I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
қабылданған шешім. Жоба қауіп алдындағы экожүйені, сондай-ақ қорық аумағындағы сирек
жəне эндемиялық түрлерін кешенді қорғауды қамтамасыз етеді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ шөлге айналумен күрес жүргізу жөніндегі
Конвенциясын бекітті (БҰҰШАКК). ҚОҚМ БҰҰШАКК шеңберінде ұлттық жауапты тұлға
ретінде қызмет етеді. Берілген Конвенцияның Қазақстан үшін маңызыдылығы басым, себебі
елдің 2/3 аумағы шөлге айналудың түрлі деңгейлеріне ұшыраған. Қазақстан Конвенция
хатшылығына арнап үш ұлттық есеп дайындады: 2000 жылы, 2002 жылы жəне 2006 жылы.
2005 жылы Қазақстан 2005–2015 жылдарға арналған шөлге айналумен күрес жүргізу жөніндегі
Бағдарламаны қабылдады, мұнда шөлге айналу себептеріне жүргізілген талдау жəне шөлге
айналу үрдістерінің алдын алу жəне тоқтату жөніндегі айрықша іс-шаралар берілген (нақты
мəлімет 1 тарауда, 1.3 бөлімінде келтірілген).
2003 жылдан бастап 2006 жылға дейінгі кезеңде БҰҰДБ/ЖЭҚ «ОС жаһандық басқару
мүмкіндіктерінің ұлттық өзін-өі бағалау» жобасына 200,000 АҚШ доллары көлемінде қаржы
бөліп отырды, бұл жоба КООНБО, БҰҰАӨжШК жəне БƏК талаптарын сақтау жөнінен
Қазақстанға көмек көрсетуге бағытталып жасалынған. Басқа да жобалар жүзеге асырылды
немесе жүзеге БҰҰДБ, ЖЭҚ, Азиялық даму банкі (АДБ), Франция, Германия жəне
Ұлыбритания үкіметтері, Дүниежүзілік банкпен қатар, халықаралық серіктестермен бірігіп
жүзеге асырылу немесе жасалу үстінде. АДБ аймақтық деңгейде жер ресурстарын басқару
жөніндегі Орталық-Азия үйлестіруші банк болып саналады. Аталған бастама Орталық Азия
елдерінің жер ресурстарын тұрақты дамытудың ақпараттық, елдер арасында ақпарат жəне
тəжірибе алмасу жүйесін жасауға бағытталған.
2000 жылы Қазақстан жабайы флора мен фаунаның жойылып бара жатқан түрлерінің
халықаралық саудасы туралы Конвенцияға қосылды. Орман жəне аң шаруашылығы Комитеті,
сондай-ақ балық шаруашылығы Комитеті басқару органы ретінде, ал үш академиялық
институт Конвенцияның ғылыми органы ретінде тағайындалған. Конвенция талаптарының
орындалуын кедендік органдар мен Сыртқы істер Министрлігі қадағалайды. ҚОҚМ
Конвенцияны іске асыруда қандай шамада қатысатындығы белгісіз.
Жалпы алғанда, Қазақстан биоəралуандылықты сақтау мен шөлге айналумен күрес жүргізу
саласындағы халықаралық келісімдердің шеңберінде қабылданған өз міндеттемелерін орындау
тұрғысында үлкен белсенділік танытты. Ел берілген салада көрсетілген халықаралық
техникалық көмектің нəтижесінде мол пайда тапты жəне жағымды ықпал ететін саясат пен
жобаны іске асырды.
Су ресурстарын басқару жəне қорғау
Су ресурстарын басқару мен қорғаудың трансшекаралық мəселелерінің Қазақстан үшін
маңызы зор. Қазақстандағы су ағыстарының басым бөлігі трансшекаралық болып саналады,
олардың бір бөлігі көрші елдердің аумағында жатыр (Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы
жəне Өзбекстан). Бұл су қоймаларының қатарына ірі Шу, Есіл, Ертіс, Іле, Сыр-Дария, Талас,
Тобыл жəне Орал өзендері кіреді. Бұған қоса, Қазақстан Каспий (Əзербайжан, Иран Ислам
Республикасы, Ресей Федерациясы жəне Түркменстанмен қатар) жəне Арал теңізімен
(Өзбекстанмен қатар) қосылатын елдердің қатарына жатады. Трансшекаралық өзендердегі
судың көлемі мен сапасының Қазақстан мен Орта Азияның экономикалық жəне əлеуметтік
дамуы үшін үлкен маңызы бар. Аймақтағы су ресурстары біртегіс таралмайды. Егер
Қырғызстан мен Тəжікстан су ресурстары мен гидротехникалық құрылыстардың көп болуымен
ерекшеленсе, басқа үш Орта-азиялық елдер осы ресурстарды ауыл шаруашылығы мен өзге де
су қолданушылардың мұқтаждығын сумен қамтамасыз етуге байланысты бағынышты болып
келеді. Плотина, канал жəне су қоймаларын қосқанда, гидротехникалық құрылыстарды
басқару жəне ресурстарды бөлу туралы келісім жыл сайын талқыланады.
2000 жылы Қазақстан трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау жəне
қолдану туралы конвенцияны бекітті (Су конвенциясы). Дегенмен көршілес елдердің ішінде
|