Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Саясат жасау мен шешімдер қабылдаудың негіздері



Pdf көрінісі
бет83/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   195
kazakhstanII.KAZ

3.6 
Саясат жасау мен шешімдер қабылдаудың негіздері 
Мониторинг жəне мəліметтер 
 
2000 ж. бастап Қазақстанда елдегі экологиялық мониторинг бойынша өткізілетін іс-шараларға 
ықпал ететін бірқатар заң жəне басқару құжаттары қабылданды. Мұндай құжаттардың 
қатарына кіретін құжаттар: «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң (№ 5, 11 наурыз 2002 
ж.); Су Кодексі (№ 481-II 9 шілде 2003 ж.); Президенттің 2003 ж. 3 желтоқсандағы № 1241 
Декретімен қабылданған Қазақстан Республикасының 2004–2015 жж. экологиялық қауіпсіздігі 
туралы Тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасының 2005–2007 жж. қоршаған ортаны қорғау 
Бағдарламасы туралы Қарары (6 желтоқсан 2004 ж. № 1278).
Қоршаған орта жəне су ресурстары мониторингінің бірегей мемлекеттік жүйесі арқылы (ҚО ж 
ТРМБМЖ), түрлі мемлекеттік органдар өткізетін қоршаған орта мониторингі мен мəлімет 
жиынтықтарын үйлестіруді жақсартуға арналған маңызды құқықтық жəне ұйымдастыру 
шаралары қабылданды. ҚО ж ТРМБМЖ мақсаты – жауапты тұлғалар мен жұртшылықты 
уақтылы жəне сенімді ақпараттар жəне ҚОЖ қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны 
қорғау шараларының тиімділігін бағалау.
Үкімет 2001 ж. 27 маусымдағы № 885 Қаулы бойынша ҚО ж ТРМБМЖ ұйымдастыру жəне 
жүргізу Ережесін бекітті. Осыдан кейінгі төрт жыл ішінде, ҚОҚМ 2005 ж. (өзінің 2005 ж. 17 
қарашадағы № 314-б Бұйрығымен) ҚО ж ТРМБМЖ ұйымдастыру жəне жүргізуге арналған 
ведомствоаралық жұмыс тобын құрғанға дейін, оны жүзеге асыруға байланысты ешқандай іс-
шара атқарылған жоқ. Бұл жұмыс тобының құрамына ҚОҚМ жауапты қызметкерлері; Өнеркəсіп 
жəне сауда, энергетика жəне минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, 
экономика жəне бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, ғылым, сондай-ақ қорғаныс 
Министрліктері; Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік; ақпараттандыру жəне байланыс 
Агенттігі, сонымен бірге ғылыми-зерттеу ұйымдары кіреді. Жұмыс тобы өз жұмысын ақпарат 
түрі мен форматын, сонымен қатар онымен ҚО ж ТРМБМЖ шеңберінде алмасу кестесін 
талқылаудан бастады. Осының қорытындысы ретінде басқа министрліктердің ұсынымдарын 
ескеретін Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Министрдің Қаулысы шықты (2007 ж. 31 
мамырдағы № 172). Осы мəселенің ҚОҚМ-ға қажетті кезде берілмейтін, (мысалы, жерасты 
суларының сапасы туралы мəліметтер), бірақ экологиялық саясатты жетілдіру жəне ҚОЖ 
туралы баяндамалар дайындау үшін аса маңызды болып табылатын ақпараттар мен жекелеген 
ақпараттарға жазбаша өтініш жасауға мүмкіндік береді.


 
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім 
83 
ҚО ж ТРМБМЖ алға жылжытуға байланысты басқа да қадамдар қатарына ҚОҚ 
Министрлігінің осы іске тартылған басқа да үкіметтік органдармен бірігіп қабылдаған (2006 ж. 
13 сəуірдегі № 112-б Бұйрығы) ҚО ж ТРМБМЖ Тұжырымдамасы жəне оның элементтерін 
2007 ж. Экологиялық кодекске енгізу жұмыстары жатады.
Əзірше ҚО ж ТРМБМЖ көмегімен тек оның құрамына кіретін мекемелерден Экология жəне 
ауа райы жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтына ҚОЖ туралы ұлттық баяндамалар 
жасауға қажетті ақпараттарды жүйелі түрде алу мүмкіндігіне ғана қол жеткізілді. 2004 ж. 
ҚОҚМ төрт негізгі мəліметтер қоры, с.і. қалдық, қоқыс, шығыс, биоəралуандылық жəне табиғи 
ресурстар кіретін Интернетке негізделген, кешенді мəліметтер қорын жасау туралы 
бастамасын ортаға салды. Мəліметтер қорының операциялық жобасын жасау үшін тендерді 
жеңіп алған жеке кəсіпорын алынды. Жоба бекітілген соң келесі тендерлердің жеңімпаздарына 
(екі жыл сайын ұйымдастырылатын) мəліметтер қорын толықтыру жəне жаңарту құқығы 
беріледі. Мəліметтерді өңдейтін мекемелер үздіксіз өзгеріп отыратындықтан, мұндай əдіс 
барысында мəліметтердің үздіксіз жиналып отыруы да екіталай. Осыған байланысты 
экологиялық жəне табиғи ресурстар туралы мəліметтер блогының ҚОҚМ-нің дербес өндірістік 
операциялары мен техникалық əдістемелерін қолдана отырып, ақпараттық-сараптамалық 
орталығы бірнеше жылдар бойы жасап келе жатқан мəліметтерімен қайталануы ықтимал.
Экологиялық кодекс Қазақстанның кəсіпорындарының экологиялық мониторингі мен есеп 
беруін жақсартуды жүзеге асырады. Оған өндірістік экологиялық бақылау (мониторинг) 
тұжырымдамасы кіреді. Аса тиімді жүзеге асыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау 
жөніндегі Министр өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары жəне өндірістік 
экологиялық бақылау қорытындылары туралы есеп беру талаптарын келісу ережелері туралы 
Бұйрығын шығарды (2007 ж. 24 сəуірдегі № 123-б Бұйрық).
Жұртшылықтың қатысуы 
Парламент Орхусс конвенциясын 2001 ж. 11 қаңтарда бекітті. Бұдан кейін парламентпен 
қабылданған бірнеше заңнамалық актілердің нəтижесінде елдің заңнамалық қоры Орхусс 
конвенциясының міндеттемелерімен сəйкестендірілді. Жұртшылықтың экология мəселелерін 
шешуге байланысты үрдісіне қатысуы туралы жайт 2004 жылғы «Экологиялық сараптама 
туралы» Заңға жəне 2007 жылғы Экологиялық кодекске енгізілді.
ҚОҚМ нақты процедураларды белгілейтін бірқатар нормативтік актілер шығарды, оның 
ішіндегі соңғылары – Министрдің «Көпшілікке дəріс беру ережелері туралы» Бұйрығы (2007 
жылғы 7 мамырдағы № 135-б Бұйрық), сондай-ақ «Қоршаған ортаға ықпал ететін бағалау 
үрдісіне жəне шаруашылық жəне басқа да қызметтер жөніндегі шешім қабылдау үрдісіне 
қатысты экологиялық ақпаратты қолдану ережелерін бекіту туралы» Бұйрығы (№ 238-п от 25 
июля 2007 г.).
«Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы 
туралы» Қаулы (2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 Қаулы) жəне «ҮЕҰ 2003-2005 жж. 
мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы» Қаулы (2003 ж. 17 наурыздағы № 253) экология 
саласында қызмет атқаратындармен қатар ҮЕҰ қаржы қолдауының негізін қалады.
Осы аталған маңызды қадамдарға қарамастан, Орхусс тұжырымдамасының ережелерін 
орындауға байланысты Қазақстанға əлі көп жұмыс атқару қажет. Қазақстанның Экологиялық 
кодексі жұртшылықтың жүзеге асырылу барысы қоршаған орта мен қоғамдағы адамдардың 
денсаулық жағдайына тікелей əсер етуі ықтимал заң, ереже, бағдарлама жəне тұжырымдама 
жобаларына мемлекеттік жəне қоғамдық экологиялық сараптамаларға қатысу мəселесін 
қарастырады. Дегенмен бұл заңдарда жұртшылықтың осындай құжаттарды дайындауға қатысу 
процедураларын жан-жақты айқындайтындай нақты ережелер берілмеген. Осыған орай, 
секторлар бойынша стратегиялық мағынадағы құжаттардың жобалары қоғамдық талқылауға 
түспейді. Ереже жобаларын оң пікір алу мақсатында жеті ірі өнеркəсіптік жəне шаруашылық 


84
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
бірлестіктер жіберуі (жоғарыдағы 3.4 тар.қар.) жұртшылықтың қатысуы деп саналмайды. 
Алайда ҚОҚМ кейбір жоспарларына қатысты жұртшылық талқылауға эпизодтық жағынан ғана 
қатысып қалады, бұл бағытта олар мақсат-бағдарлық ешқандай қызмет атқармайды. 
Жұртшылықты осылайша тарту жағдайлары Орхусс тұжырымдамасының 7 бабы талап 
ететіндей, айқын да түсінікті шеңберін мүлдем анықтай алмайды.
Қазақстан қазіргі уақытқа дейін Киев қаласында 2003 жылы қабылданған жəне жұртшылықтың 
келісілген жалпымемлекеттік ЛТҚТ ұйымдастыру арқылы ақпаратқа қол жеткізуін кеңейтуге 
бағытталған Орхусс тұжырымдамасына қатысты Ластағыштарды тасымалдау жəне 
қалдықтардың тізімдемесі (ЛТҚТ) туралы Хаттамаға қол қойды. Елде мониторинг жəне 
бақылау, көп салалы министрліктер, өнеркəсіп пен бизнес жəне ҮЕҰ қатысуымен 
жалпымемлекеттік ЛТҚТ мекемесінің ұйымдастырушылық жəне техникалық шеңберлерін 
талқылау жұмыстарының басталғандығы жөнінде ешқандай мəлімет жоқ.  
Экологиялық білім
Экологиялық кодекс пен Тұрақты дамыту мақсатында білім беру Тұжырымдамасында 
экологиялық білім жəне дайындық, сондай-ақ тұрақты дамыту мақсатында білім беру (ТДБ) 
туралы ережелер қамтылған. Тұрақты дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 
ҚОҚМ жоспарында экологиялық білім мен ТДБ насихаттауға арналған нақты қызметтер 
аталған. ҚОҚМ жəне Білім жəне ғылыми Министрлігі біріккен бұйрығымен Экологиялық 
білім туралы Тұжырымдамасын бекітті (2003 ж. 24 қыркүйектегі № 229-б жəне 2003 ж. 25 
қыркүйектегі № 697 Бұйрықтарға сəйкес). Осы аталған құжат бекітілген соң соған сəйкес нақты 
қызмет жоспары жасалмағандықтан, оның көпшілікке ықпал етуін, егер осылай болса, бағалау 
аса қиын.
Білім жəне ғылым Министрлігінде үйлестіруші орталық құрылмаған, егер құрылса бұл 
орталыққа экологиялық білім мен ТДБ үшін жауапкершілік жүктелер еді. 2005-2010 жж. 
білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі қызмет жоспарына 
экологиялық білім мен ТДБ шаралары кіргізілмеген. Министрліктер мен осы үрдістің негізгі 
қатысушылары аралығында жеткілікті өзара əрекеттестік жоқ.
Қазақстан 2005 ж. ТДБ Стратегиясын жасау жəне бекіту туралы жайтпен танысқан ЕЭК БҰҰ 
аймақтық бастамасы – ТДБ жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа қатысу туралы шешім 
қабылдады. Қазақстан осы уақытқа дейін жалпымемлекеттік деңгейде осы стратегияны іске 
асыру жөнінде нақты қадамдар жасаған жоқ.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет