3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім
85
станцияда ғана өткізіледі. Əйтсе де елдегі экологиялық мониторинг станциялары халықтың
қоршаған ортаның ластануына ұшырағыштығы туралы жақсы ақпарат құру мүмкіндігіне ие
бола
алмай отыр, олар үнемі бірнеше дүркін қалдық тастау жағдайларының салдарын толық
шамада сипаттауға қабілетті емес. Бұған қоса, ауа сапасын мониторингтеудің
қолданыстағы
торабы, талапқа сəйкес, ауаның ластану деңгейін қалдық сипатымен байланыстыруға
мүмкіндік бермейді, егер осындай мүмкіндік болса, онда штаттық күн тəртібіндегі
жұмыс
барысында қалдық нормалары немесе ауа сапасының бұзылуына себеп болып отырған
əрекеттерді анықтауға көп жеңілдік болар еді.
3.1 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі «Қазгидрометтің» оның кемшіліктері мен қарама-
қайшылықтарын, сондай-ақ əрі қарай модернизациялау жəне халықаралық ұсынымдар мен
озық тəжірибелерге сəйкес мониторинг торабын жаңартуға бағытталған қызмет
жоспарларымен қатар, стратегия жасау үшін өткізіп жүрген экологиялық мониторинг
бағдарламасын қайта қарастырғаны дұрыс. Осындай қызмет жоспарларында төмендегідей
мəселелерге арналған уақыт аясы мен қаржы құралдары көрсетілуі тиіс:
(а)
мониторинг мақсатын жалпы мемлекеттік жəне аумақтық көлемдегі негізгі
экологиялық
мəселелермен
байланыстыру,
сондай-ақ
мониторингті
мемлекеттік
бағдарламалар мен жоспарларда анықталған экологиялық саясаттың мақсаттық
көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бағалау құралы ретінде
қолдану;
(б)
өлшенетін көрсеткіштердң тізімін кеңейту, ішінара, жерүсті озоны, PM
10
, ауыр
металдар жəне қоршаған орта мен су нысандарындағы биолоиялық параметрлеріндегі БОЛ
көрсеткіштерін енгізу;
(в)
халықаралық деңгейде келісілген ұсынымдарға сəйкес, мониторингтің қосымша аялық
жəне трансшекаралық станцияларын енгізу;
(г)
автоматты өлшеуге ауысуды аяқтау жəне мəліметтер сапасын бақылау жəне
оларды сақтау процедураларын жақсарту;
(д)
себеп-салдарлық байланысты белгілеп, ол туралы əрі қарай қолданылатын іс-шаралар
қабылдауға арналған саясатты бақылау жəне өңдеу жөніндегі органдарға хабарлап отыру
Достарыңызбен бөлісу: