1.5 Ендірме Қарағанды облысының 2005–2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау
бағдарламасы
Қарағанды облысында қоршаған ортаның елеулі прессингін құрайтын, кен өнеркəсібі, ауыр өнеркəсіп пен
ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Табиғи ресурстар мұнда кеңінен қолданылады, жəне оларды қорғау
мəселесі көбіне назардан тыс қалып қояды. Жергілікті суларда сынаптың жоғары деңгейде кездесетіндігі
анықталды. Балқаш көлі өнеркəсіптің ластау қаупіне ұшыраған, оның деңгейі суарылуға жіберілетін судың
басым бөлігіне орнатылған су қақпағының ықпалымен төмендетілген. Облыстағы экологиялық жағдайды
жақсарту мəселесі ұзақ мерзімді шараларды талап ететін негізгі міндет болып саналады.
2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық Бағдарламаға сəйкес 2005
жылдың желтоқсан айында жергілікті басқару органдары қоршаған ортаны қорғау туралы Облыстық
бағдарламасын жасап шығарды. Берілген бағдарламада ауа мен судың, жерасты ресурстарының ластану
деңгейін төмендету жəне қалдықтарды азайту туралы нақты жұмыс бағыттары көрсетілген. Бюджеті 3.8
миллиард теңгені құраған Бағдарлама (375 миллион АҚШ доллары) жергілікті бюджет, ластаушы
кəсіпорындар мен басқа да дереккөздердің құралдары тарапынан қаржыландырылды. Кəсіпорындар
салған құралдары Бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалатын жалпы шығынның жартысынан астамын
құрайды деп күтілді.
Негізгі басымдылықтар қатарына кəсіпорындардың күкірт қалдықтары мен көмір шахталарының метан
қалдықтарын тастауын қысқарту, сондай-ақ жерасты жəне жерүсті суларын ластанудың барлық
көздерінен, ішінара Кен өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығының ластаушы көздерінен қорғау жұмыстары
кіреді. Облыста оның аумағына жақын Семей ядролық сынақ полигонының радиоактивті жəне химиялық
сынағын зерттеу жəне қоршаған ортаға ықпал етуін бағалау, сондай-ақ осы аумақтарды қайта қалпына
келтірудің техникалық шараларын дайындау жұмыстары жалғастыру жоспары жасалынды. Бұған қоса,
облыста «Байңоңыр» жұмысымен байланысты оның ықпалын төмендету жөніндегі жұмыстар атқару қолға
алынбақ (мысалы, зымыран жəне оның құрамдас бөлшектерінің жекелеген бөліктері).
Ескерту: 2005–2007 жылдарға арналған қызмет Жоспарының бір бөлігінде 2005–2007 жылдарға арналған
Қарағанды облысының жердің шөлге айналуымен күресу Бағдарламасы жобасын жүзеге асыру міндеті
қамтылған. Аталған жоба облыстағы құрғақшылық жерлерін (Шет ауданы) басқару жүйесін жетілдіруге
бағытталған. Жобаның бағасы 550 миллион теңгені құрайды (4.3 миллион АҚШ доллары).
2005–2015 жылдарға арналған шөлге айналумен күрес жүргізу бағдарламасы
Жердің шөлге айналуы мен тозуы – Қазақстанның ең өзекті мəселесі. Ел Үкіметі осы аталған
мəселелерді 2005 жылы қабылданған 2005-2015 жылдарға арналған шөлге айналумен күресу
Бағдарламасы арқылы шешуді көздеп отыр. Оның бірінші сатысына (2005–2007 жыл) шөлге
айналуға ұшыраған жерлерге инвентаризация жүргізу жəне бағалау жұмыстары кіргізілді.
Шөлге айналумен күрес жүргізу шаралары туралы шешім қабылдауда жұртшылықтың
қатысуы мен ақпараттылықтың деңгейін арттыру мəселелеріне басты назар аударылды.
Шектеулі ресурстардың болуына қарай жердің құлдырауының алдын алу мақсатында жерді
қайта қалпына келтіру жөніндегі ұшқыш жобасының тек кішігірім бөлігі ғана бағдарламаның
бірінші сатысында қамтылды. Ал шөлге айналу барысы
бақылауға қол жеткізу мен осы
мəселені кідіртуге арналған тұрақты жағдай қалыптастыру бағдарламаның екінші (2008–2010
жыл) жəне үшінші (2011–2015 жыл) сатыларының негізгі міндетіне айналды. Бұл жерді
қолдану үрдістерін ұйымдастыруға байланысты нормативтік талаптарды жүргізу, тұрақты жер
қолданысының экономикалық ынталандыруы жəне халықаралық конвенцияның талаптарын
орындау сияқты шараларды қолдану арқылы іске асырылмақ.
34
I
Бөл
ім
:
Саяса
т
жаса
у,
жосп
арлау
жəн
е жү
зег
е а
сыр
у
Достарыңызбен бөлісу: |