Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет115/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау 
 
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА 
 ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР 
 
6.1 
Ағымдағы мəнмəтін жəне үрдістер 
 
Онжылдықтың бас кезінде байқалған орташа жылдық деңгейі 10 пайыз шамасындағы 
қарқынды экономикалық өсу жұмыспен қамту деңгейінің артуымен, əлеуметтік жағдайлардың
жақсаруымен байланысты болып, ол халықтың нақты табыстарының көбеюінен жəне кедейлік 
деңгейінің төмендеуінен көрінді (басқалардың ішінде). Негізінен, мұнай саласының күрт 
көтерілуіне байланысты салық түсімдерінің жоғары өсімі мемлекеттің шығындарды 
айтарлықтай арттыруға əкеліп, бұлар инфрақұрылымды əдəуір жақсартуға мүмкіндік туғызды 
жəне əлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін қаржыларды ұлғайту үшін қажет арналар жасады. 
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын мемлекеттік шығындардың абсолюттік шамада едəуір 
көбейтілгеніне қарамастан, олардың мемлекеттік шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі 
өзгеріссіз аз күйінде қалып, орта есеппен кейінгі жылдар аралығында 0,5 пайызды құрады. 
Соған сəйкес қалдықтарды басқару мен ағынды суларды өңдеуге қатысты мемлекеттік 
экономикалық инфрақұрылымды жақсарту бойынша ілгерілеу тежелді. Бұл қайсыбір шамада 
ҚОҚМ-ның орта мерзімді перспективада бюджеттік басылымдықтары белгілеу үдерісінде 
“естір” деген қиындығын көрсетеді. Алайда қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын біршама 
орташа мемлекеттік шығындар да сондай-ақ саяси реформаларға сыртқы қуатты қозғау 
салудың болмауымен байланысты, бұл Орталық жəне Шығыс Еуропа елдері үшін ЕО-ға кіру 
перспективасынан көрінді. Бірақ заңнаманың ЕО стандарттарына бірте-бірте жақындауының 
ЕО-мен əріптестік жəне ынтымақтастық (ƏЫК) туралы Келісім мақсаттарының бірі болып 
табылатынын атап өту керек. (1 Тарауды қараңыз). 
Мемлекет қоршаған ортаны ластағаны үшін алым алудың есебінен түсімдердің айтарлықтай 
көлемдерін тартуды одан əрі жалғастырды, бірақ 2002 жылдан осы қаражаттар қоршаған 
ортаны қорғауға бөлінетін нысаналы (мақсатты) қаржы ретінде көрсетілген жоқ. Оның үстіне, 
осы аталған алымдар кəсіпорындардың ластанудың деңгейін тежеуі жəне азайтуы үшін
айтарлықтай ынталандыру жасай алмайды. (5 Тарауды қараңыз). Бұл ретте қоршаған ортаны 
қорғауға жұмсалатын шығындардың барлығын дерлік Қазақстанда жеке бизнес көтереді 
(төменнен қараңыз). Екі жақты жəне көп жақты көмек небəрі салыстырмалы жəне біршама 
шағын толықтырушы рол ғана атқарады.
Жалпы алғанда, Қоршаған ортаны қорғау саласының мемлекеттік бюджет жоспарларында 
лайықты түрдегі жоғары басымдылығы жоқ. Əрі қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын 
шығындарға кəсіпорындардың едəуір қатысатындарына қарамастан, қоршаған ортаны
ластауды бодырмау мен тежеу үшін жеке сектордың аударымдарын ұлғайтуға ынталандыру 
төмен күйінде қалып отыр. Негізгі міндеттерге жататындар: мемлекеттің бюджет 
жоспарлауында қоршаған ортаны қорғау саласының анағұрлым жоғары басымдығына қол 
жеткізу жəне ластауға қатысты анағұрлым жоғары стандарттарды сақтауға септігін тигізетін 
субъектілер үшін тиімді ынталандырулар жасайтын экологиялық саясат құралдарын біршама 
баламалы ұштастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет