз кезегінде, олардың əрқайсысы 
негіз құрайтын 76 өзгермелі бірліктің жиынтығына негізделіп жасалған. Осы ауыспалылардың 
көпшілігінде Қазақстан бойынша ешқандай мəлімет жоқ. Осыған байланысты негізді мəнге ие 
болғанға дейін, индекске тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет