Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі саясат, стратегиялар жəне жоспарлар



Pdf көрінісі
бет46/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   195
kazakhstanII.KAZ

1.3 
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі саясат, стратегиялар жəне жоспарлар 
2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы
жылы қабылданған 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы 
(ЭҚТ) қоршаған ортаны қорғау туралы негізгі стратегиялық құжатқа айналды. ЭҚТ экожүйенің 
сақталуы мен табиғи жəне өнеркəсіптік апаттардың алдын алуды қосқанда, қоршаған ортаны 
қорғауды қамтамасыз етудің қағидалары мен басымдылықтарын айқындайды. Оның бірінші 
сатысына (2004–2007 жылдар) қалдық деңгейін бағалау жəне ластану деңгейін төмендету 
шараларын дайындау міндеттері тиесілі. Екінші (2008–2010 жылдар) жəне үшінші (2011–2015 
жылдар) сатылары қоршаған ортаның сапасын тиісті деңгейде тұрақтандыруға жəне жабайы 
табиғатты қорғауға қатысты экологиялық талаптарды күшейтуге бағытталған.
ЭҚТ төмендегідей негізі сұрақтарды анықтайды : 
• 
ауа райының өзгеруіне жəне озон қабатының бұзылуына əкелетін антропогенді қызмет 
түрлерін азайту ;
• 
биоалуандықты сақтау, шөлге айналудың жəне жердің нашарлауының алдын алу ;
• 
экологиялық апатты аймақтарды жəне əуе/ғарыштық сынақ полигондарынан 
залалданған аймақтарды қайта қалпына келтіру ;
• 
Каспий теңізінің ластануының алдын алу ;
• 
су ресурстарын ластанудан қорғау жəне суды пайдалануды қысқарту ;
• 
бұрын жіберілген ластануды жою; 
• 
ауаның радиоактивті, бактериологиялық жəне химиялық ластануын төмендету, ауаның 
трансшекаралық ластануын қосқанда;
• 
өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтардың көлемін қысқарту;
• 
табиғи апаттардың салдарына əрекеттесу.


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
33
Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі қызмет жоспары (2004 
ж.) қоршаған ортаның жағдайын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды жəне ол 2005–2007 
жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының жасалуына негіз болады.
2004 жылы Тұжырымдаманың бірінші сатысын іске асыру мақсатында 14 облыстың 
əрқайсысы, сонымен бірге Алматы мен Астана қалалары 2005–2007 жылдары қоршаған ортаны 
қорғау жөніндегі өзіндік жергілікті бағдарламаларын жасап шығарды (1.5 ендірмені қар.). Бұл 
бағдарламаларда есеп айыру бағасы мен қаржыландыру дереккөздерін қосқанда, белгілі бір 
жобалар қамтылуы мүмкін еді (мысалы, орталық немесе жергілікті бюджеттен, кəсіпорын 
құралдары жəне шетелдік гранттар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет