Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Кесте: Ластау үшін жасалатын төлемдер мен салынатын айыппұлдардың түсімдері



Pdf көрінісі
бет105/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   195
kazakhstanII.KAZ

5.4 Кесте: Ластау үшін жасалатын төлемдер мен салынатын айыппұлдардың түсімдері 
Млрд. теңге
Атауы
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
Ластану төлемі
4,50
5,70
6,65
10,58
13,80
25,52
26,48
Айыппұл
0,16
0,18
0,32
1,39
1,59
1,56
4,37
Жалпы сома
4,66
5,88
6,97
11,97
15,39
27,08
30,85
ІЖӨ барлығы пайызбен
0,20
0,20
0,20
0,30
0,30
0,40
0,30
Дереккөзі: Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі  
 5.1 Сурет: 2005–2006 жж. экологиялық салалар бөлігінде эмиссия үшін төленетін 
төлемақының түсімдері (орташа үлесі пайыздарда) 
73%
2%
25%
Ауа
Су
Қалдық
Дереккөзі: Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі; ЕЭК хатшылығының есептері.  
Ластауға қатысты төленетін төлемдерден түсетін түсім жергілікті бюджетке түседі, алайда, 
олар табиғатты қорғау іс-шараларына қаржыландыру үшін бөлінбейді (6 тар.қар.).
5.3 Қалалық сумен жабдықтау үшін жасалатын төлем жəне ағынды суларды бұру 
1993 ж. сумен жабдықтауға жəне ағынды суларды қайта өңдеуге қатысты жауапкершілік 
жергілікті билік органдарына жүктеледі (жергілікті өзін-өзі басқару органдары). 
Муниципиалды меншіктегі жергілікті коммуналдық қызмет орындары (су каналдары) сумен 
жабдықтау жəне канализация қызметін көрсетеді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік коммуналдық 
шаруашылық акционерлік қоғамы (АҚ) немесе жауапкершілігі шектеулі қоғамдарға (ЖШҚ) 
бөлінді. Дегенмен кейбір шағын жəне орташа қалаларда коммуналдық сумен жабдықтау 
тұтастай немесе жартылай жекешелендірілді. 2007 жылы Қазақстанда шамамен барлығы 480 
бірліктегі коммуналдық сумен жабдықтау орындары қызмет етті.
Су каналдарын жергілікті билік органдары бақылайды. Негізінде, су каналдары техникалық 
қызмет көрсету мен сумен жабдықтау жəне суды есептейтін қондырғылар жүйесін дамытумен 
қатар, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша жұмыс істеуге міндетті. Алайда 
коммуналдық сумен жабдықтау тораптары өз жұмыстарына жəне тарифтік саясатына 
бұрынғысынша халықтың судың көтерілген бағасын төлеуге қатысты тұтынушылық қабілеті 
жөнінде алаңдатушылық білдіріп отырған жергілікті басқару органдарының араласуын 
басынан өткізуде. Жалпы алғанда, коммуналдық қызметке түсетін түсім құралдарының деңгейі 
тек пайдалану шығындарын ғана жаба алар еді (егер болса). Су шаруашылығымен байланысты 
емес қажеттіліктерге сəйкес суды қолданудан құралдар алу кеңінен тарады. Осының 
нəтижесінде, талапқа сай жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуіне жəне техникалық қызметтің 
көрсетілмеуінің салдарынан сумен жабдықтау жүйесінің инфрақұрылымы елеулі деңгейде 
нашарлады (9 тар.қар.).


5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар 
 
115 
 
Қалалық билік органдары мен су коммуналдық қызметтерінің арасында орнатылған өндірістік 
келісімшарттар (Алматы қаласына арналған басқарушылардың қағидалары бойынша 
ұсынымдарына сəйкес) аса кеңінен қолданыс тапқан жоқ. Тұтастай алғанда, мұндай 
келісімшарттар ірі операциялық автономия көрсетуге айырбас ретінде коммуналдық басқару 
мақсаттарын анықтайды. Бұған қарамастан, осындай келісімшарттардың негізінде қызмет 
ететін коммуналдық қызметтер соңғы жылдары белгілі бір маңыздылыққа қол жеткізді жəне 
бүгінде ол Қазақстанның 5% астам халқына қызмет көрсетіп отыр.
Су тарифі 
Тарифтерді жергілікті мемлекеттік органдар жəне/немесе коммуналдық қызмет орындары 
белгілейді жəне ол бекіту үшін табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттіктің (ТМРА) 
облыстық басқармасына беріледі. Ұлттық сипаттағы ТМРА бір облыстың шеңберінен 
шығатын бөлуші тарап арқылы коммуналдық қызмет орындарының (5.1 енд.қара) жұмысын 
бақылауды жүзеге асырады. Тарифтерді арттыруға байланысты өтініштерді келісу үрдісіне 
байланысты коммуналдық қызмет орындары ТМРА-не торапты дамытуға қажетті негізгі 
құралдар мен қорды алмастыру, пайдалану, жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету туралы 
жан-жақты мəлімет беруге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет