Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет49/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   195
kazakhstanII.KAZ

1.4 
Заңнамалық межелер 
Қоршаған ортаны қорғаудың заңнамалық шеңбері 2000 жылдан бастап қысқартылды. Мұндағы 
ең басты өзгеріс - Экологиялық кодекстің енгізілуі, ол бір жылға да жетпейтін өте қысқа 
мерзім ішінде жасалып, қабылданды. Экологиялық кодекске енгізілген соң үш негізгі заң 
(Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң, Экологиялық сараптама туралы Заң жəне 
Атмосфералық ауаны қорғау туралы Заң), бұған қоса, Экологиялық кодекс қабылданған кейін 
80 нормативтік-құқықтық акті қысқартылды.
Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң 1997 жылы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық 
ақпарат жəне оны жариялау, экологиялық мониторинг, экологиялық аудит, экологиялық 
апаттарды басқару, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғауды бақылауды (тексеру) 
басқарудың негізгі қағидаларын орнатты. 2004 жылы Заңға қалдықтарды басқару жөніндегі 
ережелер кіргізуді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2005 жылы берілген 
Заң ерікті жəне міндетті экологиялық аудит туралы ережемен толықтырылды.
1997 жылғы Экологиялық сараптама туралы Заң  2004 жылғы 20 желтоқсандағы соңғы 
өзгерту жəне толықтырулары арқылы қаржыландыру мəселелерін, сараптама комиссиясын 
құру жəне экологиялық сараптама туралы заңнаманы сақтамауға қатысты жауапкершілік 
мəселелерімен қатар, экологиялық сараптама (ЭС) өткізу процедурасын ретке келтірді.
 
2002 жылғы Атмосфералық ауаны қорғау туралы Заң ауа күйін мемлекеттік тұрғыдан 
бақылаудың базалық шарттары мен қағидаларын айқындады, сонымен бірге мемлекеттік 


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
37
органдардың біліктілігін анықтады, жеке жəне заңды тұлғалардың құқығы мен 
міндеттемелерін, сондай-ақ атмосфералық ауаның қауіпті ластағыш көздері жəне ауаны 
қорғауды мемлекеттік бақылау процедуралары бойынша базалық талаптарын белгіледі.
2006 жылғы Ерекше күзетілетін табиғи аумақтар туралы Заң жоғары экологиялық, ғылыми, 
тарихи, мəдени жəне рекреациялық құндылықтарды танытатын басқа да облыстарды жəне 
табиғи ресурстардың шекарасын кеңейту жəне тұрақты басқару мен əкімшіліктендіру 
мəселелеріне қатысты сұрақтарды реттеді.
2005 жылғы Міндетті экологиялық сақтандыру туралы Заң міндетті экологиялық сақтандыру 
арқылы кездейсоқ ластану жағдайындағы кепілденген өтемақы төлемін жасауға бағытталған, 
мұндай өтемақы қызметі қоршаған ортаға жəне жеке тұлғаларға залал келтірумен тікелей 
байланысты кез келген жеке немесе заңды тұлғамен орнатылған келісімшартта қарастырылуы 
тиіс. Алдын ала атқарылған экологиялық аудиттің негізінде сақтандыру келісімшарты 
экологиялық залал өтемақысын жабады. Сақтандыруға тиесілі іс-шаралардың тізімі ҚР 
Үкіметімен анықталған. Сақтандыру сондай-ақ ластану салдарынан адамның өміріне, 
денсаулығына, мүлігіне жəне қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру үшін өтемақы 
төлейді. Халықаралық келісімшартқа негізделіп жасалынған əрбір қызметте келісімшарт 
талабы Заң ережесімен алмастырылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру туралы Заң ластанудың тікелей салдарының мəселелерін 
реттейді, дегенмен мұнда өндірістің салдары немесе айқын тəуекелдер (мысалы, ауыз суының 
ластану салдарынан Адам денсаулығының нашарлауы) туралы ережелер берілмеген. Заң əлі 
бастапқы сатыда қолданылып жүр, осыған сəйкес əлі де кейбір бөлімдеріне, əсіресе өтемақы 
есептеу бөліміне түзетулер енгізуді қажет етеді. Заң жазылған уақытта оның ықпалына 
ұшыраған бірде бір оқиға тіркелген жоқ. Осылайша, қоршаған ортаға келтірілген залалға 
қаншалықты өтемақы жұмсалатындығын өлшеу мүмкін емес. Заң залалды қайта қалпына 
келтіруге кім жауапты екендігін қарастырмайды.
Экологиялық кодекс 
Жалпы мазмұны 
2006 жылдың наурыз айының басында ҚР Президенті 2006 жылдың соңына дейін қоршаған 
ортаны қорғау жөніндегі кодекс жасау шартын ортаға салды. Берілген қысқа мерзімге 
қарамастан, Экологиялық кодекс 2007 жылдың қаңтар айында қабылданды. Халықаралық жəне 
қазақстандық, сонымен қатар халықаралық ұйымдар тарапынан түсіндірме беруге де сұраныс 
жасалынды. Жұртшылықпен ашық талқылаулар арқылы консультациялар алынды. Басты 
мақсат қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ағымдағы заңнаманың жаңа стандарттарды 
қамтамасыз етуі жəне бақылау жүйесін жетілдіруі тиіс озық халықаралық стандарттармен 
үйлесуіне негізделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет